Дебиторлық ЖӘне кредиторлық Қарыздар есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері


Кредиторлық қарыздар: түсінігі мен түрлері



бет6/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,67 Mb.
#87327
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
дебиторлық қарыздар

1.2. Кредиторлық қарыздар: түсінігі мен түрлері

Кредитордың қарыз – кәсіпорынның басқа заңды немесе жеке тұлғаларға міндеттемелері (берешегі).


Пайда болу сипатына қарай кредиторлық қарыз қалыпты және ақталмаған болып бөлінеді.
Қалыпты кредиторлық қарыз пен кәсіпорынның бизнес-жоспарын орындау барысына, сондай-ақ есеп айырысудың іс жүзіндегі формаларымен байланыстыларын санаған жөн.
Бұларға төлеу мерзімі келмеген акцептелген есеп-қисап құжаттары бойынша жабдықтаушыларға қарыз және бюджетке төлемдері өтіп кеткен қарыз және т.б.
Ақталмаған кредиторлық қарыз болып бюджетпен есеп айырысу бойынша - қаржы органдарына, еңбекті өтеу бойынша-кәсіпорын қызметкерлеріне, мерзімінде төленбеген есеп-қисап құжаттары бойынша - жабдықтаушыларға және т.б мерзімі өткен қарызтер саналады.
Кредиторлық қарызті тексерудің басты міндеттері мыналар:
1) Төлем тәртібін сақтауды тексеру.

  1. Есептеуде қолданылатын бағаның, тарифтің және басқа құндық көрсеткіштердің негізділігін тексеру.

  2. Кредиторлық қарыз сомасының шынайылығын тексеру.

  3. Есептеулерді реттеу мен кредиторлық қарызті азайту жөніндегі ұсыныстарды дайындау.

Кредиторлармен есеп айырысу жағдайын бақылауды ұйымдастыру келісім-шарттық және есептік тәртіптің нығаюына тапсырылған ассортиментте және төлемдік тәртіпті сақтау үшін жауапкершілікті арттыру сапасымен өнімді жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындауға, кредиторлық қарызті қысқартуға және соған орай шаруашылық жүргізуші субьектінің қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Мерзімі бойынша кредиторлық қарыздар екіге бөлінеді:

  1. Қысқа мерзімді кредиторлық қарыз.

  2. Ұзақ мерзімді кредиторлық қарыз.

Сондай ақ арнайы әдебиеттерде кредиторлық қарыз міндеттеме ретіндеде
қарыстырылады.
Міндеттеме - бұл реттеу экономикалық табыстарды құрайтын ресурстардың шығуына әкелетін бұрынғы оқиғалардан туындайтын дара кәсіпкердің немесе ұйымның қолданыстағы міндеті. Міндеттеменің келесідей түрлері бар (Сызба 2 көрсетілген ):

  1. Шартты міндеттеме

  2. Қаржылық міндеттеме

  3. Бағалау міндеттемесі




Сызба 2. Міндеттеменің жіктелінуі.


Шарты міндеттеме - бұл: өткен жағдайлардың нәтижесінде туындайтын және оның болуы бір немесе бірнеше белгіленбеген, субъектінің толық бақылауында болмайтын келешектегі оқиғалардың болуымен не болмауымен ғана расталатын ықтимал міндеттеме;


өткен жағдайлардың нәтижесінде туындайтын, бірақ: міндеттемелерді реттеу үшін экономикалық пайдасы бар ресурстардың шығуын талап ететін ықтималдықтың жоқтығынан; немесе міндеттеменің шамасы сенімділіктің жеткілікті дәрежесімен өлшенбейтіндіктен, танылмайтын қолданыстағы міндеттеме;
Қаржылық міндеттеме - мынадай: шартпен: ақша қаражатын немесе өзге де қаржылық активті басқа субъектіге беру;
субъект үшін ықтимал тиімсіз жағдайларда басқа субъектімен қаржылық активтермен немесе қаржылық міндеттемелермен алмасу белгіленген міндеттеме;
есеп айырысу субъектінің меншікті үлестік құралдарымен жүзеге асырылатын немесе жүзеге асырылуы мүмкін және мынадай:
кәсіпорынның меншікті үлестік құралдарының ауыспалы санын субъект беретін және беруге міндетті болатын;
ақша қаражатының немесе басқа қаржылық активтің белгіленген сомасын алмастыруға қарағанда есеп айырысу субъектінің меншікті үлестік құралдарының белгіленген санына өзге тәсілмен жүргізілетін немесе жүргізілуі мүмкін. Бұл мақсаттар үшін ұйымның меншікті үлестік құралдарына болашақта субъектінің меншікті үлестік құралдарын алуға немесе жеткізуге шарт болып табылатын құралдар қосылмайтын шарт болып табылатын кез келген міндеттеме;
Міндеттеменің ажырамас сипаттамасы субъектіде нені болмасын қандай да болмасын белгілі бір түрде әрекет ететін немесе қолданатын міндеттеменің бар болуы болып табылады. Міндеттеме қандай да болмасын заңды тұлғадан шыққан, сол сияқты практикадан алынған болуы мүмкін. Заңды міндеттеме міндетті шарттан немесе заңнамалық шарттан шығады және мәжбүрлі тәртіппен орындалуы мүмкін. Практикадан шығатын міндеттеме - мынадай жағдайларда субъектінің іс-әрекетінен туындайтын міндеттеме:
1) саясат немесе жеткілікті түрде нақтылы ағымдағы өтініш деп жарияланған өткен қызметтің орныққан практикасында субъект басқа тараптарға ол өзіне белгілі бір міндеттерді қабылдайтындығын көрсетсе; және
2) нәтижесінде субъект осы тараптарда өзіне қабылдаған міндеттерді орындайтындығына қатысты негізделген күтулер жасаса.
21. Қолданыстағы міндеттемені реттеу, әдетте, ақша қаражатын төлеуді, өзге де активтерді беруді, қызметтер көрсетуді, қолданыстағы міндеттемені басқа міндеттемемен ауыстыруды немесе міндеттемені жеке капиталға ауыстыруды көздейді. Міндеттеме, сондай-ақ кредит берушінің өзінің құқықтарынан ерікті немесе мәжбүрлі бас тартуы сияқты басқа да құралдармен өтелуі мүмкін.
Бағалау міндеттемесі көлемі бойынша белгісіз не белгіленбеген орындалу мерзімі бар міндеттемені білдіреді. Кейде «бағалау міндеттемелері» термині амортизация, активтердің құнсыздануы және күмәнді қарыздар сияқты баптар контексінде пайдаланылады. Мұндай баптар міндеттемелерді тану емес активтердің баланстық құнын түзету болып табылады, сондықтан да осы бөлімде қаралмайды.
Бастапқы тану
Субъект бағалау міндеттемелерін:
1) субъектіде өткен оқиғаның нәтижесінде әрекет ететін міндеттеме болғанда; және
2) міндеттемені жабу үшін экономикалық пайданы беру талап етілуі мүмкін болса; және
3) міндеттеме сомасы сенімді түрде бағалануы мүмкін болғанда ғана тануға тиіс.
Сирек жағдайда әрекет ететін міндеттеменің бар-жоғы түсініксіз болады. Мұндай жағдайда, егер есепті күні барлық бар куәліктерді ескере отырып, әрекет ететін міндеттеме бар болса, өткен оқиға әрекет ететін міндеттеменің туындауына алып келуші болып саналады.
Субъект бағалау міндеттемесін баланстағы міндеттеме ретінде тануға, егер:
1) ол қорлардың өзіндік құнына енгізілетін шығындардың бір бөлігі болып табылмаса, немесе
2) негізгі құралдардың өзіндік құнында танылмаса, сондай-ақ шығысты пайданың немесе залалдың құрамында бағалау міндеттемесінің мөлшеріне тең сомаға тануға тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет