Дебиторлық ЖӘне кредиторлық Қарыздар есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері


«ШЫМКЕНТ ҚҰС» ЖШС ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет9/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,67 Mb.
#87327
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45
Байланысты:
дебиторлық қарыздар

2. «ШЫМКЕНТ ҚҰС» ЖШС ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


2.1. Дебиторлық қарыздар бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру

Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ қарыздары — Дебиторлық қарыздар (Алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық қарыздар ағымдағы алынуға тиісті қарыздар және ұзақ мерзімді алынуға тиісті қарыздар болып екіге бөлінеді. Бұл қарыздардың есебі "Алынуға тиісті шоттар" бөлімінің шоттарында есептеледі.


Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелінетін) дебиторлық қарыздар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:
- ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;
- тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті қарыздар;
- вексельдер бойынша алынуға тиісті қарыздар;
- негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық қарыздар;
- ұйымның лауазымды адамдарының (тұлғаларының) дебиторлық борышы;
- басқадай дебиторлық қарыздар. Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексель бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша қарыздар (дебиторлық қарыздар) иелік ету құқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты актив болып саналады. Қорытындылап айтатын болсақ "дебиторлық борыш" дегеніміз, бұл — иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.
Ұйымның қаржы жағдайын сыйпаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық қарыздардың айналымы жатады. Яғни дебитолық қарыздардың есептелген уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық борышы оған байланысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады. Дебиторлық қарыздар сатылған өнімдер мен тауарлардың құнынан баға жеңілдіктерін (скидки) және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сома бойынша есептеледі. Бір жылдан астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық қарыздар "Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар" болып есептеледі. Дебиторлық қарыздардың пайда болған (есептелінген) уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын сатқанда кейде сатып алушыларға баға жеңілдіктерін береді. Ұйымдардың бұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушыларды қызықтыру арқылы сатылатын тауарларының көлемін арттыру болып табылады. Сонымен қатар баға жеңілдіктерін (скидки) пайдалану ұйымның күмәнді қарыздарының сомасын қысқартуға үлкен әсер етеді. Халықаралық тәжірибеде баға жеңілдіктері (скидки) терминімен (сөзімен) бірге сауда жеңілдігі термині (сөзі) қатар қолданылады. Өз экономикасын нарықтық жолмен жүргізіп келе жатқан елдердегі ұйымдар сауда жеңілдігін тауарларды сатудағы жарнама ретінде пайдаланады. Ұйымдардың сауда жеңілдігін қолдануының мақсаты баға жеңілдіктерін (скидки) пайдаланғандағы жағдаймен бірдей деп айтуға болады.
Кейбір жағдайларда сапасының төмендігінен немесе тауарлардың ақау болу себебінен сатылған тауарларды қайтаруға тура келеді. Бұндай тауарларды қайтарып алу сатушы ұйымдар үшін тиімсіз болады. Сондықтан да кәсіпорын сатып алушы заңды немесе жеке тұлғаның осы тауарлар бойынша борыш сомаларының мөлшерін қысқарту туралы талабын қабылдауға келісуіне тура келеді. Әрине аталған жеңілдікті жасау ұйымның келіп түсуге (алынуға) тиісті табыстарының көлемін азайтатындығы сөзсіз. Бұл жағдайда ұйымның бухгалтериясында жасалынған жеңілдік сомасына:
Д-т: Баға шегерімі — шоты
К-т: Алынуға тиісті қарыздар— шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
Егер сатылған тауар ұйымға қайтарылған болса, ол үшін жазылатын бухгалтерлік жазу мына түрде бейнеленеді:
Д-т: Сатылған тауарлардың қайтарылымы — шоты
К-т: Алынуға тиісті қарыздар — шоты
Кәсіпорындардың бухгалтериясы дебиторлық қарыздар есебін жүргізу барысында мына төменде аталған құжаттарды (есептік тіркелімдерді) қолданады:
нөмірі 7 — Журнал-ордер - "Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борышы" деп аталатын шотының кредиті бойынша;
нөмірі 8 — Журнал-ордер — "Алынуға тиісті қосылған құн салығы, "Есептелген пайыздар", "Басқадай дебиторлық қарыздар" және "Берілген аванстар" деп аталатын шоттардың кредиті бойынша;
нөмірі 9 — Журнал-ордерге қосымша тізімдеме — "Берілген аванстар" шотының дебиті бойынша;
нөмірі 10 — Журнал-ордер — "Күдікті қарыздар бойынша резерв", "Алдағы кезең шығыңцары" шоттарының несие (кредиті) бойынша;
нөмірі 11 — Журнал-ордер — "Сатып алушылар және тапсырыс берушілердің борышы" шотының және "Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борышы" шотының кредиті бойынша жүргізіледі.
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер және басқадай дебиторлармен есеп айырысудың есебі бойынша жоғарыда аталып өткен тіркелімдерден басқа дебиторлық қарыздардың есебіне талдамалық (аналитикалық) есептің карточкалары, ажырату парақшалары (қағаздарын), бухгалтерлік анықтамалары және тағы да басқа тіркелімдер (құжаттар) қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың жиынтығын анықтау үшін керек. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартында (соның ішінде Америка Құрама Штаттарының бухгалтерлік есеп стандартында) ұйымның бухгалтерлік ссеп жұмысын жүргізу барысында қолданатын барлық бланкілері үшін міндетті ортақ есеп беру формалары қарастырылмаған. Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін таңдап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін болсақ, олар негізгі есеп тіркелімдерінде үнемі қатысатын, эпизодтық болып бөлінеді және олар басқадай операцияларда қолданылады. Дебиторлық қарыздар шоттарында есептелетін сомалардың дұрыстығы мен олардың толықтығын бақылау үшін түгендеу жүргізілуі қажет, ол құжаттар бойынша шоттарды корреспонденцияланатын шоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі. Мұндағы басты, мақсат,— әрбір шоттағы сомалардың сәйкестігі мен дұрыстығын, толықтығын анықтау болып табылады. Дебиторлық борышты есептеудегі басты мәселе сату мерзімін анықтау болып табылады, яғни сатып алушыларға тиеліп жіберілген немесе жөнелтілген тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) қашан сатылғанын тануында. Бухгалтерлік есептің көзқарасымен қарағанда, тауарлардың тиелуі мен сатып алушыға қаржылық және есеп айырысу құжаттарының ұсынылуы, тауарлардың сатылғандығы деп танылады.
Дебиторлық қарыздар келесідей бөлімдерден тұрады:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет