Бұранданы кесу Бұранды бет


Құбырлардағы бұрандаларды кесу



бет3/3
Дата21.12.2022
өлшемі0,61 Mb.
#163776
1   2   3
Байланысты:
f61ebb87c027b4 (1)

Құбырлардағы бұрандаларды кесу жылжымалы бұранда (5) (2.28-сурет) корпус (1) ішінде ауыса жүріп, бір уақытта орталыққа жақындай да, одан алыстай да алатын жылжымалы бұранда кескіші бар клуптың көмегімен
жүзеге асырылады. Ауысу тұтқаны (4) қозғалтқан уақытта бұрамдықты берілістің (3) көмегімен жүзеге асырылады. Бұранда кескіштерді клупп корпусында болатын лимб ӛлшемдері бойынша қояды. Құбырдағы бұранданы кесу кезінде клупты тұтқалар (2) артына айналдырады.
Бұранданы кесу алдында өзектер мен саңылаулардың диаметрін кесу процесіне ықпал ететін барлық факторлар ескерілген анықтамалық кестелер бойынша анықтайды.
Іс жүзінде бұранда шығатын саңылау диаметрін қадам шамасына азайтылған оның номиналды диаметріне тең етіп алады. Бұранда кесетін өзектің диаметрін анықтау кезінде оның өлшемін бұранда номиналды диаметріне қарағанда 0,1-0,2 мм-ге кішірейтеді.
Бұранда сапасын бақылау келесі элементтер арқылы жүзеге асады: сыртқы диаметр — микрометр немесе штангенциркульмен, ішкі диаметр — штангенциркульмен, орта диаметр — арнаулы бұранда микрометрмен; қадамы — арнайы бұранда шаблонымен.



Бақылау сұрақтары:

1.Жылжымалы призмалық бұранда кескіш қандай элементтерден тұрады?

2.Сыртқы және ішкі бұранда қолмен кесу үшін қандай құралдар мен құрылғылар қолданылады?

3.Бұранда кесу кезінде қауіпсіз жұмыстың қандай ережелерін сақтау керек?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет