Д. Т. Курманова, З. А



бет1/53
Дата05.09.2020
өлшемі1,28 Mb.
#77328
түріКонспект
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
1849338815321 Курманова


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Д.Серікбаев атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Д.Т. Курманова, З.А. Есполова

КӘСІПТІК ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ


5В012000 «Кәсіптік оқыту» мамандығы студенттеріне арналған
дәрістер конспектісі

Өскемен


Усть-Каменогорск

2013


МАЗМҰНЫ





Кіріспе

4

1

Кәсіптік оқыту әдістемесінің жалпы сұрақтары

5

1.1

Кәсіптік оқытудың мазмұны және міндеттері

5

1.2

Білім беру жүйесінде қолданылатын негізгі құжаттар

7

1.3

Теориялық оқытудың оқу жоспарлары және бағдарламалары







  1. Кәсіптік оқыту жүйесінде қолданылатын жалпы дидактикалық 10 принциптер




2.1

Оқу процесінің мәні және дидактика жөнінде түсінік




2.2

Кәсіптік оқыту принциптері

11

3

Кәсіптік оқыту жүйесі

13

3.1

Өндірістік оқыту жүйесі

13

3.2

Кәсіптік оқытудың негізгі жүйелерінің сипаты

15

4

Кәсіптік оқытуды ұйымдастырудың негізгі формалары

20

4.1

Жалпытехникалық және арнайы пәндер бойынша оқу 20




сабақтарын ұйымдастырудың негізгі формалары




5

Кәсіптік оқыту сабақтарының түрлері және құрылымы

23

5.1

Сабақтың мақсаттары мен дидактикалық талаптары

23

5.2

Сабақ түрлері

24

5.3

Сабақ типтері мен құрылымы

26

5.4

Кәсіптік оқытудың типтік сабақтары

27

6

Кәсіптік оқыту әдістері

30

6.1

Оқыту әдісінің мәні және оған анықтама

30

6.2

Оқу әдістерін топтастыру

31

6.3

Оқу құрал – жабдықтары

33

6.4

Оқу әдістері мен құралдарын іріктеу




6.5

Кәсіптік оқыту әдістері




7

Кәсіптік окытудағы инновациялық технологиялар

34

7.1

Оқыту технологиялары түсінігі

34

7.2

Оқудың педагогикалық технологиялары сипаттамасы

36

7.3

Кәсіптік оқытудың инновациялық тәсілдерін таңдау

38

8

Оқу жұмысын жоспарлау және кәсіптік оқыту мұғалімінің

40




сабаққа дайындығы




8.1

Кәсіптік оқыту мұғалімінің сабаққа жайындығы

40

8.2

Оқу жұмысын жоспарлау

42

9

Оқушылар білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын бақылау,

46




бағалау және есепке алу




9.1

Оқушылар білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын бақылау

46

9.2

Қадағалау түрлері, формалары және әдістері

46

9.3

Оқушылар білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын есепке алу

49

10

Кәсіптік оқытудың оқу-материалдық базасы

52

10.1

Кәсіптік оқыту құралдары

52

10.2

Кәсіптік оқытудың оқу-әдістемелік қамтылуы

53

11

Кәсіптік оқытудағы сыныптан тыс жұмыстар

56

11.1

Сыныптан тыс жұмыстарының оқыту әдістері

56

11.2

Тәрбие міндеттері мен қызметтері

58

11.3

Тәрбие процесінің ерекшеліктері

60




Глоссарий (анықтама, сөздік)







Қолданылған әдебиеттер тізімі




КІРІСПЕ
Қазіргі кезде білім мазмұны мен білім беру жүйесі оның нәтижесіне қарап бағаланатыны мәлім. Сондықтан білім беру жүйесінде ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру, дамытуда оны кәсіби тұрғыдан шыңдауға басты назар аудару қажет.
Еліміздегі жоғары кәсіби білім берудің көп деңгейлі құрылымы және жоғары мектептің халықаралық білім беру жүйесіне жоспарлы интеграциялануы, жоғары оқу орнын қазіргі заманның талаптарына сай басқару мәселелері жаңа тәсілдерді талап етеді. Заманның жаңа даму сатысында білім беру жүйесі қоғамның жаңа экономикалық саясат, әлеуметтік және интеллектуалдық деңгейіне сай келуі тиіс. Осыған орай білімнің мақсаты, мазмұны және оны оқыту тәсілдері қайта қаралып, оқу жүйесін реттеу, жетілдіру, ұйымдастыру мәселелері зерттеліп, өз шешімін табуды қажет етеді.
Қоғам өміріндегі қазіргі өзгерістер, экономиканың, саясаттың, әлеуметтік-саяси саланың дамуы қоғамдағы негізгі фактор болып табылатын жеке тұлғаның жалпы даму деңгейіне байланысты болмақ. Ал ол қоғамдағы білім беру талаптарын түбегейлі өзгертуге алып келді. Қоғамдық өмірдегі өзгерістер оқытудың жаңа технологияларын қолдануды, жеке тұлғаның жан-жақты шығармашылық тұрғыдан дамуына жол ашуды көздеп отыр. Бұл міндеттерді жүзеге асырушылар білім беру жүйесінің күрделі мәселелерін шешуші кәсіби – педагогикалық шеберлігі жоғары ұстаздар болмақ.
Осындай талап деңгейіндегі маманды даярлау жоғары оқу орындарының үлесіне тиеді. Педагогикалық мамандық - білім беру нәтижесінде алынған және берілетін біліктілікке сәйкес кәсіптік-педагогикалық міндеттерді алға қоюды және шешуді қамтамасыз ететін білім, іскерлік және дағдылардың жиынтығынан тұраты күрделі үрдістің жемісі, яғни осы кәсіптік топ шеңберіндегі қызмет түрі.
Жалпытехникалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі пәні осы мақсаттарға жету жолында қызмет атқарады. ЖОО-ғы болашақ мұғалімнің кәсіби даярлығы оқу жылдары кезінде кәсіби шеберлікке мақсатты даярлаумен қоса, педагогикалық шығармашылық қызметке дайындаумен тікелей астарласуы тиіс. Ол болашақ мұғалімнің жалпы мәдени (өмірге көзқарас), методологиялық (психологиялық-педагогикалық), пәндік блоктарды меңгеруін қамтамасыз етеді.

1КӘСІПТІК ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ СҰРАҚТАРЫ




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет