Денешынықтыру


Уақытты тиімді пайдалану көбіне балаларды жаттығуға жұмылдырып, ұйымдастыра білуге байланысты



бет10/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454
2 5339429971460884071, 2 5404868312226072430
Уақытты тиімді пайдалану көбіне балаларды жаттығуға жұмылдырып, ұйымдастыра білуге байланысты.
Олардың негізгілері:

  • жаппай;

  • ағымдық;

  • ауысымдық;

  • топтық;

  • жеке дара.

Жаппай тәсіл барысында жаттығуларды топтағы балалардың бәрі бірге жасайды. Ұйымдастырудың бұл тәсілі сабақтың тығыздығы мен балалардың белсенділігін қамтамасыз ету үшін өте тиімді. Сонымен қатар ол оқу материалымен таныстыру және оны бекіту үшін де кеңінен қолданылады.
Ағымдық тәсіл белгілі бір жаттығуды кезекпен, үздіксіз ағыммен жасау дегенді білдіреді. Бұл әдіс педагогке балалардың жаттығуды жеке қалай орындайтынын бақылауға мүмкіндік береді. Ол қозғалыстарды үйрену мен жетілдіру үшін пайдаланылады. Ағым саны бірнеше болуы мүмкін.
Бұл әдіс, көбіне, балалардың қабілеті мен дағдысын жетілдіру және бекіту, дене қасиеттерін шыңдау мақсатында қолданылады.
Жаттығуларды ауысыммен орындау тәсілі кезінде топтағы балалар ауысымдарға бөлінеді. Олар жаттығуларды кезекпен орындайды. Ауысымдық әдіс педагог үшін өте ыңғайлы: ол тапсырманың орындалу барысын қадағалай алады; балалардың назарын қимыл-
қозғалыстың дұрыс жасалуына аудара алады. Бұл – жаттығуларды меңгеру кезінде өте тиімді тәсіл.
Ұйымдастырудың топтық тәсілінде балалар бірнеше топқа бөлінеді. Әр топ педагогтің тапсырмасын өз бетінше жасайды. Және топтар тапсырмаларды орындаған кезде орын ауыстырып отырады. Бұл әдіс балалардың дербестігін қажет етеді және педагогтің балаларға бірдей көңіл бөле білуін талап етеді.
Педагог барлық топтарға жетекшілік етеді. Бірақ жаңа материалды меңгеріп жатқан топпен және қолдау мен сақтандыруды қажет ететін топпен үздіксіз жұмыс істейді. Өз бетінше орындауға тек балалардың өздеріне жақсы таныс, үлкендердің көмегін қажет етпейтін жаттығулар ғана беріледі. Педагог барлық тапсырмаларды түсіндіріп, көрсетіп бергеннен кейін ғана топқа бөлуге болады.
Жеке дара әдіс жаттығулары әр баланың жеке-жеке орындауына бағытталған. Қалғандары оның қимылын бақылап тұрады. Ол қимыл-қозғалыс сапасына әр баланың назарын аударуға, кемшіліктерді көруге мүмкіндік береді. Бұл әдістің құндылығы да осында. Оны сабақ өткізудің кез келген әдісіне қосымша пайдалануға болады.
Ұйымдастыру тәсілі сабақтың мазмұнына, мақсатына, жабдықтарға, қимылқозғалыстардың игерілу деңгейіне, педагогтің ұйымдастырушылық қабілетіне қарай таңдалады. Көп жағдайда ұйымдастырудың 2-3 түрлі тәсілі қатар пайдаланылып, бірінбірі толықтырып отырады.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   390




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет