Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары 2020-2021 оқу жылы



бет1/18
Дата07.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#96581
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
үлг төмен. дар ж
Қазақ тілінен талдау ж. дәптері

Бекітемін


М.Мәметова атындағы ЖОББМ
директоры
_____________С.И.Махмудова
«____»________2020 ж


Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары
2020-2021 оқу жылы

Мұғалімнің аты- жөні: Курмангалиева Бахтыкуль Амангельдиновна


Пән атауы Қазақ тілі және әдебиет
Мақсаты:

  • оқытуды жеке тұлғаға қарай бағыттау, диагностикалық зерттеу жүргізу арқылы дарынды оқушылардың қабілеттерін дамыту;

  • оқушылардың тілдік көркем стильді ауызша, жазбаша түрде қолдана білу біліктерін жетілдіру;

  • шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерінің дамуына жағдай жасау.






Жұмыстың түрі

Мерзімі

Жұмыс қорытындысы

1

Дарынды оқушыларға арналған жылдық жұмыс жоспарын құру

қыркүйек

Жоспар

2

Сынып жетекшілер және педагог – психологімен кеңесе отырып қабілетті (өте ерекше) оқушылар тізімін алу.

қыркүйек

Тізімін құру

3

Білім деңгейінің игеру қабілеттері мен психологиялық ерекшеліктерін анықтау

қыркүйек

Оқушылардың ерекшеліктері

4

Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу

Әр аптаның бейсенбісі

Жоспар

5

Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын жүйелеу (рефераттар, суреттер, шығармашылық жұмыстар)

Әр аптаның бейсенбісі

Оқушылардың шығармашылық жұмыстары

6

Өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту.

үнемі

Сабақ жоспарлары

7

АКТ технологиялар элементтерін пайдалану

Қажеттілігіне қарай

Презентациялар

8

Деңгейлік тапсырмалар дайындау

Қажеттілігіне қарай

Деңгейлік тапсырмалар

9

Тест және басқа да тапсырмалар арқылы танымдық қабілеттерін нығайту

Қажеттілігіне қарай

Тест тапсырмалары

10

Сабақ сайын озық тапсырмалар беру

Жыл бойы

Тапсырмалар

11


Пән бойынша білім-білік дағдыларының қалыптасуын үнемі бақылып, өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру

Сабақ сайын



Өздік бағалау


Орындаған: қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі Б.А.Курмангалиева



Қазақ тілі және әдебиеттік оқу пәндері бойынша жоғары деңгейдегі,
қабілетті оқушылартізімі
2020-2021 оқу жылы



Оқушының аты-жөні

ЖСН

Сыныбы



1

Қуанышбек Әлібек




4 «Б»

2

Ткаченко Никита




4 «Б»

3

Аухадиева Дилназ




7 «А»

4

Шеримкулова Дильназ




7 «А»

5

Жұман Жәнібек




7 «А»

6

Бектөре Рамазан




7 «А»

7

Шуваев Роман




9 «Б»

8

Дүйсенбай Аружан




10 «А»

9

Аманжан Аружан




10 «А»

Орындаған: қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі Б.А.Курмангалиева


Бекітемін
М.Мәметова атындағы ЖОББМ
директоры
_________С.И.Махмудова
«____»________2020 ж
Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жеке жұмыс жоспары
2020-2021 оқу жылы

Мұғалімнің аты- жөні: Курмангалиева Бахтыкуль Амангельдиновна


Пән атауы: Қазақ тілі және әдебиет
Мақсаты: Қазақ тілі пәнінен оқушының сабақ үлгерімін жақсартуға жағдай жасау,
білім сапасын көтеру
Міндеттері:
1 . Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін дамыту;
2. Өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру;
3. Оқушының ойын арқылы пәнге қызығушылығын ояту;
4. Қазақ тіліне қызығушылығын арттыру 
Жүргізілетін жұмыстар:

  1. Деңгейі төмен оқушыларды анықтау.

  2. Әр сабақ сайын білімін жаңғыртып, тілдесім әрекетіне баулу.

  3. Қосымша материалдарды пайдалану.

  4. Оқушыларды сыныптан тыс шараларға қатыстыру.

  5. Сабаққа жаңа әдіс- тәсілдерді, сызбалар мен көрнекіліктерін пайдалану.







Үлгерімі төмен оқушылармен
Жүргізілетін жұмыстар

Берілетін тапсырмалар және өз бетінше орындауға берілетін жұмыс

1

Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін дамыту

1. «Керекті сөзді тауып айт» ойыны
2. Әңгіме оқыту
3. Сөйлемді аяқтау
4. Логикалық сұрақтар

2

Үй тапсырмасын орындауға бейімдеу

1. Үйге берілген мәтінді оқып келу, сызба арқылы мазмұнын айтуды қадағалау.
2.Мәтінді көшіріп жазып келу.
3.Сөздерді буынға бөлгізу, буын түрлерін ажырату.

3

Оқушының есте сақтау қабілетін дамыту

1. Сөзжұмбақ шешуді үйрету.
2. Тестпен жұмыс жасауға жаттықтыру
3. Сызба бойынша бір тақырыпқа сөйлету

4

Әр оқушының сауаттылығын арттыру

1.«Қатеңді тап» ойыны
2.Заттардың атауын көпше түрінде жаз
3.Берілген сөздерден сөйлем құрастыру

5

Сөйлеу қабілетін дамыту

1.Үй тапсырмасын сұрау
2. Ауызша сұрақтар қою
3.Бір тақырыпқа сөз тіркестерін құрастыру
4. Жаңылтпаштарды жаттату

6

Оқушы деңгейіне қарай шығармашылыққа баулу

1. Тақырып бойынша сурет салу
2. Суреттер бойынша мәтін құрау



Орындаған: қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі Б.А.Курмангалиева


Қазақ тілі және әдебиеттік оқу пәндері бойынша үлгерімі төмен оқушылар тізімі


2020-2021 оқу жылы





Оқушының аты-жөні

Сыныбы



1

Звягенцев Кирилл

4 «Б»

2

Көдек Нұрболат

7 «А»

3

Хабибулла Бекжан

7 «А»

4

Хумарбек Айбек

7 «А»

Орындаған: қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі Б.А.Курмангалиева




Түсінік хат

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен оқушылардың қабілеттерін жетілдіріп, дарындылыққа дейін жеткізу мұғалімнен тыңғылықты дайындықты қажет етеді. «Балалардың бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар» деп Т.Фуллер айтқандай, бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу – бүгінгі заманның талабы. Мектеп, соның ішінде оның мұғалімі, ең алдымен, қоғамның әлеуметтік тапсырымын, өзі өмір сүріп отырған ортаның негізгі мақсаттарын жүзеге асыру айналасында жұмыс істеуі керек. Әлемдік білім кеңістігіне ену, өзіндік орнымызды анықтау – мұғалімдер қауымының алдына зор міндет жүктеп отыр. Соның бірі және бірегейі – оқытуды жеке тұлғаға қарай бағыттау, еліміздің ертеңі жас буындардың бойындағы қабілет пен талантты дер кезінде танып, аша білу. Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық бейнені сақтау – ең негізгі құндылық. Бұл құндылық тіл беріктігіне, тілдік ортаны дамытуға тікелей байланысты. Оқылатын пәндердің нысандары тіл арқылы ғана танылады. Қазақ деген елді өзгелер дарынды түлегімен, ойшыл ғалымымен, ұлтжанды данасымен таниды, ал осындай асылдарды әлемдік биікте таныту тіл арқылы жүзеге аспақ. Ендеше, оқушының тілдік дарындылығын дамыту – бүгінгі таңдағы басты мәселе.


Дарындылық – бұл өмір бойы жүйелі дамып отыратын психика сапасы, адамның басқалармен салыстырғанда бір немесе бірнеше іс-әрекет түрлеріндегі қол жеткізген жоғары жетістіктерінің көрінісі.
Дарынды бала - өз құрбыларынан ақыл-ойының дамуымен біршама озатын немесе аса көрнекті арнаулы қабілеттерін көрсететін бала.
Бүгінгі күнге дейін психологтардың көпшілігі дарындылықтың деңгейі, сапалы басқалай өзгешелік және даму сипаты тұқым қуалаушылық пен әлеуметтік орта мен жанама түрде баланың өз іс-әрекетінің (ойын, еңбек, оқу және т.б) күрделі әрекеттестігі деп мойындайды. Сонымен қатар баланың өзіндік белсенділігі, тұлғаның өзін-өзі дамытуының психологиялық механизмдері де үлкен мәнге ие, өйткені олар жеке дарынның қалыптасуы мен дамуына негіз болады. Сондықтан, бағдарламада оқушылардың дарындылығын дамыту мен қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлері қамтылған.
Бұқаралық ақпарат қатты дамыған кезеңде баланың ойлауы мен сөйлеуі арасында алшақтық айқын байқалады. Бағдарлама осы алшықтықты жоюдың бірден-бір жолы олардың сөйлеу және сауатты көркем тілмен жаза білу біліктерін жетілдіру түрінде қарастырады. Бағдарламада қамтылған жұмыс түрлері оқушының ішкі мүмкіндігін танып, оның сыртқа шығарылуына түрткі жасап, тілдік қабілеттің дамуына жағдай туғызуға болатындай етіп құрылған. Балалық жас – қабілеттер мен тұлға қалыптастыру, бала психикасында шоғырланған түрлі үрдістерді саралау кезеңі. Сондықтан оқушы дарындылығын дамытудың маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет