Дәріс №1 Дәріс тақырыбы: Педагогикалық шеберлік компоненттері


Үшіншісі, экзистенциялды мәселе



бет7/45
Дата28.12.2022
өлшемі269,03 Kb.
#164724
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45
Байланысты:
пед шеберлик
Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық, Тілім менің тірлігімнің айғағы, Дене тәрбиесі және спорт тарихы тест, Ерекше білім лекция, инклюзив білім беру бағд, Этнопедагогика 1
Үшіншісі, экзистенциялды мәселе – ол жалғыздықтан қорқу. Дж.Буженталь мұндай жағдайда адам өзін өмірдегі ең әлсіз, ең жалғыз адамдай сезінеді дегенді айтады.
Төртінші себебі – қиындықтан қорқу. Бұл мәселеге Э.Берн, ДЖ.Хейли, В.Глассер шығармаларында көп көңіл бөлінген. Қиындықтан қашқан кез келген адам еш әрекет қолданбай, шешімге келе алмай, тәжірибе жасап көруге тырыспай-ақ үнсіз жүре беруге бар.
Бесіншісі – манипуляция. “Бұл әдіс логикасыз әрекеттер” дейді Альберт Эллис. Оған беделін студенттер алдында түсіргісі келмейтін оқытушы мысал бола алады. Бірақ, барлық студенттер көзқарасы бірдей болуы мүмкін емес. Дегенмен сыйластық өзара қайтарымымен болса, онда осы нәтижеге жеткен оқытушының ісі әлде қайда жемісті болады.
Ақылдылыққа, сабырлылыққа еңбектенбей қол жеткізу мүмкін емес. Өзін актуаландыру үшін адам, ең алдымен, “Мен” және оның барлық қасиетін талдап, бағалай алуы қажет.
Өмір педагогиканың алдына ұстанымдық жаңа мәселелерді ұсынады.
Мұғалімнің өзін-өзі актуаландыруындағы әрекеті өз талабы мен әлеуеттік мүмкіншілігіне негізделген. Өйткені, ол өзін дамыту, тәжірибелерін кеңейту арқылы өз білімін көтеріп, білгенін өзгеге сіңіреді. Осы тұрғыдан алғанда, тұлғалық өсу заңдылығы өзін-өзі актуаландыру және қорғау, манипуляциялау қасиеттерін дамытудың балама жолдарын ұсынады:

  • адекватты қабылдауға тырысу, құштар болу;

  • өз бойыңа табиғилық, өзгергіштік қасиеттер дамыту;

  • өзіңді де, өзгені де сынаусыз қабылдай алу, философиялық көзқарас пен қалжыңды таразылай білу;

  • мүмкіншілігінше еркін жүруге, өз ойыңа және сезіміңе сенімді болуға, өзіңнің алдыңда адал болып, әр нәрсеге жауапкершілікпен қарай білуге тырысу керек;

  • өз шығармашылық қасиеттеріңді дамытып, мұқтаждығың мен қалауыңа мұқият болу қажет;

  • күресе білу, жинақылық, амал таба білу сияқты қорғану қасиеттерін танып білу, сезіну;

  • өзгемен бірлесе алу, оның өзіндік құқығын сыйлау, яғни өзіңді тең санау қасиеттерін дамыту.

Педагогикалық білім беруде оқыту мен тәрбиелеу технологиясына руханилық қосылмаса, онда күйреуге ұшырайды. Педагогикалық мәдениеттің прагматикалық және руханилылық бөліктерінің арасында органикалық байланыс бар. Педагогикалық еңбек адамның мәдениетті жасау мен дамытуда өз үлесін қосуына тікелей байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет