ДЕҢгейлеп оқытудағы диалогтық Әдістің маңызы



Дата13.02.2017
өлшемі55,39 Kb.
ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУДАҒЫ

ДИАЛОГТЫҚ ӘДІСТІҢ МАҢЫЗЫ

Набиева Гульбану Джаксылыковна

№6 Жалпы білім беретін орта мектебі,коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Теміртау қаласы, Қарағанды облысы

«Әлем өзгереді, мен өзгеремін» деген ұранмен , мен мектепте деңгейлік курс бітіріп келген мұғалімнен тәлім алып, бірінші деңгей бағдарламасының жалпы мазмұны өзара бірлескен 7 модуль шеңберін коучинг арқылы таныса отырып, сабақтарда әр түрлі тапсырмалар арқылы оқушылармен қазақ тілі сабағында диалогтік оқытуды көп пайдаланамын, себебі, тіл қарым қатынас құралы, сол құрал бойынша, яғни диалогты деңгейлік тапсырмалар арқылы бір бірімен сөйлеседі. Бұл диалогтік оқыту арқылы оқушының ауыз екі сөйлеуі артады. Сабақта оқушылар топқа бөлінеді,біріне-бірі көмектеседі, ұйымдасады, қолайлы ақуал орнайды. Әр шағын топ бірлесе отырып, өз топ ережелерін құрып, таныстырып, тұстарына ілді Осы әдіс – тәсілім арқылы оқушы өзінің деңгейіне сай тапсырмалар алады.

Топ мүшелеріне бейнефильмді тамашалау ұсынылады, көреді, бейнефильм мазмұны бойынша ой бөліседі. Сонымен диалогті оқыту дегеніміз не? Содан әрі қарай Мерсер негіздемесі бойынша диалогтік оқытудың үш түріне тоқталдым. Яғни, әңгіме – дебат, кумулятивті, зерттеушілік. Осыдан кейін мәтінмен жұмыс жасайды. Осы диалогтік оқытудың үш түрінің қайсысы ең маңыздысын(қосымша мәлімет) көрсету керек болды.

Оқушылар сергітіп алу үшін сергіту жаттығулары жасалады.Топпен талқылап болған соң постермен жұмыс жасайды. Ең соңында жұмыстарын қорғайды. Түйген ойларын, идеяларын ортаға салып, қорытынды жасайды. Әрі қарай «Екі жұлдыз, бір тілек» топтар өзара бағалайды. Постерлерге жабыстырды. Рефлексия жасалады. Сабақта қолданатын тәсілімнің бірі «Диалогтік оқыту» осыған дәлел ретінде сабағымның біреуін ұсынамын.



Начало формы
Конец формы

Қысқа мерзімді жоспар 3сынып
Сабақтың тақырыбы: Оқулығым таза. Қандай? қанша? сұрауы
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту Сабақтың барысы: Ә) Үй тапсырмасын сұрау Оқулықтардың суреті (СТО жұмыс) Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту : Топқа бөлу (оқулықтардың аты бойынша) топтастыру әдісі Күтілетін нәтижелер Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, көркем әдеби тілде сөйлеуге, меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы сөз байлығы молаяды, өз бетінше ізденіп, сөйлем құрастырады Пәнаралық байланыс Музыка, өзін-өзі тану. Қолданылатын әдістер: Диалогтік оқыту,жас ерекшеліктеріне сай оқыту, Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшы, қызығушылығын ояту ,мағынаны ашу Психологиялық ахуал туғызу Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: дыбыстар мен әріптер тақырыбы бойынша өтілген материалдарды қайталау, жуан және жіңішке дыбыстарды ажыратып алуға машықтандыру. Дамытушылық: сауатты жазуға дағдыландыру, сөздік қорын байыту, ауызекі тілін дамыту. 
Тәрбиелік: кітапқа, білімге қызығушылықтарын арттыру. 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі 
ІІ. Фонетикалық сәті 
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру 
ІV. Жаңа сабақ  Сөздікпен жұмыс. 
Дүниетану – познание мира 
Өзін – өзі тану - самопознание 
Бейнелеу өнері – изобразительное искусство 
еңбекке баулу – трудовое обучение 
әдебиеттік оқу – литературное чтение 
ағылшын тілі – английский язык 

Таза- чистый, чисто Жақсы көремін- люблю Пәндер- предметы
(оқушыларға жаңа сөздерді түсіндіру, сөздік дәптерге жазу) 
2—Сендерде қандай оқулықтар бар?
- Сендер оқулықты қалай ұстайсыңдар? үлестірмемен жұмыс 
Мен төртінші сыныпта оқимын. Менің сүйікті пәндерім – қазақ тілі,әдебиеттік оқу, математика, бейнелеу өнері.Қазақ тілі сабағында біз дұрыс сөйлеуді, сөздерді аударуды үйренеміз. Әдебиеттік оқу сабағында мен өлең оқуды жақсы көремін. Математика сабағында түрлі есептерді шығаруды үйрендік. Ал бейнелеу өнерінде қызықты суреттер саламыз.Осы пәндерден менде барлық оқулықтар бар. Менің барлық оқулықтарым таза. 3. Тапсырма. Осы мәтінге сұрақтар құрастыр. (Диалогтік жұмыс)  

4.Дәптермен жұмыс 
Менің сүйікті пәндерім. 
Мен т... рт... нш... сыныпта (учусь). Менің сүйікті п... ндер... м (много). Қазақ тілі с... б...ғ... (интересно) өтеді. (На уроке) біз дұрыс сөйлеуді, с... здерд... аударуды үйренеміз. Математика сабағында (мы) неше т.. рл... есеп шығарамыз. Бейнелеу өнері сабағында түрлі тақырыпта қ...з...қт... (рисунки) саламыз. Музыка сабағын да біз ж...қс... көреміз. Әдебиеттік оқу сабағында біз к... птеген ( с поэтами-писателями) танысамыз. 
4. Сергіту сәті 
Балалар, біз біраз жұмыс түрлерін атқардық. Енді демалайық. 

Ойын «Адасқан әріптер» 
Мына адасқан әріптерден пән атауларын тауып, жазыңдар. 
Атакимемта - 
Тедиәбе - 
Ақақз ітлі - 
Рысо іліт - 
Анығшыл лііт - 
Түдиануен - 
Азымку - 

VI. Сабақты қорытындылау :

рефлексия


VII.

Бағалау 
VIII. Үйге тапсырма беру Сөздіктерді жатқа
Әдебиет: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық II басылым, I деңгей.

Қазақ тілі .3 сынып. «Атамұра»2014ж
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет