Денешынықтыру



бет7/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454
2 5339429971460884071, 2 5404868312226072430

Өрлеу қағидасы


Бұл қағида бойынша денешынықтыру үдерісінде қойылатын талаптар біртіндеп күшейіп, жаңа тапсырмалар күрделілендіріледі, жүктеменің көлемі мен жиілігі артады. Балалардың қабілеті мен дағдысын қалыптастыру үшін біртіндеп күрделі қимылқозғалыстарға көшу қажет. Қимыл-қозғалыс қабілеті мен дағды қоры балалардың жаңа қозғалыстарды игеруін жеңілдетеді. Сонымен қатар балалардың қимыл-қозғалысын үйлестіру қабілеті артады. Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында дене жүктемесі біртіндеп өсуі тиіс. Бала организмі үйренген кезде жүктеме организмде оң өзгерістер тудыра алмайды. Организмнің функционалдық мүмкіндіктерінің әрі қарай дамуын қамтамасыз ету үшін жүктемінің көлемі мен жиілігін жүйелі түрде күшейтіп отыру қажет.
Жаңа тапсырмалар мен соған қатысты жүктемелер балалардың жеке мүмкіндіктеріне сәйкес келген жағдайда ғана жаңа талаптарды күшейтіп, оң нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Қимыл-қозғалысы машығын қалыптастыру үдерісінің тиімділігі көбіне оқыту әдістері мен тәсілдерінің дұрыс іріктеп алынуына байланысты.
Әдістің: көрнекі, сөздік және тәжірибелік деген үш тобы бар.
Бұл топқа дене жаттығуларын көрсетіп беру, көрнекі құралдарды (суреттер, фотосуреттер, диафильмдер, кинофильмдер), имитациялар (ұқсату), көру бағдары, дыбыстық сигналдарды, көмекті пайдалану жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   390




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет