Болєандыќган оныѕ туындысы бар болуы мїмкін


сабақ. Туындының экономикалық мағынасы



бет8/17
Дата09.06.2023
өлшемі368 Kb.
#178553
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
«Математика курсындағы экономика элементтері»
критерий Пирсона, Қорытынды, Н. Айкоркем Диссертация посл., Активті және пассивті тасымалдаудың ұқсастығы мен айырмашылығы, «Тыныс алу» б лімі бойынша жиынты ба алау 9- сынып
12сабақ. Туындының экономикалық мағынасы
Өндірілген өнім мөлшерінен уақыт бойынша туындының еңбек өнімділігін беретінін көрдік. Енді туындының экономикалық мағынасын көрсететін тағы бір ұғымды береміз.
Өндіріс шығындарын өндірілетін өнімнің мөлшері х-ке тәуелі функция ретінде карастырамыз. Өнімнің өсімі ∆х болса, оңі өндіріс шығынының өсімшесі ∆у, ал өнім бірлігіне жұмсалатын өндіріс шығынының орта өсімшесі ∆у /∆х болады. Сонда туынды у'= lim∆х →0∆у/∆х
өндірстің шекті шығынын береді және косымша өнімнің бірлігіне жұмсалатын қосымша шығынды жуықтап сипаттайды. Шекті шғындар өндіріс күші (шығарылатын өнім көлемі) х-ке тәуелді және тұрақты емес тек айнымалы өндіріс шығындарымен (шикізат, жанармай және т.б.) анықталады. Осы сияқты шекті табыс, шекті өнім, шекті пайдалылық, шекті өнімділік және баска шекті шамаларды қарастыруға болады.
Шекті шамалар экономикалық ұгымдардың өзгеру барысын сипаттайды. Туынды кайсыбір экономикалық объектінің басқа бір объектіге карағанда өзгеру жылдамдығын анықтайды. Кейбір жағдайларда экономикалық көрсеткіштердің үзіліссіз еместігіне қарамастан шекті шамаларды ұтымды пайдалануға болады. Мысал ретінде монополистік және бәсекелік рынок жағдайындағы орта және шекті табыстардың байланысын қараймыз. Өнімді сатқаннан шыққан жиынтық табысты өнім бірлігінің бағасымен өнім санының көбейтіндісі ретінде анықтауға болады:
Монополистік нарық Еркін бәсекелік нарық

r = pq, r — жиынтық табыс, р-өнім бірлігінің бағасы, q —өнім саны. Монополия жағдайында бір немесе бірнеше фирма белгілі саладағы өнім ұсынысын, демек өнім бағасын толығымен қадағалайды. Әрине, бағаның өсуіне байланысты өнімге деген сұраныс азайады. Сұраныстың азаюы р = аq + в, (а < 0, в > 0) кемімелі функциясы арқылы берілсін делік. Мұндағы р = р(q)~өнім саны q -ға тәуелді сұраныс мөлшері. Соңда сатылған өнімнен түсетін жиынтық табыс r = (аq + в)q=аq2 + вq, өнім бірлігінен түсетін орта табыс rор = r/q = аq+ в, ал шекті табыс, яғни қосымша өнім бірлігінен түсетін қосымша табыс r,q = 2аq+ в болады.
Сонымен монополистік нарық жағдайында сатылған өнім саны өскен сайын шекті табыс кемиді. Ол орта табыстың аз жылдамдықпен азаюуына соқгырады.
Нарыққа өнім шығаратындар өте көп және жеке фирма бағаның деңгейін қадағалай алмайтын бәсекелік жағдайында сатылатын өнім саны тұрақты, мысалы, р = в болады. Сонда жиынтық табыс r = вq, орта табыс rор = r/q = в, ал шекті табыс r,q = в болады.
Сонымен еркін бәсекелестік нарық жағдайында орта және шекті табыстар өзара тең болады.
Экономикалық процесстерді зерттеу үшін көбінесе функцияның икемділік ұғымы қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет