Д. Т. Курманова, З. А


Кәсіптік оқытудың мазмұны және міндеттері



бет2/53
Дата05.09.2020
өлшемі1,28 Mb.
#77328
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
1849338815321 Курманова

1.1 Кәсіптік оқытудың мазмұны және міндеттері
Кәсіптік оқыту дегеніміз - мақсаты оқушыларды кәсіптік іс-әрекетке дайындау болып табылатын оқыту түрі. Ендеше кәсіптік оқытудың не екенін түсіну үшін «Оқыту» және «Кәсіптік іс-әрекет» атты екі ұғымды анықтап алуымыз керек.
Оқыту дегеніміз нәтижесінде оқушы жаңа білім, іскерлік және дағды қалыптастыратын, қабылеттілігін дамытып, іс-әрекеттің жаңа тәсілдері мен түрлерін меңгере алатын үрдіс (ЗУНС-БІДҚ).
Білім дегеніміз – оқу үрдісінде оқушы алған қандай да бір ақпарат, ол ақпаратты кейіннен ол қолдана алады.
Іскерлік - алынған білімдеріне сүйене отырып, оқушы орындай алатын іс-әрекеттер мен операциялар.
Дағды - автоматизмге дейін жеткізілген шеберлік.
Қабылеттілікті, іс-әрекеттің жаңа тәсілдері мен түрлерін дамыту арқасында сабақ үстінде алынған нақты білімдер, шеберлік және дағдылар кең көлемді мәселелерді шешуге, сонымен қатар, кәсіптік іс-әрекет үрдісіндегі мәселелерді шешуге көмектеседі.
Енді «кәсіптік іс-әрекет» терминін қарастырайық.
Кәсіптік іс-әрекет дегеніміз ересек жеке тұлғаның оның тіршілігінің қоғамға
пайдалы іс - әрекеті, Кәсіптік іс-әрекет деп әдетте ересек тұлғаның өміршеңдігінің негізі және оның әлеуметтік статусының анықтаушы факторы болып табылатын қоғамдық пайдалы іс-әрекеті аталады.
Келтірілген анықтаманы былайша түсіндіруге болады. Біріншіден, кәсіптік іс-әрекет тура немесе жанама түрде қоғам мүддесіне қызмет еуі тиіс және оның дамуына әсер етуі тиіс. Екіншіден, егер қоғам қандай да бір адамдардың кәсіптік іс-әрекетіне мұқтаж болса, онда осы адамдарға өмір сүру мүмкіндігін беруі тиіс, олардың еңбекақысын төлеуі тиіс. Қоғам оған үнемі мұқтаж болады.
Үшіншіден, кәсіптік іс-әрекет барысында адам өндірістік және әлеуметтік иерархиялық жүйеде орын алады (біріншілеріне бастық болса, екінші біреулерге бағынады). Осы орны адамның әлеуметтік статусын анықтайды, олардың басқа адамдарға әсері деңгейін, қоғамдық өмір және қоғамдық пікірге әсерін анықтайды.
Білім беру жүйесі дегеніміз қандай да бір білім дәрежесін алудың потенциалдық мүмкіндігіне ие болуға мүмкіндік беретін оқытудың ұйымдастыру тәсілі. Ендеше, мамандыққа оқыту білім беру үрдісінің бір бөлігі ғана. Сол себепті кәсіптік оқытудың білім беру жүйесіндегі орнын анықтап алу қажет.

Білім беру жүйесі құрылымын бірнеше білім беру деңгейі түрінде көрсетуге болады (Сурет 1 қара). Әрбір білім беру деңгейінде оқушы қандай да бір БІДҚ жиынтығын ала алады, сол арқылы кейінгі одан да күрделі деңгейге өте алады.


Кәсіптік білім - білім беру жүйесінің негізгі мақсаттарының бірі болып саналады, сондықтан білім беру жүйесінің жоғарғы деңгейіне орналастырылады.
Сонымен, жалпы білім беру жүйесі кәсіптік білім жүйесінің іргетасы болып табылады.
Соңғы кезде қосымша кәсіптік білім беру жүйесінің маңызы зор, өйткені нарықтың өзгермелі шарттарына икемді болуы үшін қайта даярлау қажеттілігі туындайды.



ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ

ЖҮЙЕСІ

Орта білім


(Мектептердегі жоғарғы

сыныптар)

Толық емес орта білім

(Мектептегі орта сыныптар)

Мектептегі бастауыш білім (Мектептегі

бастауыш сыныптар)

Мектепке дейінгі білім беру (Балабақша)







КӘСІПТІК







































































































































































































БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ





















































































ҚОСЫМША










































































































































































































































































































































































































КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ



























































































Ғылыми


































қызметкерлерді





























































даярлау

















































(магистратура,

















































докторантура)






























































































































































































Жоғары
















Кадрларды қайта даярлау,


























































































































































































































































































































































( қайта даярлау орталықтары

)

























































































































































































































































































































































































































(Институттар,
















Квалификация



































































































































































































































































университеттер)
















(Квалификация













































































































































































































Орта




























































































































көтеру


























































































































































(Техникумдар

































































































көтеру


































































































































































































































колледж)

































































































Институттары)


























































































































































































































































Бастапқы




























Мектептен тыс білім,




























































































































































































































































































































(Кәсіптік училище











































































































































































































































































































































лицейлер)





























































Кәсіптік бағдар



























































































































































































































































































ориентация (үйірмелер,













































































































































































































Мектеп оқушыларына арналған


































орталықтар және т.б.)










































































































































































































Сурет 1 Қазақстандағы білім беру жүйесі

1.2 Білім беру жүйесінде қолданылатын негізгі құжаттар

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жж.-ға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі ережелері [1].


Білім беру жүйесінде қолданылатын негізгі заңды құжат Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты болып табылады. МЖМББС білім беру мазмұны мен оқу үрдісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар келтірілген нормативті-құқықтық құжат болып табылады. Сонымен қатар, МЖМББС - қоғамдық идеалды сипаттайтын, нақты жеке тұлғаның және білім беру жүйесінің осы идеалға жету жолындағы мүмкіндіктерін ескеретін білімділік мөлшері ретінде қабылданатын негізгі параметрлер жүйесі. Білім беруде стандартталатын негізгі объектер:


  • білім беру құрылымы;




  • білім беру мазмұны;




  • оқу жүктемесінің көлемі;




  • оқушылардың дайындық деңгейі.

МЖМББС негізінде оқу орындары бірқатар білім беру міндеттерін атқарады:




  • оқу жоспары бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру және жүргізу, ол қоғамның рухани, мәдени және ғылыми құндылықтарын сақтауға, жинақтауға және көбейтуге бағытталған;




  • мамандық бойынша дайындалған оқу бағдарламаларын оқу үрдісіне

енгізу;


  • оқушылардың дайындық деңгейіне сәйкес келетін және МЖМББС талаптарына сай оқу-материалдық базаны құру;

  • оқу үрдісіне МЖМББС талаптарына жауап бере алатын оқу құралдарын және дидактикалық материалдарды жасап енгізу;




  • кәсіби мектептер, колледждер және басқа да оқу орындарында оқушыларға арналған оқу жүктемесін жоспарлау;




  • технологиялық, өндірістік, кәсіби практикаларды ұйымдастыру және

өткізу;


  • оқушыларды ғылымға қызығушылықтарын тудыра отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту;




  • жастарды оқу орнының қоғамдық өміріне түрлі үйірмелер арқылы тарту.

Біздің республика Болон процесіне қосылды, оның негізгі идеясы европа елдерінің кәсіптік білім беру құрылымдарын өзара жақындастыру. МЖМББС - да осы мамандық бітірушісінің жұмыс істеу ауқымы көрсетілуі кездейсоқ емес. Мысалы, 050120 «Кәсіптік оқыту» мамандығының қызмет саласы:




  • бастауыш, орта және қосымша кәсіптік білім беру мекемелерінде кәсіптік оқыту және өндірісте;




  • оқу үрдісі және құрылымдарын ғылыми зерттеу;




  • сәйкес салада техника және технологиялар проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер;




  • білім беру саласында және өндірісте (мамандандырылуына сәйкес) ғылыми-өндірістік және консультациялық басқару істері;




  • мәдени-ағарту істері.

Бітірушілердің кәсіби іс-әрекеті объектері:


Оқу-тәрбиелік үрдіс:
Жалпыға бірдей білім беру мектептері, лицейлер, гимназиялар;
Оқу-өндірістік комбинаттар;
Кәсіби мектептер мен лицейлер;
Орта арнайы оқу орындары;
Жоғары оқу орындары;
Өнеркәсіп кәсіпорындарында өндіріс үрдісі;
Ғылыми-зерттеу жұмыстары:
конструкторлық бюро;


  • жобалау ұйымдары

  • завод зертханалары;




  • ғылыми-зерттеу ұйымдары.

Маманның кәсіби біліктілігінің өсуін кәсіби компетенттіліктің әр түрінің дамуымен қатар қоюға болады.


050120 – «Кәсіптік оқыту» мамандығы үшін МЖМББС – да маманның төмендегі компетенциялары ерекшеленген:
Білім бакалавры:


  • білім беру, мәдениетті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуді қамтамасыз етуін әлеуметтік-мәдени іс тәжірибені ерекше аумағы ретінде қарастыру туралы;



басымдығы негізінде адам ресурстарын дайындау және тұлғалардың қажеттіліктері мен қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыру туралы түсінігі болуы;




  • оқу-тәрбие процесінде қазіргі педагогикалық технологияларды қолдануды;

-психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-гуманитарлық ғылым негіздерін;




  • қазіргі өндірістің, конструкциялық материалдардың, еңбек жабдықтары мен құралдарының, өндіріс процесі негіздерін;




  • білім беру мекемелеріндегі, өндірістік мекемелердегі және қызмет көрсету саласындағыэкономика, кәсіпкерлік, маркетинг, менеджмент негіздерін;

Оқу шеберханаларын жабдықтау талаптарын;


Өндірісті ұйымдастыру мен оның экономикасының негізгі мәселелерін, конструкторлық және технологиялық құжаттардың бірегей жүйелерін;


  • қазіргі өндірістегі еңбек мазмұны мен сипатына қойылатын талаптарды;




  • машина жасау, құрылыс, халық шаруашылығынң басқа да мамандық түрлерін білуі тиіc;




  • әлеуметтік маңызды мәселелерді, процестерді және әртүрлі саланың заманауи әдістерін кәсіптік, педагогикалық, қоғамдық іс – әрекеттерді талдауға пайдалану;




  • өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыру;




  • оқытушылық және оқу тәрбие жұмыстарын жүргізуі;




  • бейіндік оқытуға, техникалық және кәсіптік оқыту орындарының кәсіптік техникалық кадрларын дайындау және қайта даярлауға арналған оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу;

  • оқу шеберханаларын қазіргі талапқа сай құруды және жабдықтауды;




  • «e-learning» электрондық оқыту жүйесінде оқу-педагогикалық қызметін жүзеге асыру бойынша білікті болуы тиіс;




  • оқу процесінде компьютер және ұйымдастыру технологияларын қолдану;




  • оқу-тәрбие процесінде қазіргі педагогикалық технологияларды қолдану;




  • қазіргі технологиялық жабдықтарды 3 разрядты жұмысшы біліктілігі деңгейінде пайдалануға дағдылануы тиіс;




    • кәсіби педагогика, өндіріс аймақтары, мамандану саласы бойынша;







    • білім беріу мен өндіріс салаларында ақпараттық технологияны пайдалану бойынша құзыретті болуы тиіс.

Сонымен қатар, МЖМББС мамандық бойынша пәндер циклына бөлінетін білім беру бағдарламаларының мазмұны көрсетіледі:




  • Жалпы білім беретін.




  • Базалық.




  • Профильдік.




  • Қосымша білім беру бағдарламалары.




  • Таңдау пәндері компоненті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет