Дәріс №1 Дәріс тақырыбы: Педагогикалық шеберлік компоненттері


Педагогтің жеке-дара мәдениеті



бет8/45
Дата28.12.2022
өлшемі269,03 Kb.
#164724
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45
Байланысты:
пед шеберлик
Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық, Тілім менің тірлігімнің айғағы, Дене тәрбиесі және спорт тарихы тест, Ерекше білім лекция, инклюзив білім беру бағд, Этнопедагогика 1
Педагогтің жеке-дара мәдениеті – тұлға әлемі. Мұғалім мәдениеті өзін-өзі жетілдіру үшін педагогикалық еңбектің мақсатын және оларға жету тәсілдерін еркін таңдауға мүмкіндік беретін кәсіби іс-әрекет пен өзіндік сана-сезім негізінде қаланады, іс-әрекеттің кәсіби және интеллектуалды тәжірибесін меңгеру жағдайында туындайды.
Кәсіби мәдениет – еңбек нәтижесі мен адамзаттың жалпы мәдениетінің өнімі. Тұлғалық мәдениет дегеніміз, әлеуметтік іс-әрекеттің әр түрлі формалары арқылы әлеуметтік шараларды ережеге сәйкес өзін-өзі жүзеге асыруы, ал білім беру жүйесінде педагогтің қызметтік мәртебесіне барабар. Мұғалім-кәсіпкердің әлеуетті құндылығы осы мәдениеттің кірігуі мен тұтастығын қамтамасыз етеді. Мәдениет өзін-өзі реттеу негізінде әлеуметтік-кәсіби ортада қалыптасып дамиды.
Бақылау сұрақтары:

  1. Психологиялық мәдениет дегеніміз не?

  2. Зерттеулер мамандардың жоғары дәрежедегі іс-әрекетін, неге оның мәдениеттілігіне байланысты деп санайтындығын түсіндіріңіз.

  3. Мәдениет туралы философияда қандай пікірлер бар және олардың авторлары кімдер?

  4. Маманның кәсіби-тұлғалық дамуы деңгейінің негізгі критерийлері қандай?

  5. Рухани көрсеткіштерге нелер жатады?

  6. Кәсіби-біліктілігінің көрсеткіштерін атаңыздар.

  7. Шығармашылық белсенділік көрсеткіштері дегеніміз не?



Дәріс № 4
Дәріс тақырыбы:
Педагогикалық қызметтегі оқытушылардың инновациялық-креативтілік мәдениеті.
Дәріс мақсаты:“Инновациялық – креативтілік мәдениеті” ұғымы туралы түсінік қалыптастыру.
1. “Инновациялық – креативтілік мәдениеті” ұғымы
2. Педагогтың шығармашылық мәдениеті
Мектеп оқытушысының “Инновациялық – креативтілік мәдениеті” ұғымы төмендегі мәдениеттерді қамтиды:

  • материалдық және рухани;

  • тұлғалық және әрекеттік;

  • қарым-қатынас және тәртіп;

  • ізгіліктілік және әдіснамалық.

Басқаша айтқанда педагогикалық мәдениет феноменін педагог-профессионал тұлғаның интегралдық сапасы ретінде, тиімді педагогикалық қызметтің шарты және алғы шарты ретінде, оқытушының кәсіби құзіреттілігінің жалпылама көрсеткіші ретінде және кәсіби өзін-өзі жетілдірудің мақсаты ретінде қарастыруға болады.
Әдістемелік негіздеу тұрғысынан инновациялық – креативті мәдениет моделін аксиологиялық, технологиялық және тұлғалық-шығармашылық элементтері құрайды.

  1. Инновациялық – кретивтілік мәдениеттің аксиологиялық компоненті адамзат құрған жоғарғы мектептің қалыптасуының қазіргі заманғы даму кезеңінде біртұтас педагогикалық құндылықтар жиынтығынан құралған. Педагогикалық қызмет үрдісінде оқытушылар идеялар мен тұжырымдамаларды меңгереді, педагогикалық қызметтің ізгілік технологиясының құрамдасы білім мен іскерлікті игереді және олардың нақты өмірде қолданыс табу деңгейіне байланысты қаншалықты дәрежеде маңызды екенін бағалайды. Осы сәтте қоғам және жеке педагогикалық жүйе үшін аса маңызды идеялар, тұжырымдамалар педагогикалық құндылықтар болып табылады.

Педагог педагогикалық құндылықтарды мойындай отырып, педагогикалық қызметті меңгеріп, дамытқанына қарай, педагогикалық капиталды игергеніне байланысты өз ісінің шебері болады. Жоғары мектеп пен педагогикалық ойлардың тарихы – бұл үнемі бағалау, қайта аңғару, түсіну, құндылықтарды орнату, белгілі идеялар мен педагогикалық технологияларды жаңа жағдайға көшіру процесі. Ескіден, дәстүрліден жаңаны көре білу, оны абыройына қарай бағалау, оқытушының педагогикалық мәдениетінің айқын компоненті.

  1. Инновациялық-креативтілік мәдениетінің технологиялық компонентіне оқытушының педагогикалық қызметінің тәсілдері мен әдістерін жатқызуға болады. Педагогикалық мәдениеттің құндылықтары мен жетістіктері тұлғаның іс-әрекет процесінде меңгеріледі және құрылады. Бұл – мәдениет пен іс-әрекеттің үзілмес байланысын дәлелдейтін факт.

Педагогикалық қызмет өз табиғатында технологиялық, сондықтан оны әр алуан педагогикалық мәдениеттің мәнін түсінуге көмектеседі, ол тарихи ауысып отыратын әдістер мен қарым-қатынасқа байланысты іс-әрекет бағыттылығын түсіндіреді. Нақ осы жағдайда педагогикалық мәдениет педагогикалық шындықты реттеу, сақтау, қайта жаңғырту және дамыту функциясын атқарады.

  1. Инновациялық-кретивтілік мәдениеттің тұлғалық-шығармашылық компоненті шығармашылық акт ретінде оны игеру және іске асырудың механизмін ашады. Оқытушының дағдыланған педагогикалық құндылықтарды иемденуі тұлғалық-шығармашылық деңгейде өтеді. Педагогикалық мәдениетқұндылықтарын игере отырып, тұлға оларды қайта өзгерту, өзінше беруге қабілетті, бұл оқытушының тұлғалық ерекшеліктері және оның ғылыми-педагогикалық қызмет сипаттарымен сипатталады.

  2. Инновациялық – креативтілік мәдениеттің эвристикалық компоненті “эвристиканың ұғынымдылығы” атты когнитивті эмпирикалық әдісі түсіндіреді. Эвристика – қарапайым тиімді ойлау стратегиялары. Эвристиканың ұғынымдылығы айқын сипаттамалар негізгі базалық статистикалық ақпаратқа қарағанда нанымды екенін көрсетеді.

2. Жоғары мектеп оқытушысы өзінің кәсіби іс-әрекетінің ерекшелігіне байланысты ғылыми және педагогикалық шығармашылықты үйлестіреді. Әрине, ғылым іс-әрекет сипаты, ғылыми міндеттерді шешу алгоритмін педагогикалық тұрғыдан себептестігінің заңдылығын зерттейді. Бірақ, педагогикада шығармашылық процесс сұлбасы жалпы түрде эвристикалық ашылған шығармашылық құрылымына сәйкес келетіні белгілі. Бұл жағдай мазмұндық жоспарда сәйкестік фактісі орын алса, процессуалдық қарым-қатынаста педагогикалық шығармашылық ерекшеліктер қатары табылғандығымен маңызды.
Айта кететін жайт, педагогикалық өнер театр өнерімен көп ұқсас болып келеді. Педагогиканы бір актердың театры деп те атайды. Сондықтан да педагог театрлық қызметтің ұстанымдарын, оның заңдарын білген жөн. бұл жағдайда педагогтарға К.С.Станиславскийдің жүйесі көмекке келеді. К.С.Станиславскийдің жүйесі шығармашылықты табиғатын жаратушы-адамның табиғаты арқылы қарастырады. Онда ең алғаш рет шығармашылықтың санаасты, еріксіз сипаттағы үрдісін саналы түрде меңгеру, іс-әрекет барысында тұлғаның дарындылығын анықтау мәселелері шешіледі.
К.С.Станиславский жүйесі – бұл тек актерлік шығармашылық жайындағы ғылым ғана емес, сонымен қатар, сахналық қабілеттермен бірге объективті заңдылықтарға сүйене отырып, басқа да түрлі қабілеттерді дамыту, байыту, кеңейту жайындағы ғылым. Бұл шығармашылық қызметтегі кез-келген дарындылықтың «пайдалы іс-әрекет коэффициентін» жоғарылату тәсілі.
Педагогикалық шеберлікке қол жеткізудің алғашқы шарты ғылым мен білімнің әдіснамасын білу және соның негізінде арнайы және психологиялық-педагогикалық пәндерді меңгеру болып табылады. Болашақ педагог жоғары оқу орнында оқудың алғашқы күнінен бастап-ақ кәсіби бағытталуды қалыптастыру үшін жұмыстанып, өзін оқыту-тәрбиелеу үрдісімен айналысуға жан-жақты әзірлеу керек.
Педагогикалық университеттердің оқу жоспарларында мамандық бойынша педагогтарды даярлауға басым көңіл бөлінеді. Студент оқу барысында ғылымды меңгеріп, лның ұғымдық аппаратын білгені жөн. тек белгілі бір пән бойынша білім алып қана қоймай, сол пәннің тәрбиелік мәнін де ұғынуы тиіс. Психологиялық-педагогикалық ғылым саласынан терең де жан-жақты теориялық және практикалық дайындықсыз оқыту-тәрбиелеу міндеттерін шешу оңай емес.
Әрі қарай қалыптасқан кәсіби іскерлік пен дағдының тексерілуі және өңделуі педагогикалық сараман барысында жүреді. Педагогикалық сараманның әрбір кезеңі нақты міндеттерге ие.
Шебер-педагог – бұл нәзік те ойлы мұғалім, жақсы тәрбиеші, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың соңғы әдістерін меңгерген адам. Мұғалім шеберлігіне жету өте қиын. Оған студенттік щақта қол жеткізу мүмкін емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет