Дәріс №1 Дәріс тақырыбы: Педагогикалық шеберлік компоненттері



бет14/45
Дата28.12.2022
өлшемі269,03 Kb.
#164724
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45
Байланысты:
пед шеберлик
Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық, Тілім менің тірлігімнің айғағы, Дене тәрбиесі және спорт тарихы тест, Ерекше білім лекция, инклюзив білім беру бағд, Этнопедагогика 1
Педагогтың кәсіби құзыреттілігі ұғымы мұғалімнің жеке мүмкіндіктерін білдіреді, ол педагогикалық ситуацияларды дербес және тиімді шешуге ықпал етеді. Ол үшін мұғалім педагогикалыұ теорияларды және оны практикада қолдануды білу керек.
Ғылым В. А. Мижериков бойынша, мұғалімнің педагогикалылық құзыреттілігі дегеніміз кәсіби іс-әрекеттә орындаудағы теориялық және практикалық дайындықтырының бірлігі.
Педагогикалық құзыреттілік-педагогтың кәсіби көрсеткіші; педагогтың дайындығы және «қабілеттенуі» арқылы, іс-әрекеттерді меңгерудің әдістері мен құралының шынайылығындағ алға қойған міндеттерді шешу мүмкіндігіне көрінетін нәтиже.
Жоғары оқу орны оқытушысының кәсіптік-тұлғалық құзыреттіліктері Энциклопедиялық сөздікте былайша жіктеледі:
-Бейімделу- өркениетті адамның жайлы өмірді қамтамасыз етуде, қоршаған әлем туралы білімінің, табиғатқа қатынасы, ортаның өзгергіштігіне бейімделу және бірегей табиғи байлықты шынайылықтың шығармашылық жолмен түрленуін сақтау арқылы қолданылатын интеллектуалды,физикалық және психомоторлы біліктіліктердің жиынтығы;
-Әлеуметтік- ұйымдастырушылық –әр түрлі нақты әлеуметтік жағдаяттарды шешу үшін мақсатты таңдалған жол іздеу қатынасушылар үшін қолайлы өзгеріске әкелетін, нәтижесінде өз мақсаттары, көңіл-күйі, әрекет ету тәсілдерін реттеуді қажет ететін тұлғаның білімдерінің, рефлексивті біліктіліктерінің және қабілеттіліктерінің жиынтығы;
-Коммуникативті- құрылымы жағына күрделі және білім беруді ұйымдастыруда тұтас, қарым-қатынас жасаудағы негізгі міндеттерді табысты жүзеге асыруды және тұлғаның өз мүмкіндіңтерін ашуын қамтамасыз ететін және лингвистикалық біліктіліктерді меңгерумен сипатталатын, тілдік тәртіптің арнайы әлеуметтік-мәдени нормалары мен қарым-қатынас жасаушылар арасында психологиялық заңдар, қолайлы жағдайды қолдау, тұлғаның әсерлі сезімтал ортасын дамыту;
Құндылықты- мәнді- тарихи дәуірге, әлеуметтік немесе тендерлік топқа, адамның белгілі бір уақыт аралығындағы кәсібіне қатысты өзгермитін (инвариантты) сипаттағы құзыреттіліктердің жиынтығы, сонымен қатар олар тұлғаның озық ойы мен әрекетін анықтайды, оның «уақыттан озу» қасиетін келешектің әулиесі және жаратушысы болуын, күн ілгері тұлғаның сыртқы әрекеттерге қатысты тұрақтылығын анықтайды, кез келген жағдайда адамның «дербестігін» сақтауды қамтамасыз етеді.
Сонымен, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі үшін психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерді меңгеруі керек, сонымен бірге ол білімдерін нақты бір ситуацияларда қолдануы қажет. Кәсіби құзыреттілік мұғалімнің өз ісінде шебер болуын анықтайды деп айтуға болады.
Педагогикалық құзыреттілік мұғалімнің теориялық және практикалық дайындығынын құралады. Олар өз кезкгінде педагогикалық іскерлікке бөлінеді. Педагогикалық құзыреттіліктің құрылымы:
Педагогикалық іскерлік- бұл теориялық білімге негізделген жіне үйлесімді тұлғаны дамыту бағытталаған, бірізді жүзеге асатын автоматтандырылған әрекеттердің жиынтығы (В.А. Сластенин)
Педагогикалық іскерліктер- мұғалімнің әр түрлі әрекеттерінің жиынтығы, ең бастысы олар педагогикалық іс-әрекеттің қызметіне сәйкес келеді, белгілі бір мөлшерде мұғалімнің жеке психологиялық ерекшеліктерін анықтайды. ( В. А. Мижериков)
Мұғалімнің теориялық дайындығы педагогикалық ойлау іскелігі түрінде көрінісі.
Педагагтың теориялық дайындығына:
-аналитикалық іскерлік;
-болжау іскерлігі;
-жобалау іскелігі;
-рефлексивті іскерлік кіреді.
Аналитикалық іскерлік төмендегі іскеліктерден құрелады:
-педагогикалық құбылыстарға талдай алу:
-зерттейтін құбылыстарға сәйкес педагогикалық теориялады, заңдылықтарды анықтау;
-педагогикалық құбылыстарды дұрыс болжай алу;
-негізгі педагогикалық міндеттерді құрастыру;
-міндеттерді тиімді шешу жолдарын анықтау.
Болжау іскерлігі білім беру процесін басқарумен байланысты және ол басқару субъектісі мен күтілетін нәтижеге бағытталады.
Педаггогикалық болжау педагогикалық процестің логикасы мен мәні туралы нақты білімге негізделеді.
Болжау іскерлігі құралады:
-білім берудің мақсаты мен міндеттерін анықтау;
-оларға жету үшін әдістерді таңдау;
-мүмкін болатын кедергілерді білу, оларды жою жолын білу;
-білім беру процесіне қатысушылардың уақыты мен күтілетін шығындырды болжау;
-білім беру прцесі қатысушылардың өзара әсерлесу мазмұнын жоспарлау.
Болжау іскерлігі божау объектісіне байланысты үш топқа бөлінеді:
-ұжым дымуын болжау;
-тұлға дамуын болжау;
-педагогикалық процесті болжау;
Жобалау іскелігі дегеніміз:
-оқыту және тәрбие жолдарын нақтылыау;
-оларды кезеңдер бойынша негіздеу;
-іс-әрекет түрлері мен мазмұынды жоспарлау;
-білім беру процесінің құрылымын, формаларын анықтау;
-оқушылырмен жеке жұмысты жоспарлау;
-ата-аналармен, қоғаммен байланыс орнатуды жоспарлау.
Рефлексивті іскерлік педагогтың өзіне бағытталған бақылау-бағалау іс-әрекетін жүзеге асыруда қолданылады.
Рефлексия –өзімізді, әрекеттеріміздің талдауға бағытталған теориялық іс-әрекеттің ерекше түрі. Рефлексия латынша өткенге қайта оралу дегенді білдіреді.
Рефлексивті іскерлік:
-берілген үлгілер бойынша жеткен нәтижені сәйкестендіру негізінде бақылау;
-ойша күтілген әрекеттер нәтижесі негізінде бақылауды білдіреді.
Аталған педагогикалық іскеліктер нақты педагогикалық әркеттер көрініс табады. Олай болса, педагогикалық іс-ірекет ұғымын түсіндірместен бұрын іс-әрекет ұғымына тоқтала кетейік. Іс-әрекет-адамның қоғамдық тарихи болмысының ерекше формасы.
Бар болудың және даму тәсілі ретінде іс-әрекет бұл адмның табиғи және әлеуметтік шындықты мақсатты түрде қайта жаңғырту тәсілі ретінде түсіндіруге болады. Іс-әрекет ұғымын бірнеше мағынада түсіндіруге болады:ғылыми білім категориясы, қоғамдық тарихи болмыстың ерекше түрі, бар болудың және даму тәсілі ретінде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет