Чапаев дивизиясының саяси бөлімшесі орналасқан Ғимарат


А.Н. Островский атындағы Орыс Драма театры



бет2/4
Дата09.10.2022
өлшемі16,35 Kb.
#152319
1   2   3   4
Байланысты:
Документ (58)
13 лекция протозойлы инфекц, 14.12.20 Аналит геом МК-315, 14.12.20 Аналит геом МК-315, 6клфак, ОСӨЖ 9апта , 11 нед тарих срс, циклограмма наурыз 4 апта[1], Деректану, Семинар 1 (3 сұрақ)
А.Н. Островский атындағы Орыс Драма театры.
ХІХ ғасырда Оралда құрылған алғашқы театрлардың бірі. ХХ ғасырдың 30-жылдары бұл ғимарат қайта қалпына келтіріліп, театрға А.Н. Островскийдің есімі берілді. Ұлы Отан соғысы кезінде Беларусь мемлекеттік драма театры мен Карелофин опера театры қызмет жасады. Ғимарат қазіргі Д.Нұрпейісова көшесінде.


Мешіт.
Бұл мешіттің құрылысы 1897 жылы Мұртаза Абдуллиннің қаражаты есебінен салынды. Авторы белгісіз. 1930 жылы мемлекеттік мекемеге айналдырылды. Әскери трибуналдың байланыс бөлімі орналасты. 1944 жылы бұл ғимарат мешітке қайтарылды. Ғимарат қазіргі Ж.Досмұхамедов көшесінде.
Құтқарушы Христос храмы.
Бұл храмның негізі 1891 жылдың маусымында Жайық (Орал – Ж.М.) казактарының Ресей әскеріне қызмет ете бастағанының 300 жылдығы (1591- 1891 ж.ж.) құрметіне байланысты қаланды. Қайырымдылықтан түскен ақшаға салынған. Храм қоңырауына 10500 рубль, иконаға 14000 рубль жұмсалған. Сәулетшілер В.Н. Чагин, Железнов және Тецтің жобасы бойынша салынған. Храм XV-XVIII ғ.ғ. жаңа мәскеулік сәулет стилінде салынған. Храм Достық- Дружба даңғылында орналасқан.
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі.
Бұл ғимарат 1887 жылы салынды. Төңкеріске дейін орыс-қырғыз (қазақ – Ж.М.) мектебі, ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Орал кәсіби мектебі болды. 1963 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының кітапханасы қызметін атқарды. 1973 жылы 12 сәуірде Орал облыстық атқарушы комитетінің шешімімен Орал облыстық тарихи-өлкетану музейіне айналдырылды. Ғимарат Достық-Дружба даңғылында орналасқан.
Карев үйі.
1901 жылы салынып, көпес Каревке тиесілі болған. Төңкеріске дейін дүкен, офицерлер клубы, қонақүй болған. Оралды Қызыл Армия алғаннан кейін «Еңбек сарайы» болды. ХХ ғасырдың 20-жылдары «Красный Урал» типографиясы, кәсіподақтар кітапханасы қызмет жасаған. Осы үйде 1923 жылы қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушы С.Сейфуллин тұрып, жұмыс жасаған. 1929 жылы жазғы бақшасында Л.Тостой, Л.Сейфуллина, В.Правдухин өз шығармаларын оқыған. Қазіргі кезде 1-ші қабатында дүкен, дәріхана, 2-ші қабатында Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап кітапхана, 3-ші қабатында облыстық филармония орналасқан. Ғимарат Достық-Дружба даңғылында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет