Дебиторлық ЖӘне кредиторлық Қарыздар есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері


Бағалау міндеттемелері жөніндегі ақпаратты ашу



бет8/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,67 Mb.
#87327
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45
Байланысты:
дебиторлық қарыздар

Бағалау міндеттемелері жөніндегі ақпаратты ашу
Бағалау міндеттемелерінің әрбір сыныбы үшін субъект мынаны ашады:
1) кезеңнің басы мен соңындағы баланстық құнды;
2) әрекет ететін бағалау міндеттемелерін ұлғайтуды қоса алғанда, кезең үшін құралған қосымша бағалау міндеттемелерін;
3) кезең ішінде соманың пайдаланылуын (яғни бағалау міндеттемелерінің орнына шеккен немесе есептен шығарылған);
4) кезең ішінде реверсияланған пайдаланылмаған соманы;
5) уақыт өткеннен кейін туындайтын кезең ішінде дисконтталған соманың ұлғаюын және дисконттау ставкасының кез келген өзгерісінің әсерін;
6) міндеттеменің сипатын қысқаша сипаттауды және осы міндеттеме бойынша туындайтын экономикалық пайда істен шығатын күтілетін уақытты;
7) осындай істен шығу сомасына немесе уақытына жататын белгісіздіктерді көрсету;
8) осы күтілетін өтемге қатысты танылған кез келген активтің сомасын көрсете отырып, кез келген күтілетін өтемнің сомасын.
Салыстырмалы ақпарат талап етілмейді.
Қолдану
Бағалау міндеттемесі көлемі бойынша белгісіз не белгіленбеген орындалу мерзімі бар міндеттемені білдіреді.
Осы бөлімде айтылған талаптар осы Стандарттың басқа бөлімдерінде қаралатын бағалау резервтеріне қолданылмайды, мынаны қамтиды:
1) жалға алуды;
2) құрылысқа арналған шарттарды;
3) жұмыскерлерге сыйақы беру жөніндегі міндеттемелер; және
4) пайдаға салынатын салық.
Кейде «бағалау міндеттемелері» термині амортизация, активтердің құнсыздануы және күмәнді қарыздар сияқты баптар контексінде пайдаланылады. Мұндай баптар міндеттемелерді тану емес активтердің баланстық құнын түзету болып табылады, сондықтан да осы бөлімде қаралмайды.
Қортындылай келген де міндеттеме бұл – кәсіпорынның басқа заңды немесе жеке тұлғаларға міндеттемелері (берешегі).
Пайда болу сипатына қарай кредиторлық қарыз қалыпты және ақталмаған болып бөлінеді.
Қалыпты кредиторлық қарыз пен кәсіпорынның бизнес-жоспарын орындау барысына, сондай-ақ есеп айырысудың іс жүзіндегі формаларымен байланыстыларын санаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет