Cабақтың тақырыбы: Cуреттермен жұмыс істеу. Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет1/4
Дата05.06.2017
өлшемі471,46 Kb.
#17882
түріСабақ
  1   2   3   4
Cабақтың тақырыбы: Cуреттермен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға Word-тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету. Оларды мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіруді үйрету, басқа программалардан, сканерден, файлдардан сурет алып мәтінге кірістіру жолдарын түсіндіру, құжат бөліктерін көшіру мен жылжытуға үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютерде жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және оны өмірде қолдана білуге ықпал жасау, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

3. Тәрбиелік: Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, компьютерлік сауаттылыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: Панорамалық сабақ

Көрнекілігі: Буклеттер, карточка, кеспе қағаздар, интерактивті тақтада

дайындалған слайдтар.



Құрал – жабдықтары: компьютер, интерактивті тақта, компьютерлік слайдтар, оқулық, Microsoft Office Word 2007 бағдарламасы.

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі. (1 мин)

1.Оқушылармен сәлемдесу, сынып тазалығын тексеру,

оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару;

2. Оқушыларды топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (8 мин)

Жазбаша тест жұмысын алу.



ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. (12 мин)

ІV. Сабақты бекіту. (17 мин)

1. Деңгейлік тапсырма /компьютерде жұмыс жасау/.

2. Информатикалық диктант.

3. Ғажайып алаң сұрақтары.

V. Сабақты қорыту. (5 мин)

Электронды оқулықпен тапсырмаларды орындау.

VІ. Үй тапсырмасын беру. (1 мин)

VІІ. Бағалау. (1 мин)

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Саламатсыздар ма, балалар! Бүгін біз MS Word мәтіндік процессорында жұмысымызды жалғастырамыз. Сабақты бастамас бұрын мен бүгінгі сабағымыздың тақырыбына байланысты сендерді екі топқа бөлемін.

І-топ: Сурет

ІІ-топ: Автофигуралар



ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру. /Жазбаша тест жұмысын алу/
1. МS Word мәтіндік процессорын қалай іске қосамыз?

А) Пуск батырмасы арқылы

Б) Пуск – Все программы – Microsoft Office - Microsoft Office Word

C) Пуск – Стандартные - Microsoft Office Word



2. Курсордың сол жағындағы символды жоятын перне?

А) Shift Б) Alt С)Backspace



3. Курсордың оң жағындағы символды жоятын перне?

А) Сtrl Б) Delete C) Home



4. Бас әріппен жазуға арналған перне.

А) Shift Б) Backspace С) Alt



5. Құжатты редакциялау дегеніміз не?

А) Мәтіндік құжатқа сурет енгізу

Б) Мәтін қаріптерін өзгерту

С) Өңдеу, енгізу, өшіру, көшіру, орын ауыстыру немесе құжат мазмұнын түзету



6. Мәтінді жаңа жолдан бастау үшін қай перне қолданылады?

А) Enter Б) Backspace С) Alt






7. батырмасының қызметі?

А) Жаңа құжат құру Б) Құжатты ашу С) Программадан шығу



8. Мәтіндік құжатты редакциялаудың неше әдісі бар?

А) 2 Б) 3 С) 1



9. Home пернесінің қызметі?

А) жол соңына Б) жаңа абзацқа С) курсорды жол басына апарады



10. МS Word-пен жұмысты аяқтау үшін ... батырмасы қолданылады?

А) Б) С)
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Ал енді жұмыс дәптерін ашамыз.

Бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазамыз. «Суреттермен жұмыс істеу» Бұл сабақта біз:

- Word мәтіндік процессорының графикалық мүмкіндіктерін;

- мәтіндік құжатқа суретті қалай кірістіруді;

- автофигуралардың көмегімен бейне жасауды меңгеруіміз керек.

Сонымен, Word-тың графикалық мүмкіндіктері:


  1. Графикалық редактордан кірістіру.

  2. Сурет салу панелін қолданып графикалық бейне жасау.

  3. Дайын суреттер кітапханасынан алынған суреттерді кірістіру

  4. Фигуралық мәтін кірістіру.

Көптеген құжаттарда әртүрлі иллюстрация түріндегі объектілер бар. Word редакторында мәтіндік құжат ішіне алдын ала басқа программаларда дайындалған фирмалық таңбалар, диаграммалар, графиктер, суреттер және дыбыстық объектілерді еңгізуге болады. Құжат ішінде отырып, оны белгілеп алып кез келген өңдеу командаларын орындауға болады.


МS Word құжатына сурет кірістіру үшін меню жолынан ВСТАВКА командасын таңдаймыз


Каталог: uploads -> doc -> 0e02
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e02 -> 28 Ш. Уалиханов атындағы орта мектебі кмм 2016-2017 оқу жылындағы әлеуметтік педагогтың атқарған жұмысының жылдық есебі
0e02 -> Желтоқсан жұлдыздары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет