Бюллетень зарегистриро-ванв Министерстве культуры, информации и спорта Рес-публики Казахстан


«Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі» пікірталас турнирі



бет6/109
Дата04.01.2022
өлшемі2,69 Mb.
#10280
түріБюллетень
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109

«Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі» пікірталас турнирі





2005 жылғы 10-17 тамызда «Ұлттық пікірсайыс орталығы» қоғамдық бірлестігі «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі» тақырыбында жазғы пікірсайыс турнирін өткізді, оған Қазақстанның 14 өңірі мектептерінің командалары - облыстық турнирлердің жеңімпаздары қатысты. Жазғы лагерь ЮНИСЕФ пен ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Пікірсайыс турнирі балалардың құқықтарын сақтау, оларды шешу тетіктерін балалардың өздерінің әзірлеуі проблемаларын талқылау және зерттеу мақсатында ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары омбудсмен мекемесінің қызметінің тұжырымдамасымен және осы саладағы халықаралық тәжірибемен танысты, Қазақстанда балалар омбудсменінің даму преспективаларын талқылады.

Турнир қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті. Бірінші орындарды Павлодар және және Астана қалаларының командалары жеңіп алды. Турнир аяқталғаннан кейін командалардағы жұмыс жалғасты, оның нәтижесінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілге хаттар келіп түсті.

Мектеп оқушылары Уәкілге БҰҰ Балалар қорының өкілдігі арқылы жіберілген хаттарында өздері өмірде ұшырасатын бала құқықтарын бұзушылық фактілерін атап көрсетеді: балалар ересектер мен ата-аналарының тарапынан зорлық-зомбылыққа және қанауға ұшырайды, тұлға және пікір білдіру бостандығы бұзылады, балаларға сапалы, қол жетімді медициналық қызмет көрсетілмейді және т.б. Өз шағымдарында балалар, өз пікірлері бойынша, балалардың құқықтарын бұзушылық фактілерінің болуының басты себебі балалардың өз құқықтарын қорғауда дербес еместігі болып табылатынын атап көрсетеді. Сонымен қатар бала құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысатын үйлестіруші органның жоқтығы балалар құқықтарының қорғалмау себебі болып табылады.

Балалар көрсетілген проблемаларды шешу үшін Қазақстанда балалар омбудсменін құру қажет деп есептейді және осы мекеменің бірнеше түрлерін ұсынды.

Оңтүстік өңір пікірсайысшылары ұсынған Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтының үлгісі:

Институт құрылымы:

1) институт Басшысы (ел Президенті тағайындайды);

2) құрылымдық бөлімшелер: шағымдар мен ұсыныстар бөлімі; заң бөлімі; оңалту бөлімі; статистика және талдау бөлімі; ақпараттық- білім беру бөлімі; техникалық бөлім;

3) өңірлердегі өкілдіктер.




Каталог: publish -> docs -> files
publish -> Постановление Правления 2012 жылғы 24 тамыз №261 Алматы қ. г. Алматы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға
files -> Мазмұны Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үндеуі 2
publish -> Дәуренбек МӘжитов, Ұлттық банктің қолма-қол ақшамен жұмыс жасау департаменті директоры: Қажет болса, теңгедегі орысша жазуды алып тастау қолымызда тұр
publish -> ЖАҢА Әлемдегі жаңА Қазақстан елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
publish -> Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының
publish -> Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
publish -> Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №001. 01-39. 144 бұйрығымен бекітілген


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет