"Ботаника" пәнінің оқу-әдістемелік кешені


Тақырып 2. "Өсімдік жасушалары."



бет3/6
Дата25.08.2017
өлшемі1,02 Mb.
#27032
1   2   3   4   5   6

Тақырып 2. "Өсімдік жасушалары."

  1. Цитологияның тарихы жөнінде қысқаша деректер. Өсімдік жасушасына сипаттама. Құрылысы мен қызметтері.

Жасушаны зерттейтін ғылым –цитология . Алғаш рет жасушаны Р. Гук көрген. 1831 жылы ағылшын ботанигі Р.Броун ядроны , ал 1839 жылы Чехия биологы Ян Пуркинье цитоплазманы ашты. Неміс ғалымдары Шлейден мен Шван 1838 –1839 ж.ж жасуша теориясын ашты. Бұл теорияның мәні мынада: Жасуша барлық тірі организмдердің негізгі қарапайым құрылымдық бірлігі. Жасушаның пішіні мен мөлшері алуан түрлі болып келеді. Паренхималық жасушалардың ұзындығы енімен бірдей, ал прозенхималық жасушалардың ұзындығы енінен бірнеше есе артық. Жасушаны зерттеуде қолданылып жүрген тәсілдер алуан түрлі. Олардың негізгілерінің бірі микроскопиялық тәсіл. Бұл тәсілмен жұмыс істеуде оптикалық микроскоп үлкен роль атқарады. Оның қазіргі кездегі модельдері обьектіні 2 мың есеге дейін үлкейтіп көрсетеді. Электронды микроскоп обьектіні 200-300 мың есе үлкейтіп көрсете алады. Цитологиялық тәсіл- жасушадағы әртүрлі заттардың: белоктардың, майлардың, көмірсулардың, нуклейн қышқылдардың, дәрумендердің болуын және олардың жасушадағы мөлшерінің қаншалықты екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Жасушаның тығыздығы әртүрлі болып келетін компаненттерін центрифугирования тәсілі арқылы бір-бірімен қоспай бөлек зерттеуге болады. Өсімдік жасушасы қабықшадан, протопласт және вакульден тұрады.Өсімдік жасушасының жануар жасушасынан айырмашылығы олардың жақсы жетілген қатты қабықшасы болады. Клетка қабықшасы өсімдікке мықтылық беретін оның қаңқасын береді. Протопласт құрамында мембранасыз, мембраналы, қос мембраналы органоидтар болады. Олар: ядро, митохондрия, пластид, рибосома, эндоплазмалық тор, гольджи апараты, лизосома, вакуль. Цитоплазма үш мембранадан тұрады. Плазмаллема цитоплазманы жасуша қабықшасынан бөліп тұратын мембрана. Тонопласт цитоплазманы вакуольден бөліп тұрады. Екі мембрана арасында мезоплазма болады. Эндоплазмалық тор каналдар мен цистерналардан тұрады. Эндоплазмалық тордың түйіршікті және түйіршіксіз түрі болады. Түйіршікті эндоплазмалық торда рибосомалар орналасқан, сондықтан ол ақуыз синтезіне қатысады. Рибосомалар ақуыз синтезі өтетін орталық. Рибосомдар диаметрі 20 нм.-дай болады. Гольджи аппараты цистерналардан тұрады. Оларда көмірсулар синтезделеді. Жасуша қабығын құруға қатысады. Митохондриялар пішіні әртүрлі болады: сопақша, дөңгелек. Митохондриялар жасушаның энергия жинайтын лабораториясы. Пластидтер тек өсімдіктерде ғана болады. Атқаратын қызметіне және түріне қарай пластидтер үшке бөлінеді:хлоропластар (жасыл түсті), лейкопластар (түссіз), хромопластар (қызыл). Хлоропластарда жасыл пигмент хлорофилл болады. Хлоропластардың негізгі қызметі тікелей хлорофилмен байланысты. Хлоропласт екі мембраналы органоид. Ішінде строма деп аталатын зат болады. Онда қапшық тәрізді ламеллалар немесе тилакоидтар болады. Тилакоидтар топтасып диск тәрізді грандар түзеді. Грандар бір-бірімен гранаралық тилакоидтар арқылы байланысып жатады. Осы грандарда хлорофилл дәндері орналасатындықтан фотосинтез процессі жүреді. Лейкопластарда пигменттер болмайды. Лейкопластар өсімдіктің күн сәулесі түспейтін ұлапаларынан, органдарынан және тамырларында, түйнектерінде кездеседі. Негізгі атқаратын қызметі артық қоректік заттарды жинау болып табылады. Хромопластарда каратинойдтар тобына жататын түсі қызыл сары, сары пигменттері болады. Өсімдікткн гүлінің, піскен жемісітерінде, күзгі жапырақтарында кездеседі. Ядро –тұқымқуалаушылық мәліметтерін сақтайтын және түзетін орын болып саналады. Зат алмасу процессін басқаратын және цитоплазманың органелдерінің қызметін басқаратын орталық. Ядроның формасы алуан түрлі болып келеді. Әдетте жасушаның формасына сәйкес келеді. Ядро ядро қабықшасынан, нуклеоплазмалардан, хромосомдардан және ядрошықтан тұрады. Ядро қабықшасы екі қабат мембранадан тұрады. Нуклеоплазма ішінде хромосомдар мен ядрошықтар орналасқан коллоидты ерітінді. Ядрода бір немесе бірнеше ядрошық болуы мүмкін. Жасуша бөлінуінің үш түрі бар: амитоз, митоз, меиоз. Митоз жасуша бөлінуінің көп кездесетін әдісі. Ол генетикалық материалдың жас жасушаларға тең бөлінуін және жасуша ұрпақтарындағы хромосоманың ұқсастығын қамтамасыз етеді. Жасуша бөлінген кезде бес сатыдан өтеді: интерфаза, профаза, метафаза, анафаза,және телофаза.

Интерфаза- жасушаның екіге бөлінуі аралығындағы тіршілік кезеңі. Профаза- ядроның бөлінуге жайындалған бірінші сатысы. Бұл кезде хромосома жіпшелерінің өз осінде шиыршықталып, бұратылуының арқасында хромосомалар қысқарып, жуандайды. Ядро қабығы бұзылады. Метофазада- Хромомомалар хасушаның экватор аймағына жиналаып шоғырланады, жасуша бөлінуге дайындалады. Әрбір хромосоманың центромерасы дәл экваторда ал қалған денесі экватордан тыс жазықтықта жатады. Анафаза- хроматин жіпшелерінің болашақ жас жасушалардың полюстеріне қарай созылып, ахроматин ұршығын құрау кезеңі. Телофаза-митоздың ақарғы сатысы. Хромосомалардың қозғалуы аяқталады. Митоздық аппарат бұзылады. Ядрошықтар пайда болады. Жасушаның қарама-қарсы полюстерінде пайда болған хромосомалардың сыртынан ядролық қабық пайда болады. Жаңа ядролардың қайта құрылуымен қатар әдетте жасуша денесі бөлініп, цитокинез өтеді. Екі жасуша құрылады. Жыныстық көбею жануарлар мен өсімдіктердің көбеюінің бір түрі. Жыныстық көбею жолында жаңа организм аналық және аталық жыныс жасушалары - гаметалардың қосылуынан пайда болған зиготадан дамиды. Жыныс жасушаларының даму жолдары мен ұрықтану процестері әртүрлі. Бірақ жыныс жасушаларының даму негізінде бір жалпы процессбар- ол ұрық жасушаларының бөлшектенуі және осы жасушалардың хромосомалар санының азаю механизмі. Бұл механизмді басқаратын мейоз- жыныс жасушаларының бөліну әдісі. Жасушадағы хромосомалардың саны екі есе азайып диплоидты жасушаға, бұдан тағы екі рет бөлініп төрт гаплоидты жасушаға айналады. Ұрықтананан кейін хромосомалардың диплоидты саны қайтадан қалпына келеді. Мейоз жыныс жасушаларының қалыптасуын, организмде кариотиптің тұрақтылығын сақтайды және гендер мен хромосомалардың рекомбинациялануын қамтамасыз етеді.

Қолданылған әдебиеттер: 1,2,4.
Тақырып 3. "Өсімдік ұлпалары. Ұлпаның жалпы сипаттамасы және классификациясы."

Ұлпаға сипаттама. Ұлпаларды жіктеу. Түзуші, жабындық, арқаулық және өткізгіш ұлпалар.

Шығу тегі, құрысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар жиынтығы ұлпа деп аталады. Ұлпалар туралы ғылымды гистология деп атайды. Ұлпа туралы ғылымның негізін салған италия ғалымы М.Мальпиги мен ағылшын ғалымы Н. Грю болған. Ұлпаларды негізінен мынадай топқа жіктейді: Түзуші ұлпа, өткізгіш ұлпа, механикалық ұлпа, жабындық ұлпа, аренхима, ассимиляциялық ұлпа, бөліп шығарушы ұлпа.

Өсімдіктердің жануарлардан айырмашылығы сол, олар өмір соңына дейін өсуін тоқтатпайды және жаңа органдар түзіп отырады. Бұл жағдай өсімдіктердің белгілі бір жерлерінде түзіліп қалыптасатын меристемалық немесе түзуші ұлпалардың болуымен байланысты. Түпкілікті ұлпаларды жасап, өсімдіктің өсуін қамтамасыз ететін жасушалар тобын түзуші ұлпалар деп атайды. Меристема ұлпасы тығыз орналасқан тірі жасушалардың тобынан тұрады. Мұндай жасушалардың қуысын цитоплазма толтырып тұрады., оның ортасында үлкен ядро орналасады, жасуша қабықшасы өте жұқа болып келеді. Меристемалық жасушалардың екі қасиеті болады- белсенді түрде бөлінеді және дифференциацияланады, яғни басқа ұлпалардың жасушаларына айналады.

Алғашқы және соңғы меристема. Алғашқы меристема өскіннің, ұрықтың жасушаларынан дами бастаған кезінен пайда болады. Соңғы меристема , әдетте алғашқы меристемадан кейін тұрақтанған ұлпалардан пайда болады. Алғашқы меристемадан алғашқы ұлпалар, соңғы меристемадн соңғы ұлпалар түзіледі. Түзуші ұлпа өсімдікте орналасуына қарай және атқаратын қызметіне байланысты төбе, бүйір, қыстырма, жарақат меристемасы деп бөлінеді. Төбелік меристема сабақтың, тамырдың негізгі және бүйірлік өстерінің ұштарында орналасқан. Ол органдардың ұзындыққа өсуін қамтамасыз етеді. Сабақ пен тамырдың ең жоғарғы ұштарында тез бөлінуге қабілетті паренхималық жасушалардың тобы орналасады. Оларды белсенді /инициалды/ жасушалар деп атайды. Бүйірлік меристема өстік органдардың ұзына бойында, олардың үстіне параллель, цилиндр тәрізді орналасады. Органдардың көлденеңінен өсіп жуандауын қамтамасыз етеді. Көп жағдайда оны камбий деп атайды. Сабақтың буынаралықтарының төменгі жағында және гүл сағағының түп жағында орналасады. Бұл алғашқы меристема болып табылады., ол органдардың ұзындыққа өсуін қамтамасыз етеді. Зақымдық меристема өсімдіктің кез келген зақымдалған бөлігінде пайда болады. Шығу тегі жағынан ол соңғы меристемаға жатады.

Жабындық ұлпаның негізгі қызметі өсімдік мүшелерін сыртқы орта әсерінен қорғау. Пайда болуына қарай алғашқы және соңғы деп бөлінеді. Алғашқы жабындық ұлпа үлпекқабат деп аталады. Оның құрамында құрылысы, атқаратын қызметі әртүрлі түктер мен трихомдар, жұптасқан жасушалар, төмпешіктер, қозғаушы жасушалар кездесетіндіктен, үлпекқабат өте күрделі ұлпалар қатарына жатады. Олар алғашқы меристема протодермадан жасалады. Үлпекқабат бір қатар тығыз орналасқан жасушалардан тұрады., оның сыртқы қабырғасы кутик затымен қапталған. Көптеген өсімдіктерде үлпекқабатөсіндісі болып табылатын түктер түзіледі. Түктер бір және көп жасушалы, жабындық және тығыздық, тірі және өлі болады. Үлпекқабаттың газ алмасуы мен транспирация қызметін лептесіктер атқарады. Лептесік аппараты екі бұршақ тәрізді жанаспа жасушалар мен саңылаудан тұрады. Саңылау ауа камерасына ашылады. Үлпекқабат жасушалары түссіз болса, жанаспа жасушаларында хлоропласт болады. Хлоропластардың қызметінің нәтижесінде лептесік саңылауларының ашылып жабылуы реттеледі. Жабындық ұлпа жасушаларының ерекшеліктері. Лептесік. Трихома. Перидерма құрамы. Қыртыс. Қос жарнақты өөсімдіктерде алғашқы жабындық ұлпа соңғы жабындық ұлпамен алмасады. Соңғы жабындық ұлпа перидерма деп аталады. Ол бірнеше қатар жасушалардан тұратын күрделі ұлпва. Перидерма соңғы меристема- феллогеннің тангентальды және радиалды бөлінуі нәтижесінде қалыптасады. Феллогеннің радиалды бөлінуі нәтижесінде сыртқа қарай феллема, ішке қарай феллодерма жасалады. Онда жасушааралық қуыстар болмайды. Сыртқы ортамен байланыс жасымықша арқылы жүзеге асады.

Арқаулық ұлпа өсімдік мүшелеріне беріктік, серпімділік қасиет береді. Арқаулық ұлпа жасушаларының ерекшелігі – жасуша қабықшасының сүректеніп, қалыңдауы. Жасушаларының пішініне, қабықшаның қалыңдау ерекшелігіне және орналасуына қарай колленхима, склеренхима, склереид деп бөлінеді. Колленхима өсімдік мүшелерін үлпекқабатты астарлай орналасатын, жасуша қабықшасы әркелкі қалыңдаған тірі жасушалар. Көп жағдайда оның құрамында хлоропластар болғандықтан зат алмасу процесіне белсенді қатысады. Жасуша қабықшасының қалыңдауына қарай бұрыштық, тақталы, борпылдақ колленхима кездеседі. Склеренхима жасуша қабықшасы біркелкі қалыңдайтын, бір-бірімен өте тығыз орналасқан прозенхималық өлі жасушалардан тұрады. Склереид жасушасы қабықшасы өте қалыңдаған, бұтақтанып кеткен шұрықтары бар, изодиаметрлі паренхималық жасушалар. Олар өсімдік денесіне топтасып жеке дара кездеседі. Негізгі жасушадан пайда болады.

Қоректік заттарды өсімдік денесіне тарататын жасушалар тобын өткізгіш ұлпа деп атайды. Атқаратын қызметіне , жасушалардың құрылысына сәйкес флоэма және ксилема деп бөлінеді. Ксилема өсімдік тамырларынан минералды заттарды жер бетіндегі өркен бөлімдеріне жеткізетіндіктен жоғарғы ағыс жолы деп аталады. Ксилема трахея мен трахеидтен тұрады. Олар жасуша қабықшасы сүректеніп, қалыңдап кеткен өлі жасушалар. Флоэма /тін/ жапырақта синтезделген органикалық заттарды өсімдік мүшелеріне таратады. Оның өткізгіш элементтеріне сүзгілі түтік және серік жасушалар жатады. Өткізгіш ұлпа мен арқаулық ұлпа өсімдік денесінде белгілі ретпен орналасып өткізгіш шоқтар жүйесін түзеді. Өткізгіш шоқтар өсімдік мүшелеріне қоректік заттарды таратады. Шоқтардың төрт түрін ажыратады: коллотериальды, биколлотериальды, концентрлі, радиальды.

Қолданылған әдебиеттер: 1,2,4.

Тақырып 4,5. "Өсімдіктің вегетативті мүшелері."

Өсімдіктің вегетативті органдарының морфологиялық құрылысы. Өсімдіктің вегетативті органдарының анатомиялық құрылысы.

Өсімдіктің вегетативті органдарына тамыр, сабақ, жапырақ және өркен жатады. Тамыр апикальды меристема арқылы оң геотропизм бағытында өседі. Тамыр әртүрлі қызмет атқарады. Өсімдіктерді топыраққа бекіндіріп тұрады. Тамырда қорлық заттар жиналады. Вегетативті көбею қызметін атқарады. Кейбір микроорганизімдер тамырмен селбесіп симбиоз құрады. Шығу тегіне қарай негізгі, жанама, қосалқы деп жіктеледі. Тамырлар жүйесіне қарай: шошақ тамырлар, кіндік тамыр және аралас тамыр деп бөлінеді. Экологиялық түрлері: ауа тамырлар, жер асты тамырлар, су тамырлары, гаустриялы тамырлар. Тамырдың ұзын бойында әртүрлі аймақтар болады. Олар: өсу, бөліну, сору, өткізу және тамыр аймақшасы. Тамырдың алғашқы құрылысын сору аймағынан көруге болады. Тамырдың алғашқы құрылысында сыртын қоршап жатқан ризодема қаптап жатады. Оның астында алғашқы қабық, орталық цилиндр орналасқан. Алғашқы қабық экзодерма, мезодерма, эндодерма қабаттарынан тұрады. Көптеген өсімдіктерде эезодерма бір қабатты, радильды бағытта созылыңқы орналасады. Мезодерма дөңгелек пішінді, ірі және тірі паренхималық жасушалардың экзодерма мен эндодерма арасындағы көп жасушалы қабат. Оның жасушалары шеттен орталыққа қарай іріленіп, борпылдақтанып эндодермаға жақындағанда қайта кішірейіп тығыздала түседі. Эндодерма алғашқы қабықтың ең ішкі қабаты. Эндодерменың жасушаларының радиальды және көлденең қабырғасы белбеу тәрізді қалыңдаған, ол жасушаларды Каспар белдемшелі жасушалар деп атайды. Олардың арасында қалыңдамаған өткізгіш жасушалар болады. Өткізгіш жасушалар арқылы орталық цилиндрге қоректік заттар өтеді. Орталық цилиндрдің алғашқы қабаты перицикл жасушалары. Орталық цилиндрде флоэма және ксилема кезектесіп радиальды шоқ құрайды. Тамырдың соңғы анатомиялық құрылысы орталық цилиндрде камбий түзілуден басталады. Камбий ксилема сәулесінің қарсысындағы перицикл жасушаларынан және ксилема мен флоэма арасындағы паренхима жасушаларынан жасалады. Олар радиальды және тангенталды бағытта бөліне келіп екі аймақ бір-біріне қосылады да ирек камбий сақинасын түзеді. Сөйтіп флоэма мен ксилема арасындағы паренхималық жасушалардың ығыстырылуының салдарынан радиольды шоқ ашық коллатериальды шоққа айналады.

Орталық цилиндрдегі өзгерістермен бір мезгілде ксилема сәулесінің қарсысындағы перицикл жасушаларынан феллоген түзіледі. Феллоген қызметінің нәтижесінде перидерма жасалып, алғашқы қабық орталық цилиндрмен байланысын жоғалтады. Алғашқы қабықтың өлген жасушалары жаңадан түзілген жас ұлпалар қысымынан айырылып, түлеп түседі.

Сабақ ұшында төбе меристемасы болуына байланысты үнемі ұшынан өсіп отыратын өсімдіктің вегетативті мүшесі. Қызметі: сабақ арқылы жапырақта фотосинтез процесі нәтижесінде пайда болған органикалық зат тамырға, ал тамыр арқылы қабылданған минералды заттарды жапыраққа қарай жылжытады. Өсімдіктерді кеңістікте ұстап тұру, жапыраққа бағыттау қызметін атқарады. Сабақта фотосинтез жүреді және вегетативті көбею мүшесі болып табылады.

Сабақтың анатомиялық алғашқы құрылысын зерттеген кезде қос жарнақты өсімдіктер сабағында үш бөлімді айқын көруге ьолады.: алғашқы қабық, орталық цилиндр жіне өзек. Алғашқы қабық бөллімінде колленхима, паренхима және эндодерма болады. Сабақтың сыртын өң қаптап жатады. Эндодермада крахмал жиналатындықтан , оны крахмал қынабы деп те атайды. Дара жарнақты өсімдіктерде эндодерма анық көрінбейді. Өң астын қаптарлай склеренхима қабаты орналасқан. Орталық цилиндрдің алғашқы қабаты- перицикл жасушалары. Қос жарнақты өсімдіктерде сосуд-талшық шоқтары шеңбер бойымен орналасса, дара жарнақтыларда сабақ бойында түзу спираль түзе орналасады. Өң қабатынан өзекке қарай шоқ көлемі үлкейіп, саны азая түседі. Өзек бірыңғай паренхима жасушаларынан тұрады. Қос жарнақты өсімдік сабағында камбий жасушалары қызметі нәтижесінде соңғы құрылыс түзіледі. Орталық цилиндрде камбий шоқ ішілік және шоқ аралық прокамбийден пайда болып, бөліне келіп бір-бірімен қосылып, камбий сақинасын түзеді. Сөйтіп сабақтың алғашқы анатомиялық құрылысындағы тұйық коллотериалды шоқ ашық коллатериалды шоққа айналады. Орталық цилиндрдегі өзгерістермен бір мезгілде алғашқы қабықтың эпидермис астындағы паренхима жасушаларынан Феллоген түзіліп, оның қызметінің нәтижесенде тоз, феллоген, феллодерма қабаттарынан тұратын соңғы қабық перидерма жасалады. Алғашқы қабық түлеп түседі. Ағаш тектес көп жылдық өсімдіктер сабағы жай көзге анық көрінетін үш бөлімнен – қабық, сүрек, өзектен тұрады. Камбийдің ұзақ мерзімге созылған қызметінің нәтижесінде жылдық сақиналардың түзілуі, өткізгңш элементтердің сүректенуі және соңғы жабындқ ұлпалардың пайда болуы көп жылдық сүректі өсімдіктердіңи сабағын қалыптастырады. Көп жылдық сабақ перидермасын қалың қабатты қыртыс алмастырады. Сабақтың негізін ксилема элементтері мен сүрек талшығынан тұратын сүрек бөлімі құрайды. Қылқан жапырақты өсімдіктердің сүрегі біртекті, су өткізумен қатар механикалық қызмет атқаратын трахеидтер мен паренхима жасушаларынан тұрады.

Жапырақ -өсу шектелген өркеннің бүйір мүшесі. Ол қыстырмалы меристеманың белсенділігінің нәтижесінде түп жағымен немесе барлық жағымен ұлғайып өседі. Жапырақтың атқаратын қызметтері: фотосинтез, газ алмасуын және судың булануын реттеу болып табылады. Сонымен бірге жапырақтарда артық қор заттары жиналады. Жеклеген жағдайларда жапырақ вегетативтік көбею қызметін атқарады. Жапырақ морфологиясы. Жапырақ мөлшері өзгеріп отырады. Бір өсімдікте әртүрлі пішіндегі жапырақтың болу құбылысы гетерофилия деп аталады. Жапырақтың үш түрлі формациясы болады: тқменгі, ортаңғы және жоғарғы. Жапырақтың төменгі формациясы әдетте арнаулы қызмет атқаруына қарай жетілмеген немесе түрі өзгерген болып келеді. Оларға тұқым жарнақтары, бүршіктердің қабықшалары, тамыр сабақтың, кейде жер беті сабағының редукцияға ұшыраған жапырақтары жатады. Жапырақтың ортаңғы формациясы өсімдіктің жапырақтарының негізгі массасын түзеді. Оларда хлорофилл дәндері болады. Жоғарғы формацияның жапырақтары гүл беретін өркендерде орналасады. Бұл жабындық жапырақтар, орама жапырақтар және т.б. . Олардың барлығы әдетте нашар жетілген, сағақтары болмайды. Жай және күрделі жапырақ . Сағақты және сағақсыз жапырақ. Жапырақ тақтасының жиегі тегіс, ара тісті, екі рет ара тісті, ирек т.б.

Жоғары сатыдағы өсімдіктер жапырағының анатомиялық құрылысы негізгі үш бөліктен тұрады. Олар: 1/ Жапырақ тақтасын астыңғы және үстіңгі бет жағынан қоршап жататын жабындық ұлпа үлпекқабат /эпидерма/. 2/ ассимиляциялаушы ұлпадан тұраиын негізгі бөлігі- мезофилл, 3/ мезофилл бөлігінде орналасқан өткізгіш шоқтар. Дорзовентральды жапырақтың үстіңгі бетінің үлпекқабат жасушалары астыңғы бетіне қарағанда ірі, түзу төрт бұрышты болады. Жапырақ тақтасының үстіңгі беті жарыққа бағытталған жағдайда лептесіктер негізіне жапырақ тақтасының астыңғы бетінде орналасады. Жапырақ тік бағытта өсіп жарық екі бетіне бірдей түскен жағдайда лептесік екі бетінде де болады. Қалқып жүретін су өсімдіктерінде лептесік жапырақ тақтасының тек үстіңгі бетінде болады. Мезофилл бағаналы және борпылдақ ұлпадан тұрады. Жапырақтары өткізгіш шоқтар әдетте тұйық коллатериалды. Қылқан жапырақтың үлпекқабаты өте қалыңдап, оның астында жабындық ұлпаның бір түрі гиподерма бар. Мезофилл гиподерманың ішкі жағында орналасады. Жасушалары біркелкі және қабықшалары қатпарлы болады. Қылқанның ортаңғы бөлігінде өткізгіш шоқ мезофиллден эндодерма арқылы бөлініп тұрады.

Бүршік жаңа өркен бастамасы. Бүршік өркеннің ұзарып өсуіне және бұтақтануын қамтамасыз етеді. Өркен өсімдік сабағының өсуі барысында бұтақтанады. Бұтақтанудың төменгідегідей түрлерін ажыратады:

Моноподийлі, дихотомиялы, симподийлі, жалған дихотомиялы.

Қолданылған әдебиеттер: 1,2,4.
Тақырып 6. "Өсімдіктердің көбеюі."

Көбею туралы түсінік. Көбею түрлері. Телу әдісі. Ұрпақ алмасу.

Көбею – тірі организімнің жеке санының артуы, өзінен кейін ұрпақ қалдырып, түрдің сақталып, табиғатта таралуын қамтамасыз ету қасиеті. Көбеюдің үш түрін ажыратады. Олар: жынысты көбею, жыныссыз көбею, вегетативті көбею. Жынысты көбею кезінде жаңа организім әртүрлі жыныс клеткаларының қосылуынан пайда болады. Жыныссыз көбеюде жаңа организім жыныс тұрғысынан жетіле қоймаған бір клетканың өзінен жетіледі. Вегетативті көбеюде жаңа организімге бастаманы вегетативті мүшелер, олардың бөліктері және түр өзгерістері береді. Вегетативті көбею өсімдіктің регенерацияға қабілеттілігіне байланысты. Бір жасушалы өсімдіктерде /балдырларда, бактерияларда/ вегетативтік көбею жасушаның тең екіге бөлінуі арқылы жүреді, ал коллониялы және көп жасушалы өсімдіктерде талломдарының бірнеше бөліктерге бөлінуі арқылы, саңырауқұлақтарда маманданған бір жасушалы құрылым арқылы жүзеге асады. Көптеген мәдени жағдайда жағдайда өсірілетін өсімдіктер қалемшелеу және телу арқылы да көбейеді. Қалемше деп аналық өсімдіктен кесіп алынған сабақтың, тамырдың, жапырақтың бір бөлігін айтады. Қолдан вегетативті көбейтудің бірнеше жолы бар. Соның бірі – телу әдісі. Телу – бір өсімдіктің бүршікті бөлігін екінші өсімдіктің денесіне ұластыру. Телуді кейде трансплнтация деп атайды.

Жыныссыз көбею спорлар немесе зооспоралар арқылы жүзеге асады. Спораладың қатты қабықшасы болады және олар желмен таралады. Зооспоралардың қатты қабықшасы болмайды және талшықтарының көмегімен қозғалады. Олар жыныссыз көбею органы болып табылады және спорангилердің немесе зооспорангилердің ішінде жетіледі. Төменгі сатыдағы өсімдіктерде олар бір жасушалы, ал жоғары сатыдағы өсімдіктерде олар көп жасушалы орган болып келеді.

Жыныстық көбеюдің мәні өсімдікте арнайы маманданған жасушаладың – гаметалардың түзілуімен , олардың екеуінің жұптасып қосылуымен /капуляция/ және зиготаның түзілуімен , одан жаңа өсімдіктің пайда болуымен байланысты. Гамета дегеніміз ядросында хросмосомаладың саны гаплоидты болатын жыныстық жасуша. Өзара қосылатын гаметалардың бір-бірінен құрылысы жағынан, физиологиясы жағынан, яғни жыоныстық және тұқымқуалаушылық қасиеттері жағынан айырмашылықтары болады. Соған байланысты: изогамия, гетерогамия, оогамия деп бөлінеді. Егер қосылатын гаметалар формасы, мөлшері және қозғыштығы жағынан бірдей болса, онда оларды изогаметалар, ал жыныстық процесті изогамиялық деп атайды. Егер гаметалардың формасы бірдей болса, бірақ аналық гаметаның мөлшері аталыққа қарағанда біршама үлкендеу және баяу қозғалатын болса, ондай гаметаларды гетерогаметалар, ал жыныстық процесті гетерогамиялық деп атайды. Оогамиялық жыныс процессінде аналық гамета үлкен шар тәрізді, қозғалмайтын, ал аталығы өте ұсақ және қозғалғыш болып келеді. Гаметалар гаметангиялар деп аталатын органдарда жетіледі. Аталық гаметалары антеридилерде, аналық гаметалары төменгі сатыдағы өсімдіктерді оогонилерде ал жоғары сатыдағы өсімдіктерде архегонилерде жетіледі. Өчсімдіктердің өмірлік циклінде жыныссыз және жыныстық жолдармен көбеюі кезектесіп келіп отырады. Көбею кезіндегі ядролық фазаларының алмасуына талдау жасаудың негізінде мынадай жағдай дәлелденді. Спорфит дегеніміз хромосомдар саны жұп болып келетін жасушалардан тұратын жыныстық споралады және олар түзілетін спорангилерді беретін особьты айтады.Жыныстық көбеюге арналған споралар түзілгенде мейоз процессі жүреді, сондықтан да олар барлық уақытта гаплоидты. Жыныстық көбеюге арналған споралардан гаметофиттер жетіледі. Ал оларда жыныстық жасушалады беретін көбею органдары пайда болады. Гаметофиттің барлық жасушалары, оның ішінде гаметалары да гаплоидты. Жыныстық процестің нәтижесінде зигота түзіледі. Ұрпақ аусу және ядро фазаларының алмасуы туралы түсінік. Тұқым арқылы көбею.

Қолданылған әдебиеттер: 1,2,4.


Тақырып 7. "Систематикаға кіріспе. ."

Өсімдіктер систематикасының мақсаты мен міндеті. Өсімдіктер систематикасының даму тарихы.

Өсімдіктер систематикасының басты мақсаты: әртүрлі өсімдіктерді бір жүйеге келтіру, олардың түрлерін ғылыми түрде зерттеп, белгілі аксонамиялық категорияларын анықтау. Өсімдіктердің түрлерін топтастыруда олардың тарихи даму заңдылықтарына, яғни эвалюциялық даму процестеріне қарапайым түрлерден күрделі түрлердің қалыптасуына көңіл бөлінеді. Систематиктердің жұмысының қиындығы табиғаттағы түрлердің санының ересен зор көптігімен және олардың таусылмас алуан түрлілігімен есептелінеді. Қазіргі кезде өсімдіктердің жалпы саны шамамен 500 мыңға жетеді. Қазіргі уақытқа дейін қолданылып келе жатқан системалар қатарына Энглер системасын алуға болады. Өсімдіктерді жекелеген систематикалық топтарға біріктіру жалпыға бірдей қабылданған таксондар деп аталатын систематикалық бірліктің негізінде жүзеге асады. Өсімдікткрдің түрлері екі сөзбен аталады. Мұндай биологиялық номенклатураны ғылымға енгізген атақты швед ғалымы К. Линней.

Өсімдіктер дүниесінің таксондарының орналасу реттілігі.

Төменгі сатыдағы өсімдіктер-Thallobionta


  1. Өсімдіктер дүниесінің жасушаға дейінгі тармағы- Procytobionta

1. Вирустар бөлімі.- Virophyta

II. Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядроға дейінгі тармағы- Thallobionta procariota

2. Дробянкалар бөлімі- Schizophyta

3. Көк-жасыл балдырлар бөлімі- Cyanophyta

III. Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядролы, пластидті тармағы.-

Thallobionta eucaryota

IY. Өсімдіктер дүниесінің талломды , ядролы, пластидтері жоқ тармағы- Thallobionta aplastidae

Y.Өсімдіктер дүниесінің өркенге дейінгі архегониялылар тармағы- Procombionta archegoniatae

YI. Өсімдіктер дүниесінің өркенді архегониялылар тармағы Cormobionta archegoniatae

YII. Өсімдіктер дүниесінің өркенді аналықтар тармағы Cormobionta gynoeciatae

Қолданылған әдебиеттер: 3,5,7,8.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет