Болжамды агглютинация реакциясын қадамдар бойынша қою


Қос сарысумен қойылатын түрлі-түсті сынаманы қадамдар бойынша қою техникасы



бет5/6
Дата01.06.2022
өлшемі252,21 Kb.
#145725
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Тәжірибелік дағдылар қадамдары (1)
5
13. Қос сарысумен қойылатын түрлі-түсті сынаманы қадамдар бойынша қою техникасы

1. Реакцияның мақсаты мен оның мәнін анықтаңыз


2. Қажетті керек-жарақтарды таңдау/көрсету
3. Бірінші қатарға (9 пробиркаға) №199 қоректік ортасын және жасушалық дақылын енгізіңіз (3 пробирка - бақылау)
4. Бірінші қатардағы 1 пробиркаға 0,25 мл науқастан алынған сарысуды енгізу және (қалған тәжірибелік ойшықтарға титірлеп құйып шығу) сұйылту жасаңыз.
5. Әр пробиркаға вирустық антигенді қосыңыз
6. 7-10 күннен кейін тәжірибені қайталаңыз (бұл пробиркалардың екінші қатары болады)
7. Нәтижелерді интерпретация жасау
8.Реакция механизмін түсіндіріңіз


14. ПТР - қадамдар бойынша қою техникасы

1. Реакцияның мақсаты мен оның мәнін анықтаңыз


2. Қажетті керек-жарақтарды таңдау/көрсету
3. ПТР үш кезеңнен тұрады:
- Биологиялық материалдан немесе микроорганизмнің таза дақылынан ДНҚ-ны бөліп алу;
- ПТР-ның өзі: - денатурация немесе ДНҚ-ның «балқуы», бұл кезең екі жіпшелі ДНҚ жоғары температура әсерінен бір тізбектен екіге ажырайды;
- праймерлерді матрицалық ДНҚ-мен байланыстыру (отжиг) ;
- элонгация немесе тізбектің ұзаруынан тұрады.
4. Екі жіпшелік ДНҚ матрицасы ДНҚ тізбектері ажырау үшін 0,5-2 минут ішінде 94-96 °C – қа дейін қыздырылады. Бұл кезең денатурация деп аталады, өйткені ДНҚ-ның екі жіпшесі арасындағы сутегі байланысы бұзылады
5. Жіпшелер ажыраған кезде, праймерлердің бір жіпшелік матрицалармен байланысуна мүмкіндік болуы үшін температура 50-65° C –қа дейін төмендетіледі. Бұл кезең отжиг деп аталады.
Праймер – бұл нуклеин қышқылының қысқа фрагменті (олигонуклеотид), комплементарлы ДНҚ немесе РНҚ-нысаналары. Ол ДНҚ полимеразасын қолдана отырып, ДНҚ репликациясында, сондай-ақ комплементарлы тізбекті синтездеуді жүзеге асырушы (затравка) ретінде қызмет етеді. Затравка праймердің 3'ұшынан (гидроксил тобы) жаңа тізбекті синтездеуді бастау үшін ДНҚ полимеразаларына қажет. ДНҚ полимераза матрицалық тізбекті комплементарлы толықтыратын нуклеотидтерді праймердің 3'ұшына рет - ретімен қосады. Отжиг кезеңінің уақыты-30 сек.
6. ДНҚ полимераза праймерді затравка ретінде қолдана отырып матрицалық тізбекті репликациялайды. Бұл - элонгация кезеңі. Полимераза екінші тізбекті синтездеуді матрицамен байланысқан праймердің 3'ұшынан бастайды және матрица бойымен қозғала отырып, 5' - тен 3' ұшына қарай жаңа тізбекті синтездейді.
Элонгация температурасы - 72 °C.
7. Элонгация уақыты ДНҚ полимеразасының түріне де, амплификацияланатын фрагменттің ұзындығына да байланысты. Әдетте, элонгация уақыты әр негізгі мың жұп үшін бір минутқа тең болып қабылданады. Көбінесе барлық циклдар аяқталғаннан кейін, барлық бір тізбекті фрагменттерді аяқтау үшін соңғы элонгацияның қосымша кезеңі жасалады. Бұл кезең 7-10 минутқа созылады.
8. ДНҚ фрагменттерін ұзындығы бойынша бөлу үшін агарозды гельде амплифицирленген фрагменттің электрофорезін жүргізіңіз.
9. Нәтижелерді интерпретация жасау
10.Реакция механизмін түсіндіріңіз




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет