Бөлімі: Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Біздің балабақша»М.Әлімбаев Мақсаты



бет6/8
Дата28.01.2018
өлшемі1,43 Mb.
#34837
1   2   3   4   5   6   7   8

Қорытынды:

Күні:

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Сурет бойынша «Аңсардың жанұясы»

Мақсаты:

1. Желелі суреттерді қарастырып, сөздік байыту мақсатында- жай сөйлемдер құрастыруға іскерліктерін дамыту.

2. Шағын әңгіме құрастыра білу біліктерін дағдыландыру, сөздік қорды байыту. Желелі суреттерді қарастырып, жай сөйлемдер құрастыруды, сөздік қорларын байыту мақсатында еркелетіп айтатын сөздерді үйрету,

3.Отбасы мүшелерін сыйлауға тәрбиелеу

Көрнекіліктер: Әтеш суреті немесе ойыншығы. Отбасы суреттері. Жеке отбасы мүшелерінің суреттері.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс –әрекеті

Баланың іс-әрекеті

+

-

Мотивациялық –қозғаушы


Балалар, мен бүгін балабақшаға келе жатып, нені кездестіргенімді білесіңдерме, мүмкін ойланып табасыңдар.

Жұмбақ жасыру

«Басында айдары бар,

Иегінде сақалы бар.»

Дұрыс, міне ол да келіп қалды. Ал әтештің сендерге не әкелгенін білгілерің келеді ме?

Ол масақ, жай масақ емес, онда суреттер бар, фотосуреттерде өздеріңді таныдыңдар ма?

Ал оны сендермен ойнауға әкелді, әтешпен ойнаймыз ба?

Ендеше екі топқа бөлініп: І топ –шығармашылық орталығында барып, әтештің отбасын жапсырады: (балапан мен тауық), ал ІІ топ- мазмұнды орталығында әтешпен ойнайды.

Әтеш
Ия, білгіміз келеді

Таныдық, ол біздің фотосуреттер

Ия, ойнаймыз.

Балалар екі топқа бөлінеді








Ұйымдастыру іс-әрекеті

Сергіту

-Балалардан сен өзіңді таныдың ба?-деп сұрайды.

Дидактикалық ойын «Әдемі айт»

Әтеш пен ойнаймыз ба?

Мына масақта сендердің ғана фотосуреттерің емес, мында сендердің ата-аналарыңың фотосуреттері де бар екен.

-Аңсар, өз отбасыңды тауып алшы.



-Мына суретте сенің қасыңда кім бар?

-Сенің әкеңнің аты кім?

-Анаңның аты кім?

-Ағаң бар ма? Т.с

-Қараңдаршы, Аңсардың отбасы күліп тұр, себебі, олар бір-бірлерін өте жақсы көреді, сыйлайды. Әкесі мен анасы өз ұлына қамқорлық көрсетеді.

-Балалар, сендер оларды білесіңдер ме? Қайдан көрдіңдер?

-Балалар, көрдіңдер ме, біздің бәрімізде отбасы бар, олар тату-тәті өмір сүреді, ал сендер ол үшін не істеу керексіңдер?

«Алтын айдарлы әтеш оянды

Тым ерте тұрыпты.

Ойқастап жүріпті.

Жан-жаққа қарапты, айдарын тарапты

Ко-ко-ко-депті

Қорада ойранды салыпты»

Дидактикалық ойын: «Әтештің отбасын тап»


Балалар өз фотосуретін алып мольбертке қояды.

Балалар әдемілеп сөйлейді: әже- әжешім, ата-аташым, ана-анашым, бөпе- бөпешім,аға..., іңі..


Анам, әкем, олардың аты-жөнін айтады


Балалар өз қалау бойынша отбасы фотосуретті көрсетіп қысқаша әңгіме құрастырады.

(Ата-анасының аттарын атайды, кім болады, не істейді, біздің топта олар не жасады)

Бізге топқа келді, ол бізге әдемі қуыршақтың киімің тоқып әкелді.

(Кұрметті, жақсы көремін, сүйемін, мейрімді, сыпайы- сөздерді қоланады)


Ұйықтайды,

Созылады,

Жан-жаққа қарайды,

Ақандарын соғады

Ақырын отырады

-Мен

-Мен


-Мен

-Мен


-Мен

Жүрегім, тірегім, жаным, сәнім, ботақаным, бағлан қозым


Балалар, суреттерінің арасынан үй құстарының тауып алады

Рефлексивті-түзетуші

Әтеш қуанып, балаларға ризашылығын айтады

Біз не білдік? Әтеш балалардың жұмысын мадақтап хоштасып кетеді.



Ата, әже,әке, ана, ұл, қыз-бұлар бәрі отбасы

Ата, әже,әке-отбасы тірегі. Оларды сыйлау керек- деп сабақ қортындылайды.



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Шағын әңгіме құрастыра білулері керек.

Нені игереді:

Отбасы мүшелерін құрметтей отыра сыйластық, мейірімділік ұғымдарын игереді.

Нені біледі:

Жаңа сөздердің мағынасын түсініп біледі.

Қорытынды:



Күні:

Білім беру саласы:Коммуникация

Бөлімі:Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: « Кім қайда істейді» сурет бойынша әңгімелеу

Мақсаты:

  1. Мамандықтар туралы түсініктерін кеңейту.

  2. Дәрігер, тәрбиеші, аула сыпырушы, аспазшы, наубайшы, күтуші, мамандығы, еңбектері жайлы әңгімелесу.

  3. Мазмұнын түсіндіріп, сұрақтар бойынша әңгіме құрастыруға үйрету.

Көрнекіліктер: Сауысқан суреті. Сандық. Доп. Дәрігер,аспазшы,шаштаразшы, тігінші, құрылысшы, жүргізуші, сатушы суреттері

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті

+

-

Мотивациялық -қозғаушы


Сауысқан құс ұшып келіп, мен сендерге хат-хабар әкелдім, топтың алдында сандық тұр, оның ішінде не бар екенің білгілерің келе ме?- деп ұшып келіп, кетіп қалады.

Балалар қане сандықты қарайық, онда не бар екен, бірақ балалар сандықтың құпясы бар ғой деймін ашылмайды ғой. Есіме түсті, ол ашылу үшін сиқырлы сөздер айту қажет.

Ал сандықтың ішіндегі заттарды көру үшін,

сендер жұмбақтарды шешулерің керек.

Жұмбақ шешеміз бе?

Жақсы ендеше І топ- құрастыру орталығына барып, құрылысшы болады, ал ІІ топ- мазмұнды орталығында жұмбақтарды шешеді


Балалар сауысқан құсқа назарын аударады.

Ия, білгіміз келеді.

Балалар сиқырлы сөздерді айтады.

«Сандық өтінемін ашылшы, мархабат, ашылшы»
Балалар екі топқа бөлініп, жұмбақтарды шешуге келіседі.









Ұйымдастыру іс-әрекеті

Сергіту сәті


Жұмбақ жасыру

Балалар, мен қай маманды жасырдым ойлап табыңдар.

Балалар таңертең біз далаға үйден шықтық

- үйлерді кім салды?

- даланы, ауланы кім жинайды?

«Қызық-қызық ертегі,

Балаларға айтып береді.

Жылауық та, тентек те

Сол апайға көнеді, Ол кім?»

«Тәп-тәтті тамағы, астардың маманы. Ол кім?»

« Ішті де, тісті де емдейтін ақ халатты абзал жандар кімдер?

Тіл ұстарту жаттығу:

«Кәсіп, кәсіп түбі нәсіп»



Дыбыстық жаттығу:

-Ші-ші-ші- тәрбиеші

Ші-ші-ші-жүргізуші

Шы-шы-шы- аспазшы

Шы-шы-шы-құрылысшы

Шы-шы-шы-сатушы

«Ұшқыш болып ұшайық,

Тігіншіге ұқсайық.

Дөңгелен би билеп,

Бишіге біз ұқсайық»

Дидактикалық ойын «Сипаттап бер»

Кімге мен допты лақтырам, бұл маман не істейтіндігін сол айтады

Дәрігер---

Аспасшы--

Шаштаразшы-

Тігінші-

Құрылысшы-

Жүргізуші-

Сатушы-

Дидактикалық ойын «Кімге не керек?»

Сандықтың ішіндегі киімдерді, құралдары алады, атайды. Мысалы: фен- шаштаразшыға, ол шашты кептіреді, әшекейлейді.


Балалардың жауабы,

слайд арқылы заттың суреттері көрсетіледі
Құрылысшы

Аула сыпырушы

Бізді күнде тәрбиеші апай қарсы алады.

Бұл аспазшы, ас бөлмесінде.

Ол көкөністерді кесіп тұр, оның киген киімі ақ қалпақ.

Дәрігер, медбибі.

Медбибі денемізді қарайды, дәрумен береді.

Балалар тілдерін дамытады, есте сақтайды


Қимылдарын жасайды, сөздерін қайталайды

Балалар мамандардың жасайтын іс-әркетін айтады

емдейді

пісіреді


қияды

тігеді


үй салады

машина жүргізеді

сатады
Балалар барып затты алады, өз қалауы бойынша, қандай маманға керек, не үшін қажет екендігін әңгімелеп айтып береді.


Рефлексивті-түзетуші

Барлық жұмыс пен мамандық жақсы.

-Сендердің әкелерің, аналарың кім болып істейді?



Балалар өз әке - аналары кім болып істейтінін айтады.

Күтілетін нәтиже:


Нені білу керек:

Мамандықтарды ажыратып олардың негізгі іс әрекеттерін білулері керек.

Нені игереді:

Сурет бойынша әңгіме құрастыра білуді игереді.

Нені біледі:

Сұрақтарға жауап бере отыра әңгімені құрастыра біледі.

 


Күні:

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Мен көшеде келемін

Мақсаты:1. Көліктер туралы білімдерін кеңейту. Көліктер туралы әңгімелесу, тақпағын оқып, түсіндіру.

2. Балалардың сөздік қорларын молайту. Ойланып, айтқан затты табуға үйрету. Ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Балаларды көліктерді ажырата отыра байланыстырып әңгіме құрастыруға үйрету.Әңгіме құрастыру барысында жаңа сөздерді дұрыс қолдану білігін қалыптастыру

Көрнекіліктер: Көліктер түрі. Қала көшелерінің суретері.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс –әрекеті

Баланың іс-әрекеті

+

-

Мотивациялық –қозғаушы


Жұмбақ жасыру:

«Мен гаражда ұйықтаймын, бензинге тойып алып, жолға шығамын, себебі мені жолаушылар күтеді»

«Жүкті,кірпіш, тас, құм, кір жуатын машинаны, жиһазды, тақтайды, сиырды, ешкіні, т.б. тасыймын»

Балалар, қараңдаршы біздің гараждан нелер шықты.

Сендердің олармен ойнағыларың келеді ме?

Олай болса екі топқа бөлініп: І топ-құрастыру орталығында барып, саяхатқа көшеге барады

ІІ топ - өнер орталығына барып көліктерді жапсырады



Балалар жұмбақтарды шешеді


автобус
жүк машина

Балалар гараждың қасына барып, машиналарды қарайды, атайды

Балалар екі топқа бөлінеді









Ұйымдастыру іс-әрекеті

Сергіту


Тақпақ «Машина»

«Бип-бип-бип- бип

Жолдан былай кет

Күшікті басуға, басуға ,болмайды, болмайды»

Балалар, машинада не бар екенін айтайықшы:

-Бұл қандай көлік?

-Машинаны кім жүргізеді?

-Машиналар қайда жүреді?

Ал мына сурет бойынша кім әңгімелейді?

-Бәрекелді, балалар.

-Автобуста не бар?

-Автобус нені тасыйды?

-Ол қайда жүреді?

Жақсы, бәрі дұрыс, ал мына жүк машинасы туралы кім айтқысы келеді.

-Мына машина үлкен бе, әлде кішкентай ма?

-Бұл машина не тасыйды?

Балалар, бір сөзбен бұл машиналарды біз қалай айтамыз?

Дидактикалық ойын « Не жоқ»

«Пойыз ойыны».

Қане, кімнің бойы ұзын,

Паровозы ол пойыздың.

Қатар-қатар тұрайық,

Пойызды біз құрайық.

Гу-гу, гу-гу гуілде,

Қалып қойма бәрінде.

Пш-пш, пш-пш, біз кеттік,

Жүрісті тым үдеттік

Дыбыстық жаттығу

Балалар, көліктер әр түрлі дыбыс шығарады екен. Бізде бірге айтып көрейік.

Машинаның маторын қыздырғанда

Ұшақ ұшқанда

Кеме жүзгенде

Пойыз жүргенде

Ал машинаның дөңгелегі жарылғанда

Пойыз тоқтағанда дыбысы шығады екен.


-Бұл автобус.

- Жүргізуші
Автобус үлкен, әйнектері кең, жарық, орындықтары жұмсақ, автобуспен басқа қалаға, ауылға барамыз.

Балалар сұрақтарға жауабын береді


Балалар көздерін жұмып- ашады, сұраққа жауап береді, жасырылған затты атайды

Балалар жасырылған суретті табады.
Балалар бірінің артына бірі тұрып,

Ж. Смақовтың «Пойыз» әнін әндете ойнайды.

Тәрбиешімен бірге қайталайды, қимылын жасайды








Рефлексивті-түзетуші

Біз не білдік?

Балалар, бізге кім келгенін айтыңдаршы.

Ойыншықтар, оларды машиналарға отырғызып жүргізейік


Адамдар велосипед, мотоцикл, машина, автобус, жүк машинасымен жүреді. Бұлардың бәрі – көлік деп аталады. Көлік адамдар мен жүкті тасиды. Көлікті жүргізетін адам – жүргізуші деп аталады.

Балалар машиналармен ойнайды, гаражға апарып қояды.



Күтілетін нәтиже:


Нені білу керек:

Шығарманы мәнерлеп оқып білуі керек.

Нені игереді:

Әңгіме құрастыру барысында жаңа сөздерді дұрыс қолдану білігін игереді.

Нені біледі:

Балалар көліктерді ажырата отыра байланыстырып әңгіме құрастыруға үйренеді.

Қорытынды:

Күні:

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Ә. Дүйсенов «Біздің үйде»

Мақсаты:1. Сөздерді мағынасы бойынша дәл қолдануға дағдыландыру, сөйлеу тілінде бірыңғай мүшелерді қолдана білуге үйрету.

2. Дыбыстарды таза, анық айтуға, сөйлеу мәнері мен дауыс күшін тиісінше өзгерте білуге үйрету. Жаңа сөздердің мағынасын түсінуге дағдыландыру.

3. Сөйлеу барысында бірыңғай мүшелерді дұрыс қолданау іскерліктерін дамыту және таза сөйлеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Мысық ойыншығы. «Шалқан» ертегісінің қейіпкерлері. Тірек сызбалары «Біздің үйде» суреттері.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс –әрекеті

Баланың іс-әрекеті

+

-

Мотивациялық –қозғаушы


Балалардың назарын Мысыққа аудару.

Мысық бізге сандық алып келіпті.

(Тәрбиеші сандықты ашып, «Шалқан» ертегісінің қейіпкерлерін алып шығып)

-Олар бізге қандай ертегіден келді деп ойлайсыңдар?

Мысық: «Бұл менің отбасым, ал сендердің де туыстарың бар шығар. Сендер мені өздеріңнің туыстарыңмен таныстырасыңдар ма?»

Ендеше екі топқа бөлініп: І топ- шығармашылық ортаға барып , «Менің үйім» суретін боясын, ІІ топ-көркем әдебиет орталығында, «Біздің үйде» деген тақпақты талдайық.



Балалар тыңдайды, «Шалқан» ертегісінің қейіпкерлеріне

жауап береді

(Шалқан, ата, әже, немере қызы, мысық …)

«Шалқан» ертегісінен

Ия, таныстырамыз

Балалар екі топқа бөлінеді.






қарап, атап



Ұйымдастыру іс-әрекеті


Сергіту



Дыбыстық жаттығулар

-Міз-міз-міз- тұрамыз бәріміз

Ті-ті-ті- тату тәтті

Мек-мек-мек- жасаймыз көмек

Ең-ең-ең- етеміз еңбек

Дидактикалық ойын «Мынау кім?»

Тірек сызбалары арқылы әңгіме құрастырады.

(Тәрбиеші балаларға суреттерді«Біздің үйде» нұсқап көрсетіп, туыстық қатынасты анықтайтын нақты сұрақтар қояды).

-Сен бүгін бақшаға кіммен келдің?

-Анаңның аты кім?

-Әкеңнің аты кім?

-Ол қандай адам?

- Сенің ағаң бар ма?
- Сенің әпкең бар ма?
- Аты кім?

(отбасы мүшелерін жеке-жеке айтып береді: атасы, әжесі туралы)



Тақпақ оқылады. «Біздің үйде»

Міздің үйде біз тұрамыз бәріміз

Біз тұрамыз тату тәтті

Ата-анаға біз жасаймыз көмек

Отбамызға етеміз еңбек

Сөздік жұмыс: әпке, күйші, ұста, асқан шебер
«Бес саусақ»

Бас бармағым –атам-үйдің данасы,

Балалы үйрек- әжем-ошақ анасы,

Ортан терек-әкем- отау панасы,

Шылдыр шүмек-анам- шаңырақ ажары,

Титтей бөбек- мен- бәрінің базары



Дидактикалық ойын «Еркелетіп айт»

Ата-әжеміз, әке-шешеміз қандай жылы сөздер айтып сендерді еркелетеді?




Балалар тілдерін жетілдіріп қайталайды, есте сақтайды
Мынау біздің отбасымыз.

Сюжеттік суретке қарап талдау, әңгіме құрастыру, суретке тақырып қою.

отбасы мүшелерінің фотосуретіне қарап атайды

балалар портретке назарын аударады, тақпақты тыңдайды , сұрақтарға жауап береді.


-сөздердің мағынасын түсіндіреді ( әпкесі-сіңлісі, інісі,…)

Балалар саусақ жаттығуды жасап, сөздерін қайталайды


балалар сұрақтарға жауап береді, кім болды әжем, әкем, атам, әпкем


Допты ұстап алған бала жауап береді: жаным, сәнім, ботақаным, құлыным, жүрегім түсіндіреді.

Балалар суреттерге қарап, «үлкен-кіші» сөздерді қолдана отырып салыстырады









Рефлексивті-түзетуші

Мысық балалардың жауаптарына ризашылығын білдіреді, сыйлыққа үй ұсынады

Мнемотехника әдісімен және жетекші сұрақтар арқылы оқу іс- әрекетін бекітеді.

Оқу іс- әрекетінде не ұнады?


Мнемотехника әдісімен балалар оқу іс- әрекетінен алған білімдерін айту керек.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Дыбыстарды таза, анық айтуға, сөйлеу мәнері мен дауыс күшін тиісінше өзгерте білу керек.

Нені игереді:

Жаңа сөздердің мағынасын түсініп игереді.

Нені біледі:

Сөйлеу барысында сөйлемнің бірыңғай мүшелерін қолдана біледі.


Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет