Деңгей Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен заңдылықтары



бет1/134
Дата01.03.2022
өлшемі1,38 Mb.
#133742
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134
Байланысты:
ҚЗХЖ толықтырылғын
хим синтез сессия жауап , 7 класқа арналған тест тапсырмалары


1-деңгей



  1. Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен заңдылықтары.

Химияның ғылыми-техникалық дамуының негізгі тенденцияларын және қолдағы бар жетістіктерін (нәтижелерін) бағалай отырып әлемнің жаңа эволюциялық сатыға енгенін айтуға болады. Оны екіншілік эволюция деп атауға болады. Бұл жағдайда технологияның эволюциядан басымдығы байқалады. Технология биосфераны және адамның өзін түбегейлі өзгерістерге әкеледі. Химиялық технологияның негізгі үрдістері мен заңдылықтары өзгереді. Біріншіден, заттың құрылысының химиялық теориясы супер электрондық есептеуші мәшинелердің модельдеуші мүмкіндіктерімен бірге синтезделетін заттың қасиеттерінің қандай болатынын үлкен дәлдікпен болжай алады және оның синтезделу жолын да болжайды.Екіншіден, катализдің нақты әдістерінің, ірі молекулалық бөліктердің ыдырату және құрастыруына бағытталған нүктелі нысаналы химияның дамуы химиктің жаңа қосылыстарды олардың қасиеттерін бағдарлай отырып синтездеуіне үлкен мүмкіндіктер береді.Төменде ХХ-шыдан ХХІ-ші ғасырға өту тұсындағы қазіргі заманғы химияның дамуының негізгі бағыттары келтірілген:
-жаңа, табиғатта жоқ элементтерді синтездеу;
- полярография әдісін жасау;
-іргелі кванттық химияны дамыту;
- дезоксирибонуклеин қышқылының (ДНҚ) құрылымын (қос орамын) анықтау;
-дендримерлердің (бұл бір заттың үлкен бір ғана молекуланың қатысуымен құрылуы, мысалы, алмаз сияқты) фрактальдық тип бойынша синтезі;
-метал емес жартылай өткізгіштердің синтезі, мысалы шыны тәрізді полимерлік материалдар;
-өткізгіштігі өте жоғары метал емес (яғни, керамикалық) жоғары температуралық өткізгіштердің синтезі;
-химияны, физиканы және математиканы интеграциялау арқылы селективтік емес сенсорлардың негізінде электрондық мұрын, электрондық тіл типтес мультисенсорлық жүйелерді, кескіндерді және бейнелерді (образдарды) танитын әдістерді (жасандық нейрондық жүйелерді пайдаланып) жасау.
Жоғарыдағыларды қорытындылай келе ХХІ-ші ғасырдағы химияның дамуының келесі негізгі бағыттарын бөліп көрсетуге болады:
Компьютерлік химия, молекулаларды және химиялық реакцияларды компьютерлік кескіндеу (модельдеу), яғни компьютерлік дизайн ;
-спиндік химия;
-наноқұрылымдарды синтездеу және зерттеу, нанотехнологияларды дамыту және қолдану;
-полимерлік жартылай өткізгіштерді синтездеу;
-өте қысқа уақытта өтетін химиялық реакцияларды зерттеу (фемтохимия);
-фуллерендердің және нанотүтікшелердің синтезі;
-жекеленген молекулалардың химиясының дамуы;
-молекулярлық деңгейде электрониканың дамуы;
-молекулярлық нанотехнологиялық мәшинелерді жасау;
-пульпаларды және ерітінділерді электрлік жарылыспен белсендіру;
-медициналық химияның жасалуы және дамуы (химиялық жасару және мәңгі өмір сүру мәселелерін шешу);




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет