Бөлім «Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер. Синтаксис»



Дата04.04.2023
өлшемі16,69 Kb.
#173722
Байланысты:
бжб8
Абылай, КТЖ Физика 10 сынып ЖМБ дайын, Ашық сабақ 6-сынып. Рационал сандарға амалдар қолдану , Термодинамика негіздері бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары, 11 сынып қазақ тілі

08.02.2022ж.
Бөлім «Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер. Синтаксис»







Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма




Мәтінді мұқият тыңдаңыз.


Биоалуандылық деген не?
Жер бетінде бір-біріне ұқсамайтын тіршілік иелері өте көп. Ғаламшарымызда 10 миллионнан астам түр тіршілік етеді. Тірі ағзалардың әркелкілігі «биоалуандылық» деп аталады. Ол әралуан түрлердің саны мен түр ішіндегі айырмашылықтарды қамтиды.
Биоалуандылық экожүйелердің саулығы үшін өте маңызды. Биоалуандылық: әралуан түрлердің саны. Түрлер арасындағы айырмашылық. Тұрақты экожүйелер үшін маңызды әрбір түрдің ерекше рөлі бар, сондай-ақ, түрлердің әралуандығы өзгерістен қорғануға көмектеседі. Бірақ жаһандық биоалуандылық үлкен қарқынмен азаюда.
Жаһандық биоалуандылық қысқаруда. 2100 жылға қарай шамамен 50-75%-ға қысқарады.
Бұл біздің тіршілігімізге қатты әсер етеді.
Қор
Біріншіден, барлық тағамдарымыз, көптеген дәрілер мен материалдар тірі ағзалардан алынады. Биоалуандылықтың қысқаруынан болашақ қорларымызға қауіп төнеді. Тұрақты экожүйелер
Екіншіден, бір биологиялық түрдің жойылуы өзге бір түрдің жойылуына әкеледі. Әралуан түрлер өсімдіктерді тозаңдау, суды тазалау, топырақты қалпына келтіру, жерді эррозиядан қорғау және атмосфераны тазарту қызметтерін атқарады. Биоалуандылықтың қысқаруы экожүйе мен бүкіл қоршаған ортаға қауіп төндіреді.
Құрметті профессор Уилсон Э.О., Гарвард университеті – «Бізге әрбір түр қажет. Бізге түрлердің шексіз әралуандылығы қажет . Біз үшін әрбір түр маңызды, себебі олардың азаюы аймақтың тұрақтылығын бұзады».
Барлық тірі ағзалар өзара тығыз байланысқандықтан, биоалуандылықтың азаюы бүкіл экожүйені бұзуы мүмкін. Сондықтан өзіміз тірі қалу үшін биоалуандылықты сақтауымыз керек. Көп адамның ойынша, адамдар Жердегі биоалуандылықты қорғауға моральді тұрғыда жауапты.



  1. Мәтінді тыңдай отырып, тақырыпқа сай ғылыми терминдерді теріп жазыңыз.

2. Диктант.Сөйлем мүшесіне талдау


Таң бозарды. Көл айдыны жақсарып, бір шеті көкпен тірескендей боп тұр. Көл беті толған құс. Топ-топ, шоғыр-шоғыр, лек-лек. Аққулар тобының өзі әлденеше.


Аққудың бір тобы судан қоқиып көтеріле берді де, табанымен су бетінде тұрып алып, қанатын жайып салды да, сілкіне бастады. Қанаттары судырлап, дауысы алысқа кетті. Бұл олардың үстіндегі суын сілкіп ұшуға әзірленгені еді. Тағы да бірнеше рет осылайша қағынып-сілкініп, су бетінде жорғалап та көрді. Әлден уақытта ішіндегі ата аққу қанатын екі-үш рет сілкіп алды да, ауыр ұшақтың аэродромнан көтерілгені сияқты су бетін бауырымен сызып көтеріле жөнелді. «Сендер де мен істегенді істеңдер», - дегендей, қаңқылдап қойды. Қалғандары да көтеріле бастады. Қаңқ-қаңқ еткен аққулар тізбегі көл бетінен көтеріліп, оңтүстікке қарай бет алды. (С.Бақбергенов, 120 сөз)



Бағалау критерийі


тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтінді тыңдай отырып, тақырыпқа сай ғылыми терминдерді теріп жазыңыз.

1


*Мәтіннен термин сөздерді теріп жазады

3




2

*Диктант жазады
*Асты сызылған 3 сөйлемді сөйлем мүшесіне талдайды.

4

Барлығы

7


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет