Деңгей «Мамандыққа кіріспе» пәні – пән ретінде қандай білімді қалыптастырады


) Элементорганикалық қосылыстарды, олардың физикалық қасиеттерін суреттеңіз



бет17/43
Дата03.11.2023
өлшемі247,17 Kb.
#189225
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43
Байланысты:
Äå?ãåé «Ìàìàíäû??à ê³ð³ñïå» ï?í³ – ï?í ðåò³íäå ?àíäàé á³ë³ìä³ ?à
ағылшын the-most-dangerous-profession, тесты РЯ весна 2022 37369, ICT тест, 1САҚ ГИН .АБЫЛХАИР.М, Экстракциялық препараттар технологиясы-emirsaba.org, метод.технология-лекарств.5-курс9-семестр.45-часов.каз, Ергешбаева муслима, 6 сынып
51) Элементорганикалық қосылыстарды, олардың физикалық қасиеттерін суреттеңіз
Элементорганикалық қосылыстар химиотерапиялық құралдың қатарына жатады. Химиотерапиялық деп инфекциялық және паразиттік ауруларды арнайы емдеуге қолданатын дәрілік құралдарды айтамыз. Бұл құралдардың әсері адам ағзасына едәуір зиян келтірмей аурудың қоздырғышын жою немесе тіршілігіне нұқсан келтіруге негізделген. Элементорганикалық қосылыстар қатарынан дәрілік заттар жасау үшін неміс химигі П. Эрлих көп еңбек сіңірді. Ол химиялық вариация (молекуладағы кейбір радикалдарды басқа радикалдарға ауыстыру негізінде заттар жасау) принциптерін құрастырып қолданды. Жүйелі зерттеулер нәтижесінде ол As (мышьяк) көптеген органикалық қосылысын (атоксил, осарсол және т.б.) синтездеді. Физика-химиялық әдістерден құрамында хлорид-, бромид-, йодид- және сульфат-иондары бар препараттарды мөлшерлік анықтау үшін ионалмастырғыш хроматографияны пайдаланады. Газтәріздес препараттарды (оттегі, азот тотығы) газометриялық талдауды пайдалана отырып анықтайды. Физикалық қасиеттері бойынша мышьяк және сынап элементорганикалық қосылыстарының препараттары ақ (осарсол, промеран) немесе сары (новарсенол, миарсенол) кристалдық заттар. Осарсол және промеран суда нашар ериді, ал новарсенол және миарсенол – жеңіл ериді.
52) Органикалық дәрілік заттарға сипаттама беріңіз, олардың химиялық құрылымын атаңыз
Органикалық дәрілік заттардың химиялық құрылымы алуан түрлі болады: қарапайым алифаттық қосылыстардан (метан туындыларынан) бастап бір молекуласында конденсацияланған ароматттық карботізбекті, карбоциклды және гетероциклді ядролары бар күрделі полициклді қосылыстарға дейін. Химиялық құрылымына органикалық қосылыстардың алынуы, оның құрылымы және биологиялық әсерін анықтау тәуелді. Сондықтан органикалық дәрілік препараттар мен қосылыстарды қарастырғанда химиялық классификацияның алдымен монофункционалды алифаттық, ароматтық, карбоциклді және гетероциклді қосылыстарын, ал содан соң құрамында екі, үш және одан көп циклі бар олардың конденсацияланған жүйелерін қарастырамыз. Соңғы жылдары дәрілік заттар қатары құрамында бір немесе бірнеше гетероциклдары және бензолды немесе басқа да көмірсутекті циклі бар табиғи және синтетикалық қосылыстармен толықтырылды. Олардың номенклатурасы өте күрделі. Конденсацияланған циклдың ішіндегі ең бастысы классификация жүргізілген гетероцикл болып саналады. Егер мұндай гетероциклдар көп болса, онда олардың ішінен ең бастысын таңдау қажет. Ал олар құрамында N бар цикл немесе мөлшері ең үлкен цикл, не болмаса гетероатомдары ең көп цикл болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет