Дайджест по освещению в сми



бет20/21
Дата26.06.2018
өлшемі9,54 Mb.
#44306
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
http://www.almaty.kz/page.php?page_id=3819&lang=3&article_id=38953

2017 жылғы 5 мамырда Алматы қаласындағы Достық үйінде  республикалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары және ҚХА Кеңесінің мүшелерінің қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық кеңесі өтті.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Д.Қ.Мыңбай, ҚХА Төрағасының орынбасары – А.М.Хамедов, Алматы қ. әкімі орынбасары – А.О.Қырықбаев, ҚХА Кеңесінің мүшелері, республикалық және Алматы қаласы этномәдени бірлестіктердің белсенділері, жастар ұйымдарының, Ассамблея Ғылыми-сараптамалық кеңесінің, зиялы қауымның өкілдері, БАҚ, этномәдени бірлестіктер мен ҚХА өзге де құрылымдарының басшылары қатысты.

Жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХV сессиясының шешімін, сондай-ақ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы Мемлекет басшысы бастамашылық жасаған жобаларды жүзеге асырудағы этномәдени бірлестіктердің міндеттері мен рөлі қаралды.

ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай өз сөзінде: «2017 жылғы 26 сәуірде Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы өтті. Елбасы өз сөзінде 2017 жылдың ерекшелігіне тоқталды . Бұл қоғам өмірінің барлық тарабында басталған ауқымды жаңғыруға байланысты. Ел Конституциясына өзгерістер мен қосымшалардың енгізілгені мемлекеттің саяси реформасын, яғни қоғамдық қарым-қатынастарды демократияландырудың жаңа кезеңін іске қосты. Қазақстан халқына Жолдауында Президент экономикалық өсудің жаңа үлгісін қалыптастыруға бағытталған Қазақстанның үшінші  жаңғыруының міндеттерін, ал «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында Мемлекет басшысы қоғамның рухани трансформациясына байланысты міндеттері жүктеді. Елбасы атап өткендей: «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады», -деді.



Сөз соңында Дархан Мыңбай Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан ҚХА Кеңесінің мүшесі, ҚР «Барбанг» күрдтер қауымдастығының президенті, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Жоғарғы Мектебінің Халықаралық Ғылым Академиясы мен әлееуметтік ғылымдар Академиясының докторы Князь Мирзоевты 70 жылдық мерейтойымен құттықтады. Алматы қ. әкімі атынан мерейгерді Алматы әкімі орынбасары Қырықбаев Арман Оразбайұлы құтықтады.


Каталог: sites -> default -> files -> print pdf
print pdf -> Ассамблея народа Казахстана дайджест по освещению в сми акции анк «конституция – Қазақстан халқы бірлігінің кепілі»
print pdf -> Астана 2016 Ассамблея народа Казахстана дайджест по информационному обеспечению деятельности ассамблеи народа казахстана и XXIV сессии анк
print pdf -> Ұлт рухының тірегі
print pdf -> Ассамблея народа Казахстана дайджест по освещению в сми расширенного заседания Совета Ассамблеи народа Казахстана
print pdf -> Ассамблея народа Казахстана дайджест по освещению в сми мероприятий анк с участием Государственного секретаря рк в г. Талдыкорган
print pdf -> Бірлік қуаты Ел дамуының жаңа кезеңінде қоғамға серпін берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
print pdf -> 9 декабря 2016 года астана 2016


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет