Дәріс №1 Дәріс тақырыбы: Педагогикалық шеберлік компоненттері


Дәріс № 11 Дәріс тақырыбы



бет17/45
Дата28.12.2022
өлшемі269,03 Kb.
#164724
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45
Байланысты:
пед шеберлик
Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық, Тілім менің тірлігімнің айғағы, Дене тәрбиесі және спорт тарихы тест, Ерекше білім лекция, инклюзив білім беру бағд, Этнопедагогика 1
Дәріс № 11
Дәріс тақырыбы:Өзара қатынас кезіндегі қимыл мен бет қимылының рөлі
1. Мимика және пантомимика – байланыс орнату құралдары ретінде.
2. Эмоциялық жағдайды басқара білу
3. Педагогтың сыртқы келбеті
Дәріс мақсаты: Педагогтың басқаруы туралы түсінік қалыптастыру.
Дәріс мәтіні
1. Мимика - өзінің ойын, сезімдерін, көңіл-күйін беттің бұлшық еттері көмегімен білдіру өнері. Кейде бет-әлпет, көзқарас арқылы сөзден гөрі күштірек әсер етуге болады. Кинетикалық қарым-қатынас жүйесінің элементтері ретінде қимыл және мимика ақпараттың эмоционалдық мәнін арттырады, оның жақсы меңгерілуін қамтамасыз етеді.
Әрине, бет-әлпет айтылатын сөзге сәйкес өзгертілуі тиіс. Типтік педагогикалық мимика бет-әлпеттің қаталдығы, қуаттылығы. Бет-әлпет, тұтас сырт келбет секілді, сенімділікті, қуаттауды, кінәлауды, ренжуді, көңілі толмағандықты, қуанышты, қызығушылықты, ашулануды бірнеше варианттарда көрсетуі тиіс. Күлкі де сезімдердің кең түрін білдіре алады.
Мимиканың мәнерлі бөліктері – қас-қабақ, көз.
Сонымен, жас педагогқа өзіңі сырт келбетінде неге көңіл бөлуі қажет?
Денені тік ұстауы. Бүкірейе ме? Аудиторияда қысылады ма? Өзінің тұрыстары жасанды емес пе? Қалай тұрады? Отырады? Орнынан тұрады?
Мимика. Әңгімелесіп отырған адамына қарайды ма? Сыныпқа ше? Бет-әлпетінде өз-өзіне сенімділік сезімі білінеді ме? Жылы шырайлы ма?
Пантомимика. Пантомимика – дененің, қолдың, аяқтың қимыл – әрекеті ол образды бейнелеуге, негізді бөліп алуға көмектеседі.Егер біз сабақ түсіндіріп тұрған мұғалімді бақыласақ оның барлық денесі, қолдары, бет әлпеті, аяғы үнемі қозғалыста болады.
Мұғалімнің әуелгі жүріс – тұрысы, сөйлеу мәнері оның ішкі жан дүниесін бейнелейді. Жинақылық пен емін еркін қимылы педагогтың өз біліміне, күшіне деген сенімін білдіреді. Сонымен қатар салбыраңқы бас, жиі қобалжу мұғалімнің әлсіздігін, өз – өзіне деген сенімсізідігін білдіреді.
Сабақ беру барысында мұғалім оқушылардың алдында тұру тәртібін ескеру керек (екі аяқтың ара қашықтығы 12-15 см, бір аяқ екінші аяқтан сәл алға шығуы керек).Барлық қимыл әрекетімен оқушылардың назарын өзінің қарапайымдылығына аудартуы керек. Сонымен қатар эстетикалық зиянды әрекеттерден арылуы керек: алға – артқа теңселу, екі аяғына кезек – кезек сүйену, орындықтың арқасын бір қолымен сүйіп тұру, қолында өзге бір заттарды қозғап немесе айналдырып тұру, басын (шашын) қасу, мұрынын жиі сүрту, құлақтарын ұстау және т.б.
Педагог іс – әрекеті, қимылы өз дәрежесінде шектеулі және ұстамды болуы керек. Мұғалімнің әрбір іс – әрекеті, қимыл – қозғалысы, бет әлпетінің қозғалысы оның сөзіне сай болуы керек. Мысалы: сабақ түсіндіру барысында мұғалім тұрған жерінен алға қадам басса, ол тақырыпты әрі қарай толығырақ түсіндіріп тұрғанын, артқа шегінсе оқушыларға демалуға мүмкіндік бергені. Ал оқушыға қойылған сұраққа жауап алу барысында, оң қолын кеуде тұсына дейін көтеріп сәл алға созу керек.
Әрбір ұстаз оқу процесі барысында оқушыларға өз білімінің басты байлығы мен құнарлылығын жеткізе білуі керек.
Сонымен қатар, бұнда арнайы білім мен тәрбиелік іскерліктердің (ұжыммен, жеке тұлғамен қарым-қатынас орнату іскерлігі, бақылау жүргізу, ұжымды ұйымдастыру, өз көңіл-күйін, дауысын, мимикасын, қимылын билеу іскерліктері) де орны ерекше. Бұл іскерліктерді әрбір педагог меңгеруі қажет.
Қимылдары үйлесімді ме? Қаншалықты табиғи? Олар тым көп емес пе? Сыныпта қалай қозғалады? Кітапты қалай қарайды?
Пантомимика – бұл дененің, аяқ-қолдың қозғалысы. Ол негізгіні көрсетуге қолайлы, бейненің суретін салады. Педагогтың қимылы негізгі ойды және сезімді күшейте отырып, ұстамды және ұйымдасқан болғаны жөн. қимылдың түрлері: бейнелеу және психологиялық. Бейнелеуші қимылдар ой жүйесін көрсетсе, психологиялық қимылдар сезімді білдіреді.
3. Мұғалімнің сыртқы пішіні эстетикалық талапқа сай мәнерлі болуы керек. Өзінің сыртқы пішініне ұқыпты қарамаған адам кешірімсіз, бірақ оған шектен тыс мән беруге де болмайды.
Шаштың сәні де, костюмі де, әшекей бұйымдары да мұғалім киіміндегі барлық уақытта педагогикалық міндеттерді шешуде бағынышты болуы керек – тәрбиеленушінің тұлғасына қалыптасуына нәтижелі ықпал етуі тиіс. Косметикаға, сәнді киім кию құқын иемдене отырып, мұғалім барлығына да шектен аспай, жағдайды түсініп тәртіп сақтауы керек. Тәрбиешінің эстетикалық мәнерлілігі оның бет әлпетінің қаншалықты жылылығын, қимыл-қозғалыстағы ұстамдылығын, сыртқы келбетіндегі және жүрісіндегі жинақтылығын білдіреді. Оларға қарама-қарсы құбылмалылығы, әбіржушілік, жасандылық және немқұрайдылық. Керек десеңіз, сіз балаларға қалай кіріп келесіз, қалай қарайсыз, қалай сәлемдесесіз, қалай орындықты жылжытасыз, қалай сынып ішінде жүресіз – осы бір майда әрекеттердің өзінде сіздің балаға әсер ететін күшіңіз бар. Сіздің барлық қимыл-қозғалысыңыздан, мәнеріңізден, көзқарасыңыздан балалар өзіне деген өте үлкен сенімділікті, ұстамдылықтың күшін сезіне білетіндей болуы керек. Ұстамды, мейірімді, сенімді болудың арқасында – сіз мәнеріңіз жеткілікті адамсыз және осындай болу арқылы - сіз тәрбиеші ретінде күштісіз.
Мұғалімнің сыртқы көрінісіне тұлғасына, мимикасына, пантомимикасына, киіміне қойылатын нақты талаптар қандай? Оларды қалай басқаруға болады? Осы айтылған элементтердің барлығы адамның ішкі қалпынан өндірістік болып табылады, оларды педагогтың шығармашылық көңіл-күйін өзі реттеу техникасы ұғымымен бастап басқара білу керек.
Бақылау сұрақтары:

1. Мұғалімнің сыртқы келбеті қандай болу керек деп ойлайсыз?


2. Мұғалімнің эстетикалық мәнерлілігі дегеніміз не?
3. Мұғалім оқушыларға қалай ықпал жасай алады?
4. Мұғалімнің сыртқы көрінісіне тұлғасына, мимикасына, пантомимикасына, киіміне қойылатын нақты талаптар қандай? Оларды қалай басқаруға болады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет