Дарынды балаларға арналған білім берудің мазмұнын даярлаудың негізгі бағыттары қандай?



Дата26.12.2022
өлшемі31,77 Kb.
#164549
Байланысты:
1. Дарынды балалар а арнал ан білім беруді мазм нын даярлауды
Ұлт мақтанышы, Ұлт мақтанышы

  1. Дарынды балаларға арналған білім берудің мазмұнын даярлаудың негізгі бағыттары қандай?
    2. Шетелдегі дарынды балаларға арналған білім берудің мазмұнын даярлаудың негізгі мәселелері
    3. Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану мақсаттары.
    4. Оқу сапасын арттыру мақсатында сыныпта АКТ-ны пайдалану әдістемесі.
    5. Оқудағы кедергілерді анықтау.
    6. Жас ерекшеліктері проблемаларын жеңу мақсатындағы педагогикалық тәсілдерді таңдау және нақтылау
    7. Оқыту үдерісін жақсарту мақсатында өзгерістерді жоспарлау.
    8. Сыныпта оқыту үдерісінде болып жатқан өзгерістерді қадағалау.
    9. Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Дарынды балаларға арналған білім берудің мазмұнын даярлаудың негізгі бағыттары:
-оқушылармен жұмыс;
-ата-аналармен жұмыс;
-педагогикалық ұжыммен жұмыс.
дарынды балалармен жүйелі және мақсатқа бағытталған жұмыс жасау жоспарланады және келесі бағыттардың іске асырылуы қарастырылады:
Үйлестіруші бағыт:
Әр дарынды балаға тәлімгерлік жүйесінің енгізілуі.
Ғылыми-зерттеушілік бағыт:
Дарынды балалар диагностикасының өткізілуі.
Дарынды балаларға білім беру және тәрбиелеу жағдайының диагностикасы.
Дарынды балалар туралы мәліметтер жиынының жасалуы.
Ғылыми-әдістемелік бағыт:
Дарынды балалармен жұмыс істеу үшін білім беру бағдарламалары мен әдістемелік материалдар жиынтығының жасалуы.
Эксперименттік бағыт:
Білім беру процесіне оқушылардың рухани зияткерлік және шығармашылық дағдысын дамыту мен қолдауға, шығаруға бағытталған дамыту формаларын және оқыту әдістерін енгізу.
Интернет білім беру желісін қолдану арқылы оқытуды ұйымдастыру.
Дарынды балалардың ата-аналарымен олардың психолого-педагогикалық құзіреттілігін арттыру мақсатында және қабілетті және дарынды балаларды тәрбиелеуге көмек көрсету үшін жұмыс жасауды ұйымдастыру.

Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:


Интерактивті тақта;
Мультимедия;
Интернет кеңістігі;
Электронды оқулық.
Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет:
Бір қалыптылықты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып отыру;
Баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуғабағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыраалу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;
Оң мотивацияларды қалыптастыру – мұғалімнің кәсіби міндеті. Мотив оқушының танымдық қызығушылықтары, жаңа білім, іскерлік, дағдыны меңгерудегі қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Жағымды жағдай туғызу үшін оқушыны коммуникативтілікке бағыттап, сабақта оқушы іс – әрекеті нынталандыратын ерекше сабақ формаларын таңдау керек. Мұғалімдердің тәжірибесі көрсеткендей, дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде мұғалімдер оқушылардың жемісті жәнетиімді іс – әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне видео сабақтар, интернет сабақ, спектакль — сабақ, саяхат — сабақ және т. б. жатқызуға болады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақта пайдаланудың тиімділігі:
Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;
Ақыл — ойындамытады;
Шығармашылық белсендігін арттырады;
Ұжымдық іс – әрекеткет әрбиелейді;
Тілбайлығын жетілдіреді;
Жан – жақты ізденушілігін арттырады.
АКТ – ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс – әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан — жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ-ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ-ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылыққа білетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ – ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай-ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс – әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.
Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарапшығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш-карталарына салып берудің тиімділігін білеміз.
Видео – сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалықматериалдар, т.с.с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео – сабақтар педагогикалық технологияның алға басқантағы бір қадамы. Оқушылардың ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз.
Оқытудың АКТ және олардың қолданудың мүмкіндіктері В.С.Герушинский, В.М. Левина, Е.И. Машбиц, Г.Н. Нұрғалиеват.б. ғалымдарының еңбектеріндезерттелген. Аталғанеңбектербілім беру процесінде АКТ-ны қолданудың психологиялық, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсетеді.
АКТ білім мен мәліметтердіәртүрліформада, әртүрлі күрделі деңгейде ұйымдастыруға, қажетті модульге тез арадақолжеткізуге, қолайлы жылдамдық пен бірнеше реет қайталап отыруға мүмкіндік береді. Білім беру процесінде табиғи және дәстүрлі лабораториялық жағдайда кейде қолжетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, мотивацияны жоғарлататын материалдарды жақсы меңгеруге көмектесе алады.

«АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан - жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық - аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. АКТ - ға жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпарттарды бақылайтын құралдар мен құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс (ноутбук, планшет, смартфон) құралдары.


Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:
Интерактивті тақта;
Мультимедия;
Интернет кеңістігі;
Электронды оқулық.
Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет:
Бір қалыптылықты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып отыру;
Баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;
Компьютерлік технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа және үлгерімі төмен оқушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу;
Оқушының есте сақтау қабілетін ескеру (жедел, қысқа мерзімді және ұзақ уақыттық есте сақтау).
Оң мотивацияларды қалыптастыру – менің кәсіби міндетім. Мотив оқушының танымдық қызығушылықтары, жаңа білім, іскерлік, дағдыны меңгерудегі қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Жағымды жағдай туғызу үшін оқушыны коммуникативтілікке бағыттап, сабақта оқушы іс - әрекетін ынталандыратын ерекше сабақ формаларын таңдау керек. Өз тәжірибемде көрсеткендей, дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде мен оқушылардың жемісті және тиімді іс - әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдаланамын. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне видеосабақтар, интернет сабақ, саяхат - сабақ және т. б. жатқызуға болады.
Жаңа АКТ - ны сабақта пайдаланудың тиімділігі:
Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;
Ақыл - ойын дамытады;
Шығармашылық белсендігін арттырады;
Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді;
Жан - жақты ізденушілігін арттырады.
АКТ - ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ - ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ - ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай - ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.

Оқыту мен оқу үдерісінде өзгеріс енгізу жайында біраз мәлімет беріп өтсем ,қазіргі болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесінде қайта қаралуда.Мұғалімдер үшін ең маңыздысы болып отырған мәселе-XXI ғасырда нені оқыту керек? Мұғалімдер оқушыларды қалай дайындайды?Мектепте мұғалім көшбасшылығы Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасында мазмұны осы екі мәселені шешуге бағытталған. (МАН 2016, 4б )Біз өзімізге «Өзгеріс не үшін қажет?», неліктен?, қалай істейміз?, одан кейін сыныпта не істеуіміз керек? Деген сұрақтарды алға тарта отырып, қарастыратын болсақ онда ең алдымен теориялық білімімізді тереңдетуден, толықтырудан басталады. Мақсатымыз бен міндетіміз айқындалғаннан кейін тақырыптық күнтізбелік жоспар мен күнделікті сабақ жоспар арасындағы алшақтықты байқадық. Ұзақ мерзімдіден бірден қысқа мерзімді жоспарға кетіп қалатынымызды түсіндік. Ол екеуін байланыстыратын орта мерзімді жоспар бар екенін білдік. Курс барысында бағдарлама негізінде алған теориялық білімім менің педагогикалық көзқарасыма әсер етті. Оқу барысында жеті модульді оқып үйрендім. Жеті модульді жете түсіну мен оны өз тәжірибеме енгізу мен үшін үлкен жаңалық болды. Дегенмен мен жаңалықтан еш қорыққан емеспін. Себебі жақсы ұстаз атану жолында жаңалық енгізуді қашанда қолдаймын. Жеті модульді оқып үйрену маған бағыт-бағдар берді, мұғалім ретінде тәжірибеме өзгеріс енгізуіме ықпал етті деп айта аламын.


Бірлескен оқу –өзара іс – әрекет жасау философиясы ,ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрлымы болып табылады . Бірлескен оқу –бұл оқыту мен оқу тәсілі, мәселелерді шешу ,тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесеп жұмыс жасауын білдіреді.
Бірлескен оқу ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап , өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады.Осы бірлескен жұмыс қолға ала отырып ағылшын тілі пәні мұғалімдері бірлесе отырып , орта мерзімді жоспарды құрдықфя. Осы өзгерісті мен орта мерзімді жоспардан бастағанды жөн көрдім . Орта мерзімді сабақ жоспарымен таныстырмас бұрын ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді ,орта мерзімді жоспарға тоқталып ,жалпы мәлімет беріп өтті. Яғни ұзақ мерзімді жоспар дегеніміз күнделікті сабақта қолданып жүрген , бір жылға жасалған ұзақ мерзімді жоспар деп атаймыз. Қысқа мерзімді жоспар күнделікті сабаққа қолданатын сабақ жоспары. Қысқа мерзімді сабақ жоспары Блум бойынша құрылады. Орта мерзімді жоспар дегеніміз - мұғалімдер тобының оқу бағдарламасын тізбектелген сабақтар топтамасына айналдыруы. Орта мерзімді сабақ жоспары тарау бойынша жасалады. Орта мерзімді сабақ жоспарын жоғарғы деңгейде түсінбесем де ,орта деңгейде түсіндім. Әр тарау бойынша жалпы бір мақсат қолжетімді, нақты смарт мақсат қойылады. Бөлінген әр тараудың өзіне бір мақсат қолжетімді, нақты смарт мақсат қойылады. Орта мерзімді сабақ жоспарда жеті модульді толығымен қамтылу керектігін және қысқа мерзімді сабақ жоспарында сол аталған жеті модульдің ішінен үш- төрт модульмен қамтылу және әдіс – тәсілдерді дағдыларды қамту бәрін қамту керек . Бұл жерде тренеріміз бізге шеңбері арқылы орта мерзімді сабақ жоспарда жеті модульді қалай қолдану керектігін көрсетті шеңбер құру әдісін арқылы топқа бөліп тастады, уақыт беріп белгіледі. Тренер өзінің қолына тақырыпты жазып алып тыңдаушылардың алдына бірінші боп өзі шығып көрсетті. Тақырып - дегеніміз бір сабақ көлемінде қарастыралатын мәселе 45 минут ішінде сиятын . Сабақтың мақсаты қол жетімді түсінікті болатын нақты сабақтың мақсаты дейміз. Яғни әрмен қарай орта мерзімді сабақ жоспарының мазмұнымен таныстық. Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша ортаға шықты. Күтілетін нәтиже - сабақтан алған білімін үйренетін болжап жазамыз. Әдіс – тәсілдер – тақырыпқа қол жеткізу үшін топтық жұмыс, жеке жұмыс, жұптық жұмыс осындай әдіс-тәсілдер қолдануға болады.Кедергілер-ойының шашыранқы болуы тілдегі кемістігінің болуы, денсаулығының болмауы ,ойын жекізе алмауы жатады.Барлығын қосқанда –Оқушыларға жас ерекшелігіне сай тапсырма беру. Яғни «А» деңгейлі «В» деңгейлі «С» деңгейлі оқушыларға тапсырма беру оңайдан қиынға қарай беріледі.Яғни барлығын қосқанда дегенде оқушылардың бәрін қамтимыз. Бағалау- балалардың алған білімін бағалаймыз.Бағалаудың түрлері өзін– өзі бағалау,оқу үшін бағалау критерийлер арқылы бағалауға болады.
Негізгі дереккөздер-Оқушылардың жас ерекшілігіне қарай қабілетіне қарай дерек көздерін электрондық оқулық, газет ,журналдар ,энциклопедия ізденіп жұмыс жасау жатады. Бұл жоспарды құру үшін мұғалім пәніміз бойынша топқа бөлді. Біз тізбектелген сабақтар топтамасын құруда алдымызға белгілі бір мақсат қойдық. Бұл мақсатта өзіміздің оқып жүрген оқулықтың көп пайдасы тигізді. Содан орта мерзімді жоспардың бағандарымен таныстық. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші барлығымыз бірігіп отырып, практикаға барғанда өткізетін сыныпты таңдадық, тарауымызға байланысты төрт сабақтан тұратын тізбектелген сабақтар топтамасын жасадық.Таңдап алған сынып 5 –сынып
Қысқа мерзімді жоспардың «Атақты адамдар» тақырыбын алып отырмын, бұл миға шабуыл жасаймынбейне жазба беріп, сыни тұрғыдан ойлау модуль қолдандым, Диалогтік оқыту оқушылар бір-біріне мәтіннен диалог оқиды.
Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу (деңгейлік тапсырма), АКТ (бейнежазба).
Оқу үшін бағалау және оқуды оқушылар өздерінн бағалайды. Бұл сабаққа оқу үшін бағалау мен дарынды және талантты балаларды оқыту модулін қарастырмақпын, себебі осы сыныпта дарынды балалардың көбірек жиналуы, яғни бұл оқушыларға тереңірек тапсырмалар дайындадым.
Оқушыларға бағалаудың критериалды түрін ұсынбақпын, яғни оқушылар өздерін критерий арқылы бағалауды үйренеді Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере келе, ОМЖ құрастыру кезінде тіл үйренудегі негізгі төрт дағдыны (тыңдау,оқу,жазу,айтуды ) төрт сабақта да қамти отыра жеті модульді, инновациялық стратегияларды кіріктірдім. Мақсатым оқушыларды өз беттерінше білім алуға ықпал ету ,керек жерінде бағыт-бағдар беру болғандықтан сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытатын әдіс тәсілдерді енгізе отырып, жаңа тақырыптарды өз алдына ашатын түрлі сұрақтар мен тапсырмаларды алдын ала жинақтап,топтап барлық сабақтарда болашақта пайдаландым. Балалармен жеке,жұптық,топтық жұмыс жасата отырып, жаңа тақырыпты Блум таксаномиясындағы танымдық саладағы дағдылар бойынша( білуге,түсінуге және де сол білімдерін өмірлік тәжірибеде қолдануларын) меңгерулеріне жол көрсетемін. Модульға Акт –ны кіріктірдім .Интербелсенді тақтамен жұмыс жасауды үйрену үшін кіріктірдім.
Ұзақ мерзімді,орта мерзімді ,қысқа мерзімді жоспарлау арасындағы өзара байланыс .Қысқа мерзімді сабақ жоспары күнделікті сабақ .Бұл сабақ жоспары үлгісі осы жаңа оқу жылынан бастап орта мектептерде енгізіледі. Осы өзгерістерді, белгіленіп алған сынып жоспарының оқу үдерісіне енгізіп, сабақтар тізбегін жоспарладым. Қысқа мерзімді жоспарды құруда бағытталған нәтижеге жету үшін оқу бағдарламасының негізін құрайтын модульдерді пайдаланудың тиімділігіне көз жеткіздім. Мен осы курска келгенге дейін, біраз білетінмін ,әрине оқығанға жетпейді. Менің осы уақытқа дейін қалыптасып үйренген дәстүрлі әдісіміз, мен үшін тиімді,өзгермейтіндей сабақ үлгісіндей болып көрінетін. Мен осы курска келгенге дейін біраз өзіме жаңалық аштым десем болады. Яғни сол кездегі дәстүрлі сабақтарымыз бен қазіргі оқып жатқан курстың негізінде құрылған сабақтың үлгісімен салыстыратын болсақ айырмашылықтары жермен көктей деп айтуға болады. Бұл қысқа мерзімді сабақ жоспарында жеті модульді қамти отырып, өткізілетін сабақтың, дәстүрлі сабақ бойынша тағы бір айырмашылықтарын байқадым,сабақ бойы өзім сөйлеп, өзім іс-әрекет жасап, бар ынтаммен түсіндіріп, түсінбеген жерін бірнеше рет қайтадан қайталап, бірнеше мысал келтіріп түсіндіретінмін. Осы жаңартылған білім саласында керсінше мұғалім бағыт-бағдар береді. Оқушы өзі ізденіп ,білімін толықтырады. Сабақта оқушылар өз білімдерін өздері бағалайды,Белгіленген критерилер арқылы да, оқушылар бірін –бірі бағалайды.Қорыта айтқанда «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы бағдарламасын игерген мұғалімдер әріптестеріне өз тәжірбиесінде жеті модульді енгізу мақсатында олармен жұмыс істейтін болады.Бағдарламаны игерген мұғалімдер өз әріптестерін жүзеге асыратын өзгерістерді ойластырып зерттейтін болады.Тізбектелген сабақтар топтамасының құрлымы Бағдарламаның жеті модулін жүйелі түрде енгізуге жағдай жасап, мұғалімдер жүргізген өзгеріс енгізу үдерісі мен осы өзгерістердің нәтижелері туралы тәжірбиеге негізделген мәлімет алуға мүмкіндік береді.
Оқытуды басқару және көшбасшылық

Англия мектептерінде жүргізілген Ұлттық көшбасшылық колледжінің зерттеулері (2004) тиімділігі жоғары және үнемі жетілдіріліп отыратын мектептерде оқушыны оқыту мен оқуының сапасын арттыруға бағытталған көшбасшылық қолданылатындығымен ерекшеленетінін көрсетті. Оқушыларының білім алуына басты назар аударуды басымдық ететін көшбасшы мұғалімдер өзінің әріптестері мен басқа қызметкерлерге үлгі бола алады. Элмор (2006) жауапкершілік саясаты мықты мектеп жүйесінде көшбасшылық – тәжірибені жетілдіру құралы болып табылады деп есептейді. Ал оқуға бағытталған көшбасшылық дәл осындай болып табылады.


Оқуға бағытталған көшбасшылық жоғары сапалы білім берілуіне қол жеткізу мақсатында оқу үдерісіне және оқушылардың, сондай-ақ мұғалімдердің, қызметкерлердің нәтижелеріне бағдарланған. Көшбасшы-мұғалімдер оқыту мен оқу үдерісін бақылау, нәтижелерді пайдалану, мұғалімдердің мықты жақтарын анықтап, олардың қажеттіліктерін білу, оқушылар топтары мен мектептің құрылымдық бөлімшелері үшін басымдықтарды белгілеу арқыты сыныптардың және бүкіл мектептің ішінде не болып жатқанын біліп отырады. Бқндай көшбасшылық барлық деңгейлерде қажет, себебі мектептегі көшбасшылық идеясын іске асыру маңызды екенін естен шығармай, оқуға бағытталған көшбасшылықты тарату және дамытуға басымдық беру қажет.
МакБет және басқалардың (2004) зерттеуі көшбасшылықтың табысты болуының алты факторын қарастырады:
Жай бөлініс: персоналдың олар үшін белгіленген рөлдер/лауазымдық нұсқаулар шегінде жұмыс істеуінен күтілетін нәтижені меңзейді. Жай бөлініс үдерісінің барлық қызметкерлер үшін жоғары дәрежелі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде артықшылығы мол. Маңайдағылар өздерінің қайда екенін біледі. Жай бөлініс батыл, түбегейлі өзгеріс енгізу үшін қажетті талап болуы мүмкін.
Прагматикалық бөлініс: Бұл тәсіл болып жатқан оқиғаларға сәйкес әрекет етуді білдіреді және де мектепке сырттан жасалатын, күн сайын күшейіп жатқан қысымға байланысты өзгеріп тұратын жұмыс жүктемесін қамтиды.
Стратегиялық бөлініс: Мектепті жетілдіруге бағытталған нақты мақсатқа бағыттылушылық – стратегиялық бөліністің өзіндік ерекшелігі болып табылады. Бұл бөліністі біз, мысалы, мұқият ойластырылған кадрлық тағайындаулардан көре аламыз, ол жағдайда олар жеке дара шеберлігі тұрғысынан емес, негізінен олардың мектептегі көшбасшылықты дамытуға қосқан үлесі тұрғысынан қарастырылады.
Кезеңдік бөлініс: Бұл тәсіл прагматикалық жағдаяттық сипатпен қоса, басым бөлігінде кәсіби дамуға бағдарланған стратегиялық сипатқа да ие. Себебі өздеріне көшбасшылық тән екендігін көрсете алған мұғалімдерге жауапкершілік те көп жүктеледі. Мұғалімдер өздерінің көшбасшылыққа қабілетті екендігін қаншалықты дәлелдей алса, оларға жүктелетін жауапкершіліктің мөлшері де соншалықты арта бермек.
Бастамашылық бөлініс: Бұндай бөлініс кезінде көшбасшылық мұғалімдерге бөлініп берілмейді, керісінше ол мұғалімдерді өзі қамтиды, яғни оны тағайындамайды, ал мұғалімдер өздері қабылдайды, сондықтан оны жоспарланған тәсілден гөрі, ерікті деп санауға толық негіз бар. Көшбасшылық қабілеттері бар мұғалімдер өз еріктерімен белгілі бір үдерісті жүргізу жауапкершілігін өз мойындарына алып, өздері ықпал ететін аймақ ауқымын кеңейтеді, кейде бұл үдеріс басшылықтың қатысуынсыз да болып жатады.
Бөлініс мәдениеті: Бұл жағдайда «кім» дегеннен гөрі, «не» дегенде баса назар аударылады. Көшбасшылық нақты қызмет саласында және жекелеген адамдардың бастамасы бойынша жүргізіледі. Мұғалімдер әріптестерімен бірлесе отырып, бастама білдіреді, оларда ешқандай басшы, жетекші деген болмайды. Бұл адам рухының, қайратының көрінісі, мектептің орныққан дәстүрлері, оның жалпы мәдениетінің көрсеткіші десе де болады. Көшбасшылықты бөлудің бұл түрі өзара қарым-қатынастардың төрт түріне байланысты.
Құрметтеу (басқаның пікірін тыңдау және бағалау).
Жеке қарым-қатынас (кәсіби өзара қарым-қатынасты қолдайтын орнықты жеке қарым-қатынас).
Құзыреттілік (басқалармен өзара қарым-қатынас барысында күтілетін нәтижеге қол жеткізе білу).
Адалдық (сенімді және шынайы өзара қарым-қатынас).
Осы Бағдарламада негізінен «көшбасшылықты тарату мәдениетіне» артықшылық беріледі. Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмысы (МКДЖ) жетекшіліктің бұл түрінің кең тарағаны болып табылады. Ол жауапты қызметі бар немесе жоқ мұғалімдер:
іс-тәжірибені жетілдіруге бастама жасау және ол үшін өзіне жауапкершілік алу;
оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер таңдау;
бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинау және қолдану;
кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысу үшін көшбасшылықты нығайтудың ерекше тәсілі болып табылады.
Дамыту жұмыстарын зерттеумен шатастыруға болмайды. МКДЖ бағдарламасы «мұғалім – зерттеуші» түсінігіне емес, «мұғалім – оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру жұмысының көшбасшысы» түсінігіне негізделе құрылған. Біз «академиялық империализм» деп аталатын мақсаттан – мектептерде оқыту мен оқуды жақсарту мақсатынан алшақтамауымызды қадағалап отыруымыз керек (Elliot, 1991). Дамыту бойынша жұмыс белгілі бір құбылыстардың пайда болу себептерін анықтау немесе тәжірибені талқылаудан тұрмайды. Шын мәнісінде ол мұғалім, ата-ана, оқушылар, жалпы мектеп өз тәжірибелерін жетілдіру үшін қатысатын үдерісті басқару мен басшылық етуден тұрады.
Ұжымдық іс-әрекет. Бір қарағанда мұғалімнің көшбасшылыққа оның «дауысын» күшейту мен жеке басының жетекшілік мүмкіндіктерін жеке де, ұжымда да кеңейту арқылы жететіндігі оғаш болып көрінуі мүмкін. Ұстаздардың жетекші топтарындағы және желілік қоғамдастық шеңберінде өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін мұғалімдер бірлесе жұмыс істеулері қажет. Мұндай бірлескен жұмыс өз мектептерінде тәжірибені таратуға ғана емес, сонымен бірге басқа мұғалімдерді иландыра алатын кәсіби білімнің негізін құрастыруға көмектеседі. Білімнің бұл негіздері – зерттеулерге негізделген білім емес, бұл басқаларға дем беретін және ары қарай іс-әрекет жасау үшін оларды қажетті бағытпен қамтамасыз ететін инновацияға негізделген жанды диалогтік үдеріс.
Жоғарыда айтылғанның барлығы: адамдар тек білім арқылы ізгілікті бола алады; білім беру – адамдардың зерделеп үйренуіне қажет көмектердің жиынтығы; жалпы алғанда, тек мұғалімдер ғана педагогикалық тәжірибені жақсарту жөніндегі шараларды қабылдай алады деген дәлелдерге келіп саяды. Қалған қоғамдық институттар (саясаткерлер, зерттеушілер, мемлекеттік емес ұйымдар және халықаралық органдар, яғни Бүкіләлемдік банк және ОЭСЗ) қолдау мен жаңа идеяларды ұсына алады. Бұл, әрине, оптимистік көзқарас, бірақ оптимизмге ынталандыру – мұғалім көшбасшылығының міндетті қыры болып табылады.
Мұғалімдер үшін маңызы
Мұғалім үшін оқыту мен оқудағы көшбасшылықтың бірнеше мәні бар:
мұғалім өзіннің оқыту және оқу үдерістерін түсінуін нақтылау;
оқыту және оқу үдерістерін әріптестерімен талқылауға мүмкіндік беру;
ересектерді де, балаларды да оқыту үшін барынша қолайлы жағдай жасау арқылы оқудың жоғары мәдениетті деңгейін орнату;
оқудың қажетті ауқымын стандартты жетілдірумен шектелетін шекарадан тыс кеңейту;
оқушылардың оқу үдерісіне тартылуы;
әріптестерді кәсіби дамыту үшін барлық оқушылардың мүмкіндіктерін бөлуге болатындығына сенімді болу;
оқыту мен оқу үдерістеріне әлеуметті, ата-аналар мен тиісті мүдделі адамдарды тарту.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет