«Дәрілік препараттар өндірісіне кіріспе»



бет5/14
Дата28.03.2024
өлшемі88,73 Kb.
#200335
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Күнделік Базарбай Аяулым
Фармацевтикалық-ақпарат
Конспект:
Сұйық дәрілік формалар – ол ерітіндідегі еріткіштердің қосылыстары. Олар өсімдік материалынан алынады. Сұйық дәрілік формалар дәріханаларда жасалатын 60% дәрі-дәрмектерін құрайды. Сұйық дәрілік формалардың артықшылығы мен кемшілігі. Сұйық дәрілік формалар басқа дәрілік формаларға қарағанда кең қолданылады:
1. Белгілі технологиялық әдіс қолдана отырып, агрегаттық күйдегі дәрілік затты ерітіндіде ерітіп оның ағзаға емдік қасиетін арттырады;
2. Сұйық дәрілік формалар өзінің әр түрлі қосылыстарымен және қолдану тәсілдерімен ерекшеленеді;
3. Сұйық дәрілік формалардың қосылысында кейбір дәрілік заттарда қоздыратын әрекеттін аз болуы (бромидтар, йодидтар және т.б.); Мұндай дәрілік формалар қолдануға өте ыңғайлы және жеңіл;
4. Сұйық дәрілік формаларды қолдану барысында дәрілік заттардағы ащы немесе жағымсыз дәмдерді білдірмеуге болады, әсіресе балаларға арналған дәрілерге қолданылары;
5. Мұндай дәрілік формалар, қатты дәрілік (порошок, таблетка және т.б.) формаларға қарағанда, ішкен кезде тез сіңіп жылдам әрекет жасайдың;
6. Жұмсарту және бүркеуіш әрекет осы сұйық жәрілік формаларда көп байқалады.
Сонымен қатар, сұйық дәрілік формалардың кемшіліктері де баршылық:
1) Олар көп сақтауға бейімделмеген, өйткені сұйық күйінде олар реакцияланады;
2) Ерітінділер микробиологиялық бұзылуға тез ұшырайды, олардың сақталу мерзімі – 3 тәуліктен аспайды.
3) Сұйық дәрілік формаларды жасау үшін көп уақыт және арнайы ыдыс талап етеді, тасымалдауға қолайсыз;
4) Сұйық дәрілерде, басқа дәрілерге қарағанда, дәлдік мөлшерін анықтау өте қиын, өйткені қасықпен немесе тамшымен мөлшерленеді.
Сонымен, сұйық дәрілік формалар қазір кең қолданылатын дәрілік форма. Өзінің жоғары сапасына қарай сұйық дәрілер келешекте де жаңа дәрі-дәрмектер шығаруда кең қолданылады деп ойлаймыз.Сұйық дәрілік формаларды сақтауға қиын болғанмен олардың шығарылуы азайған жоқ, сондықтан дәрілік технологияда сұйық дәрілік формаларды зерттеу өте маңызды болып келеді.
Ерітінділердің түрлері. Еріту
Нағыз ерітінділер. Мұндай ерітінділер өзінің біртектілігімен ерекшеленеді. Нағыз ерітінділер бір фазалы жүйе. Нағыз ерітінділер еріту сұйықтығы мен ерітінді арасындағы тығыз байланысымен ерекшеленеді. Еріген сұйықтық қайта ерітіндіден бөлінбейді, сол ерітіндіде біртекті болып қалады. Нағыз ерітінділер әрдайым тұнық болып келеді, оларда тұнба немесе бөлшектер болмауы керек. Оның ішіндегі қосылыстарды ешқандай әдіспен бөліп ала алмаймыз. Оларға глюкоза, хлорлы натрий, спирт, магний сульфаты және т.б. жатады.
Коллоидтық ерітінді. Коллоидтық ерітінді гетерогенді жүйе болып келеді. 1 бөлшегі 1-100 нм құралады. Электронды микроскоптар ардайым коллоидты қосылыстарды анықтай бермейді.
Суспензиялар (suspensio) – олар ұсақталған қатты заттар мен сұйық фазалардан құралған жүйе. Бөлшек өлшемдері 0,1 ден 50 мкм-ға дейін ауытқиды. Суспензиялар гетерогенді болып келеді, коллоидты ерітіндіге қарағанда тұнбалы сұйықтық. Оның бөлшектері кәдімгі микроскоппен көрінеді.
Эмульсиялар (emulsus) дисперсиялық жүйеден құралған. Бөлшек өлшемі 1 ден 150 мкм-ға жетеді. Эмульсия өзара ерімейтін немесе өзара аз еритін сұйықтыққа жатады.
Құрастырылған дисперсиялық жүйе экстракциялық дәрілік формалардан құралған (тұнба, қайнатпа, шырыш). Мұндағы қатысушы заттар ерітінді, суспензия және эмульсия түрінде болады.
Сұйық дәрілік формалар былай бөлінеді:
1) Тысқы қолданыстағы дәрі-дәрмектер,
2) Ішкі қолданыстағы дәрі-дәрмектер,
3) Инъекциялық қолданыстағы дәрі-дәрмектер.
Ішкі қолданыстағы сұйық дәрілік формалар микстура (лат. mixturae — «араластыру») деп аталады. Мұнда дисперсиялық орта болып тек су ғана болып келеді.
Микстураларда улы және күшті әсер ететін дәрілік заттар дозаларын тексеру
• Rp.: Analgini 3,0
• Kalii bromidum 4,0
• Aquae purificatae 200 мл
• Tincturae Belladonnae 5 ml
• Tincturae Valerianae 10 мл
• M. D. S. күніне 3 рет 1 ас қасықтан.
Vобщ. = 200 + 5 + 10 = 215 мл; V столовой ложки = 15 мл
Количество приемов (доз) 215 мл : 15 мл = 14 приемов

27.11

5. Жұмсақ дәрілік қалыптар өндірісімен танысу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет