Д. И. Кенжалиев, Р. Мырзакулов Статистикалық физика, термодинамика және физикалық кинетика негіздері «Физика (білімтану)»



бет19/24
Дата22.11.2023
өлшемі0,7 Mb.
#193071
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
statistikalik-fizika 2

Квазитәуелсіз кіші жүйелер.
Жүйе бір-бірімен әсерлесуі нашар болатын бөліктерден құралуы мүмкін. Бұл жағдайда бөліктердің өзара әсер энергиясы олардың меншікті энергияларымен салыстырғанда өте аз болса, яғни Онда бұндай квазитәуелсіз бөліктер деп аталады. Мұндай жүйелер үшін . Жүйе бөліктерінің өзара әсері олардың бір рұқсат етілген күйден екіншілеріне көшуіне себепші болады. Көптеген бөліктердің өзара әсері аса күрделі әрі шиеленескен болса, олардың әрқайсысының қандай да бір күйге түсуін кездейсоқ оқиға деп қарастыру ыңғайлы. Кішкене уақыт аралықтарында өзара әсердің әлсіздігінен әрбір жүйенің бөліктердің микрокүйлері басқалардың микрокүйлерінен тәуелсіз көрінеді. Мұндай жүйенің микрокүйлерін анықтау үшін, бөліктерді өзара тәуелсіз деп есептегеннің ыңғайлылығы, әрқайсысының қандай күйге орналасқандығы басқаларының күйіне байланысты емес деп есептеуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда тұтас жүйе күйінің ықтималдығы, кіші жүйелердің күйлерінің ықтималдықтарының көбейтіндісіне тең деп есептеуге болады.
.немесе
Мұнда ρi-күйлердің үздіксіз қатары үшін ықтималдықтар тығыздығы. Бұл теңдіктер ықтималдықтың мультипликативтік қасиетін көрсетеді.
Өзара әсер қаншама әлсіз болса да, біраз уақыттан кейін бөліктердің күйлер бойынша үлестірімдігі тұрақтанады. Сондықтан статистикалық физика жалпы жағдайда дұрысында квазитәуелсіз көптеген бөліктерден құралған жүйелерді зерттейді. Оның мақсаты: Жүйе үшін және бөлігі үшін статистикалық үлестрімділік функциясын анықтау.
Ал үлестірімділік функциясының көмегімен қандай есеп шығаруға болады?:
1.Әрбір күйде орналасқан жүйе бөліктерінің орташа санын табуға
2.Жүйенің және оның бөлігінің күйін сипаттайтын шаманың орташа мәнін анықтау.
3.Сондай шамалардың мәндерінің орташа мәнінен ауытқуын анықтау.
Егер жүйеде микробөлшектер саны аз болса, шамалардың лездік мәндерінің орташа мәнінен ауытқуы көбірек болады. Ал макроскопиялық жүйеде микробөлшектер саны өте көп болады, сондықтан шамалардың орташа мәні лездік мәндеріне өте жуық болады (салыстырмалы флуктуация өте аз). Осы қорытынды жалпы тұжырымдаманы растайды: Статистикалық әдістер бөлшектер саны көп болатын жүйеде қолданылады. Бұндай жүйелер үшін шамалардың орташа мәні жүйе күйін жақсы сипаттайды, яғни флуктуациялар өте кіші, лездік мәндері орташа мәніне жуық болып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет