«Дефектология негізі» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен



бет4/11
Дата25.06.2017
өлшемі2,12 Mb.
#19992
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Тексеру сұрақтары:

  1. Дефектология пәні дегеніміз не

  2. Дефектологияның негізгі міндеттерін ата.

  3. Дефектологияның қандай салалары бар

Ұсынылған әдебиеттер:

1.Специальная педагогика /Под. ред Н.М.Назаровой, М.-2000.3-17б.

2.Настольная книга педагога- дефектолога /Т.Б.Епифанцева, Феникс,2006.

3.Лапшин В.А., Пузанов Б.П. Основы дефектологии, М.-1990.8-17б.

4.Дефектология: словарь – справочник. / Под ред. Б.П. Пузанова, М., 1996.

5.Выготский Л.С. Собрание сочинений в 6-ти томах, М., 1983.

2 дәріс

Тақырып:Арнайы оқыту мен тәрбиелеу теориясы және практикасының дамуы.

Дәріс мазмұны:

1.Арнайы оқыту мен тәрбиелеу теориясының дамуы

2. Дефектологияның даму мәселелері.

Кеңестік революцияға дейін оқу орындары саны өте аз мөлшерде приюттік типте болды.Дене және ақыл -ойы жағынан ақаулығы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мемлекеттік жүйедегі білім беру саласына енгізілді.Ұлы қазан жеңісінен кейін кеңестік мемлекет ақаулығы бар балаларға аса ерекше түрде көңіл бөлуді қолға алды.1918 жылы ақаулығы бар балаларға жекелей қайырымдылық сипаттағы балалар мекемесі болып, ол жалпы мемлекеттік жүйедегі білім білім беру саласына қосылды.1919 жылы Халық комиссариаты кеңесі саңырау, соқыр, ақыл- ойы кеміс, психикалық жағынан ауру балаларды емдеу, оқыту және тәрбиелеу ісі жөнінде жұмысты қолға алды. Сол кезде мүмкіндігі шектелген балаларға көмек ету ісіне мемлекеттік қоғам қайраткерлері А.И.Ульянова –Елизарова,А.В.Луначарский, А.М.Горький араласты.Осыдан бастап біртіндеп ақаулығы бар балаларға оқыту және тәрбиелеу ісі ғылыми негізілікте дами түсті. Психология, медицина, педагогика салаларындағы В.М.Бехтерев, Л.С.Выготский, В.Н.Мясищев,Г.И.Россолимо,Ф.А.Роу,В.М.Кащенко,Н.М.Лаговский, Н.А.Гроборов мүмкіндігі шектелген балаларға өз қызығушылықтарын танытып, өз үлестерін қосты.1920 ж. өткен съезд және конференцияларда «Балаларды қорғау және балалар кемшілігін қорғау» бойынша арнайы білім беру жүйесінде дефектология өздігінен дербес білім аймағына айналды.1929 ж. елімізде 1-ші рет ақаулығы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу және оларды еңбекке әзірлеу мәселесін зерттеу жөнінде ғылыми орталықтың құрылуы аса үлкен жаңалық болды. Бұл экспериментальдық дефектологиялық институтқа (ЭДИ) көрнекті кеңес ғалымы И.И.Данюшевский (директор), Л.С.Выготский (ғылыми қызметкер) қызмет етті. Біртіндеп жылдан жылға ақаулығы бар балаларға қоғам ,мемлекет тарапынан көмек ету және оларды үйлесімді жағдаймен қамтамасыз ету қарқынды дами түсті.1971 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымында «Ақыл- ойы кеміс тұлғалар құқығы» Деклорациясы, 1971 жылы «Мүгедектер құқығы» туралы Деклорация қабылданды. Еліміздің ірі қалаларында арнайы мектептер кеңінен ұйымдастырыла түсті Қазіргі кезде де ақаулығы бар балаларға арнайы көмек беру, олардың түзелуіне жағдай жасаумен қамтамасыз ету қоғам және мемлекет тарапынан белсенді түрде іске асырылуда. Әрбір арнайы мектептер жұмысы арнайы бағдарламалар бойынша, әдістемелік бағытта, оқу және көрнекі құралдар арқылы іске асырылды. Көмекші және арнайы мектептер Ғылыми зерттеу институтымен тығыз байланыста жүргізіліп дами түсуде.Балалардың ақаулықтарын дер кезінде анықтау, ерте медициналық зерттеу, психологиялық- педагогикалық диагностика жұмысын жүргізу, олардың ақаулықтарын дұрыс және нақты анықтай отырып медициналық- педагогикалық-психологиялық көмек беру істері де қарастылуда.

Біздің елімізде ақаулығы бар балаларды есепке алу және оларды қамтамасыз ету денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік мекемелер қызмет етеді.

Денсаулық сақтау мекемесі:



  • әртүрлі ақаулық дамуына қарай оларды жаппай белсенді түрде зерттеу;

  • нәрестелік, сәби, мектепке дейінгі, кіші шәкірттік, жасөспірім шактардағы дамудың түрлі бұзылыстарын ерте анықтау;

  • жүйелі түрде дәрігерлік бақылау, қажетті әдістер негізінде терең түрде диагностика жүргізу, бұған психолог, дефектолог және медициналық мамандарді тарту;

  • арнайы емделу орындарында және емхана жағдайларында ауруды емдеу;

  • медициналық іс-шараларды жүйелі жүргізу;

  • ақаулықтың алдын алу бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын ата-аналармен бірлесе жүргізу; бала дамуының әр кезені бойынша мәселелерді шешу;

  • ақаулықтың ауыр түрлеріне дәрігерлік-еңбектік жедел комиссия мен әлеуметтік қорғау мекемелеріне жолдама беру;

  • ақаулығы бар балаларды есепке ала отырып оларға көмек беру;

  • ақаулық сипаты жөнінде статистикалық мәліметтер жинақтау және іс -қағаздар жүргізу.

Білім беру мекемесі:

Ақаулығы бар балалар мен жасөспірімдердің дамуына педагогикалық түзету жолында 3 жастан 18 жасқа дейінгі аралықта оларды оқыту мен тәрбиелеу және оларды еңбек пен кәсіби даярлауды қамтиды.



  • ақаулығы бар балаларға психологиялық- педагогикалық диагностика жүргізу;

  • психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру;

  • ақаулығы бар балаларға арналған статистикалық есеп жүргізу;

  • арнайы және көмекші оқу орындарында оларды топтастыру;

Әлеуметтік қорғау мекемесі:

Мүгедек балаларға арналған есеп әлеуметтік қорғау мекемесінде қаралады. Әлеуметтік қорғау мекемесі комиссиясының шешімі негізінде мүгедектік зейнетақымен (төлем ақы) қамтамасыз етіліп, мүгедектерге арналған интернаттарға жолдама беріледі.Интернаттарға 3 жасқа толғаннан кейін, кезекті қозғалыс тәртібімен қамтамасыз етіледі.

3 дәріс

Тақырып: Ақаулығы бар балалар

Дәріс мазмұны:

1.«Ақаулық» түсінігі.

2.Ақаулығы бар балалардың ерекшеліктері

3.Ақаулықтың болу себептері

“Anomalия”- грек сөзінен алғанда «дұрыс емес» деген мағынаны білдіреді. Ақаулығы бар балалар жалпы денелік және психиқалық жағынан кемшіліктері бар балалар тобына енеді.Ақаулығы бар балалардың дене және психикалық жағынан бұзылып келуі, олардың жалпы дамуына өзіндік өз әсерін тигізеді. Мұндай балалар тобы арнайы оқыту мен тәрбиелеу және түзету жұмысын қажет етеді. Ақаулығы бар балалар тобына:

Есту қабілеті бұзылған;

Көру қабілеті бұзылған;

Сөйлеу тілі бұзылған;

Интеллектілік дамуы бұзылған;

Психикалық дамуы баяу;

Тірек- қимыл аппараты бұзылған;

Күрделі түрдегі бұзылыстар;

Психикалық мінез-құлқы жағынан бұзылған;

Сондай-ақ жоғарыда айтылған ақаулықтарымен қоса, белгілі бір организмге байланысты жалпы жүйелік түрлері де бар.

-денелік ақаулықтар

-сенсорлы бұзылыстар

-ми қызметі бұзылыстары

Мүмкіндігі шектелген балалар күрделі және әртүрлі сипаттағы бұзылыстармен сипатталады. Мұндай балалар тобы оқу танымдық, еңбек іс-әрекеттерінде және әлеуметтік байланыстарда ерекшеленіп байқалады. Әрбір бұзылыстың өзіндік сипат ерекшелігіне қарай балалардың дамуы барысында оқыту мен тәрбиелеу жұмысының жүйелі жүргізілуі нәтижесінде ғана түзелуі мүмкін, ал кейбіреулерінде бұл үрдіс ұзақ уақытты қамтуы ықтимал.Бұл мүмкіндігі шектелген балаларға көмек ету, оларға көмек беру барысында ғана іске асырылады. Ақаулығы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісімен педагогикалық, медициналық, психологиялық, әлеуметтік салалар бірлесе отырып түзету, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу барысында көмек беру және оларды қолдау арқылы ғана жүзеге асырылады.

Балаларда психо- денелік ақаулықтардың болу себептері:


  • экологиялық әсерлер (өндіріс орындары мен газ-мұнай саласы, қара-түсті металлургияның зиянды заттардың ауаға тарауы.Су қоймасының ластануы,жер асты суларының ластануы;

  • экономикалық жағдай;

  • әлеуметтік жағдай;

  • отбасылық жағдай;

  • онкологиялық ауру;

  • жұқпалы аурулар;

  • эндокриндік жүйке ауру салдары;

  • генетикалық бұзылыстар;

  • дүниеге келу сәтіндегі қолайсыз жағдайлар;

  • даму жағдайының ауыр деңгейде болуы.

Халықаралық қоғам ұйымы даму ақаулықтарының түрлеріне байланысты жүйелілікті жинақтау жұмыстарымен айналысуда.Дамыған елдердің көпшілігі өз еліңдегі денсаулық мүмкіндіктерінің шектелу белгілеріне орай терминалогия және жүйелілік бойынша өз санақтарын жүргізіп жатыр.Статистикалық мағлұмат елдердің дамығандығына, медициналық, әлеуметтік және педагогикалық көмек көрсету сапасына байланысты анықталады Бүгінгі таңда статистика проценттік қатынасын дәлірек анықтап отыр.Ақаулығы бар балалардың арасында бірінші орынды оқытылуы қиын балалар алса, екінші орынды ақыл- ойы баяу дамыған балалар орын алып отыр. Үшінші орында сөйлеу тілі бұзылғандар.Жалпы әлемде 1000 адамның үшеуі соқыр, ал 5 пайыздан астамы есту ақаулығы барлар.Әрбір үш оқушының, яғни 7-15 жас аралығындағы балалардың 4-5 оқушысы ақыл- ойы баяу немесе оқытылуы қиын оқушылар болып табылады.Әрбір 800 жаңа туған нәрестенің біреуі Дауна синдромына шалдыққандар.Ресей Федерациясының білім министрлігінің статистикалық мағлұматы бойынша қазіргі уақытта 1,7 млн балалардың, яғни 4,5 пайызы денсаулығы жағынан мүмкіндігі шектелген балалар қатарына жатады және олар арнайы білім беруді талап етеді.Қазіргі таңда 500мыңнан астам ақаулығы бар балалар арнайы білім беру мекемелерінде оқытылып тәрбиеленуде.

4 дәріс



Тақырып: Арнайы педагогиканың психологиялық негізі

Дәріс мазмұны:

  1. Арнайы психологияның міндеттері

  2. Арнайы психологияның негізгі түсініктері, мәселелері.

Арнайы психология- психикалық дамуы артта қалған тұлғаларды зерттейтін психологияның бір бөлімі. Бұндай зерттеулердің негізінде әртүрлі ақаулықтарды қалпына келтіру мүмкіндіктері, аномалиясы бар тұлғаны оқыту және тәрбиелеуді және түзетуді қарастырады.

Арнайы психология көрмейтіндер психологиясы (тифлопсихология), естімейтіндер (сурдопсихология), ақыл-ой дамымай қалған (олигофренопсихология), сөйлеу қабілеті бұзылған және психикалық дамуы жағынан артта қалған т.б. болып бөлінеді.

Арнайы психологияның міндеттері:

● аномалиясы бар балалардың жалпы және арнайы заңдылықтарын бөліп көрсету;

● әртүрлі ақаулығы бар адамдардың дамуындағы әртүрлі танымдық әрекеттерін игеру;

● диагностикалық әдістер мен психологиялық коррекция жұмыс тәсілдерін өңдеу және оны тарату;

● ақаулығы бар адамдарға психикалық дамуына керекті тиімді педагогикалық әдістерді қолдану.

Осылай арнайы психологияның маңызы, психикалық ақаулығы бар адамдары оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтік бейімделуімен анықталады.

Психикалық функцияның компенсациясы (лат. Compensatio –теңестіру) – бұл дамымай қалған психикалық функцияны қалпына келтіру. Психикалық функцияны қалпына келтіруде жаңа әрекет құрлымына бұрын қатыспаған әрекеттерге тарту.

Функцияны қалпына келтірудің екі типі бар.

Бірінші - бұл ішкі системалық қалыпқа келтіру.

Екінші- функциялық системаны қайта құру арқылы жүзеге асыру. Мыс: туылғаннан соқыр балада көру функциясының қалпына келтіру сезу арқылы орындалады.Көпшілік жағдайда қалыпқа келтіру функциясының екі типі де қарастырылады.Осы айтылған қалыпқа келтіру формалары тұлғаның толықтай дамуын қамтамасыз етеді. Бұл білім алу, еңбек дағдысын игеру сияқты мүмкіндіктер арқылы жүеге асырылады. Қалыпқа келтіру теориясы арнайы оқыту теориясымен тығыз байланыстылықта дамиды.

Л.С.Выготский психикалық функция компенсация теориясын қарай отырып, бірнеше маңызды сәттерін атап көрсетті:

Біріншіден, Л.С.Выготский аномалиясы бар балаларды әртүрлі әлеуметтік маңызы бар әрекеттерге қатыстыруға көп көңіл бөлген. Оның айтуынша қандайды болмасын бір органның жұмыс жасамай қалғанда басқа мүшелер әдетте атқармайтын қызметті жасайды.

Екіншіден, Л.С.Выготский ақаулық құрылым енгізді. Алғашқы бұзылыстар, мыс: естудің төмендеуі, көрудің т.б. төмендеуі екінші және үшінші ақаулықтарды тартады.

Үшіншіден, жалпы тәрбие міндеттері мен арнайы әдістемелердің өзара байланысы туралы, олардың өзаратәуелділігі;

Төртіншіден, Л.С. Выготский әртүрлі бұзылыстары бар адамдардың компенсацияның негізгі жолы оларды белсенді еңбек әрекетімен қамтамасыз ету.Ол компенсацияның денелік мүмкіншіліктерін жоғары бағалады. Мыс, сенсорлық зақымы бар адамдарға (көрмейтін, естімейтін) еңбектің көптеген түрлеріне қол жеткізе алады деді. Жұмысқа дұрыс ыңғай табу қоғамда толықтай қалыптасуыа бағыттайды.

Бесіншіден, соқырлық, естімеу т.б. өздіктерінен тасымалдаушы емес. Оның ойынша, тұлға өмірін дефект емес, оның әлеуметтік- психологиялық тұрғыдан іске асырылуы шешеді.

Психолог, дефектологтар мен психологтарлардың зерттеу нәтижелерін жинақтай келе В.В.Лебединскии психикалық дамудың бұзылыстарының келесі түрлерін көрсетті.



Дамымай қалу. Ерте уақыттағы бұзылыс, яғни мидің толымсыздығы (ақыл-ойының қалуы).

Дамудың кешігуі. Танымдық және эмоцианалды сфераның қалыптасу темпінің жай жүруімен сипатталады. Функцианалдық- жетіспеуімен және сақталуымен бірге мозайкалық бұзылыс байқалады. Системаның реттелуінің көп уақыт сақталуы –ең жақсы болжамды анықтайды.

Дамудың зақымдалуы. Потологиялық әсердің миға кешігіп әсер етуі (2-3ж дейін), яғни мидың көпшілік бөлігі қалыптасқаннан кейінгі әсер етуі. Мысал ретінде органикалық деменция, эмоционалды сфера мен тұлғаның бұзылыстарын келтіреміз.

Дефецитарлы даму. Дара жүелердің: көру, есту, сөйлеу, қозғалыс аппараттарының күрделі бұзылыстарымен байланысты. Бірінші дефектпен тығыз байланыстағы функцияның дамымай қалуы басқа функцияның жай дамуына әсерін тигізеді.



Дамудың бұрмалануы. Бұған балалар аутизмі мысал бола алады. Қазіргі жағдайдағы психикалық функцияның қалыптасу процесінде қалыпты дамумен салыстырғанда басқа жүйелілік байқалады: онда балаларда сөйлеудің дамуы қимылдық дамуға қарағанда тез дамиды, ойлаудың дамуы заттық дағдылардан бұрын қалыптасады.

Дисгормониялық даму. Оның негізгі ерекшелігі тұлғада туғаннан психиканың эмоционалды –ерікті сфераға сай келмеуі. Бұндай дамуға психопатияны алуға болады, адекватты емес тітіркендіргіш негізінде бала қоғам өмірінің талаптарына бейімделе алмайды.Бұндай өзгерістер белгілі бір уақыт аралығында өтетін заңды түрдегі (өзгерістер) сапалық, сандық және құрылымдық өзгерістерден көрінеді. Психика дамуының ерекшелігі өзгерістердің қайтып қалпына келмеуімен сипатталады.

Арнайы психология мен арнайы педагогикада Л.С. Выготскидің қорытындысы: “Аномалиясы бар балалардың психикалық дамуы қалыпты балалардың дамуында байқалатын заңдылықтарға бағынатындығымен” түсіндіріледі.Келесісі психикалық даму бір қалыпты еместігі. Ескеретін жай, біріншіден, бала өмірінің белгілі бір кезеңінде мидың белсенді түрде жетілмеуі, екіншіден дара психикалық функциялар ерте қалыптасқан базада дамиды. Психикалық функция байланыстары әрбір жас кезеңінде қайта құрылады, ал әрбір функцияның дамуы оның қандай система байланысына қосылғандығына байланысты. Психиканың даму процесіндле оның бөлек компоненттерінің бірігуі арқылы жүзеге асады.

Арнайы психологияда психика дамуында маңызды орынды биологиялық және әлеуметтік факторлар алады. Биологиялық факторларға темперамент, қабілеттердің талабы, бала өмірінде ішкі атрибуттың өту ерекшелігі жатады. Әлеуметтік факторларға баланың өмір сүретін ортасы, идеология түрі, мәдени әдеп-ғұрыптар, дін, ғылым мен өнердің даму деңгейі жатады. Л.С.Выготский даму процесіндегі биологиялық және әлеуметтік факторлардағы әрекет бірлігін ескерген, бірақ бұл бірліктің екі ерекшелігі бар: біріншіден ол даму процесінде өзгеріске түсіп отырады, екіншіден осы факторлардың әрқайсысы әртүрлі қалыптасады, әртүрлі салыстырмалы сипатқа ие.Қарапайым психикалық функцияның дамуында жетекші орынды биологиялық фактор, ал күрделі дамуда - әлеуметтік фактор алады.Психикалық дамудың бұзылысы жағымсыз әлеуметтік факторлардың ықпалына байланысты болуы мүмкін. Жағымсыз әлеуметтік талаптар ерте пайда болған сайын дамудың бұзылуы дөрекі және ол тұрақты болады. Дамудың артта қалуы микроәлеуметтік педагогикалық қарасыздан, интелекті мен эмоция дамуының кідіруіне байланысты. Бұл ауытқудың түрі депривациямен ескеріледі – тәрбиенің жағымсыз талаптары, ақпарат пен эмоционалды тәжірибенің онтогенезде дефецит тудырады.

Анамалияның барлық түрлеріне ортақ заңдылықтар мыналар:



Біріншіден, бұзылыстардың барлық түріне ортақ қасиет қабылдау қабілетінің төмендеуі, ақпаратты сақтау және оны қайта өңдеу. Бұл ерекшеліктер ұзақ уақыт бойы байқалуы мүмкін немесе әлде онтогенездің белгілі бір кезеңінде көрінуі мүмкін.

Екіншіден, қиындықтың біріккен жаңа түрі. Ақыл-ойы кеміс балалар есте сақтауда үлкен қиыншылықтарға кездеседі. Бұндай балаларда тікелей және жанама есте сақтау арақатынасы өзгермелі болып келеді.

Үшіншіден, түсіну процесінің жай түрде қалыптасуы. Мектепке дейінгі жастағы ақыл-ойы кеміс балалар геометриялық фигураларды формаларына, түстеріне қарап топтастыра алмайды. Бұндай балалар өздерінің өмірлік тәжірибелеріне қарай суреттерді сәйкестендіре алады: киімді шкафтың қасына қою, көбелекті гүлмен біріктіру.

Ақыл-ойы кеміс балалардың жалпы сөйлеуінде ретардация (осы кезеңдегі психикалық функция қалыптасуының аяқталмай қалуы) байқалады. Атақты логопед Р.Е.Левина жалпы сөйлеу қабілеті дамымаған балаларға сипаттама бере отырып, автономды сөйлеудің ұзақ сақталған патологиясын байқаған. Психикасы қалыпты балалардың автономды сөйлеуі, яғни үлкендер қолданбайтын сөздерді балалардың қолдануы өмірінің екінші жылының белгілі айларында болады, әдетте үлкендер баладан сөздің анық айтуын талап етеді және соған сәйкес үлгілер беріп отырады.Бұл фонематикалық есту мен артикуляцияның қалыптасуына жол ашады.

5 дәріс

Тақырып: Арнайы педагогиканың клиникалық негізі

Дәріс мазмұны:

1.Арнайы педагогикадағы клиникалық негіздің мазмұны мен маңызы

2.Бала организмінің дамуы.

3.Медициналық абилитация және реабилитация түсінігі.

Дамудағы артта қалушылықтың негізгі себебі қандай да болмасын жағымсыз процесс. Ол инфекция, ақаулық, тұқымқуалаушылық аурулар болуы мүмкін. Ол адам организмінің анатомиялық және функционалдық ақаулыққа әкеледі. Ақаулыққа ие болған адам медициналық көмекті талап етеді.

Кез-келген медициналық көмек ақаулықтың себебін анықтайтын диагностикадан басталады. Медициналық зерттеу жүргізудің нәтижесінде дәрігер ауруды емдеудің тәсілдері мен мүмкіндіктерін анықтайды. Мединаментозды, физикалық және оперативті тәсілдер қолданылуы мүмкін.Егер олар нәтиже бермесе, толық өмір әрекетін қайтару үшін симптоматикалық емдеу қолданылады. Арнайы педагогикалық медициналық көмегімен жеткен. Эффекті дамытуға көмектеседі, сонымен қатар медицина жолымен жеңе алмаған ауру адамдарды ақаулықпен өмір сүруге үйретуде көмектеседі.

Арнайы педагогика адамның биологиялық, медицинамен және әртүрлі бөлімдері мен тығыз байланысты. Бұл ғылымдардың бірігуі арнайы педагогика үшін оның клиникалық негізін қалайды.

Арнайы педагогика үшін клиникалық негіздің мағынасы психо-педагогикалық диагностикамен жүргізуде және индивидуалды түзету бағдарламаларын қалыптастыруда.



  • дамудағы ақаулықтардың биологиялық және әлеуметтік себептерін көру;

  • организмдегі ақаулықтардың пайда болу түсінігі;

  • баланың ақаулықпен дамуының ерекшеліктерін түсіну;

  • баланың қалыптасқан анализатор жүйелері негізінде компенсаторлы жолдарын анықтау;

  • арнайы педагогиканың ішінде арнайы педагогикалық жүйесі мен педагогиканың классификациясын қалыптастыру;

  • дамудағы ақаулықтарды педагогикалық тәсілдер мен профилактикалық жұмыстар арқылы квалификациялау;

  • білім қажеттіліктерін талап ететін адамның дамуындағы медицина-психологиялық процеспен түзету-білім процесін кординаттау;

Медицинаның психологиямен, педагогика мен байланысы арқылы адамның дамуын қалыптастыратынын жалпы ғылыми көзқарас дамиды.

Бұл жерде дәрігер аудуды емдемейді, ауру адамды арнайы педагогикаға қолдану: ақаулықты дұрыстау емес, адамды оның проблемасымен тәрбиелеу, дамуын жоғарлату, ішкі және сыртқы ортафакторларына бейімдеу. Оған тек баланың өзіне ғана емес, сонымен қатар жанұясына абилитация және реабилитация тәсілін сауықтандыру, тәрбиелеу, түзету, конпенсация, медико-педагогикалық көмекке бағыттайды.

Медиктар мен педагогтардың арнайы білім беру процесіндегі өзара әрекеті, аспектілі, үзілмейтін мінезге ие.

Бала организмінің дамуы.

Дамудағы ақаулықты шығару үнемі мағыналы көрсеткіштер. Белгілі болғандай адамда биологиялықпен қатар ақаулықпен туылатын балалар жалпы қабылданған биоәлеуметтік нормаға сай болып келеді.

Адамның уивилизациялық дамуы әрқашан балалық жаста самотикалық сенсоматорлық, эмоционалды –ерікті және психикалық артта қалушылықпен бірге жүріп келеді.Бұл құбылыстың себебі көптеген үстемеленіп отыратын факторлар жиынтығы. Олардың ішіндегі бастылары ішкі және сыртқы орта факторлары. Олардың бір-біріне сәйкес келмеуі дизантездік ішкі утробты дамудың артта қалуы-бұзушылықтың -әртүрлі түрлеріне алып келеді. Әртүрлі мүшелер және организм жүйелері, соның ішінде жүйке жүйесінің, мидың сезім мүшелері, қозғалыс сферасының дамуына биологиялық факторлар кері әсерін хромосомалық аурулар сонымен қатар баланың алғашқы жылдарындағы физикалық және психикалық трамваларын туғызады.

Патогенді ішкі және сыртқы факторлардың әртүрлі әсері дамудың бұзылуына әкеліп, баланың морфологиялық және функционалдық жүйке жүйесін өзгертеді.

Эмбриональды кезең де организм айналадағы жағымсыз факторларды лезде қабылдауға бейім келеді. Осы кезеңде тууылу ақаулықтар мен гигиеналық жүйелердегі қателіктер көрінеді. Белгілі болғандай 30 дан 60% дейінгі эмбриондар ары қарай дамуға қабілетсіз, ол баланың түсіп қалуына әкеледі.

Баланың алғашқы жылдары оның айналадағы ортасына бейімделуші алып келеді. Бұл оның айналаны қабылдап қоғамда өмір сүруіне дәлелдейді.

Алғашқы жылдардағы дамудың маңыздысы психикалық процестердің базасы болып табылатын сенсорлы және моторлы функциялардың қалыптасуы сенсо-моторлы даму айналадағы заттардың әртүрлілігі, олардың құрылымы мен құбылыстарын тануды қамтамасыз етеді. Баланың жаңа жағдайдағы өмірі тууылу механизмдерін қамтамасыз етеді. Ол арнайы жүйке жүйесінің дамығандығымен туылып, организмнің ішкі жағдайларына бейімделеді. Туылғаннан кейін организмнің негізгі жүйесін жұмыспен қамтамасыз ететін рефлекстік қосылады. Жаңа туылған нәрестеден қорғаныс, бағыттау рефлексін байқауға болады. Жаңа туған нәрестеде бұл рефлекстің болмауы, бұл рефлекстерге жауап беретін ми мен жұлын жүйкелерінің бұзылушылығына алып келеді.

Жаңа туылған нәресте миының, қалыптасуына жағдай-сезім мүшелерінің стимуляциясы. Бірінші 3-4 жұмасында заттарға деген көру сезімі пайда болады. Бұл уақытта есту реакциясы дамиды. Біріншіден:3 айға дейін балада көру және есту анализаторлары ары қарай дамиды. Көзді қозғалту, кеңістікте дыбыстарды иконизациялау дами бастайды.

2-3 жаста өз бетімен жүру және координациясы, яғни психикалық және тілдік әрекеттің негізі қалыптасады. Бұл кезеңде оқыту мен мінез-құлықтың күрделі фундаменті болып табылады. Ақпараттың болмауы, тітіркендіргіштерінің бір томдығы баланың психикалық дамуындағы біліктерге ие болуына кері әсерін тигізеді.

3-5жаста коммуникативті функциялары үлкейе түседі. Қарым-қатынасқа түсу,қорқыныш сезімінен ерікті жігермен ауысады. Ішкі өмір қабылдау мүмкіндіктерінше шектеген жағдайда невротикалық психогенмен соматикалық мінез байқалады.6-10 жаста бойының өсу темпі жоғарлап, денелік және психикалық даму жүреді. 7-8 жаста бұлшықет массасы тез өсіп, әлеуметтік қажеттілік талап ететін баланың қозғалыс координациясы мен 10 жасқа сай маторика пайда болады.

Ерте жастағы медициналық абилитация бұл баланың жасына медициналық тәсілмен рефлекторлық, сенсорлық, қозғалыс, психо-эмоционалдық және тілдік реакцияларын дамытуға бағытталған, емдеу-профилактикалық жүйе.

Болашақ аналарды тәуекел факторлары медико-генетикалық немесе әйелдер консультацияларына барғанда жүзеге асады. Баланың ақаулықпен дамуы. (12 жұмада) және ауру баланы алдын-алу акушер –генекологтың бастауымен жүреді. Анадан тәуекел жоғары болса, арнайы туу үйлеріне бағытталады.

Туылғаннан кейін бала сол сағатта ақ арнайы мамандарымен зерттеледі.

Әртүрлі мекемелердің өткізген контлектілі шаралары медициналық абилитацияның өтілуіне комплексті қадамды қамтамасыз етеді. Реабилитациялық бағдарлама әрбір ауруға, оның позологиялық форма аурудың жасына және т.б. байланысты индивидуалды болу керек. Реабилитациялық бағдарламаның соңғы кезеңі үлкендер үшін кординацияланады. Бейімделушілік пен еңбекке орналасу болып табылады. Балалар үнемі балалық жас әрекетке, оқытуды қосқанда күнделікті өмірге оралу.

Балалар емханасы немесе жүйкелік клиникаларын жағдайында балалар күрделі кезеңдегі ауруларды емдете алады. Аурудың себебін анықтауға бағытталған комплексті мединаментозды емдеуден басқа, емхана жағдайларында оптималды жағдайларға бағытталған шаралардың барлық арсеналдары қолданылуы керек.Ортопедиялық емдеу, массаж, физиотерапиялар қолданылады.

6 дәріс



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет