"Ботаника" пәнінің оқу-әдістемелік кешені


Тақырып 1. Ботаника: пәні, мақсаты және әдістері



бет5/6
Дата25.08.2017
өлшемі1,02 Mb.
#27032
1   2   3   4   5   6

Тақырып 1. Ботаника: пәні, мақсаты және әдістері.

Сабақтың мақсаты. Ботаника ғылымымен, әдістерімен және микроскоптың құрылысымен танысу .

Тапсырма

1. Микроскоп құрлысымен танысып, оның бөлімдерін есте сақтау.



  1. Микроскоппен жұмыс істеу тәртібін және уақытша препарат дайындау әдісін меңгеру.

  2. Суретін салып, тиісті белгілерін қой.

Бақылау сұрақтары:

1. Ботаниканың және оның бөлімдерінің алдында қандай міндеттер тұр.

2. Өсімдіктердің табиғаттағы рөлі қандай. Олардың қандай ерекше

қасиеттері болады.

3. Ботаниканың құрамына қандай жекелеген ғылымдар кіреді. Морфология

нені зерттейді. Ол қандай арнайы маманданған ғылымдардың басын

құрайды.

4. Микроскоптың қандай түрлері бар.

5. Цитологияда зерттеудің қандай тәсілдері қолданылады.

Тақырып 2. Өсімдіктер жасушасы және компаненттері

Сабақтың мақсаты: Өсімдік жасушасының пішіні мен орналасу ерекшеліетерін, құрылысын және пластидтерді зерттеу

Тапсырма

1. Пияздың эпидермасынан уақытша препарат дайындау.

2. Препаратты кіші және үлкен объективпен қарап, жасушаның пішініне, орналасуына көңіл аудару.

3. Қараған объектінің суретін салып, белгілеу.

4. Сужапырақ жапырағын бір тамшы суға салып, жабындық шынымен жауып, жапырақтың хлоропласт аз жерін тауып микроскоппен зерттейміз. Ядроны айналып қозғалып жүрген хлоропластарға назар аудар. Түсіндір.

5. Әртүрлі өсімдіктер жемісіндегі / итмұрын, шетен, қызыл бұрыш / хромопластардың пішінін, түсін анықта.

6. Траденсканция жапырағынан жүйкеге жақын астыңғы үлпек қабатынан препарат дайындап, микроскоп арқылы қарап, түссіз лейкопластарды тап.


  1. Қорытынды.

Бақылау сұрақтары.

1 Жасушаның өлі компаненттеріне нелер жатады.

2. Биологиялық универсалды мембрананың құрылысы, қасиеті қандай.

3. Ядроның атқаратын қызметі қандай.

4. Пластидтердің қандай түрлері бар.

5. Пластидтердің эволюциясы қандай.



Тақырып 3. Түзуші ұлпа.

Мақсаты: Түзуші ұлпаның құрылысы мен қызметін зерттеу.

Зертханалық сабақ жоспары.

1. Микроскоптың кіші ұлғайтқышы арқылы сужапырақ өркенінің бой

конусынан жасалған тұрақты препаратты қарап, жапырақ бастамаларын, одан

төмен сабаққа кеткен ұсақ жасушалар тобын тап. Ол прокамбий жасушалары.

2. Сужапырақтың 1см ұзындықтағы өркенін жапырақтарынан тазалап, мөлдір

бой конусын тап. КОН немесе ИаОН 5% ерітіндісін тамызып, жабындық

шынымен жауып, кіші және үлкен ұлғайтқыштар арқылы зертте.Жасушалардың

пішіні мен көлеміне назар аудар.

2. Өркен апексінің суретін салып, белгілерін қой.

3. Қорытынды.

4. Бақылау сұрақтары.

Ұлпа деген не.

Меристемалық ұлпаның негізгі белгілері қандай.

Меристемалар қалай жіктеледі.

Қандай меристема органның ұзындыққа өсуін, ал қандайы жуандыққа өсуін қамтамасыз етеді.



Тақырып 4. Жабындық ұлпа.

Мақсаты:Алғашқы және соңғы жабындық ұлпаны зерттеу. Үлпекқабатты және устьицені, трихомаларды зерттеу.

Тапсырма


1. Микроскоп арқылы дара және қос жарнақты өсімдіктердің жапырағынан

үлпекқабатының тұрақты препараттарын зертте. Үлпекқабат жасушаларының

ерекшеліктерін ата.

2. Жапырақтың көлденең кесіндісінен жасалған препараттан лептесік аппаратын

қарастыр.

3. Қазтамақ және традесканция жапырақтарының үлпекөабатынан уақытша

препарат дайындап, микроскоп арқылы лептесіктердің орналасу ерекшеліктері

мен түктердің құрылысын анықта.

4. Қорытынды.

Бақылау сұрақтары.

1. Эпидермичс жасушаларының құрылысының ерекшелігі неде.

2. Устьица аппараты қандай компаненттерден тұрады. Атқаратын қызметі

2. Қыртыс қалай пайда болады және қандай гистологиялық элементтерден тұрады.

Тақырып 5. Арқаулық және өткізгіш ұлпа.

Тапсырма


Мақсаты: Арқаулық ұлпа: колленхима, склеренхима, склереиданы және өткізгіш ұлпаның элементтерін зерттеу.

1. Асқабақ сабағы мен бегония сағағынан жасалған препараттарды микроскоп арқылы зерттеп, колленхима мен склеренхиманы тап. Колленхиманың түрін анықтап , склеренхимамане салыстыр.

2. Шайшөп жапырағының тұрақты препаратын микроскоп арқылы склереид жасушаларын тауып, ерекшеліктерін сипатта.

3. Асқабақ немесе күнбағыс сабақтарының көлденең кесіндісінің тұрақты препараттарын микроскоппен зерттеп, флоэма, ксилема, камбийді тап. Аталған өсімдіктердің сабағының ұзын бойынан дайындалған микропрепараттан трахея түрлерін зертте.

4. Арқаулық ұлпалардың және ксилема, флоэма өткізгіш элементтерінің суреттерін салып, қорытынды жаз.

Бақылау сұрақтары.

1. Арқаулық ұлпаның атқаратын қызметі.

2. Склеренхима жасушаларының колленхима жасушаларынан айырмашылығы неде.

3. Қандай өткізгіш ұлпалармен органикалық заттар, ал қандайымен минералды заттар тасымалданада.

4. Флоэма мен ксилема қандай гтстологиялық элементтерден тұрады.

Дара және қосжарнақты өсімдіктердің сабақтары мен тамырларына қандай шоқтар тән.

Тақырып 6. Өсімдіктің вегетативті мүшесі- тамыр.

Мақсаты: Тамырдың морфологиялық және анатомиялық құрылысын зерттеу.

Тапсырма

1. Жас өскін тамырынан уақытша препарат дайындап, препараттан тамыр аймақтарын және жасушасының ерекшеліктерін қарастыр.

2. Тамыр аймақтарының және тамырдың алғашқы құрылысының суретін сал.

Бақылау сұрақтары.

1. Шығу тегіне қарай тамырдың қандай түрлері бар. Тамыр жүйесі деген не.

2. Тамыр қандай аймақтардан тұрады.

3. Тамырдың алғашқы құрылысының соңғы құрылысына ауысуы қалай жүреді.

4. Тамырдың соңғы құрылысы қандай ұлпалардың комплексінен тұрады.



Тақырып 7. Өсімдіктің вегетативті мүшесі- сабақ.

Мақсаты: Сабақтың морфологиялық және анатомиялық құрылысын зерттеу. Алғашқы және соңғы құрылысын зерттеу.

Тапсырма

1. Микроскоптың кіші ұлғайтқышы арқылы жүгері және құртқашаш өсімдіктерін сабағын зерттеп, ұлпалардың және өткізгіш шоқтардың орналасу ерекшеліктерімен танысу. Өткізгіш шоқтар түрін анықта.

2. Кирказон сабағын зерттей отырып, дара жарнақты өсімдіктермен салыстырғанда қос жарнақты өсімдіктердің сабағының ерекшелігін ата. Шоқтың орналасу ретіне назар аудар.

3. Жүгері, кирказон сабақтарының суретін сал.

4. Қорытынды.

Бақылау сұрақтары.

1. Сабақтың алғашқы құрылысы қайда және қашан қалыптасады.

2. Сабақ пен тамырдың алғашқы құрылысының ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай.

3. Сабақтың соңғы құрылысына ауысуы қалай жүреді. Ол қандай өсімдіктерде болады.

4. Шөптесін, дара және қосжарнақты өсімдіктерлің сабақтарының құрылысының ерекшеліктері.

5. Сүректе жылдық сақиналардың пайда болуының себебі неде.

Тақырып 8. Өсімдіктің вегетативті мүшесі- жапырақ және өркен.

Мақсаты: Жапырақтың морфологиялық және анатомиялық құрылысын зерттеу. Өркен. Өркен жүйесі.

Тапсырма


1. Шайшөп жапырағын микроскоптың кіші және үлкен ұлғайтқышы арқылы зерттеп, ұлпалардың жапырақта орналасу ерекшеліктерін анықта. Үстіңгі және астыңғы үлпекқабат жасушаларын салыстыр.

2. Кәдімгі қарағай қылқанының тұрақты препаратын кіші ұлғайтқыш арқылы зерттей келіп, жапырақ пен қылқан құрылысы арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықта.

3. Өркеннің бұақтануын қарастыр. Бүршіктің құрылысын қарастырып, сабақта орналасуын қарастыр.

4. Шайшөп жапырағы мен қарағай қылқанының суреттерін салып, белгілерін қой.

5. Қорытынды.

Бақылау сұрақтары.

1. Өркен деген не. Буын, буынаралығы деген не.

2. Бүршік деген не. Оның құрылысы қандай.

3. Жапырақтың орналасуының қандай варианттары болады.

4. Гетерофилия деген не.

5. Жапырақ қалай түседі. Оның мәнісі неде.

Тақырып 9. Саңырауқұлақтар.

Сабақтың мақсаты: Дайын коллекциялардан саңырауқұлақтардың түрлерін анықтау.

Тапсырма

1. Коллекцияда саңырауқұлақтардың бірнеше түрлерін анықтағыштарды

пайдалана отырып анықтау.

2. Анықталған түрлердің қысқаша сипаттамасын жазу.

3. Анықталған түрлердің суретін салу.

Бақылау сұрақтары:



  1. Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым.

  2. Саңырауқұлақтардың денесі қалай құралған.

  3. Саңырауқұлақтардың классификациясы.

  4. Саңырауқұлақтардың негізгі биологиялық ерекшеліктері және қоректену типі.

Тақырып 10. Балдырлар.

Мақсаты: Семей өңірінің суқоймаларында кездесетін балдырлардың түрлерін анықтау.

Тапсырма

1. Семей өңірінің суқоймаларынан жиналған формалинде немесе спиртте сақталған балдырлардың түрлерін анықтағыштарды пайдалана отырып анықтау.

2. Анықталған түрлерге қысқаша сипаттама беру.

Бақылау сұрақтары:

1. Балдырлардың классификациясы.

2. Жасыл және көк жасыл балдырлардың негізгі айырмашылықтары.

3. Жасыл балдырларға тән қасиеттер.

4. Жасыл балдырлардың көбею жолдары.
5. Хара балдырының талломының құрылысы.

Тақырып 11. Қыналар бөлімі .

Мақсаты: Қыналардың түрлерін анықтап, ерекшеліктерімен танысу.

Тапсырма.

1. Қыналардың коллекцияларын қарап, әртүрлі талломдағы қыналардың

бірнеше түрлерінің суретін салу керек.

2. Талломның беткі жақтарында орналасқан жыныс органдарына көңіл бөле

отырып, лупа арқылы апотеций, соредий, изидийлердің құрылыстарымен

танысу қажет.

3. Коллекцияда берілген қыналардың бірнеше түрін анықтағыштарды пайдалана

отырып анықтап, қысқаша сипаттамасын жазыңыздар.

Бақылау сұрақтары:

1. Қыналардың жалпы биологиялық қасиеттері.

2. Қыналардың анатомиялық құрылыстарындағы ерекшеліктері.

3. Қыналардың көбейу жолдары.



  1. Субсраттарына байланысты қыналарды топтастыру.

Тақырып 12. Қос жарнақты өсімдіктер класы.

Сабатың мақсаты: Гербарийлік үлгілерден қосжарнақтылар класы

сарғалдақтар, раушангүлділер, алқалар, крестігүлділер тұқымдасына жататын

өсімдік түрлерін анықтау.

Тапсырма

1. Анықталған өсімдік түрлеріне сипаттамалар жасалып, жекелеген органдары суретке салынады. Сипаттаманы мына схема байынша жүргізеді.

1. Өсімдік- ағаш, бұта, шөптесін; қос жарнақты , даражарнақты;

2. Тамыр системасы- кіндік, шашақ, түрі өзгерген.

3. Сабақ- тік, шырмалғыш, өрмелегіш, жатаған, т.б.

4. Жапырақ- жай, күрделі; сағақты, сағақсыз; жиегі; жүкеленуі.

5. Гүл шоғыры- масақ, шашақ, шоқпарбас. Собық т.б.

6.Жемісі- құрғақ, шырынды; бұршаққап, дән т.б.

Бақылау сұрақтары.
Тақырып 13 . Дара жарнақты өсімдіктер класы.

Сабатың мақсаты: Гербарийлік үлгілерден даражарнақтылар класы

лалагүлділер, қияқөлеңділер, алаботалылар, қалампырлар, бамбуктәрізділер т

тұқымдасына жататын өсімдік түрлерін анықтау.

Тапсырма

1. Анықталған өсімдік түрлеріне сипаттамалар жасалып, жекелеген органдары суретке салынады. Сипаттаманы мына схема байынша жүргізеді.

1. Өсімдік- ағаш, бұта, шөптесін; қос жарнақты , даражарнақты;

2. Тамыр системасы- кіндік, шашақ, түрі өзгерген.

3. Сабақ- тік, шырмалғыш, өрмелегіш, жатаған, т.б.

4. Жапырақ- жай, күрделі; сағақты, сағақсыз; жиегі; жүкеленуі.

5. Гүл шоғыры- масақ, шашақ, шоқпарбас. Собық т.б.

6.Жемісі- құрғақ, шырынды; бұршаққап, дән т.б.

Бақылау сұрақтары.
Тақырып 14. Астық тұқымдастары.

Сабатың мақсаты: Гербарийлік үлгілерден астық тұқымдастарының

өкілдерін анықтағыштарды пайдалана отырып анықтау.

Тапсырма


1. Анықталған өсімдік түрлеріне сипаттамалар жазу.

2. Анықталған өсімдік түрлерінің жекелеген органдары суретке салынады.

Бақылау сұрақтары.
Тақырып 15. Тұқым мен жеміс.

Мақсаты: Тұқым мен жемістің құрылысын зерттеу.

1. Табиғи материалдан жемістің құрылысымен танысып, төмендегі топтарға бөл: 1) қақырайтын құрғақ жеміс, 2) қақырамайтын құрғақ жеміс, 3) бір тұқымды шырынды жеміс, 4) көп тұқымды шырынды жеміс.

2. Жалған жемістүрлерімен танысу.

3. Асбұршағының, арпа мен бидайдың дәнінің көлденең кесіндісін дайын препараттан микроскоптың кіші ұлғайтқышымен қарап, одан жемісқаппен, ұрықпен және эндоспермен бірігіп кеткен тұқым қауызын табады. Микроскоптың үлкен ұлғайтқышымен дәннің ұрықтық тамыршадан, сабақшадан, бүршікшеден, тұқым жарнағынан тұратындығын көруге болады.

4. Жеміс түрлерінің, дәннің көлденң кесіндісінің суретін салып, белгілеулерін қой.

Бақылау сұрақтары.

1. Тұқымның құрылысы қандай .

2. Эндоссперм неден түзіледі.

3. Жемістің шығу тегі мен құрылысы қандай.

4. Жеміс пен тұқымның таралу жолдары.


Студенттердің оқытушы басшылығымен өзіндік жұмыстарының сабақ жоспары:

Тақырып 1. Ботаника пәні . Бөлімдері. Ботаниканың агрономиямен байланысы. (семинар сабақ 1 сағат)

Семинар сұрақтары:

1. Ботаниканың және оның бөлімдерінің алдында қандай міндеттер тұр.

2. Өсімдіктердің табиғаттағы ролі қандай.

3. Ботаника мен агрономияның ара қатынастары неге негізделген. Олардың ортақ міндеттеріне нелер жатады.

Әдістемелік нұсқау: қысқаша конспектілеп, ауызша жауап беруге дайындал.



Тақырып 2. Ботаниканың зерттеу әдістері.(зертханалық сабағы 1 сағат)

Тапсырма 1. Центрифугалау әдісін үйрену.



Тақырып 3. Пластидтер (зертханалық сабағы 1 сағат)

Талдауға арналған сұрақтар:

1. Пластид түрлері.

2. Пластидтердің құрылыс ерекшеліктері

3. Хлоропласт құрылыс ерекшелігі


  1. Хромопласт

  2. Лейкопласт.

Ұсынылған әдебиеттерді оқып, жоспар арқылы кең көлемді конспектіле.

Тақырып 4. Тақырып бойынша қорытынды сабақ.

1. Өсімдіктер жасушасының жануарлар жасушасынан қандай айырмашылықтары бар.

2. Жасуша теориясының мәні неде.

3. Хлоропластың құрылысы мен атқаратын қызметі.

4. Биологиялық мембрананың құрылысы мен қасиеті қандай.

5. Хромопластардың ерекшеліктері мен пигменттік құрамы.

6. Пластидтердің биологиялық маңызы.

7. Пластидтердің шығу тегі мен бір-біріне ауысуын қалай түсіндіреміз.



Тақырып 5. Сору қабілеті жоғары жабындық ұлпа (семинар сабағы 1 сағат)

Семинар сұрақтары:

1. Тизодерма

2. Веламен

3. Тұқым ұрығының сорып алушы мүшесі

Тақырып 6. Түзуші ұлпа. (зертханалық сабағы )

Түзуші ұлпа ерекшеліктерін талдау. Кестені толтыр.



Меристема түрлері

Негізгі жасушалары

Кездесетін орны

Қызметі













Тақырып 7. Перидерма (зертханалық сабағы 1 сағат)

1. Сабақтың көлденең кесіндісінен жасалған тұрақты препаратты микроскоптың кіші ұлғайтқышы арқылы зерттеп, тоз, феллоген, феллодерма қабаттарын, жасымықшаны тап.

2. Картоп түйнегінің қабық бөлігінен жұқа кесінді кесіп, уақытша препарат дайында. Микроскоппен тығыз орналасқан перидерма қабаттарын зерттеп, жасушалардың ерекшеліктерін анықта. Кесіндіге хлор-цинк-иод ерітіндісімен әсер еткенде тозданған жасушалардың қабықшасы қоңыр түске боялады.

3.Қайың мен ырғай сабағының көлденең кесіндісін зерттеп, газ алмасу үрдісі өтетін жасымықша құрылысын қарастыр.

4. Ағаш сабағының құрылысы мен жасымықша құрылысының суретін сал.

5. Қорытынды.



Тақырып 8. Өткізгіш шоқтар (зертханалық сабағы 1 сағат )

Тапсырма


1. Микроскоптың кіші ұлғайтқышы арқылы қара бидай, жүгері кирказон өсімдіктерінің сабағын зерттеп, ұлпалардың және өткізгіш шоқтардың орналасу ерекшеліктерімен танысу. Өткізгіш шоқтар түрін анықта.

2. Жүгері, қара бидай, кирказон сабақтарының суретін сал.

3. Қорытынды.

Талдауға арналған сұрақтар:

1. Коллатералды шоқ.

2. Биколлотералды шоқ.

3. Радиалды шоқ

4. Концентрлі шоқ.



Тақырып 9. Өркеннің бұиақтануы. (семинар сабақ 1 сағат)

Семинар сұрақтары:

1. Ұзарған және қысқарған өркен.

2. Өркеннің бұтақтануының сызбанұсқасы.

3. Келесі ұғымдарға анықтама бер.

а) дихатомиялы бұтақтану, в) моноподиалды бұтақтану, е)симподиалды бұтақтану, г) жалған дихотомиялы бұтақтану.



Тақырып 10. Тамырдың алғашқы құрылысы (зерханалық сабағы 1 сағат)

1. Бидайдың тамыр ұшын салып, белгілеулерін қой.

2. Тамырдың алғашқы анатомиялық құрылысында ризодерма, алғашқы қабық, орталық цилиндрдің белгілеулерін қой.

3. Қорытынды.



Тақырып 11. Жапырқтың анатомиялық құрылысы (зертханалық сабағы 1 сағат)

1. Жапырақ пен қылқан жапырақ құрылысын салыстыр. Айырмашылықтарын түсіндір

2. Күнбағыс сабағын дайын микропрепараттан зертте. Сабақтың соңғы құрылысымен таныс. Камбий жасушаларын тауып, өткізгіш шоқтың типін анықта.

2. Сабақтың соңғы анатомиялық құрылысының схемалық суретін сал.



Тақырып 13. Ағаш өсімдіктерінің құрылысы. (зертханалық сабағы 1 сағат )

1. Қарағай және шырша сабақтарының дайын препараттарын микроскоппен зерттей отырып, қос жарнақты өсімдіктер сабағы құрылысымен салыстыр.

2. Ағаш сабағының құрылысының схемалық суретін салып, белгілерін сал.

3. Қорытынды.



Тақырып 14. Вегетативті көбею түрлері. (семинар сабағы 1 сағат )

Семинар сұрақтары:

1. Көбеюдің түрлері

2. Вегетативті көбею

3. Қалемшелеу деген не

4. Түбін ажырата көбейту

5. Тамыр атпалары арқылы көбейту.


  1. Сұлатпа өркен.

Тақырып 15. . Кіріспе. Систематиканың биологиялық ғылым ретіндегі ролі. (семинар сабағы 1 сағат).

Семинар сұрақтары:

1. Систематиканың теориялық және практикалық маңызы.

2. Микро- және макро систематика. Биосистематика. Классификация және номенклатура деген ұғымдардың арасындағы байланыстар.



  1. Қазіргі кездегі систематиканың методологиясы, оны құрудың

мүмкіндігі.

Әдістемелік нұсқау: қысқаша конспектілеп, ауызша жауап беруге дайындал.

Тақырып 16. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің негізгі ерекшеліктері (семинар сабағы 1сағат).

Семинар сұрақтары:

1. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің алуан түрлілігі, тіршілік жағдайы және оларды зерттеу әдістері.

2. Прокариоттар және эукариоттар: авто- және гетеротрофтылығы.

Әдістемелік нұсқау: Ұсынылған әдебиеттерді оқып кең көлемді конспектілеп, ауызша жауап беруге дайындал

Тақырып 17. Саңырауқұлақтар (зертханалық сабағы 1 сағат)

Тапсырма.

1. Капуста көшетінің ольпидиум саңырауқұлағымен зақымдалған жерлерінен уақытша препарат жасап, микроскоп арқылы қарау.

2. Арнаулы ыдысқа салынған нан кесіндісіне су тамызып 2-4 күн аралығында

термостата ұстайды. Түзілген мукор мицелийлерін лупа арқылы қарау қажет.

3. Мийелийдің кішкене бөлігін ине ұшымен заттық шыныға салып, үстіне бір

тамшы су тамызып, жабандақ шынымен жабу қажет. Уақытша препараттан

микроскоп арқылы мукордың мицелийін және спора тасушы органдарын қарап,

суретін салу қажет.

4. Мукордың 10-12 күн аралығында өсірілген дақылынан жасалған уақытша

немесе тұрақты препараттардан, мукордың жыныс органдары мен зиготасын

тауып, суретін салып белгілеу қажет.

Тақырып бойынша қайталау сұрақтары.

1. Саңырауқұлақтардың биологиялық ерекшеліктері. Көбеюі және қоректенуі.

2. Хитридиялық саңырауқұлақтар класының жалпы қасиеттері.

3. Синхитридиум және ольпидиум саңырауқұлаұтарының негізгі ерекшеліктері.

Көбею жолдары. Күресу шаралары.

4. Зигомицеттердің негізгі ерекшеліктері.

5. Мукор саңырауқұлағының морфологиялық құрлысы.

Тақырып 18. Балдырлар бөлімі (зертханалық сабақ 1 сағат).

Тапсырма.

1. Спиртте, формалинде немесе гербарийде сақталған хара балдырлардың құрылысымен танысып, суретін салу.

2. Дайын препараттан хараның жыныс органын қарап, суретін салу керек.

Қайталау сұрақтары.

1. Хара балдырының құрылысы.

2. Хараның оогоний және антеридийінің құрылысы.

3. Нителла және хара балдырының көбею ерекшеліктері.



Тақырып 19. Қыналар бөлімі (зертханалық сабақ 1 сағат).

Тапсырма.

1. Қыналардың коллекцияларын қарап, әртүрлі талломдағы қыналардың

бірнеше түрлерінің суретін салу керек.

2. Талломның беткі жақтарында орналасқан жыныс органдарына көңіл бөле

отырып, лупа арқылы апотеций, соредий, изидийлердің құрылыстарымен

танысу қажет.

3. Коллема, лептогиум қыналарының үзіндісін 2 сағаттай глициринді жылы

4. Коллекцияда берілген қыналардың бірнеше түрін анықтағыштарды пайдалана

отырып анықтап, қысқаша сипаттамасын жазыңыздар.

Қайталау сұрақтары.

1. Қыналардың құрамына кіретін саңырауқұлақтар мен балдырлардың түрлерін

атаңыз.

2. Субсраттарына байланысты қыналарды топтастыру.



3. Подециялар дегеніміз не?

4. Қыналардың гомеомерлі және гетеромерлі құрылысын көрсетіңіз.



Тақырып 20. Жоғары сатыдағы өсімдіктер.(семинар сабақ 1 сағат)

Семинар сұрақтары:

1. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің негізгі ерекшеліктері.

2. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер систематикасының даму тарихы.

3. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің классификациясы.

4. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.



Тақырып 21. Мүктәрізділер бөлімі (зертханалық сабақ 1 сағат).

Кәдімгі көкек зығырының гербарийге салынған үлгісі. Морфологиялық сипаттама жазу. Сипаттаманы мына үлгі бойынша жүргізеді.

1. Гаметофит

а) өркеннің өсуінің формасы: тік, көтеріңкі, төселіп;

б) сырт кескіні: ағаш тәрізді, бұта тәрізді, тармақталған;

в)жапырақ: жалпақ, толқындалған,

2. Спорогон

а) орналасқан жері: гаметофиттің жоғарғы жағында, бүйірінде;,

б)қақпашасы: суреті

Бақылау сұрақтары:

1. Мүктәрізділердің құрылысында қандай ерекшеліктер бар.

2. Шымтезек мүгінің құрылысынде қандай қарапайымдылықтың белгілері бар.



Тақырып 22. Жалаңаштұқымдылар бөлімі (зертханалық сабақ 1 сағат).

Кәдімгі қарағайдың және басқа қылқан жапырақтылардың шишкасы бар гербарий үлгілері; Морфологиялық сипаттама жасау үшін мына схеманы пайдаланады.

1. Өсімдік / өркені бар, мәңгі жасыл /

2. Жапырағы /ине тәрізді, орналасуы /

3. Аналық стробилі / пісіп жетілген, кеңістікте орналасуы, формасы, ұзындығы /

Қайталау сұрақтары:



Тақырып 23 . Қырықбуынтәрізділер бөлімі (зертханалық сабақ 1 сағат).

Гербарийден бірнеше қырықбуынтәрізділер туысының түрлеріне мына схема бойынша морфологиялық сипаттама бер.

1. Сабағы / бұтақтану дәрежесі, сабағының жуандығы, сабақтағы қырларының саны /

2. Жапырақ / формасы, орналасуы /.



  1. Спора түзетін масағы / төбесі /

Бақылау сұрақтары:

1. Қырықбуынтәрізділердің негізгі белгілері.



  1. Дала қырықбуынынң өмірлік циклі қандай

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет