Д. Т. Курманова, З. А


Теориялық оқытудың оқу жоспарлары және бағдарламалары



бет4/53
Дата05.09.2020
өлшемі1,28 Mb.
#77328
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
1849338815321 Курманова

1.3 Теориялық оқытудың оқу жоспарлары және бағдарламалары
Оқу жоспары - білім берудің тиісті деңгейіндегі оқу пәндерінің тізбесі мен көлемін, оларды зерделеу тәртібі мен бақылау нысандарын регламенттейтін құжат. Бұл кәсіби мектептердегі оқу процесін жоспарлаушы негізгі құжат болып табылады.
Оқу жоспары, оқу – тәрбие процесі құрылымында квалификациялы жұмысшы кадрлары еңбегінің сипаты мен мазмұнын бейнелейді, динамизм мен тұрақтылықты сәйкестендіреді. Оған үнемі түзетулер енгізіп отыру қажет, өйткені, ол ескіріп кетеді. Осы арқылы оқу жоспарының динамизмі көрінеді.
Сонымен қатар, оқу жоспары белгілі бір тұрақтылықта болуы да шарт. Бұл қарама - қайшылық оқу процесінде ғылым мен техникадағы, өнеркәсіп технологияларындағы және қоғамның әлеуметтік – экономикалық өміріндегі өзгерістерді болжау арқылы шешілуі тиіс. Әдетте, оқу жоспарына өзгерістер 5 жылдан жиі жасалмайды. Оқу жоспары құрамы:


  1. оқу-тәрбиелік мақсаттар мен кәсіптік білімнің міндеттері;




  1. мамандық – квалификациялық сипаттама;




  1. цикл бойынша оқытылатын пәндер тізімін орнатушы сағаттар кестесі;

Типтік оқу жоспары негізінде маман даярлау үшін жұмыс оқу жоспары жасалады. Олардың құрылымы мен мазмұны:




    1. Жалпы мәліметтер:




        • Мамандық атауы

        • Осы мамандық бойынша дайындалатын негіз - Жалпы орта білім

        • Оқу мерзімі




      1. Оқу жоспары бөлімдері:




  • Оқу бітіргеннен кейінгі квалификация деңгейі (мамандық атауы және разряд)




  • Оқу процесінің графигі

  • Уақыт мөлшері жайлы жалплама мәліметтер (апта саны)




  • Этап бойынша аттестация

- Қажетті шеберханалар, зертханалар, мамандық - теориялық, жалпытехникалық және мамандық - практикалық дайындыққа арналған кабинеттер тізімі

  • Оқу процесінің жоспары

Жоғары оқу орындарында (Жоо, колледждер,кәсіптік лицейлер және т.б.) оқу жоспарларының құрамына:




    • Оқу процесінің графигі




    • Уақыт бюджеті бойынша қорытынды мәліметтер

    • Оқу процесінің жоспары




    • Оқуды аяқтау нысандары (квалификациялық емтихандар, мем емтихан және т.б.)




    • Қажетті кабинеттер, зертханалар, шеберханалар тізімі

    • Оқу жоспарына түсіндірме

Кәсіби оқу орындарында кәсіби даярлық дәрежесін кәсіби дайындықтың


зияткерлік (интеллектуалдық) сыйымдылығы көрсеткіші арқылы есптеуге болады:
К=Ттеор/ Тпр
Мұндағы: Ттеор- теориялық оқуға берілетін уақыт (сағ);
Тпр- практикалық сабаққа берілетін уақыт (сағ):
К=1 болса, онда тиімді мән деп есептеледі (Еңбектің Халықаралық Ұйымы бойынша).
АҚШ-тың кәсіби оқу орындарында К=0,5
Жалпы білім беру базасы даярлығының көрсеткіші:
S= Тжббц/ Тмтц,
Тжббц- пәндердің жалпы білім беру циклын оқуға берілетін уақыт (сағ);
Тмтц- пәндердің мамандық-техникалық циклын оқуға берілетін уақыт (сағ);
Бұл көрсеткіштер оқу жоспарына түбегейлі талдау жасап, кейіннен жақсартуға жол ашады.
Оқу жоспарының негізгі құраушы бөлігі сағаттар кестесі (сетка часов), оның көмегімен оқушылардың пән бойынша сағаттық жүктемесін тарату жоспарланады. Оқу орындарындағы көппәнділік кері әсерлерін туғызады: сабақ жүргізу тұтастығы жойылады, оқу жоспарының сағаттар кестесіне апта көлемінде
аз сағат қойылады. Оқу орындарында төркіндес пәндерді біріктіру арқылы тығырықтан шығады.
Сонымен қатар, оқу жоспарындағы пәндер саны оларды оқыту мерзімдерімен тығыз байланысты. Бұл қатынасты төмендегі формуламен беруге болады:

N = К*АТ,


Мұндағы N – пәндер саны,
AT – оқыту мерзімі,
К —пропорционалдық коэффициент, оның шамамен орташа мәні:
орта мектептер үшін - 1,7-2,0;
орта арнайы оқу орындарына - 6-7;
жоғары оқу орындарына -7-11;
кәсіптік-техникалық мектептерге (толық емес орта білім) - 4-5;
кәсіби мектептерге (толық орта біліммен)- 7-8.
Оқу жоспарындағы пәндер кестесінде пәнді оқуға бөлінген сағаттарды апталарға бөліп оқыту интенсивтілігінің шамасын анықтайды. Оқыту периоды бойынша сағаттар санын пәннің сағаттық профилі деп атауға болады. Пәндердің үш профилін ажыратуға болады: жоғары өрлеуші, төмен құлдаушы және гоизонталь.
Егер семестрден семестрге пәннің апталық сағат саны өссе, онда ол жоғары өрлеуші профиль болып табылады. Жоғары өрлеуші профильді пәндерге арнайы технология және кәсіптік оқыту пәндерін жатқызуға болады.
Егер семестрден семестрге пәннің апталық сағат саны төмендесе, онда ол
төмен құлдаушы профиль болып табылады. Әдетте бұл профиль кәсіби мектептердің жалпы білім беру пәндері оқу жоспарындағы пәндер кестесінде қолданылады. Оның себебі, мысалы табиғи-математикалық цикл тек жалпы білім беру функциясын ғана атқарып қоймай, сонымен қатар, жалпытехникалық және мамандық циклы пәндерін оқу үшін дайындық этапы болып табылады. Егер пән бойынша сағат саны тұрақты болса, онда бұл профиль горизонталь профиль деп аталады. Оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқу осы горизонталь профиль бойынша жүргізіледі.
Оқу жоспарындағы сағаттар кестесін апта бойынша оқу сағаттарын бөлудің параметрлік функциясы ретінде қарастыруға болады. Педагогтік параметрлер ретінде: оқу сағаттарының жалпы саны, оларды оқу жылдары бойынша бөлу, оқу материалы көлемі (тезаурус), тезаурус құрамына кіретін ұғымдардың максимум және минимум күрделілігі, дағды мен іскерлік жүйесінің жалпы көлемі, дағды мен іскерлік жүйесін меңгерудің максимум және минимум күрделілігі, тезаурусты терең, әрі нақты меңгеруге қажетті уақыт, дағды және іскерлік жүйесін үздік құрау үшін қажетті уақыт алынады.
Оқу жоспарының мазмұны оқу пәндеріне, оқу пәндері блоктарына және циклдерге бөлінеді. Олардың ішінде ең кең көлемді ұғым болып пәндер циклы алынады. Шартты түрде кәсіби техникалық мектептер оқу жоспарының пәндерін

мынадай блоктарға бөлуге болады: жалпы білім беретін, базалық, кәсіптік, профильдік пәндер және қосымша білім беру пәндері.


Оқу жоспарының құрылымдық-логикалық жағын қарастыра отырып, жоғарыда аталған блоктардағы әр пән бойынша жүйеленген білім, іскерлік және дағды кеңінен қарастырылған бағдарламаларға жүгінеміз.
Бағдарламаларда қарастырылған оқу материалының құрылымы оқылатын пән дидактикасы, технологиясы және логикасы талаптарына негізделген. Кәсіби цикл пәндері бойынша кәсіби мектеп квалификациялы жұмысшыларды дайындап жатқан өндіріс саласы технологиясы талаптары маңызды.
Көптеген мамандықтар бойынша арнайы технологиялар және өндірістік оқыту бағдарламаларында оқу материалын орналастыру тәртібін анықтауда өндіріс процесі спецификасы ескеріледі. Циклдар бағдарламасында ұғымдар мен іскерліктер жүйесі дидактика принциптерімен анықталады. Олардың ішінде ғылымилық, жүйелік, жетімділік, теория мен практика байланысы принциптері ең маңыздылары.
Келесі аспект бағдарлама материалын қаншалықты терең оқытылатында. Мұнда қарастыралатын материалдың күрделілік дәрежесіне байланысты тақырыпта ашу тереңдігі анықталады. Оларды былайша жүйелеуге болады: жеңіл, орташа, қиын және өте қиын. Берілетін нақты материал – бұл ең қарапайым (жеңіл) материал, фактар жүйесі одан қиынырақ, оқылатын машиналар, аппараттар, механизмдер, материалдар, технологияның басты, маңызды белгілерін анықтау кейінгі қиындықта, ал ең қиын материал - себеп-салдарлық және ықтималдық қатынастарды анықтаушы материал.
Себеп-салдарлық қатынастар көптеген ішкі байланыстардан тұрады. Сондықтан оларды меңгеру оқушылар тарапынан үлкен қиындықтарға тап болады.
Бағдарламалық материалды оқытудың дидактикалық реті оқушы санасында ғылыми техникалық ұғымдардың дамуына әсер етеді. Жалпы техникалық және арнайы пәндер циклінде бағдарламалар алдымен келесі тақырыптарды меңгеруге жол ашатын негізгі, жалпы жағдайлар қарастырылатындай етіп құрылады. Жалпы білім беретін пәндер бойынша бағдарламалар құрылымы жайлы да осыны айтуға болады.
Бағдарлама материалы сызықты немесе шоғырланып орналасуы мүмкін. Ұғымдарды сызықты орналастыруда мазмұны бойынша бір-бірімен байланысты ұғымдарды тізбек құра отырып, қайталанбайтындай етіп орналастырады. Материалды осылайша орналастыру оқытушы уақытын үнемдейді, сол себепті оқытудың аз мерзімдері үшін өте тиімді.
Бағдарлама материалының шоғырлана орналастырылуы қандай да бір ұғымдар, заңдар қажетті деңгейде бірден ашылмаған жағдайда қолданылады.

Оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнында теория мен практиканың, пәндер және циклдар арасындағы байланыстар мүмкіндігі қарастырылады.


Сонымен квалификациялы кадрларды дайындау бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламалары заманауи еңбек нарығын сапалы мамандармен қамтамасыз етуге, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары мақсаттары, міндеттері мен талаптарына сәйкес келетін мамандар әзірлеуге бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет