Д. И. Кенжалиев, Р. Мырзакулов Статистикалық физика, термодинамика және физикалық кинетика негіздері «Физика (білімтану)»



бет23/24
Дата22.11.2023
өлшемі0,7 Mb.
#193071
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
statistikalik-fizika 2

Эн(ергия)тропе (түрленуі) мағынасын береді. Энтропия белгілі бір тұрақтыға дейінгі дәлдікпен анықталған:
(9.5)
Аддитивті тұрақтыны Нэрнст теоремасының көмегімен анықтайды. Жүйеге жылу бергенде жүйенің ішіндегі бөлшектердің қозғалысындағы ретсіздігі және ішкі құрылымның тәртіпсіздігі күшейеді, мысалы: кристалды қыздырғанда жылулық тербеліс амплитудасы күшейіп, ақырында, белгілі бір температурада, кристалдың құрылымы бұзылады,- атомдар тербелісіне атомдардың бір нүктеден екіншісіне секірулері қосылады. Сөйтіп, энтропия өседі. Сонымен, энтропия- жүйенің ішкі құрылымындағы ретсіздігінің және құрамындағы бөлшектердің қозғалысындағы бей-берекетсіздігінің өлшемі болып табылады. Осы тұрғыдан энтропияның термодинамикалық және статистикалық физикадағы анықтамалары ұштасады.
Механикалық процесті тура және кері бағытта бірдей өткізуіміз мүмкін. Мұндай процессті қайтымды процесс деп атайды. Термодинамикада тұйық процессті бірдей теңбе−тең күйлер арқылы тура және кері бағытта өткізуіміз мүмкін болса, қайтымды процесс, ал мүмкін болмаса, онда мұндай процесс қайтымсыз процесс деп аталады. Ол жөнінде «тура бағытта жүреді, кері бағытта жүрмейді»- деген анықтама дұрыс емес. Қайтымсыз процессті тура және кері бағытта өткізуіміз мүмкін, тек кері бағыттағысы өздігінен өте алмайды. Мысалы: денені қыздыру (не суыту) процестерінің біреуі өздігінен өтсе, екіншісі, яғни кері процесс, тоңазытқышта (не пеште) өтеді. Қайтымды процесс квазистатикалық процесс (§11) болады және диссипативтік эффектілермен қабаттаса жүрмейді. Мысалы: турбуленттік, үйкеліс немесе электр кедергісі сияқты қайтымсыз процестерге, яғни тұтқыр сұйықтың турбулентті араласуы, электр зарядтың кедергіден өтуі, газдың вакуумге еркін таралуы, екі газдың араласуы сияқты процестер, серпімсіз деформацияда энергия шығыны, поляризация мен магниттелу кезінде процесстер жатады. Бұларға кері процесстің өздігінен өтуін көзге елестету қиын. Бұндай процесс мүмкін болса да, тек сыртқы әсерлердің көмегімен өтеді. Демек, ол өткеннен кейін маңайдағы денелердің күйінде өзгеріс болу керек. Процессті жүргізіп, одан кейін жүйені кері бағытта сол жолмен алып келгенде, маңайдағы ортада өзгерістер болса, бұл процесс

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет