Дәріс 1 Цитология және гистология ғылымдарының мазмұны. Онтогенезде ұлпалар қалыптасуының кейбір жалпы заңдылықтары. Цитология мен гистологиядағы зерттеу тәсілдері



бет7/29
Дата25.05.2020
өлшемі173 Kb.
#71014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29
Байланысты:
Дәріс 1-15. Цитология және гистология 2019-2020

Лизосомдар

Лизосом – мембраналы органоид, клеткалардың барлық түрінде дерлік кездеседі. Олардың саны клетканың түріне және оның атқаратын қызметіне байланысты. Кәдімгі клеткаларда лизосомдар маңызды асқорыту қызметін атқарады. Олар клетка бойындағы және сырттан келетін кейбір заттарды ыдыратумен айналысады. Лизосомдағы асқорыту процесінде ферменттер сыртқы цитоплазмалық матриксіне шықпайды. Бірақ, клетканың өлуі жақындағанда, не болмаса ол өлгенде, лизосомдар өзінің ферментін қоршап тұрған цитоплазмаға тез босатады, соның арқасында өлген клетка ғана емес, тіпті оның айналасы да қорытылады. Сондықтан, клеткалар және ұлпаларда организм өлгеннен кейін басталатын аутолиз деп аталатын терең өзгерістерге, лизосомдардың ферменттерінің белгілі дәрежеде жауапкершілігі болады.

Лизосомдарды алғашқы рет 1955 жылы дифференциалды центрифугалау әдісін қолданып де Дюв тауып ашты. Атжалман бауырындағы макросом фракциясында митохондриядан өзгеше ұсақтау субфракция байқалған, оның құрамында көптеген гидролитикалық ферменттер (гидролазалар) табылған: қышқыл фосфатаза, рибонуклеаза, дезоксирибонуклеаза, катепсин, - глюкуронидаза, сульфатаза және т.б. Новиков (1955) электронды микроскоппен зерртей отырып, ферменттер арнайы денешіктерде (0,2-0,4 мкм) топтасатынын және сол денешіктер әрқашанда бір қабатты мембранамен қапталатынын көрсеткен. Осы мембрана гидролазалардың цитоплазмаға шығуын және клетканың құрамына әсер етуін шектейді.

Лизосомдардың бірнеше түрі болады (11 – сурет).

1. Біріншілік лизосомдар (протолизосом) - мембранамен қапталған, құрамы біркелкі көпіршіктер, Гольджи апараты жанында шоғырласады. Біріншілік лизосомдардың пайда болуы секретті түйіршіктердің пайда болуына ұқсайды. Ферменттің синтезделуі түйіршікті эндоплазмалық тордың рибосомдарында орындалады, ал қалыптасу процесі гольджи аппаратында өтеді.

2. Екіншілік лизосомдар фагоцитоз процесіне байланысты, немесе аутолиз нәтижесінде біріншілік түрінен пайда болады.

Фагоцитоз есебінен клетканың цитоплазмасында фагосомдар – вакуольдер пайда болады. Фагосомдар жұтылып алынған заттардан және сырттан қоршап тұрған плазматикалық мембрананың фрагментінен тұрады. Осы фагосомдар біріншілік лизосомдармен бірігіп фаголизосомдарды құрастырады. Гидролазалар әсерімен оның ішіндегі макромолекулалар мономерге айналуынша ыдыратылады, кейінірек оларды клетка пайдаланады.

Аутолиз процесі нәтижесінде екіншілік лизосомдардың басқаша түрі аутолизосомдар (цитолизосомдар) пайда болады. Қартайған органоидтер өле бастайды, олар лизосомдармен қорытылады.

Лизосомдарға түскен әрбір зат түгелдей ыдыратыла бермейді. Олай болғанда қалдық денешіктер, не болмаса телолизосомдар пайда болады, олар немесе клеткадан шығарылады, немесе клетка өлгенше оның ішінде қалады (Мысалы нерв клеткасындағы қартаю көрсеткіші липофусцин пигменті).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет