Cадыкова Г. А., аға оқытушы; Нургазинова М. К., аға оқытушы


Ең кіші ортақ еселікті табу



бет4/24
Дата07.02.2022
өлшемі303,19 Kb.
#84573
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Математика талапкерге
kiiz-ui-gylymi-zhobasy.асылхан

Ең кіші ортақ еселікті табу


1.Берілген натурал сандар жай көбейткіштерге жіктеледі.
2.Берілген сандардың ең үлкеніндегі жай көбейткіштер жазылады да, ал оның құрамында жоқ, бірақ басқа сандардың құрамында бар жай көбейткіштермен толықтырылады. Шыққан көбейткіштердің көбейтіндісі берілген натурал сандардың ең кіші ортақ еселігі болады.
Мысалы: ЕКОЕ(50;28)= 252 27  700
50  2 52 ; 28  22 7

  1. Егер берілген натурал сандардың үлкені кішілеріне еселік болса, онда үлкен сан осы сандардың ең кіші ортақ еселігі болады.

Мысалы: ЕКОЕ(57;19)=57; ЕКОЕ(8;16;32)=32
Ереже: Егер берілген натурал сандардың 1 санынан басқа ортақ жай көбейткіші болмаса, ондай натурал сандар өзара жай сандар деп аталады.
Мысалы: 10 және 21; 10 125 ; 21  137 1-ден басқа жай көбейткіші жоқ.

  1. Егер берілген сандар өзара жай сандар болса, онда ең кіші ортақ еселік осы сандардың көбейтіндісі болады. Мысал: ЕКОЕ(5;7) =35; ЕКОЕ(3;11) =33

1.8. Ең үлкен ортақ бөлгіш.
Ереже: Ең үлкен ортақ бөлгіш деп сол сандардың әрқайсысы бөлінетін ең үлкен натурал санды айтады.
Мысал: 8;14 және 22 сандарының ең үлкен ортақ бөлгіші.
8: 1;2;4;8.
14: 1;2;7;14.
22санының бөлгіштері: 1;2;11;22.

  1. Өзара жай сандардың ортақ бөлгіші біреу ғана, ол 1 саны.

  2. Егер берілген сандардың ең кішісі үлкендердің бөлгіші болса, онда сол ең кіші сан берілген сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші болады.

ЕҮОБ(120;40;20) =20
ЕҮОБ(18;24;36) =6


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет