Циклограмма



бет10/20
Дата31.05.2020
өлшемі86,43 Kb.
#71864
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
Циклограмма-КАЗ-2017
8Топ Макта қыз кузгі, Циклограмма-КАЗ-2017
Математика

Тақырыбы: Көп және біреу ұғымдарымен таныстыру.

Мақсаты: Көп және біреу ұғымдарымен   таныстыру, топтағы   заттардан бір немесе   көп заттарды тауып   көрсетуге , топтағы біртекті

заттардан  топтар құрастыруға    одан біреуін бөліп   көрсетуге үйрету.



Шаттық шеңбері

- Балалар,біз бүгінгі

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын, денемізді оятып алайық.

-Қайырлы таң, көздерім, сендер ояныңдар!

-Қайырлы таң құлақтарым,

сендер де ояныңдар!

-Қайырлы таң, саусақтарым,

сендер де ояныңдар!

-Қайырлы күн, сен де ояндың

ба?

-Тағы бір күн артта қалып,



арайланып таң атты.

-Жарайсыңдар, балалар

орнымызға отырып жайғасайық.

Тобымызда бүгін балалар не деген көп. Кім

бірінші болып келді? (Айжан) Сол кезде тобымызда біреу-ақ бала болды. Одан

кейін тағы бір бала, сосын тағы да бір бала келді. Сонымен бізде қазір қанша

бала болды? (көп) Ал неше тәрбиеші бар? (біреу)

«Паровоз» ойыны. Паровозым пойызым, қане

кімнің бойы ұзын?(тәрбиешінікі) олай болса мен паровоз боламын, ал сендер

менің вагоным боласыңдар. Қазір өз тобымыздың ішінде саяхатқа шығып келеміз.

Неше паровоз бар? (біреу) Ал вагондар қанша? (көп)

«Ойыншықтар» аялдамасы.

- Балалар бұл аялдамада ойыншықтар қанша екен?

(көп)

Бірінші сөреде неше ойыншық отыр? (біреу)

Екінші сөреде неше доп көріп тұрмыз? (біреу) үшінші сөреде қанша машина бар

екен? (көп) Үлкен машина қанша? (біреу) Ал кішкентай машиналар қанша екен?

(көп) Бәрекелді. Жарайсыңдар! Келесі аялдамамызға жол тартайық. 

«Қуыршақтар» аялдамасы. (үлкен және кіші

қуыршақтар арқылы салыстыру жұмыстарын жүргізу)

(Осылайша кітаптар, ыдыс - ақтар сынды

аялдамалар жасап ойынды жалғастыруға болады).

Сергіту сәті ретінде «Жөндеу жұмысы» ойынын

ойнаймыз. Барлығымызға орын жетті ме? (иә) Жөндеу жұмысы бастайық.

Қолымызбен алақанды соғайық көп реет

Бір аяқпен секіреміз бір рет

Отырып тұрайық көп рет.

Қолымызды көтерейік бір рет.

«Аю мен аралар» ойыны. Бір балаға аюдың

бетпердесі кигізіп, аю етіп таңдаймыз. Қалған балалардың барлығы ара болады.

- Балалар неше аю көріп тұрмыз. (біреу) Ал

аралар қанша?(көп) (Аю аралардың балын ұрламақ болған үшін, аралар аюды

қуалайды.)

Бірінің артына бірі вагон құрап тұра қалады

Сұрақтарға жауап береді

Ойыншықтар бойынша салыстыру жұмыстарын

жүргізеді

вагондар (балалар) жөндеу жүргізетін жерге

келіп, бір - бір орындыққа отырады

ара болып аюды қуалайды.

Аю мен ара ойынын ойнайды.

Қортынды.

Сұрақ-жауап.

 

 



 

 

 



 

   




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет