Дәріс №1 Кіріспе және негізгі түсініктемелерге анықтаулар



бет6/45
Дата28.06.2022
өлшемі365,41 Kb.
#147147
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Д ріс №1 Кіріспе ж не негізгі т сініктемелерге аны таулар
шпоры механика, 13 UkM, Строки в python, Каталогг Июля 2022, 1587446007
Жел жəне су эрозиясы
Топырақ өте күрделi организм сияқты үнемi өсу, даму жəне өзгеру үстiнде болады. Онда үздiксiз түзiлу жəне бұзылу процестерi жүрiп жатады. Су, жел, антропогендiк факторлардың топырақ пен оның қабаттарын бұзу, беткi құнарлы қабатының сумен шайылу, желмен ұшу құбылыстары эрозия деп аталады. "Эрозия" терминi латынның erodere — бұзу деген сөзiнен алынған. Эрозия дегенiмiз топырақ жабынының су, не желмен шайылуы, бұзылуы. Бұл кезде топырақтың ең құнарлы қабаты бұзылады: топырақ түзiлу процесiнiң жүру жылдамдығы шамамен 0,5-2,0 см/100жыл болғанда қалыңдығы шамамен 18 см болатын осы қабаттың табиғи жолмен түзiлуiне 1400-7000 жыл қажет болған болар едi, бұл қабаттың жойылуы кейде 20-30 жыл, тiптi кейде бiр ғана қатты жауған жаңбыр, не шаңды дауыл нəтижесiнде болуы мүмкiн. Эрозиялық процестердiң байқалу сипатына қарай қалыпты,не геологиялық жəне жылдам, не антропогендiк эрозия болып бөлiнедi.
Қалыпты эрозия — орманды жерлер мен шөптесiн өсiмдiктердiң топырағында жүредi. Ол өте жай байқалып, нəтижесiнде бұзылған топырақ қабаты топырақ түзiлу процестерiнiң нəтижесiнде бiр жылда қайта қалпына келе алады.
Жылдам эрозия — табиғи өсiмдiктер дүниесi жойылып бiткен, топырақтың табиғи ерекшелiктерi ескерусiз пайдаланылған территорияларда байқалып, бұл эрозия өте тез жүредi. Кең таралған эрозиялардың түрлерi: жазықтық, сызықтық, дефляция, ирригациялық, өндiрiстiк (техногендiк), абразия, жайылымдық.
Жазықтық эрозия — тау беткейлерiндегi жоғары горизонттағы топырақтардың жаңбыр, ерiген қар суларымен шайылуы.
Сызықтық эрозия — тау беткейлерi топырақтарының жаңбыр, ерiген қар суларының əсерiнен терең жыралар мен жылғалар түзiп шайылуы.
Жел эрозиясы, не дефляция — топырақтың жоғарғы құрғақ, құнарлы қабатының бөлшектерiнiң желмен ұшуы.
Ирригациялық эрозия — суармалы егiн шаруашылығымен айналысатын аудандарда байқалып, топыраққа көп мөлшердегi су массасының берiлуiне байланысты болады. Бұл су топыраққа сiңiп үлгiрмейдi де, топырақ бетiмен ағады. Су жiберiлетiн егiстiк жер аз ғана болса да тегiс болмаса топырақтың қарашiрiгi сумен бiрге төменге қарай жуылып, ағып кетедi. Ирригациялық эрозия кезiнде бiр уақытта эрозия да, топырақтың сортаңдануы да жүредi.
Өндiрiстiк эрозия — пайдалы қазбаларды өндiру кезiнде, əсiресе, ашық əдiспен өндiруде, тұрғын үй, өндiрiс орындарының құрылысын, жолдар, газ жəне мұнай трубопроводтарын салу кезiнде байқалады.
Абразия кезiнде (өзендер, басқа да су көздерiнiң жағалауларының құлауы) жыртылатын жəне мал жайылатын жерлердiң ауданы кемидi. Шамадан тыс көп мал жаю кезiнде жайылымдық эрозия байқалады. Механикалық эрозия ауылшаруашылық техникалардың ауыр түрлерiн топырақтың өздiгiнен қалпына келу қабiлетiн ескермей пайдаланған жағдайларда қалыптасады. Бұл кезде топырақтың структурасы бұзылады, физикалық қасиеттерi нашарлап, топырақ түзiлу процесiнiң негiзгi агентi — биологиялық белсендiлiгi əлсiрейдi. Мысалы, АҚШ — да топырақтың тығыздалуы мен бұзылуы жыл сайын 1 млрд доллар шығын əкеледi. Егiс далалары, əсiресе, жылына екi рет өнiм жинайтын аудандарда ауыр техникалардың əсерiнен топырақ тығыздалып, ауылшаруашылық дақылдарының өнiмi төмендейдi. Бұл зардаптарды болдырмаудың тиiмдi жолы — топырақты минималды өңдеу, топырақ өңдеушi жəне басқа да машиналардың өнiмдiлiгiн олардың алатын ауқымын ұлғайту арқылы арттыру. Эрозия - құнарлылықтың жауы. Мамандардың есептеулерi бойынша, əрбiр минут сайын жер шарында 44 га жер ауылшаруашылық айналымынан шығып отырады. Эрозияның əсерiнен адамзат қоғамы күн сайын 3 мыңнан аса га жерден айрылып отырады. Ал барлығы қазiргi кезде 50 млн га құнарлы жер тозып бiттi. Эрозияның түрлерiнiң əсерiнен барлық ауылшаруашылық дақылдарының өнiмi шамамен 20-40% төмендейдi. Эрозияның зардаптары бұнымен бiтпейдi. Топырақ беттерiндегi жыралар, арықтардың түзiлуi топырақты өңдеу жұмыстарын қиындатып, топырақ өңдеушi жəне өнiм жинаушы техниканың еңбек өнiмдiлiгiн төмендетедi. Топырақтың эрозиясы, олай болса, биогеоценоздардағы жануарлар мен өсiмдiктердiң тiршiлiк ету ортасының бұзылуы, табиғи комп-
лекстердегi қалыптасқан биологиялық тепе-теңдiктiң бұзылуына əкеп соғады. Эрозияға ең көп ұшыраған АҚШ жерлерi. Соңғы 150 жылда барлығы 160 млн га жердiң 120 млн га эрозияға ұшыраған, 20 млн га жер ауылшаруашылығында пайдалануға жарамсыз. Эрозияның əсерiнен жыл сайын жердiң қоректiк заттарға бай 4 млрд тонна құнарлы қабаты жойылып отырады. Жерорта теңiзiнiң жағалауларына орналасқан елдердiң топырақтары қатты бұзылған. Пиреней түбегiнiң шөлдi Сиссарлары мен Солтүстiк Африканың шөл далалары, Австралия, Канада, Индия, Пакистан мен Қытайдың бiрқатар жерлерi эрозияға ұшыраған. Эрозия адамдардың тиiмсiз тiршiлiк əрекеттерi, жер ресурстарын дұрыс пайдаланбауы, кейбiр шаруашылықтарда нашар агротехниканы қолдану нəтижесiнде жүредi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет