Дайджест по освещению в сми



бет19/21
Дата26.06.2018
өлшемі9,54 Mb.
#44306
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
http://arsu.kz/kk/content/ruhani-zhangyru-kazakstandyk-biregeylik-negizi

2017 жылдың 4 мамырында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Рухани жаңғыру – қазақстандық бірегейлік негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар – университеттің Қазақстан Халқы Ассамблеясы  кафедрасы.

Дөңгелек үстел жұмысына Ақтөбе облысы әкімшілігінің, Ақтөбе облысы ҚХА хатшылығының, «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының, РММ «Қоғамдық келісім», облыстық этно-мәдени орталықтардың, БАҚ өкілдері, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ оқытушылары, магистранттары мен студенттері қатысты.

Талқыланған мәселелер:

Жаһандану әлеміндегі бәсекегеқабілеттілік және прагматизм;

ҚР-ның эволюциялық даму жолындағы ұлтаралық келісімділік пен толеранттылық;

Білім беру саласы – болашақтағы жетістік факторы;

«Туған жер» бағдарламасы – жалпыұлттық патриотизм негізі.



Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы бойынша өткізілген «Рухани жаңғыру – қазақстандық бірегейлік негізі» атты дөңгелек үстел тартымды өтіп, қатысқан қонақтар жылы лебізін білдірді. КММ "Қоғамдық келісім"  маманы Әбілхан Ермағамбетұлы "Қазақстан халқы Ассамблеясы" кафедрасына өз қолтаңбасы бар кітаптарын сыйға тарту етті.

http://www.parlam.kz/kk/blogs/karataev/Details/4/45464

«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында  Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің мемлекеттік тапсырмасымен 2016 жылдың 5 қыркүйегінде «Тіл әлемі» порталы, «Emle.kz» сайты, «Termincom.kz» және «Atau.kz» сайттары іске қосылған болатын.  Осы сайттардың бүгінгі қызметі, техникалық жетілдіру жайы, қоғамға  тигізіп жатқан пайдасы, әлеуметтің пікірі жөнінде білу, жұмыс жоспарымен танысу мақсатында 2017 жылғы 20 сәуірде ҚР Парламенті Мәжілісінде Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының отырысы өткізілді. Отырыстың кіріспе сөзінде депутаттық топ жетекшісі, Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов Елбасы белгілеп берген рухани жаңғыру бағдарламасында тілдерді дамытудың маңызы ерекше  екендігіне тоқталды.

    Депутаттық топтың отырысында аталған жобаларды әзірлеген Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Е. Тілешов баяндама жасады. Баяндамада аталған интернет-ресурстардың бүгінгі жайы, жұмыс барысы, даму қарқыны, техникалық жетілдірілуі және орталықтың алдағы жұмыс жоспары жайында әңгімеленді.

    Парламент Мәжілісінің депутаттары Ф. Қаратаев, Ш. Нурумов, Б. Мамраев,  Қ. Ержан, Е. Никитинская, А. Мурадов  сөз сөйледі, олар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында латын әліпбиіне өтуді 2025 жылдан бастауды тапсыруына байланысты туындайтын міндеттерге тоқталды. Е. Тілешов Мәжіліс депутаттарының осы және басқа мәселелер бойынша қойған көптеген сұрақтарына жауап қайтарды.

    Депутаттық топ отырысын Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары В.К. Божко қорытындылады.




Каталог: sites -> default -> files -> print pdf
print pdf -> Ассамблея народа Казахстана дайджест по освещению в сми акции анк «конституция – Қазақстан халқы бірлігінің кепілі»
print pdf -> Астана 2016 Ассамблея народа Казахстана дайджест по информационному обеспечению деятельности ассамблеи народа казахстана и XXIV сессии анк
print pdf -> Ұлт рухының тірегі
print pdf -> Ассамблея народа Казахстана дайджест по освещению в сми расширенного заседания Совета Ассамблеи народа Казахстана
print pdf -> Ассамблея народа Казахстана дайджест по освещению в сми мероприятий анк с участием Государственного секретаря рк в г. Талдыкорган
print pdf -> Бірлік қуаты Ел дамуының жаңа кезеңінде қоғамға серпін берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
print pdf -> 9 декабря 2016 года астана 2016


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет