Деңгей Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен заңдылықтары



бет4/134
Дата01.03.2022
өлшемі1,38 Mb.
#133742
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134
Байланысты:
ҚЗХЖ толықтырылғын
хим синтез сессия жауап , 7 класқа арналған тест тапсырмалары
4) Спиндік химия
Спиндік химия өз алдына ерекше: ол химияға магниттік әсерлесулерді енгізеді. Олардың энергетикалық мәндері өте аз. Алайда осыған қарамастан олар заттардың химиялық реакциялық қабілеттіліктерін бақылап, реакцияның жаңа магниттік сценарийін құрастырады. Молекулярлық магнетиктердің дизайны – заманауи химияның ғылыми бағыттарының ішіндегі негізгілерінің бірі. Ол өлшемділігі жоғары жүйелердің синтезімен байланысты. Қазіргі заманда химияның дамығандығы соншалықты – химиктер өз алдына өте жоғары міндетті қоя алады. Мысалы, жекеленген бастапқы молекулярлық құрама бөліктерден жұмсақ жағдайларда дайын өнімді, айталық монокристалды, тұтастай бір макрообъектіні синтездей алады. Бұл жағдайда молекулаішілік, молекулааралық өзара әрекеттесулер мен байланыстар бірдей дәрежеде маңызды болып есептеледі. Және де, бұл өте маңызды, бұл шарттар кездейсоқ емес. Бұл шарттар анықталған функционалдық жүктемені орындайды. Нәтижесінде жекеленген молекулалардан бірлескен қасиеттері бар макрообъект алынуы керек. Бұл қасиет жекеленген молекулалардың емес, кристалдың, яғни макроансамбльдің табиғатына тән болуы керек.
Нәтижесінде бірнеше спиндері бар молекула түзіледі. Әр бір молекулада жұптаспаған электрон (спиндік белгі) болады. Сондықтан бұл объектіні спиндік химияға жатқызуға болады. Осы жағдайда бізді қызықтыратыны объектінің макроқасиеттері (мысалы, магнетизм – реттілігі жағынан физикалық қасиет). Осы тұста химияның және физиканың мақсаттары бір тұтас болады. Мұндай материалдардың ерекшелігі – олар келешектің материалдары болып табылады. Молекулярлық магнетиктердің классикалық магниттік материалдармен салыстырғандағы көптеген физикалық сипаттамалары бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет