Бөлімі: Қ. М. Т.Қ. Тақырыбы: «Пішіндер еліне саяхат» Мақсаты



бет2/7
Дата07.02.2022
өлшемі20,58 Kb.
#85162
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ҚМТҚ Дьенеш ашық сабағым

Үлестірмелі материалдар: әр балаға вагондардың орнына шартты белгі салынған пойыздың суреті,геометриялық пішіндер,Дьенеш блоктары,1-5 ке дейін сандар жинағы, шартты белгілері бар карточкалар.
Сабақ барысы.
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, апайлар!
Сұрақ-жауап:
-Балалар,бір жылда неше мезгіл бар?
-Қандай?
-Қазір қандай мезгіл?
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Кім атап береді?
-Қазір қандай ай?
Ғажайып сәт: «Хат»
Тәрбиеші: Балалар,біреу есік қағып тұрған сияқты,қазір мен барып көріп келейін.Қараңдаршы,менің қолымдағы не?Иә, бізге хат келіпті! Оны оқып көрейік: «Балалар, геометриялық пішіндер жоғалды. Оларға геометриялық пішіндер еліне оралуға көмектесіңіздер.Пішіндер елінің патшайымы»
- Балалар не істейміз? (Пішіндерге көмектесейік)
-Қалай көмектесеміз
-Пішіндерді тауып,еліне қайтару үшін
-Онда жолға аттанайық.Немен баруға болады?
(балалардың ұсыныстарын тыңдау)
-Менің ойымша пойызбен барған дұрыс сияқты,міне бізді пойыз күтіп тұр,бірақ ол жәй пойыз емес,сиқырлы пішіндерден құралған екен.Ал пішіндер болса жоғалып кетіпті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет