Бюллетень зарегистриро-ванв Министерстве культуры, информации и спорта Рес-публики Казахстан



бет9/109
Дата04.01.2022
өлшемі2,69 Mb.
#10280
түріБюллетень
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   109

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ СТАНДАРТТАРЫ

Балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен байланысты шұғыл іс-қимылдар жөніндегі Любляна 2005 жылғы 7 шілдедегі шешуші қорытындылары


Әр түрлі жағдайларда, оның ішінде үйі мен отбасында, мектепте және интернат үлгісіндегі мекемеде, жұмыс орны мен жергілікті қауымда балаларға қатысты орын алуы мүмкін барлық зорлық-зомбылық нысандарын, сонымен бірге лаңкестік, тартыс және соғыс актілерінің салдарларын назарға ала отырып;

Балаларды зорлық-зомбылық нысандарынан қорғауға арналған стандарт ретінде Бала құқықтары туралы конвенцияға және оның Факультативтік хаттамаларына, сондай-ақ Конвенция қағидалары мен адам құқықтары жөніндегі басқа да тиісті халықаралық құжаттардың, оның ішінде Азаптауларға және басқа қатігез, адамзатқа жат немесе ар-намысқа тиетін мінез-құлық және жаза түрлеріне қарсы конвенция мен Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің қағидалары балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық нысандарын қарастыру үшін аз да болса, негіз жасауға тиіс екеніне маңызды мән бере отырып;

Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық нысандарын ескерту үшін өңірлік келісімдерді, оның ішінде Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропа конвенциясын және оның Хаттамаларын, Азаптауларға және басқа қатігез, адамзатқа жат немесе ар-намысқа тиетін мінез-құлық және жаза түрлеріне қарсы Еуропа конвенциясы мен оның хаттамаларын тиімді іске асырудың маңызды мәні туралы, сондай-ақ Еуропа әлеуметтік хартиясы қайта қараған Зорлық-зомбылық қылмыстарының құрбандарына келтірілген залалды өтеу жөніндегі Еуропа конвенциясы мен оның Қосымша хаттамасын және Балаларға қатысты қатынастар туралы конвенцияны, Еуропа Кеңесінің лаңкестіктің алдын алу жөніндегі конвенциясын және әсіресе оның құрбандарына қатысты қағидаларын шұғыл бекіту және іске асыру туралы еске сала отырып;

«Балаларға қатысты мемлекет тарапынан зорлық-зомбылық» және «Балаларға қатысты отбасындағы және мектептегі зорлық-зомбылық» тақырыптарында, тиісінше, 2000-2001 жылдары өткізілген жалпы пікірталас барысында Бала құқықтары жөніндегі комитет қабылдаған қорытынды ұсынымдарды, Комитеттің, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау жөніндегі басқа да тиісті шарттасқан органдардың зорлық-зомбылықтың барлық нысандарына қатысты құқықтық нормаларының жалпы жиынтығын, Адам құқықтары жөніндегі Еуропа сотының сот практикасын және Әлеуметтік құқықтар жөніндегі Еуропа комитетінің қорытындыларын назарға ала отырып;

Еуропа және Орталық Азия елдерінде балаларға қатысты зорлық-зомбылық актілеріне ықпал етіп отырған жағдайлардың әр түрлілігін, сондай-ақ гендерлік және этностық тиесілігіне, әлеуметтік тегіне және мүгедектігіне байланысты кейбір балаларды, басқаларға қарағанда, үлкен қатерге әкеп соғатын факторларды мойындай отырып; отбасындағы зорлық-зомбылық, оның ішінде денеге зақым келтіру проблемасы төңірегіндегі қара бұлтты әлі де сейілту қажет екенін, мектептердегі және мектептен тыс, мемлекеттік және жекеменшік мекемелерде, сондай-ақ жұмыс орындарында зорлық-зомбылық факторларын анықтау үшін мониторинг жақсартылуға тиіс екенін, зорлық-зомбылықты ескерту жөніндегі күш-жігер басым сипатқа ие болуға тиіс екенін мойындай отырып; сол шамада зорлық-зомбылықты ескерту және олардың құрбандарын қорғау үшін әр түрлі әлеуметтік-экономикалық құрылымдар мен бағдарламалардың көмегімен ауқымды мүмкіндіктер түрлерінің болуы қажет екенін мойындай отырып;

Зорлық-зомбылық балалардың дене және психикалық дамуы үшін және олардың жан-жақты дамуы үшін ауыр проблемалар ауыртпалығына әкеп соғатынын, ал ұзақ мерзімді зорлық-зомбылық салдарлары көбінесе одан кейінгі өмір кезеңдерінде көрініс беретінін назарға ала отырып,



Біз, қатысушылар, стандарттар мен болмыс арасындағы алшақтықтарды жою үшін бала құқықтарына негізделген көзқарастың маңыздылығын, сондай-ақ қоғамның, басқару құрылымдары мен жекелеген адамдардың балаларға қатысты мінез-құлықтың қолайлы нысандары тұрғысындағы көзқарастарын өзгерту жөніндегі міндеттің өзектілігін мойындаймыз. Басымдықты бағыттар ретінде біз мынадай іс-қимылдарды қабылдауға:


Каталог: publish -> docs -> files
publish -> Постановление Правления 2012 жылғы 24 тамыз №261 Алматы қ. г. Алматы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға
files -> Мазмұны Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үндеуі 2
publish -> Дәуренбек МӘжитов, Ұлттық банктің қолма-қол ақшамен жұмыс жасау департаменті директоры: Қажет болса, теңгедегі орысша жазуды алып тастау қолымызда тұр
publish -> ЖАҢА Әлемдегі жаңА Қазақстан елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
publish -> Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының
publish -> Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
publish -> Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №001. 01-39. 144 бұйрығымен бекітілген


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   109




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет