Дәріс 1 Цитология және гистология ғылымдарының мазмұны. Онтогенезде ұлпалар қалыптасуының кейбір жалпы заңдылықтары. Цитология мен гистологиядағы зерттеу тәсілдері


Клетка органеллаларының құрылымдық-функционалды мінездемесі



бет5/29
Дата25.05.2020
өлшемі173 Kb.
#71014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Дәріс 1-15. Цитология және гистология 2019-2020

Клетка органеллаларының құрылымдық-функционалды мінездемесі
Эндоплазмалық тор

Цитоплазманың мембраналарымен шектелген әр түрлі түтікшелер және қапшықтардан тұратын көлемді жүйені эндоплазмалық тор деп атайды. Түтікшелер мен қапшықтар бір-бірімен байланысып бүкіл цитоплазмаға жайылған күрделі үш жазықты торды жасайды. Әр түрлі клеткаларда эндоплазмалық тордың құрылысы мен даму деңгейі әр түрлі болатыны анықталады. Эндоплазмалық тор көп мөлшерде белок синтездейтін клеткаларда өте жақсы дамыған.

Эндоплазмалық тордың екі түрі болады: 1) түйіршікті (кедір-бұдырлы) – сыртқы мембранаға рибосомдар жабысып тұрады; 2) түйіршіксіз (тегіс) – рибосомдары болмайды.

Эндоплазмалық тор клеткада тасымалдау рөлін атқарады. Әр түрлі заттардың сыртқы ортадан клетка ішіне түсуін және органоидтардың бір-бірімен байланысуын қамтамасыз етеді.

Түйіршікті эндоплазмалық тордың рибосомдарында белок синтезделеді. Синтезделген белок цитозольмен араласпай эндоплазмалық тордың қапшықтарында жиналып Гольджи аппаратына жөнелтеді. Синтезделген белок Гольджи аппаратының көмегімен сыртқа шығарылады.

Тегіс эндоплазмалық тор көбінесе бір-бірімен байланысып тұратын түтікшелерден тұрады (6 – сурет). Кейде тегіс эндоплазмалық тордың түтікшелері кедір-бұдырлы тордың қапшықтарымен жалғасып тұрады.

Түйіршіксіз эндоплазмалық тор бірнеше қызмет атқарады:

1) липидтер мен стериодты гормондарды синтездеу. Қанның құрамындағы липопротеидтер бауырдың тегіс эндоплазмалық торында өндіріледі;

2) дәрі препараттарды усыздандыру (детоксикация);

3) гликогенді синтездеу (бауырда);

4) кальцийді жинап сақтау



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет