Бөлімі: Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Біздің балабақша»М.Әлімбаев Мақсаты



бет2/8
Дата28.01.2018
өлшемі1,43 Mb.
#34837
1   2   3   4   5   6   7   8

Қорытынды:


Күні:

Білім беру саласы: Коминикация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Күзгі табиғат»

Мақсаты:1. Күзгі табиғаттағы ауа-райындағы, өгерістерді байқалай отыра артикуляциялық және дауыс аппаратын дамыту

2. Табиғаттағы, ауа-райындағы, өгерістерді байқауға талпындыру. «Күзгі табиғат». Артикуляциялық және дауыс аппаратын дамыту.

3. Қойылған сұрақты тыңдап, дұрыс жауап беруге үйрету. Байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: Орман макеттері. шырша, аққайын, терек, емен, бұталар. Қоян, түлкі суреттері. Жапырақтар


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті

+

-

Мотивациялық -қозғаушы


Тәрбиеші балалармен қимылды жаттығу кешенің жасайды:

«Қайырлы таң!»

Қайырлы таң мөлдір көздерім!

Қайырлы таң жұмсақ қолдарым!

Қайырлы таң мықты аяқтарым!

Қайырлы таң арайлы күн, аспан!



Тәрбиеші: Мақсұт Неталиевтің

Күз суреті туралы өлеңің оқиды:

Сарыала жапырақтар

Қонады қалқып ұшып.

Мүлгиді атырап бар

Жамылып алтын ішік.

Бу шығып бүйірінен

Ағады жылға-бұлақ.

Тәрбиеші: Балалар, бұл өлеңде не туралы айтылған, қандай жыл мезгілі туралы жазылған?

Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар күз туралы

(әйнекке қарасақ та ағаш бұтақтарында сарғайған жапырақтар көрінеді) деп түсіндіреді.

Жаңылтпашын түсіндіріп айтыды

Санай бер, қарай бер, бояуы жүз, келді күз.

Қараңдар жер беті сап-сары, алтын сияқты.

Жапырақтардың түстері қандай?

Балалар сары, тоқсары, қызыл.

суретте адамдар қалай киінген?

Тәрбиеші: Далада салқын, суық, сондықтан адамдар жылы киіген.

күз мезгілінде салқын, суық жел соғады, жаңбыр жауады, сондықтан суық болады.

Жел қатты соғып:



екі қолдарынан дүрбі жасайды

алақанға шапалақтайды
орында тұрып кезек-кезек аяқтармен басады

Қолдарың жоғары қарай көтереді

балалар орындарына отырады.

Балалар ойланып жауап береді: күз туралы

балаларға тақтада ілініп тұрға, суреттерге қарайды
Санай бер, қарай бер, бояуы жүз, келді күз қайталайды.

Балалар ойланады









Ұйымдастыру іс-әрекеті

Тәрбиеші: Балаларды бір ағаштын түбінде жасырынып отырған түлкіге (сурет) жақындатып: (балалар мынау қандай жануар?)

Тәрбтеші: Дұрыс. Қандай ертегілерде кездеседі?

Балалар жауап береді (Бауырсақ, қоян мен түлкі)

Түлкімен қоянның бет әлпетін





Рефлексивті-түзетуші

Тәрбиеші Біз бугін қайда бардық?

Орманда не көрдік?

Шырша биік пен? ағашта биік пе?

Орманда нелерді көрдік?

Ормангда не көп

Олардын түсі қандай?

Неге орманда жапырақтар көп?

Неге олар жерде жатыр?


Тәрбиеші: ал енді балабақшамызға барайық, көздерін жұмайық балақшаға барайық.

Орманға

Ағаштар мен шыршалар


Қоянды, аюды, түлкі.

Жапырақтар (сары, жасыл, қызыл)


Балалар ойланып жауап береді.

Орманда суық, жел соғады, жапырақтарды үзіп, ұшырады деп айту керек.



Күтілетін нәтиже:


Нені білу керек:

Сурет бойынша күз мезгілі туралы әңгіме құрастырып білу керек.

Нені игереді:

Жаңа мағналы сөздердің мағнасын игереді.

Нені біледі:

Барлық дыбыстарды естіп, анық айтып біледі.


Қорытынды:

Күні:

Білім беру саласы: Коминикация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Жапырақтар» Т. Молдағалиев

Мақсаты: 1.Күз мезгілінің жапырақтарымен таныстыра отыра оларды,3-4 сөзден сөйлем құрастыруға дағдыландыру

2. Жапырақтартуралы ұғымдарын кеңейту. Оларды топтастыруға, танып көрсетуге жаттықтыру. 3-4 сөзден байланыстырып сөйлем құрастыруға дағдыландыру.

3. Сөйлеу тілінде бірыңғай мүшелерді дұрыс айтып беруге дағдыландыру.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: Жемістер мен көкөністер. Тиын. Себет. Таспаға жазылған дауыс. көкөністермен жеміс жидектердін суреттері. алма, ақтүйнек, шие; пияз. алмұрт, қызанақ, жүзім, сарымсақ. өрік, қияр, қара өрік, асқабақ. апельсин, орамжапырақ, қызылша, құлпынай. банан, кәді, қарбыз, таңқұрай. лимон, сәбіз, қауын, қарақат. барлығы:6 үлкен карточкалар, 24 ұсақ карточкалар


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті







Мотивациялық -қозғаушы



Тәрбиеші: Балаларға «Жемістер мен көкөністер»туралы өлең оқиды

Тәрбиеші: не туралы өлең?

Бір уақытта топқа тиын кіреді қолында себет, себет ішінде бір саңырауқұлақ пен екі құлпынай.

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе!

Тиын балармен амандасады

Тәрбиеші: Тиын қайдан жүрсіз?

Тиын: Мені анам орманда жапырақтар теруге жіберді, бірақта мен саңырауқұлақ пен жидек тердім (балаларға себетін көрсетеді).

Тәрбиеші: Иә тиын жинағаның шамалы

Тәрбиеші: Балалар, кәне санап көрейікші

Балалар санайды

Тәрбиеші: Көп пе?

Тиын: Білемін аз екенін мұнарады (тәрбиеші ұнайма бізбен бірге саяжайға барасың ба?)

Тиын иә барамын

Тәрбиеші: Еденше балалар, барлығымыз саяжайға барайық,

Жапырақтар Тұманбай Молдағалиевтің өлеңін тиынға оқып берейік

Қыстың жақын қалғанын Жапырақта білгендей. Желмен ұшып барады, Жерге қонып үлгермей. Жапырақтар жамырап, Сайға барып бекінді.

Анасынан ажырап Қалған бала секілді.


Балалардың жауаптары
Балалар тиынмен амандасады.

Балалар аз

2-4 рет қайталату







Ұйымдастыру іс-әрекеті



Таспа қосылып көңілді әуен естілінеді:

Балалар тәрбиешіге ілесіп мына сөздерді айтып отырады:

Балалар уыстап жеміс тереді. Уыс-уыс-уыс (уыстап теруге еліктейді )

Тәрбиеші: Міне саяжайға да келдік

Тәрбиеші: балалар, қараңдар мына жерде не тұр? (үстел үстінде табаққа салынған көкөністермен жемістер, сүлгімен жабық болып тұрады).

Ашайын десе, бір уақытта бір дауыс: Бұл себетті ашуға болмайды?

Тәрбиеші: неге?

«Дауыс»: Өйткені кім менің сұрақтарыма жауап берсе, тапсырмамды орындап берсе ғана себеттін беті ашылады.


Балалар У-у-у-у-у деп айтады,

Еңкеіп «жерден сыңырауқұлақты алғанда: уыс-уыс-уыс деп айтады.

Балалар мен тиын иә білгіміз келеді.


Балалар екі орталыққа бөлінеді







Рефлексивті-түзетуші

Тәрбиеші: балалармен топқа келген соң білімдерін қорытады.

Балалар, сеңдерге бүгінгі саяхат ұнады ма?

Қай жаққа саяхатқа бардық?

Саяжайда не көрдіңдер?

Саяжайда не ұнады?

Неге Саяжайға барлық?

Тиынға не бердік?

Тәрбиеші: балалар, жарайсыңдар, енді мен сеңдерді жемістерден (көкөністерден) жасалған салатын дәмін татуға шақырамын.


Иә ұнады деп жауап береді

Саяжайға

алма, қызанақ ары қарай жауап береді

Тиынға көмектесуге

алма, қияр, қызанақ, алмұрт......




Күтілетін нәтиже:

Күтілетін нәтиже:


Нені білу керек:

Көкөністер мен жеміс жидектерді бір бірінен ажырата отыра 3-4 сөзден байланыстырып сөйлем құрастырып білуі керек.

Нені игереді:

Қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру барысында жаңа сөздерді игереді.

Нені біледі:

Сөйлеу тілінде бірыңғай мүшелерді (алманы тиынға беремін, саяжайға барамын т.с.с.) байланыстырып айтып біледі.

Қорытынды:

Күні:

Білім беру саласы:Коммуникация

Бөлімі:Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Апорт алма» Оразақын Асқар
Мақсаты:

1. Балалар тақпақты асықпай, сөздердің жалғауларын анық, жатқа айтуға үйрету

2. Шағын тақпақтарды жатқа асықпай айтуға үйрету. Жалғауларын анық айту іскерліктерін жетілдіру.Үлгіге сүйене отыра сурақтарға жауап беруге үйрету.

3.Жаңа сөздердің мағнасын түсіндіре отыра сөздік қорын молайту.



Көрнекіліктер: Аю, қоян ойыншықтары. Жемістер. Алма ағашы. Апорт ағашы.



Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті

+

-

Мотивациялық -қозғаушы

Тәрбиеші балалармен топқа кіргенде ойын бұрышында отырған Аюмен қоянға қарап. «Балалар қараңдар бізге біздің достарымыз келіп отыр, кәне амандасайық олармен»

Тәрбиеші олар бізге бос келген жоқ, өздерімен ақылды саңдықтарын ала келіпті (тәрбиеші саңдықты ашып: Балалар ақылды саңдық өзінің дайындаған жұмбақтары бар екен, шешіп көрейік)



Жұмбақ жасырады:

Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты.

/Алма/.

(Алма суретін тақтаға іліп, алама қандай жеміс екенің түсіндіріп айтады.

Солайынан (алмұрт, өрік, туралы айтып түсіндіреді)

Уылжыған албырт,

Дәмi ғажап… (Алмұрт)

Бақта өскен сәнi бар,

Гүлi майда көрiктi.

Жемiсi бар дәмi бал,

Жақсы көрем… (Өрiктi)

Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар,

алма, алмұрт, өрікті бір сөзбен қалай айтамыз

жемістер


Жақсы. Жемістер қайда өседі?

Дұрыс. Ал ағаш қалай аталатының білесіңдер ме?

Тәрбиеші: Жеміс ағашы Тәрбиеші:

Бірге қайталайықшы

Тәрбиеші: Жеміс ағаштар қайда өседі?

Тәрбиеші: Бау бақшада

Тәрбиеші, сеңдер көп жеміс ағаштарың көргілерің келеді ме?

Ендеше мен сеңдерді бүгін Күзгі бау бақшаға апарамын

Өзімізбен бірге біздің достарымызды алайық, оларда күзгі баубақшаны көрсің.


Балалар амандасады.

Балалар жұмбақтардың шешуін табады.

Ағашта өседі.

Балалар ойланып жауап береді

Балалар (жеміс ағашы) деп қайталайды.

Балалар ойланады


Балалар қайталайды
Иә келеді





Ұйымдастыру іс-әрекеті


(алдын ала топтын іші бау бақшаға тәрізді ағаш макеттерімен безендірілінеді)

Тәрбиеші: міне бау бақшағада келіп қалдық

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, бау бақшаның ауасы қандай тамаша! (мұрындарымен дем алуды, ауыздан шығаруды ұсынады)

Жұмыстарымыз қызықты өтсін деп екі орталыққа бөлініп (бірі шығармашылық орталығына барып аю мен қоянға жемістердің мүсіндерін жасайды)

Қалған балалар (бау бақшаның аланқайын) барып отырады.

Тәрбиеші: үлкен үлестірмелі суретті көрсетіп

(АПОРТ алмасы, алмұрт, өрік ағаштары) АПОРТ алмасы туралы мәлімет беріп түсіндіреді. екінші суреттте (осы ағаштардың жемістері) Балаларға сұрақтар:

Жемістерге қарасақ, қандай айырмашылықтар бар?

Тәрбиеші: дұрыс оларды біз көлемі, түсі, пішініне қарап ажыратамыз.

Жемістер қандай геометриядық пішінге ұқсайды?

Жемістердің түстері қандай?

Жемістердің көлемдері қандай болады?



Дидактикалық ойын: «Қандай жемісті алдың?»

Мақсаты: жемістер (алма, алмұрт, өрік) туралы түсініктерін кеңейту. Есте сақтау қабілеттерін одан ары қарай жетілдіру, үлгіге сүйене отыра байланыстырып сөйлем құрастыру іскерліктерін дамыту.

Құралдар: әр балалада үлгі тірек суреттері.

Шарты: Үстел үстінде (муляждар, ұсақ заттық суреттер) турады, балалар өздеріне 1-2 ұнаған жемістерді алып, үлгі тірек суретке қарап қандай жеміс алғанын пысықтап әңгімелеп беру керек.

Үлгі суреттін макеті: қағазға 1. пішіні; 2. түсі; 3.көлемі; 4. қайда өседі?; 5. не жасап дайындауға болады?. туралы суреттері салынады:



1. 2. 3. 4. қайда 5.?

өседі?





Мысалы: Алма-дөңгелек, сары, үлкен. Алма баубақшада өседі. Алмадан тосап дайындайды.

Тәрбиеші: Балалар біздің жемістерден тағы не дайындауға болады?

Балалар (шырын)

Дұрыс айтасыңдар. Шырын ағзаға пайдалы, тағы шырын сөзін қайталатқызады



Тіл ұстарту жұмысы:

АШ-АШ-АШ-АШ

Өсіп тұр алма ағаш

МА-МА-МА-МА-

Пісіп тұр тәтті алма

ДАН-ДАН-ДАН

Тәтті алмадан

РЫН-РЫН-РЫН

Шықты тәтті шырын

Апорт

Оразақын Асқар

Апорт деген алманың Таттың ба, сен, бал дәмін? Апорт деген тәтті алма, Өседі ол бақтарда. Алатауда өседі ол, Оған тең жоқ деседі ел.

Жетекше сұрақтар арқылы

шығарманы талдайды

(тақпақты оқи отыра ойын әс ірекеттерімен қимыл жасап отырады және алдын ала дайындалған тақпаққа байланысты суреттерін пайдаланады.)


тақпақта жаңа сөздердің мағынасын түсіндіріп қайталап бекітеді

Тәрбиеші жаңа сөздерді (апорт; тең жоқ;) түсіндіріп қайталатып бекітеді.

(Шығарманы қайта 2-3 рет оқиды)

Тәрбиеші 3-4 баладан жеке түрде сұрап бекітеді.


шығармашылық орталығындағы балалардын жұмыстарын талдайды

(көлемін, түстерін, пішіндерін бекітеді)

Балабақшаға баратын уақыт болды деп көңілді әуенмен жолға шығады

Дем алу жаттығуын жасайды

Балалар ойланып жауап береді

Балалар дөңгелекке, сопақшаға

Сары, қызыл, көк, жасыл, тоқсары

Балалар үлкен, кішкентай


Балалар үлгіге сүйене отыра жеміспен көкөністер туралы пйтып береді.

Балалар тәрбиешімен бірге айтып отырады.

АШ-АШ-АШ-АШ

Өсіп тұр алма ағаш

МА-МА-МА-МА-

Пісіп тұр тәтті алма

ДАН-ДАН-ДАН

Тәтті алмадан

РЫН-РЫН-РЫН

Шықты тәтті шырың

Балалар тыңдайды.

балалар тыңдайды, есте сақтайды

Балалар тәрбиешімен бірге іштерінен қайталап отырады.



Рефлексивті-түзетуші

Балалар, бүгін біз қайда бардық?

Бау-бақшада не өседі?

Ағаштарды қалай атаймыз

Апорт алмасы қайда өсіп піседі?

Жақсы балалар бүгін біздің саяхатымыз өте маңызды өтті

Мен сеңдерді "Жемістер кафесіне" шақырамын, онда сеңдердің тосын сый күтіп тұр.

Алдын ала алма, алмұрт, өрік шырыңдары дайндалып тұрады. Әдемі ыдыстарда АПОРТ алмасы да тұрады.


Бау-бақшаға

Алма, алмұрт, өрік.

Жемістер ағаштары

Алматыда


Балалар шырың ішіп Апорт алманың дәмін көреді, өзара пікірлесіп отырады.

Күтілетін нәтиже:


Нені білу керек:

Балалар тақпақты асықпай, сөздердің жалғауларын анық, жатқа айтуға білулері керек.

Нені игереді:

Тақырыпқа байланысты жаңа сөздердің мағнасын түсініп игереді.

Нені біледі:

Үлгіге сүйене отыра сурақтарға жауап беруді біледі.


Күні:07.08.17

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Ағайынбыз бәріміз» Ә.Дүйсенбиев

Мақсаты:1. Өз ойларын дұрыс, қысқаша байланыстырып жеткізе білу дағдылырын қалыптастыру.

2. Шығарманы тыңдау және түсінуге үйрету. Әңгіме барысында сұрақтарға жауап беру және сұрау іскерліктерін қалыптастыру

3. Зат есіммен, еңбек әрекетін білдіретін етістікпен, үстеумен, шылаулармен байыту.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: Әлия қуыршақ. Отбасының суреті, кітап.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушы


Тәрбиеші: балалар бүгін Әлия (қуыршақ) балабақшаға мына бір қызықты кітапты әкелді, кітаптын атауы «Қызықты энциклопедия» деп түсіндіреді. Оған анасы кітап дүкенінен сатып әперіпті. (тәрбиеші балаларға кітапты көрсетіп, ішіндегі суреттерді бірге қарап әңгімелейді).


Балалар Әлия қуыршақпен амандасады, тәрбиешіні тыңдайды, кітапқа назар аударады.

Балалар екі орталыққа бөлініп бірі шығармашылық орталығына барып Әлияға әдемі гүл суреттерін салады




Ұйымдастыру іс-әрекеті


Мына суретте не көріп тұрсыңдар? (күнбағысқа назар аударады)

күнбағыс туралы мәлімет береді, түсіндіреді. Тақпағын оқып талдайды.



«Күнбағыс»

Күнде көкке қараса да,

Жалықпайды күнбағыс.

Ұмтылғаны тамаша ғой,

Аспандағы күнге алыс!

(күбағыс не екенін түсіндіріп айтып береді)

Балаларға ары қарай кітаптағы суреттерге тоқталып сараптайды:

Мынау не балалар?

Дұрыс айтасыңдар, бұл бидай деп келесі бидай туралы тақпақ оқиды:

Ұзын мұртты сарылар,

Қойнында наны бар.

/Бидай/.

Бидай туралы суреттер мен бидай масағын көрсетеді.

Бидай не екенін түсіндіред
Тәрбиеші: Отбасы туралы әңгіме айтады.Балалар өз отбасында неше адам бар екенін айтып әңгімелейді.


балалар ойланып жауап береді (бидай)

Жаңа сөздерді тыңдап, түсінуге ыңталанады.
балалар тыңдайды, есте сақтайды

Балалар тыңдайды, есте сақтайды.



Рефлексивті-түзетуші

Тәрбиеші: балалар, сеңдерге ұнады ма Әлияның кітабы?

Әлияның кітабы қалай аталады?

Энциклопедия кітабында не туралы әңгімелесті, отбасы туралы қандай тыйым сөздерді білесіңдер?

Сонында балалар Әлияға кітабын қайта беріп рахмет айтады.



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Өз ойларын жүйелі байланыстыра жеткізе білулері керек.

Нені игереді:

Жаңа сөздердің мағнасын игереді.

Нені біледі:

Ауыл шарушылығында еңбектеніп жүрген адамдарды құрмет білдіруге бідуді үйренеді.

Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет