Буканова асель кайратовна


On-line (синхронды режим)



бет4/31
Дата18.10.2023
өлшемі7,27 Mb.
#186441
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
bukanova-a-k-povtor-phd-s-sp
Документ, 9cd341f6cf23de6dffad7129c78c8a93, Dayyn-1, 2 дәріс
On-line (синхронды режим) – ақпаратпен жұмыс істеу (қарау, оқу, ал қажет болған жағдайда жаңа материалды дайындау) байланыс сеансы үдерісінде жүзеге асырылатын жұмыс режимі.
Canva – веб-шолғышта өңделетін шаблондар негізінде графика, инфографика, веб-сайттар, есептер, жаттығулар парақтары, плакаттар, парақшалар және презентациялар жасауға арналған онлайн-платформа.
Төңкерілген сынып (Flipped Classroom) – бұл мұғалім білім алушының үйде өздігінен білім алуы үшін материал ұсынатын, ал білім беру ұйымындағы сыныпта практикалық тұрғыда өткізетін оқыту моделі.
Төңкерілген білім беру ресурсы – мазмұны қысқаша, көрнекі теориялық ақпаратпен және түсіндірме практикалық мысалдармен қамтамасыз етілген цифрлық оқыту құралы.
Хронологиялық уақыт таспасы – тарихи оқиғалар хронологиялық ретпен белгіленетін сызық.
Цифрлық контент – электрондық контент – деректер желілері мен ұялы байланыс желілерінің абоненттеріне цифрлық нысанда ұсынылатын және цифрлық құрылғыларды пайдалану арқылы тұтынылатын ақпарат, сондай-ақ оларға қатысты өнімдер мен қызметтер.


КІРІСПЕ


Зерттеудің өзектілігі. Болашақ информатика мұғалімдерін даярлау жүйесі үнемі қарқынды дамып келе жатқан информатика пәнін оқытуға сәйкес оның мазмұнын, нысандарын, құралдары мен әдістерін жетілдіріп келеді. Бүгінгі таңда ғылымда және қоғам өмірінде болып жатқан интеграциялық процестер жоғары оқу орындары түлектерінің кәсіби дайындығына үлкен талаптар қояды, бұл өз кезегінде болашақ мамандарды даярлауды үнемі жетілдіріп отыру қажеттілігін тудырады. Осы қажеттілікті Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдаған Жолдауынан: «Қазақстан үшін заманауи цифрлық технологиялар трансферті, Индустрия 4.0 элементтерін енгізу айрықша маңызды...Елімізге жас, білімді әрі ынталы мамандар керек» байқауға болады [1]. Осы орайда, білім беруді жаңғырту бағыттарының бірі танымдық және кәсіби міндеттерді кешенді шешу үшін пәндік курстардың әлеуетін саналы түрде пайдалануды қамтамасыз ететін оқытудың жаңа тәсілдерін енгізуге мән беру қажет.
Жоғары оқу орындарында информатиканы оқыту әдістемесін дамыту мәселелері теориялық-әдіснамалық бағыттағы көптеген ғылыми зерттеулердің тақырыбы болып табылады (шетелдік ғалымдар Ю.К.Бабанский [2], Я.А.Ваграменко [3], В.В.Давыдов [4], М.П.Лапчик [5], В.С.Леднев [6], И.Я.Лернер [7], А.В. Могилев [8], Н.И. Пак [9], М.И. Рагулина [10], И.В. Роберт [11], С.Р. Удалов [12], Е.К. Хеннер [13], отандық ғалымдар Е.Ы. Бидайбеков [14], Г.Б. Камалова [15], Қ.С. Әбдиев [16], Ж.К. Нұрбекова [17], Е.Ө. Медеуов [18], А.Е. Сағымбаева [19], Ш.Т. Шекербекова [20], Н.Т. Ошанова [21] және т.б.). Болашақ информатика мұғалімдерінің пәндік дайындығын негіздеу мәселелері С.А. Баляева [22], А.Г. Гейн [23], Н.И. Рыжова [24], Ф.В. Толкачев [25], Е.Ы. Бидайбеков[14], Г.Б. Камалова[15], Ж.К. Нұрбекова [17], Е.Ө.Медеуов [18], А.Е. Сағымбаева [19], Ш.Т. Шекербекова [20] және т.б. зерттеулерде қарастырылған.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында «бейресми білім берудің баламалы нұсқаларын белсенді енгізу, өз бетінше оқыту нәтижелерін тану, кәсіптік дағдыларды сертификаттау, кәсіптік білім берудің барлық жүйесін еңбек нарығында талап етілетін құзыреттерді қалыптастыруға қайта бағдарлау» қажеттігі атап көрсетілген [26].
Осы орайда білім беруді жаңғырту бағыттарының бірі білім беруде болашақ маманның жеке мүдделері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, олардың іс-әрекет дағдыларын қалыптастыруға байланысты құзыреттілік тәсілді кеңінен қолдану болып табылатынын байқауға болады. Бұл тәсіл әсіресе информатика саласына қатты әсер етті, өйткені оның ерекшелігіне байланысты бұл ғылым репродуктивті презентациядан басқа, оның пәндік курстарын зерттеудің өнімді әдісін қажет етеді. Бұл әдістеменің негізгі элементтерін көптеген отандық және шетелдік ғалымдар зерттеді (И.Т. Сәлғожа [33], Ошанова Н.Т. [34], В.В.Гриншкун [27], Л.Л.Босова [28], Дж. Дьюи [29], И.Я.Лернер, А.М. Матюшкин [30], М.И. Махмутов [31], А.А. Поляруш [32],) және тәжірибеде сәтті қолданылады.
Білім беру жүйесін дамыту педагог кадрларды даярлау сапасына жоғары талаптар қояды. Кәсіби дайындау әрдайым педагогикалық білім беру жүйесінде өзекті болып отыр, ол тек оқытылатын пәндер бойынша сапалы оқытуды қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың арасындағы байланысты нығайтады. Оқу пәндері арасындағы байланыс қажеттілігі оқытудың дидактикалық принциптерімен, оқытудың өмірмен байланысымен, болашақ мұғалімдерді кәсіби қызметке дайындаумен, олардың кәсіби дайындық деңгейін арттырумен байланысты. Н.Д. Хмель педагогикалық іс-әрекетке дайындығы – бұл арнайы оқытудың және өз іс-әрекетінің тәжірибесінің әсерінен қалыптасатын күрделі білім, сондай-ақ мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттерін, білім мен дағдыларын қамтитын бірқатар элементтерден тұрады деп санайды [35]. Профессор С.И.Архангельский мұғалімнің дайындығы «өз пәнін жақсы, шебер оқыту, қол жетімді, оқу ақпаратын терең жеткізу, баурап алу қабілетінде көрінеді» деп санайды [36]. В.А. Сластенин кәсіби дайындық ұғымын зерттей отырып, педагогикалық іс-әрекеттің арнайы дағдыларды игерудің бастапқы компоненті ретіндегі рөлін атап көрсетеді. Сонымен, кең мағынада «кәсіби дайындық» ұғымы жалпы өмірлік тәжірибеге, жаңа ортаға енуге, шығармашылық қызметте өзін-өзі жүзеге асыруға дайындық ретінде қарастырылады [37].
Қазіргі уақытта адамның цифрлық әлеммен өзара әрекеттесуін ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін іздеу білім беру жүйесіндегі елеулі өзгерістерге әкелуде. Білім беруді цифрландыру нәтижесінде оқу үдерісі икемді болып, әр білім алушының жеке ерекшеліктері ескеріледі. Осыған орай, болашақ мұғалімді даярлауда білім алушылардың назарын цифрлық технологиялардың заманауи құралдарын игеру қажеттілігіне аудару қажет.
Қазіргі кезде болып жатқан жаһандану мен цифрландыру үдерісіне сай құрылған білім берудің жаңа парадигмасында білім алушылардың жеке тұлғасын қалыптастыруға және цифрлық технологияларды белсенді пайдалануға республикамыздың нормативтік құжаттарында аса мән берілген [38, 39].
Цифрлық экономиканың даму қарқыны білім беру жүйесіне тиісті технологияларды енгізуді талап етеді және өзінің кәсіби қызметінде заманауи цифрлық технологияларды қолдана білетін педагог кадрларды даярлау қажеттілігін тудырады. Бұл болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығын қалыптастырудың инновациялық тәсілдерін іздеуге ықпал етеді, мұғалімнің ақпараттар мен цифрлық құралдарды басқарудың заманауи құралдарын саналы және әдістемелік сауатты меңгеруін болжайды. Цифрлық білім беру технологияларын зерттеу болашақ мұғалімге оларды игеруге және кәсіби педагогикалық қызметінде тиімді пайдалану дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.
Цифрландыру жағдайында білім беру ресурстарын біріктіретін ең тиімді және көпфункционалды құралдар ретінде болашақ информатика мұғалімдері үшін маңызды «Информатика тарихы» курсын оқытудың жаңа құралдарын әзірлеу және нәтижелілігін негіздеу мәселесінің өзектілігі білім беру қызметі саласындағы келесі негізгі өзгерістерге байланысты.
Біріншіден, ақпараттық төңкерістің қазіргі заманғы шарттары және пәндік даярлық саласындағы білім беру бағдарламалары санының өсуі, сондай-ақ елдің экономикалық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін қызметтің әртүрлі салаларында қосымша білім алу білім алудың кең қолжетімді тәсілдері ретінде цифрлық технологиялармен оқыту өзекті болып табылады. Оқу процесін цифрландыру және қолжетімді сапалы цифрлық ресурстармен қамтамасыз ету мәселесін шешіп қана қоймай, сонымен қатар білім алушылардың жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін есепке алуға негізделген оқытудың дербестендірілген траекторияларын іске асыру үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда жастар визуализациясы аз, ұзақ құрылымдалмаған мәтіндерді пәндік оқыту жағдайында нашар қабылдайды. Осылайша, цифрландырылған оқытуды дамыту теориясы мен практикасына арналған зерттеулердің жеткілікті екендігіне қарамастан, бүгінгі таңда педагогика ғылымында білім алушыларды білім беруді цифрландыруды оқытудың нақты қандай құралдары тиімді және оларды қалай дамыту керек деген сұрақ толық зерттелмей отыр. Дегенмен, цифрландыру жағдайында пәндік оқытудың тиімділігін ескере отырып, құрылған іргелі және проблемалық мәселелер мен міндеттер ағашы түрінде ұсынылған «төңкерілген» оқыту ресурстарының жаңа форматын қолдану арқылы арттыруға болады деп болжануда. Яғни, сұрақ-тапсырма тәсілі мен микрооқыту тұжырымдамалары негізінде жасалатын құралдармен оқыту білім алушының пәндік дайындығын жүзеге асыруға арналған «төңкерілген» оқыту ресурстарының ерекшеліктерін сипаттайды. Оқу ақпаратын микропорцияларға дейін қысу қажеттілігі әлеуметтік желілердің, қысқа аудио және бейнематериалдары бар қызметтердің, визуалды форматтағы ең қысқа ақпаратты ұсынатын мақалалардың кең таралуы оны клиптік ойлау тапшылығын өтеу тәсілі ретінде жақсы игеруге және есте сақтауға ықпал ететіндігіне байланысты. «Төңкерілген» оқыту ресурстары сызықтық оқыту стратегиясын сызықтық емес етіп өзгертуді білдіреді, оқу ақпаратының құрылымдық құрамы мен мазмұнын қайта қарау қажеттілігін тудырады. Мұнда сұрақтар мен міндеттерді зерттеуге негізделген тәсілді және оқу материалының «төңкерілуін» ескеру ұтымды. Дәстүрлі презентацияда оқу материалы келесі ретпен беріледі: теориялық материал, сұрақтар мен тапсырмалар, бақылау тапсырмалары. «Төңкерілген» оқыту ресурстары сұрақтар мен тапсырмалардан басталып, мазмұнды және материалды жалпылау ретінде тақырыпты жаңа форматта өтуді ұсынады [40].
Жоғарыда келтірілген пайымдауларды нақтылау үшін цифрландыру жағдайында білім оқытуды жүзеге асыруға арналған «төңкерілген оқыту ресурсы» ұғымын ұсынылып отыр. Төңкерілген оқыту ресурсы – мазмұны иерархиялық ағаш немесе сұрақтардың семантикалық желісі түрінде ұсынылатын, әрқайсысы қысқаша, көрнекі теориялық мәліметтермен және индуктивті – дедуктивті байланыстарды (нақтылау-жалпылау) жүзеге асыратын түсіндірмелі практикалық мысалдармен қамтамасыз етілетін кешенді цифрлық оқыту құралы. Мұндай құралдарды дамытудың негізгі идеясы – «төңкерілген» оқыту ресурстары жаңа оқу материалын игеру кезінде когнитивті процестердің сызықтық емес инверсиясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылғандардан болашақ информатика мұғалімінің «Информатика тарихы» курсы бойынша білім деңгейін арттыру үшін педагогикалық білім берудің қалыптасқан жүйесіндегі осы курстың рөлін жете бағаламау мен информатика тарихы курсын оқытудың негізінен кең таралған репродуктивті әдістемесін жаңғырту қажеттілігі арасында, тарихи аспектілерді аналитикалық қабылдау қажеттілігі және информатика тарихын зерттеудің іздеу әдістері мен осы курсты оқытуды ұйымдастырудың мұндай құралдарының жеткіліксіздігі арасында қарама-қайшылықтар анықталды.
Бұл қарама-қайшылықтардан болашақ информатика мұғалімдерін даярлауда білімді цифрландыру жағдайында информатика тарихы курсының әдістемелік негіздері қандай болуы керек деген зерттеу мәселесі туындайды.
Келтірілген мәселелердің шешу жолдарын табу зерттеу тақырыбын «Білім беруді цифрландыру жағдайында болашақ информатика мұғалімдеріне информатика тарихын оқытудың әдістемелік негіздері» деп тандауға негіз болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет