Дәріс 1 Эпидемиология ғылым ретінде. Эпидемиология пәні, міндеттері және мақсаттары. Мақсаты


Дәріс тезисі: Зақымдау ошағындағы радиациялық ахуалды бағалау



бет4/4
Дата18.10.2019
өлшемі67,91 Kb.
#50240
1   2   3   4
Байланысты:
лекция
1-16

Дәріс тезисі: Зақымдау ошағындағы радиациялық ахуалды бағалау.

Қарсылас осы заманғы зақымдау құралдарын қолданған жағдайда, сондай-ақ атом өнеркәсібі кәсіпорындарындағы авария кезіндегі ауа, жер және онда орналасқан ғимарат, техника мүлік радиациялық зақымдауға ұшырайды.

Жердің радиоактивті зақымдану нәтижесінде пайда болған ахуал радиациялық ахуал деп аталады. Ол радиациялық зақымданудың көлемін және сипатымен анықталады және шаруашылық объектілерінің өндірістік қызметіне, бөлімшелердің іс-әрекетін, халықтың тіршілігіне айтарлықтай ықпал етеді. Адамдардың, малдардың зақымдану қаупі радиациялық ахуалды тез анықтау мен бағалауды және құтқару жұмыстарын жүргізуге оның ықпалын ескертуді талап етеді. Осы мақсатта радиациялық барлау мәліметтері бойынша болжау әдісімен радиациялық ахуалды анықтау мен бағалау жүргізіледі. Болжау зақымдау уақытын, сипатын және бөлімшелердің іс-әрекет режимдері мен зақымдалған жердегі халықтың өзін-өзі ұстау тәртібін анықтау мақсатында мәліметтер барады. Бұл зақымдаудың тек нақты деректерден едәуір айырмашылығы болуы мүмкін шамалас сипаттамалары ғана. Болжаудың бастапқы мәліметтері: жарылыстың қуаты, түрі мен орталығының (кіндігінің) деректері, жарылыс уақыты, орташа желдің жылдамдығы мен бағыты. Шаруашылық объектілерінде радиациялық ахуалды болжамайды, тек ТЖ мен АҚ жөніндегі жоғары тұрған органдардың мәліметтерін ғана пайдаланады. Объектілердің АҚ және ТЖ штабтары мен қызметтері оны тек барлау мәліметтері негізінде ғана бағалайды.

Аумағының көлемі жердің радиациялық зақымдау аймағымен салыстырғанда шағындау шаруашылық объектісі үшін болжаудың тек екі нұсқасы ғана ықтимал: объекті қызметкерлері сәулеленуге ұшырайды немесе ұшырамайды. Сондықтан объект аумағын радиоактивті зақымдану жағдайы үшін радиоактивті бұл ізінің белдігі кәсіпорын аумағының ортасы арқылы өтетін кездегі ең жағымсыз нұсқа алынады. Болжанатын радиациялық ахуал міндетті түрде радиациялық барлаумен нақтыланады. Радиациялық ахуалды бағалау, болжау мәліметтерін алғаннан кейін жүргізіледі.



Зақымдалу ошағындағы химиялық ахуалды бағалау.

Химиялық ахуал ретінде шаруашылық объектілерінің қызметіне АҚ күштері мен халыққа әсер етінін жердің КӘУЗ-бен химиялық зақымдау салдарының жиынтығы түсіндіріледі.

Химиялық ахуал КӘУЗ төгілу немесе химиялық зақымдау ошақтары пайда болатын химиялық қаруды қолдану кезінде жасалады.

Химиялық ахуалды бағалауға мыналар кіреді:



  • химиялық зақымдау көлемі мен сипатын анықтау;

  • олардың объектілер қызметтеріне, АҚ күштері мен халыққа әсер етуін талдау;

  • адамдардың зақымдалуын болдырмайтын іс-әрекеттердің аса қажетті нұсқаларын іріктеу.

Химиялық ахуалды бағалау болжау әдістерімен және барлау мәліметтері бойынша жүргізіледі.

Шаруашылық объектілерінде химиялық ахуалды бағалауды (РХҚ) нүктелері жүргізіледі.

Химиялық ахуалды бағалайтын бастапқы мәліметтер;


  • КӘУЗ түрі мен саны, химиялық қаруды қолдану құралы мен УЗ түрі;

  • Улы заттардың шығарылу (төгілу), химиялық қарудың қолдану ауданы мен уақыты;

  • Адамдардың қорғану деңгейі;

  • Жердің топографиялық жағдайы мен ластанған ауаның таралу жолындағы құрылыстардың сипаты;

  • Ауа-райы (жер беті қабатындағы желдің жылдамдығы мен бағыты, ауа мен топырақтың температурасы, ауаның вертикальды тұрақтылығының деңгейі);

Ауаның вертикальдық тұрақтылығының деңгейін шамамен ауа-райын бақылау арқылы анықтауға болады. Ол үш деңгейге бөлінеді:

  1. инверсия

  2. изотермия

  3. конвекция

Инверсия әдетте шамамен күн батардан 1 сағаттай бұрын кешкі уақытта пайда болады және күн батқаннан кейін 1 сағаттың байында бұзылады. Ауаның төменгі қабаты жоғары қабатынан суығырақ, бұл инверсияның биіктік бойынша таралуына кедергі келтіреді және ластанған, жинақталған ауаның сақталуы үшін аса қолайлы жағдай жасайды.

Изотермия ауаның тұрақты тендігімен сипатталады. Изотермия кезінде жердің 20-30м биіктік шегіндегі ауаның температурасы жердікімен шамалас болады. Ол жауын-шашындарды ауа-райы мен қар жамылғысы кезінде байқалады, алайда таңертеңгі конвекцияға және кешкі уақыттарда инверсиядан конвекцияға (таңертең) және керісінше (кешкі) көшпелі күй ретінде пайда болуы мүмкін.

Конвекцияәдетте күн шыққаннан кейін 2 сағаттан кейін пайда болады және шамамен күн батардан 2-2,5 сағат бұрын бұзылады. Ол әдетте жазғы ашық уақытта байқалады. Конвекция кезінде ауаның төменгі қабаттары жоғары қабаттарынан қаттырақ қызады, бұл залалданған бұлттың тез таралуына және оның зақымданған әсерінің азаюына ықпал етеді.

Бактериологиялық қарудың индикациясы.

Индикация әдістері. Арнайы емес индикация.

Биологиялық соғыс жағдайында қорғаныс шараларынан маңызды жетістіктері биологиялық агенттерді дер кезінде анықтап, индикацияны тез арада жүргізуіне байланысты болады. Биологиялық заттардың индикациясында көптеген қиыншылықтар кездеседі, қоздырғыштардың ұқсастығы қазіргі кездегі лабораторлық әдістерімен анықталады. Осыны ескере отырып, қазіргі уақытта БҚ индикациясын 2 сатыға бөлу туралы жүйе қабылданды.



  1. Арнайы емес (неспецифическая).

  2. Арнайы индикация (специфическая).

Индикация дегеніміз– қарсыласы БҚ қолдану фактісін және қоздырушының қандай түрі қолданғанын анықтауға бағытталған арнайы шаралар кешені.

Қарсыласы БҚ қолдану фактісін анықтау арнайы емес индикациядеп аталады.

Қолданылған қоздырғыштардың түрін анықтау және БҚ қолдану фактісін дәлелдеу арнайы индикациядеп аталады.

Арнайы емес индикация қарсыласы БҚ-ды қолданған сәтте жүргізіледі, ал арнайы индикация – биологиялық шабуылдың салдарынан жою үшін жүргізіледі.

Индикацияны іске асыру кезінде негізінде химиялық күштер мен құралдар қолданылады. Спецификалық емес индикацияның алдына қойған тапсырмасы ауадағы және жергілікті жердегі қарсыласы қолданған БҚ фактілерін анықтау.

БҚ-ды қолдану кезіндегі жанама белгілер:



  1. Снарядтың жарылысы нәтижесінде бұлтта аэрозолды пайда болуы;

  2. Тегіс қорытындылары – уландырғыш заттардың пайда болуы;

  3. БҚ ақтайтын сұйық тамшылар, ұнтақ тәрізді заттар немесе буынаяқтардың жиналуы.

  4. Әлсіз түрде авиациялық бомбалардың, ракеталар, снарядтар мен миналардың жарылысы кезінде бұлттың үстіңгі қабатында тұман мен түтіннің пайда болуы;

  5. Жау самолеттерінің артынан пайда болған түтін мен тұман сызықтарының пайда болып, тез арада жоғалып кетуі.

  6. Поршеньдік және басқа да құрылғысы бар бомбалар, ракеталар мен снарядтар қалдығының болуы жергілікті жерде аэрозолдың түзуіне әкеліп соғады;

  7. Бомбаның жарылып түскен жерінде жергілікті жерде кездеспейтін кенелер, жәндіктер және кеміргіштер бөліктерінің жиналуы;

Санитарлық-эпидемиологиялық, бактериологиялық барлауды жүргізетін барлаушылар тобы төмендегі жабдықтар мен жабдықталады: ХБӘЖ, табельдік құралдар (химиялық барлаудың әскери жабдықтары),

Табельсіз құралдар (биологиялық сынамалары алатын медициналық жабдықтар), (БСМЖ).

Сынама алатын жинақ (СДЖ-I), жеке қорғаныс құралдары.

Америка әдебиеттерінің мәліметтері бойынша қарсыласы БҚ қолдану фактісін көзбен шалып анықтау тиімсіз, сондықтан ауаның биологиялық зақымдалу белгілерін жедел тіркеп, сигнал беру тиімді болып табылады.

Ең алдымен ауа сынамасының арнайы емес индикациясы қолданылады. Ауаның арнайы емес индикациясына қоспаның автоматты сигнализаторы қолданылады (КАС), ол 1972 жылдан бастап жабдықталған. Сигнализатор химиялық барлаудың автомашинасына орнатылған, сонымен қатар әскери медициналық лабораториясы (ЭМЛ –ВМЛ) бар, минутына 200 л қосындыны өткізеді, белокты анықтайды, дыбыстық, жарықтық және радиосигналды іске қосады. Аспанның сезімталдығы төмен, аэрозоль көзінен 100 м қашықтықта іске қосылады. Мүмкін болатын қарсылысының аспабы ХМ-19, қуаттылығы 1000л/мин. Дивизияға осындай 2 аспап қажет, ал бізде АСП дивизияда 19-24 қолданылады.

Қазіргі кезде лазерлік құралдарды шығаруға жұмыс жүргізіліп отыр, ол 3 км қашықтықта аэрозольдің бар екенін анықтайды.

Қазіргі уақытта химиялық қызмет вертолетпен қамтамасыз етілген, олардың атқаратын жұмысы ауадан сынама алып, барлау жүргізеді, бірақ оларды жеткізу жүйесі қарастырылмаған. Сынаманы жеткізіп беру барлық командирлердің міндеті. БҚ арнайы емес индикациясы әскер арасында және тыл бөлімшелері мен мекемелерде соғыс тәртібімен жүргізіледі. Арнайы емес индикация тапсырманы жартылай ғана шешеді, бактериологиялық заттардың ең жоғарғы мөлшерінде ғана қоздырғыштың түрін анықтауға болады. БҚ қолдану фактісін анықтағаннан кейін жалпы эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыруға болады (жеке және қорғаныс заттарын қолдану, обсервация ұжымдық режимін тағайындау, жартылай және толық санитарлық өңдеуді жүргізу, жалпы жедел профилактиканы бастап ұйымдастыру, медициналық эвакуация сатысында эпидемияға қарсы режим орнату және т.б.). Сонымен БҚ әсерін азайтуға болады.

Арнайы емес индикацияға көзбен шолып бақылау жатады. (әуедегі аэрозоль қосылыстардың немесе көптеген буынаяқтылардың болуы), бірақ қазіргі уақытта арнайы емес индикация әр түрлі аспаптардың көмегімен іске асырылады, оның негізгі физикалық (аэрозоль бөлшектерінің мөлшерін және концентрациясын анықтау) немесе химиялық (белоктар мен нуклеопротеиндерді анықтау). Бұл БҚ-ды анықтау әдістері.

Осыған байланысты, биологиялық құралды аэрозоль түрінде қолдану ауадағы бактериологиялық заттарды анықтау үшін аспаптар өңделіп дайындалуда.

Осы аспаптарға бірқатар талаптар қойылады:


  1. Олар өте жоғары сезімтал болуы керек.

  2. Олар өте тек қана БҚ-ды анықтау қажет, шанға, белокты заттардың қосылысы бар өсімдіктер шанына әсері болуы қажет.

  3. БҚ-ды анықтау жылдам және сол орнында жүргізілуі қажет. (шамамен 10 мин ішінде).

  4. БҚ-дың жасанды қолданғанын анықтау қажет (түнде күн тұмандап тұрған кезде). Ақырғы талап автоматты режимде жұмыс жасайтын аспаптарға конструкция жасаған кезде орындалады.

А физикалық әдістер.

Физикалық әдістердің артықшылығы да кемшілігі де бар. Физикалық әдістерін артықшылығы, аэрозольдің концентрациясын анықтаған кезде метеорологиялық (ылғалдылық, желдің бағыты мен күші т.б.) релеф жағдайларын ескере отырып зақымдалу ошағы нақты толық анықтауға болады.

Кемшілігі, биологиялық аэрозольді басқа аэрозльдерден ажыратуға (дифференциация) мүмкіндік жоқ.

Физикалық әдістер үшін қолданылатын аспаптар әр түрлі принциптерге негізделген.



  1. Импакция принципіне негізделген көптеген приборлар бар, олар ауаның зерттелетін бөлігіндегі аэрозольді бөлшектердің тұнбасын анықтайды. Компакторлар далалық жағдайларда сонымен қатар (каскадты импактор) азаматтық қорғаныс жүйесінде стационарлық жағдайларда ұсынылған.

  2. Ауадағы аэрозольді электростатистикалық счечиктің көмегімен анықтау болады. Аспаптың әрекеті мынаған негізделген: мыстан жасалған жіпке соққы барген кезде электрлік импульс пайда болады да, әрі қарай счечикке тіркеледі. Аспап 2-3 микроб бөлшекті анықтайды және секундына 2400 бөлшекті санайды.

  3. Көптеген авторлар фотоэлектрлік счетчикті ұсынған.

Счетчиктің көмегімен 1 мл ауадағы мөлшері 0,6 одан да жоғары микроб концентрациясы 1000 бөлшекті механикалық есептейді. Осы көрсетілген модель әрі қарай жетілдіріп, бытыраған бөлшектерді және олардң жылдамдығын анықтауға бағытталған. Аспап фотоэлектронды тіреуіштен тұрады ол толасыз ультрамикроскопқа ВДК, күшейткішке, есептегішке, импульсті есептегіш және тамақтану көзіне жалғанады.

Жарықтандыру патогені, аэрозоль бөлшектерімен фотоэлектрді қосу катодында түседі. Оның шыға берісінде электрлік импульс пайда болады. Жоғары мөлшердегі импульс электрлі механикалық есептегішке түседі, секундына 100 импульс катесіз санайды және органикалық, органикалық емес аэрозольдің санын нақты және тез санауға мүмкіндік жүреді.



Химиялық әдістер.

Химиялық әдістер биологиялық агенттердің құрамына кіретін әр түрлі химиялық субстанцияларды анықтау үшін құрастырылған.

Көбінесе белоктар мен нуклеопротеидтерді анықтайтын аспаптар құрастырылады. Химиялық әдістер физикалық әдістерге қарағанда аэрозольдерді нақты анықтайды, бірақ олар агенттің концентрациясын және зақымдалу аймағын анықтай алмайды.

Микроорганизмдердің индикациясына биуретикалық реакциялар қоолдану ұсынылып отыр. Микроорганизмдердің суспензиясына натрий гидрооксиді және мыс сульфатын қосады және фотоэлектрлік абсордиометрдің көмегімен қара қошқыл болудың интенсивтілігін анықтайды. Ол микроорганизмдердің санына пропорционалды болады. Бірақ осы әдістің сезімталдығы аз. Жоғары температурасының әсер етуімен белокты ыдырату реакциясының индикациясы үшін қолданылады және сезімтал. Микроб денелерін 320-4800С температурада қыздырған кезде белоктар ыдырап көрсеткіш қышқыл түзіледі. Ең соңында арнайы индикаторлардың көмегімен қышқылды анықтайды. Американдық зерттеушілердің мәліметтері бойынша осы айтылған әдіс өте қарапайым және сезімталдығы жоғары, бірақ оның көмегімен белоктың пайда болуын анықтау қиынға соғады.

Арнайы емес индикация әскерде, бөлім мен бөлімшелерде, жаппай зақымдалу заттарына бақылау жүргізілетін химиялық қызмет жүйелерінде жүргізіледі (химиялық бақылау постылары мен шалғыншылар).

Арнайы индикация (АИ)

АИ мен БҚ лабораторлық зерттеу ерекшеліктері.

Арнайы индикация– арнайы шаралар кешені, БҚ қолдану фактісін дәлелдеу және Б заттардың түрін анықтау үшін медициналық қызметтің көмегімен жүргізіледі. Зерттеу нақты бір жүйелікпен жүргізіледі және 3 сатыға бөлінеді:


  1. арнайы емес индикацияның қорытындысы оң болған кезде сыртқы ортадан және аурудың заттарынан немесе әскер, тұрғындар және жануарлар арасында жаппай жұқпалы аурумен сырқаттанушылық пайда болған кезде сынама алынады. Оның мақсаты жедел түрде сынаманы лабораторияға жеткізу болып табылады.

  2. екінші саты БҚ арнайы индикациясы барлау бөлімшелерінің алған сынамаларын эжақын жерге орналасқан лабораторияға жеткізу. Әрбір алынған сынаманың жартысы, зерттеулер жүргізу үшін СЭЛ қалдырылады, екінші жартысы санитарлы-эпидемиологиялық мекемелердің лабораториясына жіберіледі.

  3. БҚ АИ-сының үшінші сатысы қысқартылған және кеңейтілген сызба бойынша жүргізіледі. Жедел талдау әдістері қолданылады. Болжамалы жауабы 1-3 сатысынан кейін, ал соңғы жауабы 18-48 (72) сағаттан кейін келеді. Антиденелердің флюресценциялық әдістері қолданылады (АФЭ), РПГА, РТГА.

Белгілі бір, БЗ (бактериологиялық зат) ретінде барлық аурулардың қоздырушылары қолданылмауы мүмкін, тек қана олардың ішінде бірқатар талаптарға жауап беретіндері қолданылады (жұқпалы дозасы аз, аэрозольді қолдану, жоғары летальділік, қоршаған ортаға жоғары төзімділік, контактілік, т.б.). Бұл арнайы индикация жүргізілетін лабораторияның жұмыстарын қысқартады. Биологиялық соғыста агент терінде қоздырғыштар мен токсиндердің 15 түрі қолданылуы мүмкін. Осы бактериологиялық заттарға далалық жағдайларға индикация жүргізіледі.

Кеңейтілген (генттің 15 түрін анқытайды) және қысқартылған (оба, тырысқақ, күйдіргі, ботулотоксин) қоздырғыштарын анықтайды. Сызбалар қолданылады. Осы көрсетілген әдістердің көмегімен зеттелушілер материалдағы қоздырғыштардың саны анықталады. МФА (антиденелердің флюроценттік талдауы) негізіне ізделуші антигенмен флюроценттік антиденелердің арасындағы реакция жатады.

РНГА – иммуноадсорбциялық әдіс болып табылады. Бұл әдіс антигендердің қатысуымен эритроциттердің аглютинациясына негізделген.

РТТА – вирусті антигендермен – гемаглютининдердің әсер етуімен эритроциттердің жабысуын тоқтатады.

БҚ арнайы индикациясы жүргізіледі.


  • Девизияның СЭЛ және бөлім мен бөлімшелер тылдағы армия мен фронт мекемелері. Индикация қысқартылған сызба бойынша орнындалады.

  • СЭЛ және армиялық медицина бригадасының СЭО бөлімдері, фронттың СЭО, госпитальдік СЭО, ӘДИГ (әскери далалық инфекциялық госпитальі) ӘДАҚЖАГ (әскери далалық аса қауіпті жұқпалы аурулар госпитальі).

Көрнекі материал: мультимедиялық дәрістің электрондық материалы (кафедрада студентке беріледі).

Әдебиеттер:

1. Амиреев С.А. и др. «Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных болезнях», 1 том. Практическое руководство - Алматы, 2007. 11-21 бет

2. Гринхальх Т. «Основы доказательной медицины». – Москва, 2004. 28-41 бет

3. Флетчер Р. и др. «Основы доказательной медицины». – Москва, 2004. 5-25бет

4. Власов В.В. «Эпидемиология». Учебное пособие для вузов. – Москва, 2004. 9-50 бет
Дәріс 15 Клиникалық эпидемиологияның биостатистикамен байланысы.

2. Мақсаты: Студенттермен тақырыптың келесі аспектілерін меңгеру:


  • «Клиникалық эпидемиология» терминінің маңызы және мәні. Клиникалық эпидемиологияның ең басты постулаты.

  • Дәлелді медицинаның принциптері, дәлелді медицинаның анықтамаларының варианттары және бұл түсініктің мәні.

  • Зерттеу нәтижелерінің дәлелдемелік пирамидасы.

  • Клиникалық шешімдерді қабылдау үшін диагностикалық тестілер.

3. Дәрістің тезисі дәлелді медицинаның негізінде медициналық ақпарат алу үшін тек қана ғылыми факторлармен дәлелденген, жүйелі және кездейсоқ қателіктердің әсер етуін болғызбайтын эпидемиологиялық әдістерді пайдаланатын медицинаның бір саласы болып табылатын бөлім «клиникалық эпидемиологияға» жатады. Клиникалық эпидемиологияның анықтамаларының мәні:

  • «клиникалық эпидемиология» (clinical epidemiology) – бұл «клиникалық» ғылым, өйткені өте сенімді фактыларға негізделген клиникалық сұрақтарға жауап беруге және клиникалық шешімдер ұсынуға ұмтылады. Басқаша айтқанда «клиникалық эпидемиология» - клиникалық зерттеу әдістерін жасайтын ғылым, ол жүйелі және кездейсоқ қателіктердің әсерін бақылай отырып, әділ қорытындылар шығаруға мүмкіндік береді;

  • эпидемиологиялық тұрғыдан – ол медициналық ақпарат алу үшін тек қана ғылыми факторлармен дәлелденген, жүйелі және кездейсоқ қателіктердің әсер етуін болғызбайтын эпидемиологиялық әдістерді пайдаланатын медицинаның бір тарауы;

  • клиникалық эпидемиологияда эпидемиолог пен клиницистің арасында өзара тығыз байланыс қажет, онсыз нақты адамның және жалпы тұрғындардың денсаулығын қорғау мәселелерін шешуге олардың іс-әрекеті шектеулі және тиімділігі аз болады.

Дәлелді медицинаның принциптері. «Дәлелдерге негізделген медицина» немесе «дәлелді медицина» (evidence based medicine) термині қазіргі кезде негізгі медициналық мамандардың лексиконына жақын арада пайда болды, соған қарамастан шамалы уақыт ішінде осы термин мәнісінің негізгі принциптері XXI ғасырдағы медицинасының басым идеологиясына айналды. «Дәлелділік» көмегімен медицинаны дәл ғылым саласына айналдырмаса да, оған жақындату мүмкіндігі пайда болды.

Бұл терминді Торонто (Канада) қаласындағы Мак Мастер университетінің бір топ ғалымдары 1990 ж. ұсынған болатын.

Соңғы кезде «дәлелді медицина» (ДМ) түсінігінің анықтамасы туралы бірнеше варианттар қолданылып жүр:


  • ДМ – бұл нақты науқасты емдеуге таңдап алу үшін клиникалық зерттеулердің ең жақсы нәтижелерін сапалы, дәл және мәнін түсініп пайдалану (клиникалық эпидемиология);

  • ДМ – бұл пациентпен іс жүргізгенде пайдалылығы сапалы зерттеулермен дәлелденген әдістерді ғана қолданатын медициналық практикалық тәсіл (бір түрі);

  • ДМ – бұл клиницистердің байқауын және пациенттердің шағымын (клиникалық эпидемиология), және де тұрғындар денсаулығының жағдайын (қоғамдық денсаулық сақтау) ескеріп, арнайы зерттеулермен алынған, сенімді, маңызды және практикада қолданылатын дәлелдерді жинау, интерпретациялау мен интерграциялауды қамтамасыз ететін медициналық көмек көрсету амалы;

  • ДМ – бұл медициналық ақпараттарды жинақтау, қорытындылау және түсіндіру технологиясының жаңаша тәсілі.

Көрнекі материал: мультимедиялық дәрістің электрондық материалы (кафедрада студентке беріледі).

Әдебиеттер:

1. Амиреев С.А. и др. «Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных болезнях», 1 том. Практическое руководство - Алматы, 2007. 11-21 бет

2. Гринхальх Т. «Основы доказательной медицины». – Москва, 2004. 28-41 бет



3. Флетчер Р. и др. «Основы доказательной медицины». – Москва, 2004. 5-25бет

4. Власов В.В. «Эпидемиология». Учебное пособие для вузов. – Москва, 2004. 9-50 бет

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет