Дәріс 1 Эпидемиология ғылым ретінде. Эпидемиология пәні, міндеттері және мақсаттары. Мақсаты



бет2/4
Дата18.10.2019
өлшемі67,91 Kb.
#50240
1   2   3   4
Байланысты:
лекция
1-16

Көрнекі материал: мультимедиялық дәрістің электрондық материалы (кафедрада студентке беріледі).

Әдебиет:

1. В Черкасский Б.Л. Руководство по общей эпидемиологии. М., 2001..

2. Л.П.Зуева, Р.Х.Яфаев Эпидемиология: Учебник-СПб:ООО «Издательство ФОЛИАНТ», 2006.

3. В.А.Кипайкин, Л.А.Рубашкина. Эпидемиология. Учебное пособие. Ростов-на-Дону, «Феникс», 2002.

4. Н.Д.Ющук, Ю.В.Мартынов. Эпидемиология:Учебное пособие-2-е изд., перераб. И доп. – М.: Медицина, 2003.


Дәріс 6. Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың мақсаты, міндеттері негізгі бағыттары. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралардың қағидалары.

2. Мақсаты: Студенттерді алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар қағидаларымен таныстыру.

3. Дәріс тезисі: жұқпалы аурулармен күресудегі барлық шаралар екі топқа бөлінеді: алдын алу шаралары, адамдар арасында жұқпалы аурулардың пайда болмауына бағытталған және эпидемияға қарсы, аурулар пайда болған жағдайда олардың таралып кетпеуіне бағытталған. Барлығының да қағидасы – бұл инфекция көзін жою, таралу жолдарын үзу, сау организмнің қабылдамаушылығын жоғарылату яғни эпидемиялық процестің үш тізбегіне әсер ету.

Алдын алу шаралары. Адамдар арасында ауру пайда болмас үшін біріншіден, санитарлық-гигиеналық шаралар кешені, мемлекет шекарасын санитарлық қорғау, халықты санитарлық ағарту, адамдардың қабылдамаушылығын жоғарылату (егу шаралары), кейбір жағдайда алдын ала емдеу. Жұқпалы ауруларды алдын алу, халықты сауықтандыру, тіршілік жағдайына қолайлы жағдай жасау бойынша жалпы мемлекеттік шаралармен байланысты.

Эпидемияға қарсы шаралар. Пайда болған жұқпалы аурулар таралмау үшін эпидемияға қарсы шаралар жүргізіледі, инфекция көзін жою, таралу жолдарын үзу, халық қабылдамаушылығын қамтамасыз ету.

Негізгі шаралар:

1.Науқастарды анықтау және тіркеу.

2. Науқастарды жекешелеу.

3. Инфекция ошағын эпидемиологиялық зерттеу.

А) Науқас адамға қатысты инфекция көзін табу

Б) Аурудың таралуына ықпал ететін өндірістік және тұрмыс жағдайын, беріліс факторын анықтау.

В) Контактіде болғандарды анықтау, оларды бақылау.

Г) Ошақ шекарасын анықтау

Д) Жиналған мәліметтерді өңдеп, соның негізінде ошақта жұргізілетін шаралар шешімін қабылдау.

4. Ошақтағы шаралар.

5. Жұқпалы аурулар ауруханасындағы және бөлімшелердегі эпидемияға қарсы шаралар.

6. Сауыққандарды диспансерлік қадағалау.

7. Карантинді аурулармен ауырған науқастарды анықтаған жағдайда біріншілік эпидемияға қарсы шаралар жүргізу.



8. Карантин.

Көрнекі материал: мультимедиялық дәрістің электрондық материалы (кафедрада студентке беріледі).

Әдебиет:

  1. В Черкасский Б.Л. Руководство по общей эпидемиологии. М., 2001.

  2. Л.П.Зуева, Р.Х.Яфаев Эпидемиология: Учебник-СПб:ООО «Издательство ФОЛИАНТ», 2006.

  3. В. А. Кипайкин Эпидемиология. М. 2002 г. стр. 5-10.

  4. Н. Д. Ющук Эпидемиология, М. 2003г. стр. 12-20.



Дәріс 7. Жұқпаның көзіне бағытталған шаралар. Дезинфекция және стерилизация. Түрлері мен әдістері.

Мақсаты: студенттердің жұқпаның көзіне бағытталған шаралар. Дезинфекция және стерилизация. Түрлері мен әдістері бойынша білімдерін бағалау

Дәрістің тезисі: Дезинфекция және оның түрлері Дезинфекция бұл-адамды қоршаған ортада патогендi және шартты патогендi микроағзаларды жою. Дезинфекция кезiнде микроағзалардың тек вегетативті түрлерi өледi. Микроағзаларды физикалық факторлар және химиялық заттар әсер ету арқылы жоюға болады. Микроағзалардың жойылуы дезинфицирлеушi заттардың әсер ету ұзақтығы (экспозиция) мен интенсивтiлiгiне (концентрация) байланысты болады. Стерилизация барлық микроағзалардың вегетирлеушi түрлерiмен қоса олардың спораларын да жою. Соңғысы қоршаған ортаның әсерiне аса тұрақты. Дезинфекция түрлерi. Профилактикалық және ошақты дезинфекцияны ажыратады: Профилактикалық дезинфекция ауруханаiшiлiк инфекцияның алдын-алу мақсатымен жүргiзiледi. Ошақты дезинфекция күнделiктi ошақты дезинфекцияға және ошақты қорытынды дезинфекцияға бөлiнедi. Ошақты күнделiктi дезинфекция инфекция ошағында, инфекционды науқастың төсек маңында көп рет жүргiзiледi. Ошақты қорытынды дезинфекция инфекционды ошақтағы ауру қоздырғышын толық тазалау мақсатымен бiр рет науқасты жекелегеннен кейiн, инфекционды бөлмеге госпитализацияланғаннан кейiн, сауығуы немесе өлiмiнен кейiн жүргiзiледi. ЕАМ-де дезинфекциялық шараларды негiзiнен орташа медициналық персонал жасайды. Олар келесi нұсқау-әдiстемелiк құжаттармен қолдану қажет, инфекционды аурулардың жеке түрлерiндегi дезинфекциялық шаралар жүргiзудiң әдiстемелiк нұсқаулары, нақтылы заттар және дезинфекция әдiстерiн қолдану бойынша әдiстемелiк нұсқаулар. Дезинфекция әдiстерi: Механикалық, физикалық және аралас дезинфекция әдiстерiн ажыратады. Дезинфекцияның механикалық әдiстерi, оған жататындар: Бөлме iшiндегi жиһазды жуу. Киiмдi, төсек орынды, төсек заттарын қағу. Шаңсорғыш көмегiмен бөлмелердi шаңнан тазарту, бөлмелердi сылау және бояу. Қол жуу. Дезинфекцияның физикалық (термиялық) әдiстерi. Дезинфекцияның физикалық әдiсiне келесi әдiстер жатады: Күн сәулесiн қолдану. Бөлмедегi ауаны және бөлменi ультракүлгiнмен сәулелендiру. Ыстық үтiкпен үтiктеу, күйдiру, қыздыру. Бағалы емес заттарды, қоқысты өртеу. Қайнаған сумен өңдеу немесе қайнату. Пастеризация. Гиндализация (600С-да 6-7 тәулiк iшiнде бөлшектеп пастеризациялау, экспозиция-1 сағат). 30 минут дистилденген суда қайнату, жеке ыдыстарды органикалық кiрден тазартады, эпидемияға қарсы қорғау шараларын сақтап шаяды, шайынды суды дезинфекциялап канализацияға төгедi. Қайнау уақытын су қайнап бара жатқан уақыттан бастап есептейдi. Дезинфекцияның ауалы әдiсi (ораусыз, құрғақ-ыстық шкафында t0-1200С, экспозиция берiлген температураға жеткеннен кейiн 45 минут) қолданылады, егер бұйымдар шыныдан, металдан, резинадан, латекстан, термотұрақты полимерлi металдан жасалған болса және олар органикалық зақымданбаса. Булап қолданылатын әдiстi айтылған бұйымдарды алдын-ала тазартусыз жүргiзедi. Дезинфицирлеушi агент: 0,5 атм.-ден жоғары қысымды су буы. Дезинфекция режимi температура-1100С, экспозиция-20 минут, стерилизацияланған бикс-коробкаларда, дезкамераларда, автоклавта сирек қолданылады. Физикалық әдiс-персонал үшiн ең қауiпсiз және қолайлы әдiс. Егер жабдықтар, бұйымдар номенклатурасы сияқты жағдайлар болса, бұл әдiстi қолданған жөн. Дезинфекцияның химиялық әдiсi ЕАМ-де толық батыру әдiсiмен дезинфекциялаудың химиялық әдiсi кең қолданылады. Науқастар мен жанаспайтын бұйымдарды және олардың бөлшектерiн дезинфекциялық ерiтiндiге батырылған марлядан дайындалған салфеткамен екi рет сүртедi. Дезинфекцияға қолдануға болмайды: сайдекс, формамен, глутарал, бианол, дезоксон-1 және басқаларды, себебi олардың адам ағзасына көрсететiн токсикалық әсерi жоғары. Дезинфекцияның химиялық әдiстерiне жатады: Шаю (орошение). Сүрту. Толығымен батыру. Себу (распыление). Загрузка... Тизерная сеть GlobalTeaser Дезинфекцияның комбинирленген әдiстерi: комбинирленген әдiсте дезинфекция арнайы дезинфекциялық камераларда жүргiзiледi. Бу-ауалы әдiс ылғалданған ауамен, t-1100С температурасында, 0,5 атм. қысымда, 20 минуттық экспозицияда жүргiзiледi. Бу-формалиндi әдiс: 0,5 атм. режимда, t-900С, экспозиция 30 минут. Камералы дезинфекцияның негiзiнде камерадағы заттарды аса жоғары қысымда және белгiлi температурадағы ыстық ауамен қыздыру жатады. Егер бу әсерiнен күшейту үшiн камераға формальдегидтi (формалин) қосымша енгiзедi. Негiзгi дезинфекциялық заттардың сипаттамасы. Негiзгi дезинфекциялық заттарға құрамында хлоры бар, оттегiсi бар заттар, беткей-белсендi заттар, гуанидтер, құрамында альдегид, фенолы бар заттар, спирттер жатады. Хлорлы iзбестің ақ түстi ұнтағы, реакциясы сiлтiлi, өткiр тiтiркендiретiн иiсi бар. Хлорлы iзбестiң сапасы белсендi хлор бойынша 25% мөлшердегi белсендi хлордың (С1) болуымен байланысты. Хлордың белсендiлiгi 15% дейiн төмендегенде хлорлы iзбес қолдануға жарамсыз. 0,5-10% ерiтiндiсi және құрғақ түрiнде суды, ыдыстарды, бөлмелердi, науқастың бөлiнiстерiн, әжетханаларды және басқаларды заласыздандыру үшiн қолданылады. 1:5 қатынасындай (1л биологиялық сұйықтықтарға 200г құрғақ iзбес) құрғақ хлорлы iзбеспен науқастың бөлiнiстерiне, тағам қалдықтарына себедi. Хлорамин-Б. С1-бойынша белсендiгi 26% хлорамин-Б дайындау үшiн бастапқы өнiм болып бензол (хлорамин-Г-толуол) табылады. Хлорамин-Б суда еридi, оның ерiтiндiлерi маталарды бүлдiрмейдi және түссiздендiрмейдi. Ыстық ерiтiндiлердiң (50-600С) және хлораминнiң белсендiрiлген ерiтiндiлердiң өте жоғары заласыздандыратын әсерi бар. Бейтарап кальций гипохлоридi. С1-бойынша белсендiлiгi 52%. Емдiк мекемелерде ақ түстi ұнтақ тәрiздi кальций гипохлоридi қолданылады. Әлсiз майлы ерiтiндi түзiледi, оны дайындағаннан кейiн 30 минут өткен соң қолданылады. Сақтағанда тұрақты, аз гигроскопиялы және ауада Cl1-бойынша белсендiгiн сақтайды. Натрий гипохлоридi 1-3% белсендi хлоры бар концентрленген негiзгi ерiтiндiлер түрiнде қолданылады. Электрохимиялық әдiспен (ЭЛМ-1, ЭМУ-1, ЭЛИСА, УДР-01 құрылғылары) алынады. 0,5% концентрациялы жұмыс ерiтiндiлерiн шыныдан, пластмассадан (ПХР), силиконды резинадан жасалған бұйымдарды толық батырылған күйiнде экспозициясы 60 минут вирусты инфекцияда қолданылады. 0,25% концентрациялы жұмыс ерiтiндiлерi бактериальды инфекцияда (туберкулезден басқа) қолданылады, экспозициясы 15 минут, толық батырылған күйiнде. Ал 0,3% концентрациялы ерiтiндiлер дерматофитияда 15 минут iшiнде қолданылады. Адамдар бар бөлмелердi дезинфекциялау үшiн 0,125% концентрат ерiтiндiсiн 0,5% концентрациядағы »Лотос», »Прогресс», »Астра» сияқты жуғыш заттармен бiрге қолдануға болады. Бөлмелер дезинфекциясы кезiнде 0,125% концентарциялы ерiтiндiлердi шығындау нормалары-1м2-қа 200мл. Хлоргексидин биглюконаты мөлдiр, иiссiз 20% ерiтiндi. Сақтау үшiн арнайы шарттар қажет етпейдi. Беткей-белсендi деп аталатын заттар класына жатады. Суда, спиртте жақсы еридi, ұзақ сақтағанда өзiнiң қасиеттерiн жоғалтпайды, ұзақ антимикробты әсерi бар, медициналық құралдар қысқа уақыт (2-3 минут) ерiтiндiде болған жағдайда металдың анық коррозиясын шақырмайды. Протейға, қышқылға төзiмдi таяқшаларға, вирустар мен спораларға препарат әсер етпейдi. Хирургиялық бұйымдарды, хирург, медбике, акушерлер қолдарын заласыздандыруға арналған. Емдiк, антисептикалық зат ретiнде және күнделiктi, қорытынды дезинфекция үшiн қолданылады. Сутектiң асқын тотығы (Н2О2) тотықтырғыштар тобына жатады. Өндiрiстен 29-30% концентрациялы су ерiтiндiсi түрiнде пергидроль атауымен шығарылады. Иiссiз, түссiз зат, тұтқыр ашты дәмi бар. Жоғары бактерицидтi қасиетi бар. Мөлшерi 0,5-6% концентрациядағы сутектiң асқын тотығының ерiтiндiлерi бұйымдарды бүлдiрмейдi, металдарды коррозияға ұшыратпайды, токсикалығы аз. Экспозициясы 80-нен 180 минутқа дейiн 3-4% концентрацияда жуғыш заттармен (»Прогресс» және басқа) бiрге қоданылады. Химиялық заласыздандыру қанды жуғаннан кейiн механикалық тазалаумен бiрiктiруге мүмкiндiк бередi, оның нәтижесiнде дезинфицирлеушi әсер күшейедi, 0,5% концентрацияда 0,5% жуғыш ерiтiндiсiмен стерилизациялық өңдеу алдында 45-500С температурада, 15 минут экспозицияда қолданылады. Сутектiң асқын тотығының ерiтiндiлерi қараңғы салқын жерде сақталады. Пергидролi бар сауыттардың капшығы болу керек. Абайлап тасымалдауы қажет. Аламинол (»Ниопик», Ресей) беткей-белсендi заттар (ББЗ) тобына жатады. Бактерияға, вирустарға, саңырауқұлақтарға қарсы жоғары антимикробты әсерi бар. Жуғыш қасиеттерi бар. Бөлмелердегi беткейлердi, науқастарды бұйымдарды дезинфекциялау үшiн, инструменттердi стерилизация алдында және басқа медицинада қолданатын заттарды (стоматологиялық, жұмсақ және қатты эндоскоптар) тазарту үшiн қолданылады. Дезинфекция және стерилизация алдындағы тазартуда 3-8% жұмыс ерiтiндiсi түрiнде вирусты инфекцияға қарсы бiрiктiрiлген процесте қолданылады, экспозициясы 60 минут, бөлме температурасында. Одан кейiн шыныдан, резинадан, металдан жасалған бұйымдар, соның iшiнде стоматологиялық инструменттер 0,5-1 минут iшiнде сол ерiтiндiде жуылады және 3 минут ағынды сумен шайылады. Бактериальды инфекцияда, сонымен бiрге туберкулезде, кандидозда, дерматофитияда 5%-концентрациялы жұмыс ерiтiндiсi қолданылады. Өңдеу этаптары өзгермейдi. Септабик (»Абик» Израиль) ББЗ тобына жатады. Бактерияға, вирустарға, саңырауқұлақтарға қарсы жоғары антимикробты әсерi бар. Жуғыш қасиетi бар. Концентрат және ұнтақ түрiнде шығарылады. Дезинфекция және стерилизация алдындағы тазартуда 1% жұмыс ерiтiндiсi түрiнде вирусты, бактериальды инфекцияда, кандидоздарда, дерматофитияда қолданылады, экспозиция 60-120 минут (прибор конструкциясына байланысты), бөлме температурасында. Туберкулез кезiнде шыныдан, резинадан, пластмассадан, металдан жасалған бұйымдарды, стоматологиялық инструменттердi, эндоскоптарды 3% септабин ерiтiндiсiмен 60 минут iшiнде өңдейдi, бұйымдар толық батырылуы керек. Одан кейiн сол ерiтiндiде 0,5-1 минут iшiнде жуылады және 3 минут iшiнде ағынды сумен шайылады. Дезинфекциялаушы заттардың жарамсыздығын бақылау түрлерi: Визуальды бақылауды дез.станцияның қызметкерi (лаборант, дәрiгер) жүргiзедi. Бактериологиялық бақылауды дез.станцияның қызметкерi лаборант жүргiзедi (шприцтер, инелер және т.б санынан 1% мөлшерде шайындыларды алу). Химиялық бақылауда құрғақ заттар және дезинфицирлеушi ерiтiндiлер пробаларын таңдап алады және дез.лабораторияға жiбередi. Онда пробалардағы белсендi С1-анықтайды және оның дұрыс дайындалуы жайлы қорытынды бередi (пробалар жеткiзiлуiн бөлiмнiң аға медбикесi бақылайды). Дезинфекциялық шараларда жүргiзу үшiн тек тағайындалған жағдаймен рұқсат етiлген бұйымдар (жуғыш машиналар, эмальданған ыдыстар, пластмасс контейнерлер, стерилизаторлар) қолданылады. Дезинфекция жүргiзiлетiн бұйымдарға қойылатын шарттар: Сауыттардың қақпақтары болу керек. Сауыттар мен қақпақтардың маркирі, заттың атауы, оның концентрациясы, тағайындаулары, дайындалған күнi болу керек. Көп ретке қолданылатын ерiтiндiлер үшiн заттың қолданылатын уақытын және сағатын көрсетедi. Қымбат бұйымдарды (эндоскоптар, жұмсақ эндоскоптарға инструменттер) қосымша инструкциялы-әдiстемелiк құжаттар бойынша дезинфекциялайды. Дезинфекция үшiн жабдықтарды таңдау бұйымдар ерекшелiгi мен оның тағайындалуымен байланысты. Дезинфекциялық шараларды жүргiзу үшiн келесi жабдықтар болу керек: гидропульт (чехолмен); эмальденген шелектер немесе 1,5 және 10л деген жазуы бар ыдыстар; дезинфекциялаушы камераға заттарды тасымалдау үшiн кленкалы қаптар; дезинфекцияланатын затқа арналған үлкен ыдыс; таза заласызданған ветошь; қолданылған ветошьтар және қолданылған арнайы киiм комплектерiнiң кленкалы қаптары; сортировкасы жасалған дезинфекциялық заттар; арнайы киiм: халаттар, қалпақтар, респираторлар, қорғайтын көзiлдiрiк, резиналы перчаткалар; Дезинфицирлеушi заттармен жұмыс iстегенде еңбектi қорғау ережелерi: Химиялық дезинфицирлеушi заттарды сақтау ережелерiн сақтаңыздар. Дезинфекциялы зат бар ыдыстар атауы, тағайындалуы, дайындалу күнi және мерзiмi көрсетiлген паспорты болу керек. Дезинфекциялайтын ерiтiндiлердi дайындағанда жеке бастың гигиенасын сақтаңыздар (арнайы халаттар, бас орамалдар, респираторлар, қорғайтын көзiлдiрiк, резиналы перчаткалар, ауыстыратын аяқ киiм). Дезинфекциялы ерiтiндiлердi ауасын тартатын шкафта немесе арнайы вентиляциясы бар бөлмелерде дайындалады және сұрыптау жүргiзiледi. Дезинфекциялық заттар терiге тигенде оларды сумен лезде жуып шаю керек. Көзге түссе-2% сода ерiтiндiсiмен шаю керек, 30% альбуцид тамызу, ауырсыну басылмаса-2% новокаины бар көз тамшыларын тамызу. Тыныс алу жолдары тiтiркенгенде-лезде басқа желдетiлетiн бөлмеге немесе таза ауаға шығуы керек, содасы бар жылы сүттi iшу, 2% сода ерiтiндiсiмен ауызды шаю керек, қажет болса жүрек препаратын, тыныштандыратын және жөтелге қарсы заттарды қабылдау керек. Дезинфицирлеуші хлорлы жұмыс қоспаларын дайындау ережелері: ашық хлорлы әк қоспасын әзірлеу үшін: 1 кг ұнтақ хлорлы әкті 10 л (шелек) суық суға араластырады; қоспаны тәулік бойы тұндырады; алынған қоспаны күңгірт шыныға құйып, тығынмен жабады (10 % хлорлы әк қоспасын алатын болғандықтан 5-7 күн қараңғы жерде сақтайды); хлорлы әктің жұмыс қоспасын дайындау: 0,1 % — 100 мл 10 % хлорлы әк қоспасын 9,9 л суға; 0,2 % — 200 мл 10 % хлорлы әк қоспасын 9,8 л суға; 0,5 % — 500 мл 10 % хлорлы әк қоспасын 9,5 л суға; 1 % — 1 л 10 % хлорлы әк қоспасын 9 л суға; 2 % — 2 л 10 % хлорлы әк қоспасын 8 л суға; хлорамин қоспасын қолдану алдында ғана дайындайды: 0,2 % — 2 г хлорламин 1 л суға; 1 % — 10 г хлорламин 990 мл суға; 2 % — 20 г хлорламин 980 мл суға; 5 % — 50 г хлорламин 950 мл суға;

Стерилизация – бұл физикалық факторлар мен химиялық препараттар арқылы әсер ету жолымен микроорганизмдер мен олардың спораларын жою болып табылады. Стерилизацияланатын заттар: жаралы беткейлермен жанасатын; қанмен контактіге түсетін; иньекцияланатын препараттар және шырышты қабаттарға жанасқанда жара туғызуы мүмкін жеке медициналық құралдар және т.б. Стерилизация бөлінеді: Физикалық; Химиялық; физикалық стерилизация термиялық (физикалық) стерилизацияға ультракүлгін-сәулелер: процедуралық, операциондық, ультракүлгін ауамен шағылыстыру жатады. Клиникалық практикада физикалық факторлармен әсер ететін стерилизациялар жиі қолданады Физикалық стерилизацияға жатады: Автоклавтау Құрғақ ауамен стерилизациялау Қайнату Ультракүлгін сәулелермен стерилизациялау Автоклавтау – қысымдағы бумен әсер ететін стерилизация болып табылады. Булы стерилизация жоғары температура (138 С) мен жоғары қысым (2,5 ат.қ.) арқылы әсер етумен жүзеге асады.


Қыздыру Стерилизация: қажетті температура 180 С, белгіленген уақыт 60 минут Суыту: 40-50 С дейін Қайнату Бұл әдіспен ұсақ хирургиялық құралдар, шприц, заттық үстелше және т.б. Құралдар стерилизацияланады. Оларды су құйылған арнайы стерилизаторларға орналастырады. Судың қайнау температурасын жоғарылату үшін 1-2% натрий бикарбонатын қосады. Қайнату уақыты 30 мин. Бірақ бұл әдіс толық стерилизацияны қамтамасыз етпейді, себебі кейбір вирустар (гепатит вирусы) мен бактерия споралары толық жойылмауы мүмкін. Ультракүлгін сәулелермен стерилизациялау Бұл әдіс толқын ұзындығы 260-300 мкм ультракүлгін сәулелермен әсер ету арқылы жүзеге асады. Бокстағы, операциондық бөлмедегі, балалар бөліміндегі ауаны тазарту үшін қуаты әр түрлі (БУВ-15, БУВ-30) бактерицидті шамдар қолданылады. Химиялық стерилизация Стерилизациялаудың химиялық әдісінде полиэтиленнен жасалған құралдар, өкпені жасанды вентиляциялайтын аппараттар, эндоскоптар дезинфекциялаушы ерітінділер немесе газдармен стерилизацияланады. Химиялық стерилизация Газды Ультрадауысты Инфрақызыл шағылыстыру Газбен стерилизациялау. Бұл әдіс газды, стерилизациялы камерада өтеді. Негізінен бұл әдіспен медициналық құралдарды этиленде немесе ОБ ерітіндісінде стерилизациялайды. Стерилизацияланатын заттар: кардиостимуляторлар, оптикалар, резинкелер, шыны ыдыстар, түрлі аппараттардың пластмасты бөліктері. Стерилизацияның дұрыс жүруін қадағалау.
Стерилизацияның барлық әдістері жұмыстың дұрыс орындалуын талап етеді. Сондықтан жұмысты сақтықпен орындау керек! Стерилизацияның дұрыс жүруін қадағалау Бактериологиялық әдіс – ең нақты, бірақ уақытты көп қажет етеді. Бұл әдіс стерилизацияның дұрыс жүруін қадағалайды. Техникалық әдіс – манометрмен дұрыс жұмыс істеуді, камераға максимальді термометр орналасқандықтан периодті түрде температурасын тексеруді талап етеді. Термиялық әдіс — күнделікті өткізіледі. Ол құрамында құм тәрізді заттардың түсін өзгертіп, олардың белгілі бір температурада еруіне негізделген. Стерилизацияны қадағалау үшін қолданады: Температураны, қысымды, уақытты, өлшеу; химиялық тестілер; термохимялық индикаторлар және биотестілер. Келесі заттар қолданылады: Мочевина (132 С) Тиомочевина (180 С), янтарь қышқылы (180-192 С) және т.б.

Иллюстративті материал: мультимедиялық дәрістің электронды варианты

Әдебиет:

  1. Б.Л. Черкасский Руководство по общей эпидемиологии.- М: Медицина, 2001, с.405-423.

  2. Учебно-методическое пособие «Иммунопрофилактика инфекционных болезней», Алматы 2001, с. 4-55.

  3. Пособие для врачей под редакцией Е.Н.Беляева, А.А.Ясинского «Безопасность иммунизации», Москва, 2005, с.8-18, 39-54.

  4. Закон РК от 8 июля 1994 г. “ О санитарно-эпидемиологическом благополучии населения”.

  5. Приказ № 270 от 26.06. 1995 г. МЗ РК “ О совершенствовании иммунопрофилактики в республике”.

  6. Указ Президента РК от 18 мая 1998 г. “ О первоочередных мерах по улучшению состояния здоровья граждан Республики Казахстан”.

  7. Постановление Правительства РК от 22 января 2008 г. № 40 «О внесении изменений и дополнений в поставноление Правительства РК от 23 мая 2003 года № 488» (сроки проведения профилактических прививок).

  8. Эпиднадзор за побочными реакциями после иммунизации. Методические рекомендации ВОЗ, 1993 г.

Ақпарат көзі: http://kazmedic.kz/archives/1549 Материал көшіргенде, KazMedic.kz сайтына сілтеме міндетті
Дәріс 8 Жұқпалы аурулардың иммундық алдын алу.

Мақсаты: студенттерді иммундық алдын алу қағидаларымен таныстыру.

Дәріс тезисі: эпидемиологияның негізгі бөлімдерінің бірі жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасын оқу болып табылады. Эпид. процестің үшінші тізбегіне әсерінің негізі, қабылдағыш коллектив жалпы макроорганизмнің қарсылығын жоғарылатуға және адамдарда иммунитет туғызуға қызмет етеді. Организмнің жұқпалы ауруларға қабылдамаушылығы арнайы профилактикалық препараттарды қолданумен болады және химиопрепараттарды. Иммундық алдын алу эпид процестің әдеттегідей ұяшығының үшінші тізбегіне бағытталған және оның міндеті жұқпалы ауруларға қабылдамаушылықты құру, жоғарылату болып табылады. Ол профилактикалық (алдын ала) екпелер жүргізу арқылы жүзеге асады яғни, иммунобиологиялық препараттарды организмге бір немесе көп реттік енгізу. Иммунды биологиялық препараттар бұл белгілі жұқпалы ауруларға қабылдамаушылық туғызу үшін организмге енгізетін дәрілік препараттар (екпе, анатоксин, иммунды сарысу, иммунды глобулин т.б). Иммундық алдын алу үшін қолданатын препараттарды З топща бөледі: 1) белсенді иммунитет қалыптастыратын 2) енжар қорғанышты қамтамасыз ететін 3) иммунитет дамуын күшейтетін, қоздырғыштың дамуын, көбеюін тоқтататын. Келесі негізгі түрлері бар. Екпе, анатоксиндер, им.сарысулар, иммунды глобулиндер, иммунды модуляторлар. Белсенді иммунитет түзетін препараттарға тірі, өлі, комбинирленген екпелер жатады.

Иллюстративті материал: мультимедиялық дәрістің электронды варианты

Әдебиет:

  1. Б.Л. Черкасский Руководство по общей эпидемиологии.- М: Медицина, 2001, с.405-423.

  2. Учебно-методическое пособие «Иммунопрофилактика инфекционных болезней», Алматы 2001, с. 4-55.

  3. Пособие для врачей под редакцией Е.Н.Беляева, А.А.Ясинского «Безопасность иммунизации», Москва, 2005, с.8-18, 39-54.

  4. Закон РК от 8 июля 1994 г. “ О санитарно-эпидемиологическом благополучии населения”.

  5. Приказ № 270 от 26.06. 1995 г. МЗ РК “ О совершенствовании иммунопрофилактики в республике”.

  6. Указ Президента РК от 18 мая 1998 г. “ О первоочередных мерах по улучшению состояния здоровья граждан Республики Казахстан”.

  7. Постановление Правительства РК от 22 января 2008 г. № 40 «О внесении изменений и дополнений в поставноление Правительства РК от 23 мая 2003 года № 488» (сроки проведения профилактических прививок).

  8. Эпиднадзор за побочными реакциями после иммунизации. Методические рекомендации ВОЗ, 1993 г.


Дәріс 9.Иммунизацияның кеңейтілген ауқымды түрі. Вакциналық алдын алу тиімділігін бағалау.

Мақсаты: студенттерде иммунизацияның кеңейтілген ауқымды түрі. Вакциналық алдын алу тиімділігін бағалау жөніндегі білімін қалыптастыру.

Дәрістің тезисі: ммунизацияның кеңейтілген бағдарламасы (икб). (Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы) Бағдарламаның басты мақсаты — тұрғылықты халықтың көпшілігіне егу жұмыстарын жүргізу, егу жұмыстарының деңгейін жоғарылатудың негізгі жолдары: негізі жоқ әдіс жолдарының санын азайту және уақытша қарсылықтан соң дер кезінде егу жұмыстарын жүргізу; алдын алу егу жұмыстарына қарсы ата-аналар санын азайту. Иммунизацияның құқықтық негіздері: 18.09.2009 жылғы ҚР «халық денсаулығы мен денсаулықты сақтау жүйесі туралы» кодексі 156 бап. Алдын алу егу жұмыстарын жүргізу Қазақстан Республикасы аумағындағы жеке тұлғалар кепілдік тегін медициналық көмек көрсету аясында инфекциялы және паразитті ауруларға қарсы алдын алу егу жұмыстарын алуға міндетті. Алдын алу егу жұмыстары жүргізілетін аурулардың тізімі, олардың реті, жүргізу мерзімі және жоспарлы егу жұмыстарына енетін тұрғын топтарын Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды. 2009 жылдың 30 желтоқсанынан ҚР Үкіметінің Жарғысы «Алдын алу егу жұмыстары жүргізілетін аурулардың тізімі, олардың реті, жүргізу мерзімі және жоспарлы егу жұмыстарына енетін тұрғын топтар туралы бекіту (2010 жылдың 29 маусымынан өзгерістері мен қосымшасымен). ҚР-да балалар мыналардан қарсы иммунизацияланады: вирусты гепатит В гемофильді инфекция күл көкжөтел қызылша қызамық пневмококкты инфекция полиомиелит тырыспа туберкулез эпидемиялық паротит Қазақстан Республикасының алдын алу егу жұмыстарының стратегиясы Загрузка... Тизерная сеть GlobalTeaser Қолжетімділік Тегін Эффективті иммунизация Иммунизацияның қауіпсіздігі Жаңа, соның ішінде комбинирленген ваакциналарды енгізу Медициналық кадрларды дайындау Тұрғылықты халықпен жұмыс жасау Нормотивті-құқықтық актілерді дайындау Қауіпсіздік Тұрғылықты халыққа екпе жұмыстарын жасау алдын алу іс-шараларына жатады және де ол тегін кепілденген медициналық көмек көрсету ауқымына енеді. Республика бюджеті көлемінде 14 инфекцияға қарсы екпе (вакцина) сатып алынса, жергілікті бюджет көлемінде 4 инфекцияға қарсы екпе (вакцина) алынады. ҚР халқын иммунизациялау құжаттарының негізгі нормативтері 2009 жылдың 18 қыркүйегінен ҚР Кодексінің 156 бабы «Халық денсаулығы мен денсаулықты сақтау жүйесі». 2009 жылдың 30 желтоқсаны №2295 ҚР Үкіметінің Жарғысы «Алдын алу егу жұмыстары жүргізілетін аурулардың тізімі, олардың реті, жүргізу мерзімі және жоспарлы егу жұмыстарына енетін тұрғын топтар туралы бекіту (2010 жылдың 29 маусымы өзгерістері мен қосымшасымен). 2008 жылдың 04 желтоқсанынан №636 бұйрығы «Иммунизацияға қарсы көрсеткіш жайында, екпеден кейінгі асқынуларды анықтау және есеп жүргізу». Астана қаласы, 2015 жылдың 06 наурызынан ҚР ДСМ бұйрығы. Санитарлық ережелерді нақтылау «Халық арасында профилактикалық екпелерді жүргізудегі санитарлы-эпидемиология талаптар». Астана қаласы 2015жылдың 17 наурызынан ДСМ ҚР №215 бұйрығы. Санитарлы ережелерін бекіту жайында «Инфекциялық ауруларға қарсы жүргізілетін профилактикалық екпелер шараларын жүргізуге қажетті санитарлы-эпидемиологиялық талаптар». 2015 жылдың «24» қаңтарынан ҚР халықтық экономикалық министрлігінің бұйрығы. Санитарлық бұйрық «Денсаулық сақтау нысандарына санитарлы-эпидемиологиялық талаптар». Профилактикалық препараттарды(иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфицирлеуші) сақтау және транспортировкасы жайлы ережелерді бекіту. Иммунизацияның эффективтілігі Кепілдігі бар екпені қолдану, яғни ҚР тіркелген (БСҰ сертифицияланған балаларға арналған екпе). Екпемен үздіксіз қамсыздандыру. Екпелермен қамтылу– әр әкімшілік территорияларында 95% кем емес. Екпе алмағандарды күнделікті анықтау және оларды иммунизациялау. Иммунизациялау апталығының өткізуде халықты ақпараттандыруды күшейту. Халықтық екпе салу күнтізбесімен бекітілген мерзімге сәйкес екпе жасау жұмысының уақтылығы: тұрғылықты жеріне қарамастан Республиканың қай облысында орналасуына қарамастан әрбір бала кезекті екпені уақтылы алуы тиіс. Бұл ретте біріңғай екпе алу паспорты көрсетілген жағдайда иммундеудің медициналық ұйымының балаларды түрлі тексеріс жасауды қолдану екпелерді біріктіру, сондай-ақ аралас екпе жасау Иммунизациялаудың қауіпсіздігі: Екпе алушыға қауіпсіздік. Екпе салушыға қауіпсіздік . Халық пен қоршаған ортаға қауіпсіздік. Комплексті жеткізу ұстанымы – өзіндік бұзылатын (өзіндік жабылатын) шприцтермен екпелерді сатып алу және қолданылған шприцтерді қауіпсіз жинау және жою қораптарын алу. Жаңа екпелерді енгізу, соның ішінде аралас екпелер 1998 жылдан бастап ВГ қарсы «В» екпесі. 2005 жылдан бастап желшешекке қарсы екпе . 2005 жылдан бастап ККП екпесі мен АКДС+ВГВ енгізілген. 2008 жылдан бастап b типті «гемофильді» инфекцияға қарсы – АКДС + ВГВ + Хиб екпесі, АКДС + Хиб екпесі (тетравакцина) енгізілген. 2010 жылдың 1 желтоқсанынан бастап пневмококті инфекцияяға қарсы Превенар – 13 Медициналық кадрларды дайындау Екпе салу ісіне қатысты дәрігерлер, фельдшерлер, медбикелер жыл сайын екпе сұрақтарына байланысты дайындық пен аттестациялаудан өтеді, екпе салуға рұқсат кәуілігін алып шығады (№ 2295 ҚР Үкіметінің Жарғысы). Тұрғылықты жұртпен жұмыс 1.Жыл сайын иммунизация апталығын өткізу: брошюралар, парақтар, үндеулер, плакаттар дайындау, жүгіртпе жолақты қолдану; баспаларда мәлімет беру, теледидар, радиоларда үн салу, дөңгелек үстелде кездесу өткізу, пресс- конференциялар; тұрғылықты елмен кездесулер, қызығушылығы бар ұйымдармен, басшылармен кездесулер т.б. өткізу 2. Ата-аналармен жұмыс, медициналық ұйымдардың келуімен босану үйінен бастап жұмыс жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет