Боөж материалық нүктенің механикасы



бет1/5
Дата31.03.2022
өлшемі189,92 Kb.
#137437
  1   2   3   4   5
Байланысты:
физика 1 боөж
СОӨЖ4 Қаз тарих ХНК4 Әлімтай Салтанат, СОӨЖ4 Қаз тарих ХНК4 Әлімтай Салтанат, 2 5197624655451525677 (2) (1)

БОӨЖ

Материалық нүктенің механикасы


Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
Орындаған: Қуанышова.А.С
Тексерген: Аймырзаева.А.Б

Жоспары:

  • Кейбір анықтамалар;
  • Материалдық нүктенің қозғалысының кинематикалық сипаттамасы;
  • Жылдамдық;
  • Үдеу;
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер

Кейбір анықтамалар

  • Механика –механикалық қозғалыс заңдылықтарын және сол қозғалысты тудыратын себептерді зерттейтін физика бөлімі.
  • Механикалық қозғалыс- дененің уақыт өткен сайын кеңістіктегі басқа денелермен салыстырғанда орнының өзгеруі.
  • Механика кинематика және динамика болып бөлінеді. Кинематика денелердің қозғалысын тудыратын себептерді емес, қозғалысын зерттейді. Динамика денелердің қозғалысын тудыратын себептерді зерттейді.
  • Физикада денелер қозғалысының сипаттамасын жеңілдету үшін модельдер қолданылады.Модель негізгі және маңызды жағдайларды сипаттайды және маңызды емес нәрселерді қарастырмайды. Ең қарапайым модельдер- материалдық нүкте және абсолют қатты дене.
  • Материалдық нүкте деп - берілген есепте өлшемі мен пішінін елемеуге болатын денені айтады.
  •  Абсолют қатты дене деп - берілген жағдайда деформациясын(өлшемі мен пішінінің өзгеруі) елемеуге болатын денені айтады.
  • Дененің кеңістіктегі орнын басқа бір кез келген қозғалмайтын дене арқылы анықтауға болады.
  • Шартты түрде қозғалмайтын деп есептелетін және соған қатысты дененің қозғалысы қарастырылатын дене санақ денесі деп аталады.Санақ денесімен байланысқан координаталар жүйесі мен сағат санақ жүйесін құрайды. Дене қозғалысы кеңістікте және уақыт өтуіне байланысты өтеді.Сол себептен санақ жүйесіне кеңістікте материалдық нүктенің орнын анықтайтын координаталар жүйесі және нүктенің қай уақытта сол орында болатынын тіркейтін сағат кіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет