бөлім. Бизнес-идея мен стартапты таңдау нарық және аймақ трендтері «Икигай» түсінігі



бет7/8
Дата11.11.2023
өлшемі27,3 Kb.
#190966
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2-лекция
kodi, ОЧАГОВЫЙ ТУБЕРКУЛЕЗ. ИНФИЛЬТРАТИВНЫЙ ТУБЕРКУЛЕЗ. КАЗЕОЗНАЯ ПНЕВМОНИЯ. КЛИНИКА И ПАТОГЕНЕЗ., stud.kz-122706 (1), 8.-Дәріс-ҒЗН-2МПКО, 8.-Дәріс-ҒЗН-2МПКО, СИНОПСИС, СИНОПСИС, лекция 1, 3-4-лекция 2
3 Өлшемшарты. Тұрақтылық
Осы кәсіпкерлікпен қанша уақыт айналыса аласыз? Егер сіздің бизнесіңіз табысты болса, нарық қалай өзгереді? Егер олай болмаса, бұл идеядан бас тарту керек. Сіздің идеяыңыз өзіңізге керемет болып көрінуі мүмкін. Бірақ, біз осыған дейін айтып өткеніміздей, сіздің табысыңыз оған емес, пайдаланушылардың оны қалай қабылдайтынына байланысты. Біз сіздермен бірге хайп циклдерін атап өттік, олардың басты идеясы – үнемі нарықты зерттеп-зерделеу, нарыққа жаңа өнім қаншалықты ұзақ уақыт қажет болатынын және жақын арада циклдің шыңында қандай өнімдер болатынын талдау. Мысалы, сіз дүкенге барған кезде полиэтилен пакеттерінің орнына қолданылатын экосумка-тор сөмке өндіру туралы шешім қабылдадыңыз делік. Бүгінгі таңның талабына сай идея, қазір экологиялық мәселелер қоғамда белсенді талқыланып жатыр. Айталық, сіз өз қалаңыздың әлеуметтік жауапты тұрғындарының бір бөлігін экосумкаға көшуге көндірдіңіз делік. Ол нарықты қалай өзгертеді? Полиэтиленнен бас тартқысы келетіндердің барлығы бірнеше жыл ішінде мұны іске асырады. Сіздің тор сөмкеңіз оларға тағы 10 жыл қызмет етеді және оларға жаңасын сатып алу қажет болмайды. Сіздің бизнесіңіз ашылғаннан кейін бірнеше жыл ішінде табыс әкеледі деп болжауға болады, содан кейін нарық сіздің өніміңізге толы болады және ол қажет емес болып қалады. Мұндай идеяға 1-ден 10-ға дейінгі шкала бойынша 3 қоюға болады.
4 Өлшемшарты. Бағалау жеңілдігі
Сіздің идеяңыздың жұмыс істейтіндігін анықтау қаншалықты оңай? Сіз идея ойлап таптыңыз, бірақ сіз оны қалай жүзеге асыруға болатынын білесіз бе? Сіз өз идеяңызды іске асыру үшін қандай нақты қадамдар жасау керектігін білесіз бе? Егер сіз жануарларды жақсы көретін болсаңыз және оған іргесінде аумағы бар кең жеке үйіңіз болса, онда үй иелері демалысқа немесе іссапарға кеткенде өздерінің үй жануарларын тапсыратын үй жануарларға арналған қонақ үй ашу үшін үйіңізге қандай өзгерістер жасау керектігін елестету өте оңай. Сіз вольерге арналған аумақты қоршайсыз, итаяқ немесе басқа да ыдыстар сатып аласыз, қонақ үйдің тұрғындарына арналған азықты сақтайтын қосымша тоңазытқыш, қажетті дәрі-дәрмек және т.б. сатып аласыз. Мұндай идеяны жүзеге асырудың жеңілдігі тұрғысынан 10 балл қоюға болады. Егер сіз жаңа буындағы зымыран қозғалтқыштарын өндіру туралы ойласаңыз, мұндай идеяның балы – 0 болады, өйткені сіз оны іске асыру үшін қажетті нақты қадамдарды атап көрсете алмайсыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет