Деңгей Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен заңдылықтары


Аналитикалық химиядағы сапалық және сандық талдау жолдары



бет2/134
Дата01.03.2022
өлшемі1,38 Mb.
#133742
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134
Байланысты:
ҚЗХЖ толықтырылғын
хим синтез сессия жауап , 7 класқа арналған тест тапсырмалары
2. Аналитикалық химиядағы сапалық және сандық талдау жолдары.
Аналитикалық химия, аналитика (грек. аnalysіs – талдау, жіктеу) – заттардың химиялық құрамын анықтау әдістері туралы ғылым.
Ең алғаш «химиялық анализ» ұғымын 1654 ж. ағылшын химигі Роберт Бойль, ал «аналитикалық химия» ұғымын 1801 ж. В.А.Лампадиус енгізген. Аналитикалық химияның даму кезеңдері: алхимия' (4–16 ғ-лар), 'иатрохимия (16–17 ғ-лар), флогистондық (17–18 ғ-лар) және ғылыми (19–20 ғ-лар) болып бөлінеді. Бұл ғылымның негізгі міндеттері – талдау әдістерінің қолдану шегін анықтау, түрлі заттардың құрамын анықтау әдістемелерін жетілдіру, жаңа әдістемелер ұсыну. Осыған байланысты аналитикалық химия іргелі қолданбалы ғылым болып табылады. Онда сапалық және сандық талдау жүзеге асырылады.
Сапалық талдау зерттелетін заттың құрамын, ал сандық талдау сол құраушы заттардың массасын не массалық үлесін анықтайды. Зерттелетін бөлшектердің табиғатына байланысты элементтік (атом-ионды), заттық, молекулалық, фазалық және функционалдық талдау болып жіктеледі. Аналитикалық белгінің табиғатына және оны өлшеу тәсіліне байланысты талдаудың химиялық (классик.), аспаптық, биология әдістері бар. Химиялық әдістер (гравиметрлік, титриметрлік) химиялық реакциялар арқылы жүргізіледі. Аспаптық әдістер физикалық құбылыстар мен процестердегі және хим. реакциялардағы құбылыстарды физика әдістермен өлшеуге сүйенеді. Биологиялық әдістер тіршілік құбылыстарын саралауға негізделген. 
Қазақстанда Аналитикалық химияның дамуы М.Т.Козловскийдің есімімен байланысты. Оның басқаруымен жүргізілген ғылым жұмыстардың нәтижесінде Қазақ мемлекеттік университетінің Аналитикалық химия кафедрасы ірі ғылым ортақа айналды. Аналитикалық химия салаларының ішінен Қазақстанда, әсіресе, электраналитикалық химия мен фазалық талдау жақсы дамыды.
Сандық анализ, сандық талдау — аналитикалық химияның зат құрамындағы жеке бөліктердің сандық қатынасын анықтайтын әдістер жөніндегі бір саласы. Зерттелу әдістеріне байланысты Сандық анализ элементтік талдау, функционалдық талдау және молекулалық талдау болып үшке бөлінеді. Олардың әрқайсысы зат құрамындағы хим. элементтердің, функционалдық топтардың, молекулалық қосылыстардың, т.б. сандық мөлшерін анықтайды. Сандық анализ заттың сапалық құрамы белгілі болған жағдайда ғана тиімді әдістерді пайдалану арқылы жүзеге асады. Зерттеуге алынатын заттың мөлшеріне байланысты
Сандық анализ: макроәдіс (сынама массасы 0,1 г-нан көп), жартылай микроәдіс (0,01 — 0,1 г), микроәдіс (0,001 — 0,01 г), ультрамикроәдіс (шамамен 1 мкг) және субмикроәдіс (шамамен 0,001мкг) деп бөлінеді. Сандық анализ ғыл.-зерт. жұмыстары мен өндірісте жиі қолданылады. Ол арқылы жер қыртысының және атмосфераның сандық құрамы зерттеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет