Бюллетень зарегистриро-ванв Министерстве культуры, информации и спорта Рес-публики Казахстан



бет5/109
Дата04.01.2022
өлшемі2,69 Mb.
#10280
түріБюллетень
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109
Өңірлер

Балалардың құқықтары туралы
жазбаша өтініштердің жалпы
санға пайыздық арақатынасы


Жамбыл облысы

13,27

Алматы

12,39

Астана

10,62

Павлодар облысы

9,73

Алматы облысы

9,73

Акмола облысы

7,08

Оңтүстік Қазақстан облысы

7,08

Шығыс Қазақстан облысы

6,19

Маңғыстау облысы

5,30

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

4,42

Солтүстік Қазақстан облысы

3,54

Қостанай облысы

2,65

Актөбе облысы

1,76

Қызылорда облысы

1,76

Қарағанды облысы

1,76

Батыс Қазақстан облысы

1,76

Атырау облысы

0,88

Әр түрлі өңірлерден келіп түсетін шағымдардың сипатын талдау әр тектес және тұтастай алғанда, қандай да бір проблемалардың ерекше өңірлік сипаты туралы қорытындылар жасауға мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты шағымдарда көтерілетін мәселелер сипатын талдау хаттардың аңғарылмайтын өңірлік тиесілілігін ескерместен, жүргізілді.

Шағымдардың неғұрлым көп саны алимент мәселелеріне (25 %), құқық қорғау органдарының іс-әрекеттеріне (10,61 %), сот шешімдерінің орындалмауына (9,85 %), әкімдер мен өзге де атқарушы билік өкілдерінің іс-әрекеттері мен әрекетсіздігіне (9,85 %), жәрдемақылар, зейнетақылар, өтемақылар төлеуге (9,09 %), сот шешімімімен келіспеушілікке (4,55 %), тұрғын үй мәселелеріне(4,55 %) қатысты



Уәкіл атына келіп түсетін шағымдардың сипаты төмендегі таблицада көрсетілген.





Шағымдардың ерекшелігі

Балалардың құқықтары туралы жазбаша өтініштердің жалпы санға пайыздық арақатынасы

Бала асырап алу мәселелері

2,27

Интернат мекемелеріндегі балалар құқықтарының бұзылуы

2,27

Алимент мәселелері

25

Көпбалалы отбасылар проблемалары

1,51

Жәрдемақылар, зейнетақылар, өтемақылар төлеу

9,09

Қорғаншылық мәселесі

1,51

Балаларға құжаттар ресімдеу

0,76

Құқық қорғау органдарына шағымдану

10,61

Әкімдердің, өзге де атқарушы өкімет органдарының лауазымды тұлғаларының, интернат мекемелерінің әрекетіне және әрекетсіздігіне шағымдану

9,85

Соттың шешімімен келіспеу

4,55

Білім алу

2,27

Ата-ана құқығынан айыру/қалпына келтіру

3,03

Мүгедектік белгілеу

1,51

Тұрғын үй мәселесі

4,55

Соттың шешімін орындамау

9,85

Басқа

11,36




Балалардың құқықтарының бұзылуы туралы шағымды ала отырып, Уәкіл шағымда баяндалған фактілерді тексеруді жүзеге асырады және егер қажет болса, уәкілетті мемлекеттік органға бұзылған құқықтарды қалпына келтіру жөнінде ұсыным жасайды. Шағымдар балалар мекемелеріндегі балалар құқықтарының бұзылуына қатысты кейбір жағдайларда, Уәкіл шағымда көрсетілген фактілерді тексеру мақсатында осы мекемелерге барады.

Омбудсмендер жұмысының нәтижелілігі бірыңғай оң шешілген шағымдардың, яғни балалардың құқықтары қалпына келтірілген жағдайлардың санында емес, осындай бұзушылықтарды ескертетін қызметте. Балалардың мекемелеріне барғанда, Уәкіл мекемесі олардың қызметінің халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігін тексереді, бала құқықтарының бұзушылықтарын түзету жөнінде ұсыным жасайды.

Сонымен бірге оң шешілген шағымдардың статистикасы жүргізіледі. Осылайша, 2003 жылы бала құқықтары бұзылған жағдайлардың 23 %-ға жуығы қалпына келтірілді, бірақ толық емес. 2004 жылы бала құқықтары бұзылған жағдайлардың 40 %-да олар жойылып, жағдайлардың 9 %-да толық емес көлемде қалпына келтірілді. 2005 жылғы бірінші жартыжылдықта істердің 6 %-ы оң шешілді.




ЗАҢГЕР КОНСУЛЬТАЦИЯ БЕРЕДІ


Әсия Оразбаева

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының бас маманы





1. Адам құқықтары жөніндегі уәкілге тұрақты түрде баланы асырауға берілетін жәрдемақыларды төлеу туралы шағымдар келіп түседі. Осылайша, мекемеге У. деген азаматша шағым иесіне балаға берілетін жәрдемақыны төлеуден бас тартқан Асу-Бұлақ кентінің іс-әрекеттеріне шағыммен жүгінді. Алайда, әкімнің іс-әрекеттерінде шағым иесінің құқықтарын бұзушылық көзделмеген, өйткені шағым берілген сәтте заңнамада бала туғанда тек 15 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде ғана біржолғы жәрдемақы төлеу көзделген болатын. «2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына сәйкес бұл 971 теңгені құрайды. Балаға күтім жасау жөнінде басқа жәрдемақылар төлеу сол сәтте көзделмеген болатын.

2005 жылғы 28 шілдеде бала туғанда берілетін, оның күтімі жөніндегі жәрдемақылар мен балаларға арналған жәрдемақылар енгізуді көздейтін «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» ҚР Заңы (бұдан әрі - заң) қабылданды. Алайда заң - 1 қаңтардан бастап, ал күтім жөніндегі жәрдемақыларды төлеуге қатысты қағидалар 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметі «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» ҚР Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» 2005 жылғы


2 қарашада № 1092 қаулы (бұдан әрі - қаулы) қабылдады.

Аталған заңның 10-бабына сәйкес бала туғанда берілетін бала күтімі жөніндегі жәрдемақы бала бір жасқа толғанға дейін бірінші балаға - 3 АЕК, екінші балаға – 3,5 АЕК, үшінші балаға – 4 АЕК, төртінші және одан кейінгі балаларға 4,5 АЕК төленетін болады. Балаларға арналған жәрдемақы төлеу әр балаға бір АЕК-тен ол 18 жасқа толғанға дейін, отбасының жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінен төмен болған жағдайда көзделген.

Қаулының 2-тармағына сәйкес бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды алуға үміткер адам тұрғылықты жері бойынша аумақтық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарына мынадай құжаттарды тапсыра отырып, жүгінеді:


  1. бала туғанда берілетін және (немесе) бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау туралы өтініш;

  2. баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

  3. өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  4. отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;

  5. отбасы құрамы туралы мәліметтер (күтім жөніндегі жәрдемақы үшін).

Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшін өтініш иесі тұрғылықты жері бойынша республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды тапсыра отырып, жүгінуге құқылы:

  1. бала туғанда берілетін және (немесе) бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау туралы өтініш;

  2. баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

  3. өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  4. отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;

  5. отбасы құрамы туралы мәліметтер;

  6. отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер.

Тұрғылықты жері бойынша балаларға берілетін жәрдемақыларды тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болмаған жағдайда, өтініш иесі құжаттарын кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкіміне тапсырады.

2006 жылғы 1 қаңтардан бастап жәрдемақы алуға үміткер адамдар бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындауы үшін - аумақтық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарына, 2006 жылғы 1 шілдеден бастап балаларға берілетін жәрдемақыларды тағайындауы үшін жергілікті атқарушы органдарға жүгінуге құқылы.


2. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына алименттерді төлеу немесе соттардың алименттерді төлеу жөніндегі шешімдерінің орындалмауы туралы шағымдар саны басқа мәселелер жөніндегі шағымдарға қарағанда, көп келіп түседі. Басқа мемлекеттердің алименттік міндеттемелерді орындауына байланысты, баланың оларды ата-аналарының асырауына құқықтарының іске асырылуы саласындағы проблемалар туралы К. деген азаматшаның шағымы айғақтайды. К. деген азаматша Ресей Федерациясының Б. деген азаматынан алименттерді өндіріп алу туралы сот шешімінің орындалмай отырғаны туралы шағыммен жүгінген.

Қазақстан Республикасы Президентінің


1995 жылғы 19 маусымдағы № 2341 Жарлығымен Азаматтардың балалы отбасыларға берілетін әлеуметтік жәрдемақыларды, өтемақыларды және алименттерді төлеу саласындағы құқықтарының кепілдіктері туралы келісім (бұдан әрі - Келісім) бекітілді. Осы құжатқа ТМД-ға мүше мемлекеттер қол қойды: Әзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәджікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Украина, Грузия Республикасы.

Келісімге мүше мемлекеттердің атынан олардың үкіметтері аталған Келісімге қол қойған мемлекеттердің аумағында тұратын балалы азаматтардың құқықтарын қорғау қажеттігіне сүйене отырып, кепілді мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыруға тиіс. Келісімнің 5-бабына сәйкес Келісімге қол қойған мемлекеттердің азаматтарына алименттерді белгілеу және өндіріп алу (төлеу) олар тұратын аумақтағы мемлекеттердің ұлттық заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Келісімнің 6-бабына сәйкес мемлекеттер алименттік істер жөнінідегі сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Келісімнің 7-бабы жеке тұлғаларға алименттер бойынша, сол аумақта тұрақты немесе уақытша тұратын балалы отбасыларға әлеуметтік жәрдемақылар мен өтемақылар төлеу бойынша ақша қаражатын банктер және (немесе) почта байланысы мекемелері арқылы еркін аударуды және төлеуді басым тәртіппен қамтамасыз етуге кепілдік береді. Балалы отбасыларға алименттер мен басқа да әлеуметтік жәрдемақылар бойынша ақша қаражатын аудару азаматтарға әлеуметтік мәнді бейсауда төлемдер бойынша ақша қаражатын аудару туралы үкіметаралық келісімде белгіленетін тәртіппен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар 1999 жылы Қазақстан Шетелдегі алименттерді өндіріп алу туралы 1956 жылғы
20 маусымдағы конвенцияға қосылды.
3. Баланың тұрғылықты жерін айқындау туралы мәселені шешуде жәрдемдесу туралы өтінішпен бұрынғы жұбайымен ажырасқан Г. деген азаматша жүгінді.

«Неке және отбасы туралы» Заңның (бұдан әрі - заң) 65-бабының 2-тармағына сәйкес ата-анасы бөлек тұрған жағдайда, баланың тұрғылықты жері ата-анасының келісімі бойынша белгіленеді. Келісім болмаған жағдайда, ата-анасы арасындағы дауды балалардың мүдделеріне сүйене отырып және олардың пікілерін ескере отырып, сот шешеді. Бұл ретте сот баланың ата-анасының әрқайсысына, бауырларына жақындығын, баланың жасын, ата-анасының адамгершілік және өзге де жеке қасиеттерін, ата-анасының әрқайсысы мен баланың арасындағы қарым-қатынастарды, балаға өсуі мен тәрбиеленуі үшін жағдайларды жасау мүмкіндігін (ата-анасының қызмет түрін, жұмыс кестесін, олардың материалдық және отбасы жағдайын және т.б.) ескереді.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы «Соттардың балаларды тәрбиелеумен байланысты дауларды шешу кезінде заңнаманы қолдануы туралы» 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 4 қаулысында соттарға балаларды тәрбиелеумен байланысты істі сот талқылауына дайындау кезінде ата-анасының не баланы тәрбиелеуші басқа да адамдардың жеке қасиеттерін сипаттайтын жағдаяттарға ерекше көңіл бөле отырып, туындаған дауды шешу үшін мәні бар және тараптардың дәлелдеуі тиіс жағдаяттарды дұрыс айқындауды ұсынады. Мұндай істер тек қамқоршылық және қорғаншылық органдарынан соттың ұйғарымын орындау үшін белгіленген тәртіппен жасалған, баланың және оны тәрбиелеуге үміткер адамның (адамдардың) өмір сүру жағдайларын тергеу актілерін алғаннан кейін ғана тағайындалады.

Қамқоршылық және қорғаншылық органдарының балаларды тәрбиелеу туралы дау жөніндегі шешімін сот істің басқа материалдарымен бірге бағалайды. Шешіммен келіспеу іс бойынша қабылданған шешімде дәлелденуге тиіс.

Заңның 54-бабына сәйкес сот міндетті түрде он жасқа толған баланың пікірін, бұл оның мүдделеріне қайшы келмеген жағдайларда, ескереді.





ОҚИҒАЛАР

"Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтатайық. Уақыт күтпейді!"
атты Еупора мен Орталық Азияға арналған өңірлік кеңес


(2005 жылғы 5-7 шілде, Любляна қаласы, Словения)


2001 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитетінің ұсынымдарын орындау үшін Бас хатшыға балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері жөнінде ғаламдық зерттеу жүргізу туралы жүгінді. Тәуелсіз сарапшы тағайындалды – Паулу Сержиу Пиньейру және БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссар Басқармасымен, ЮНИСЕФ-пен және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен тығыз ынтымақтастықта зерттеуді дайындауды басшылыққа алатын Хатшылық тағайындалды. Зерттеудің жалпы қорытындылары мен ұсынымдарына өңірлік нақты басымдықтар мен ұсынымдарды енгізу мақсатында Зерттеуге көмек ретінде 2005 жылғы наурыздан бастап шілдеге дейін тоғыз өңірлік кеңес өткізілді.

Еуропа мен Орталық Азияға арналған өңірлік кеңес елдерін қабылдаушы тарап Словения болды. Кеңес 2005 жылғы 5-7 шілдеде Словенияда, Любляна қаласында «Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтатайық. Уақыт күтпейді!» девизімен өтті. Онда осы өңірдің 52 елінен келген министрлер мен жоғары лауазымды мемлекеттік тұлғалар, сондай-ақ бірқатар ұлттық және өңірлік үкіметтік емес ұйымдардың, балалардың құқықтары жөніндегі уәкілдер, тиісті кәсіптік қауымдастықтардың, халықаралық ұйымдардың және БҰҰ жүйесі ұйымдарының өкілдері, сонымен қатар балалардың өздері де қатысты.

Қазақстандық делегация құрамына Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Б.К. Байқадамов, сенатор Б.С. Тұтқышев, ҚР Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығы меңгерушісінің орынбасары
А.Т. Қарайғанов, Республикалық оқу-әдістемелік қосымша білім беру орталығының директоры
Н. Жұмаділов, Қазақстан Дағдарыс орталықтары одағының президенті З. Байсақова кірді.

Еуропа және Орталық Азия елдерінің өкілдеріне арналған Консультативтік кеңес – бұл БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДСҰ) және Бала құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссар Басқармасының аясында өткізілген осындай тоғыз кеңестің бірі. Осы кеңестердің нәтижелері БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннан мырзаның «Балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері жөніндегі зерттеу» деген кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық көрсету нысандары, себептері мен салдарлары туралы баяндамасының соңғы нұсқасында көрсетілетін болады, оны басып шығару 2006 жылға жоспарланған.

Еуропа және Орталық Азия елдеріндегі Кеңес тұжырымдамасы оң бағытталған - осы проблеманы шешу жөніндегі қарсы шараларды және сол жолда кездесетін қиындықтарды жария ету. Кеңестің «Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтатайық. Уақыт күтпейді!» атты жалпы тақырыбының шеңберінде баяндамаларда және жұмыс топтарындағы пікірталастарда нақты шараларға және саясаттағы өзгерістердің ынталандыруға басты көңіл бөлінді. Баланың денесіне тиіспеу және абыройын құрметтеу, мемлекеттің балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауды қамтамсыз етуі үшін жауапкершілігі, балалардың жағдайы сияқты негіз қалаушы жалпы мәселелерге, сондай-ақ кемсітушілікке және әлеуметтік оқшаулауға байланысты мәселелерге ерекше мән берілді.

Кеңестің жұмысы жұмыс топтарында БҰҰ Зерттеуінде айқындалған төрт бағыт бойынша өтті: Үй және отбасы; интернат және мамандандырылған мекемелер; мектептер; қауымдар.

Жұмыс топтарындағы пікірталастарға үкіметтердің және азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдері қатысты, олар ата-ана міндеттері, дене және сексуалдық зорлық-зомбылықтың алдын алу; қамқоршылық және түзеу мекемелеріндегі балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау; мектеп оқушылары арасындағы зорлық-зомбылық және бала саудасы мен оларды пайдалануды тоқтату сияқты проблемаларды шешудегі өз тәжірибелерімен бөлісті.

Өңірлік кеңестің нәтижесінде саяси ерік нығайтылып, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу ісінде қатысушылар желісі кеңейді және кейінгі іс-қимылдарды айқындалды. Жауапты лауазымды тұлғалар мен азаматтық қоғамды білдіретін әріптестер тобының бірлескен күш-жігері нақты үрдіске қол жеткізуге ықпал етуге тиіс.

Өңірлік кеңесте қорытынды декларация қабылданды, онда барлық әріптестердің міндеттемелер мен уағдаластықтардың, сондай-ақ болашаққа міндеттер көздеудің негізінде басымдықты міндетті шешуге – балаларға қатысты зорлық-зомбылықты түп-тамырымен жоюға талпынуы атап көрсетілген.

Жұмыс топтарындағы пікірталастардың нәтижелері мен оларда әзірленген ұсынымдар, сондай-ақ ақпаратық құжаттар, қорытынды декларация, баяндамалар мен сөйленген сөздердің мәтіндері БҰҰ ғаламдық Зерттеуіне өңірлік үлес қосады.

2005 жылғы 27 шілдеде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен БҰҰ Балалар қорының Қазақстандағы өкілдігі баспасөз конференциясын өткізді, онда бұқаралық ақпарат құралдарына кеңес нәтижелері табыс етілді.


Каталог: publish -> docs -> files
publish -> Постановление Правления 2012 жылғы 24 тамыз №261 Алматы қ. г. Алматы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға
files -> Мазмұны Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үндеуі 2
publish -> Дәуренбек МӘжитов, Ұлттық банктің қолма-қол ақшамен жұмыс жасау департаменті директоры: Қажет болса, теңгедегі орысша жазуды алып тастау қолымызда тұр
publish -> ЖАҢА Әлемдегі жаңА Қазақстан елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
publish -> Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының
publish -> Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
publish -> Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №001. 01-39. 144 бұйрығымен бекітілген


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет