бөлім. Бизнес-идея мен стартапты таңдау нарық және аймақ трендтері «Икигай» түсінігі



бет2/8
Дата11.11.2023
өлшемі27,3 Kb.
#190966
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2-лекция
kodi, ОЧАГОВЫЙ ТУБЕРКУЛЕЗ. ИНФИЛЬТРАТИВНЫЙ ТУБЕРКУЛЕЗ. КАЗЕОЗНАЯ ПНЕВМОНИЯ. КЛИНИКА И ПАТОГЕНЕЗ., stud.kz-122706 (1), 8.-Дәріс-ҒЗН-2МПКО, 8.-Дәріс-ҒЗН-2МПКО, СИНОПСИС, СИНОПСИС, лекция 1, 3-4-лекция 2
2. Өзін-өзі босаңсыту. Жас бала қамсыз болады және оған әлі әлеуметтік ауыртпалық жүктелмеген. Бала ешқандай мамандықтың немесе әлеуметтік дәреженің талаптарымен байланбаған. Басқаша айтқанда, икигайға қол жеткізу үшін өз-өзіңді қабылдап, босату керек, іштегі баланы оятып, айналасындағылардың пікірінен азат, батыл және тәуелсіз болуды үйрену керек.
3. Үйлесімділік пен тұрақтылыққа қол жеткізу. Икигайға қол жеткізу үшін қоршаған ортамен, айналадағы адамдармен және жалпы қоғаммен тікелей үйлесімді қарым-қатынас орнату қажет, онсыз тұрақтылыққа ұмтылу мүмкін емес. Жеке амбициялар әрқашан қоғам мен қоршаған ортаның жағдайына қарап қанағаттанады. Егер олар салауатты болмаса, сіз өз мақсаттарыңызға қол жеткізе алмайсыз және өз жоспарларыңызды жүзеге асыра алмайсыз. Басқаша айтқанда, басқа адамдарды, табиғат пен қоршаған әлемді жадыңда мықтап ұстай отырып өз арманыңа бет алуға болады. Оларға зиян келтіріп, икигайға қол жеткізу мүмкін емес.
4. Ұсақ-түйекке қуану. Бақыт тек ұлы істерден (сәттілік, ұлы мақсатқа қызмет ету) және материалдық заттардан (жоғары жалақы және үлкен үй) тұрмайды. Күнделікті бақыт ұсақ-түйектерден тұрады: дәмді таңғы ас, шуақты күн, концертке бару немесе велосипедпен кешке серуендеу мүмкіндігі. Сізге рақат сыйлайтын заттарды атап, оларға шынайы қуана отырып, осы ұсақ-түйектер үшін тағдырға ризашылық білдіріңіздер.
5. Бүгінгі күнмен өмір сүру. Бүгінгі күнмен өмір сүру ұсақ-түйектерге қуана білу және өзін-өзі босата білуге тікелей байланысты. Оған қоса, бүгінгі күнмен өмір сүру – біз осыған дейін айтып өткен ағынды күйге ұқсас күй. Ағынды күй және «бүгінгі күнмен өмір сүру» – адамның өзі ісіне жан-тәнімен берілгендігі соншалықты, басқа нәрселерге мән бермеуін білдіреді. Ол өз жұмысынан ләззат алады және ол мақсатқа жету құралы емес, жеке Өзіндік мақсат болып табылады. Яғни, сіз табыс табу үшін жұмыс істемейсіз, сіз ол істен ләззат аласыз, дамып-жетілесіз, өз мақсаттарыңызға қол жеткізесіз және әлемді жақсартасыз.
Қорыта келе, табысты бизнесмен болу үшін ең бастысы – өз істеріңізден ләззат алу, шағын істерден бастау қажет, өзіңді болашақта қандай дәрежеде көргің келетінін елестетіп, осы жағдайға әкелетін ұсақ іс-әрекеттер жасаудан бастау керек; стереотиптерден аулақ болып, өз қалауың мен наным-сенімдеріңді ұстану; қоршаған ортаға зиян келтірмеу және басқа адамдарға және олардың қажеттіліктеріне құрметпен қарау; ұсақ-түйекке қуана білу және олардан ләззат алу; ағынды күйде болуға тырысу және әр түрлі ішкі және сыртқы стимулдар арқылы өз-өзіңді осы күйге қайтаруға күш салу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет